тестостерон. Астана медицина университеті
Скачать 1.14 Mb.
|
Тестостерон АО “Астана медицина университеті” АҚ Кафедра: урология және андрология Орындаған: Амангелдиева А. 508 топ Тақырыбы: Еркек жыныс гормоны немесе андроген — организмдегі барлық жүйеларге, органдарға әсер ететін спецификалық химиялық зат. Тестостерон – («тестикула» және «стероид») — басты еркек жыныс гормоны, андроген. Ол Лейдиг клеткаларынан холестерин түзеді, сонымен қатар еркектердегі шәует жасушаларынан, аз мөлшерде әйел жұмыртқасынан және бүйрек үсті безінің қыртысты бөлімінен секретцияланады. Перефериялық метаболзимнің өнімі болып табылады. Ұл балаларда вирилизацияға, ал қыздарда андрогенизацияға жауап береді. 1935 ж. Эрнст Лако бұқа тестикуласынан ( кристалдық еркек гормонын) бөліп алды. Ал А. Бутенандт таза түрінде ұш гормон бөліп алды. Олар:
Барлық гормондардың молекуласы бірдей болатын анықтады және оларды стероидтар деп атады. Тарих Сәл кейінірек югослав химик Леопольд Ружич холестериннан тестостерон синтезі жүретінін айтты. 1937 ж. ең бірінші дәрілік препарат болып, сонын ішінде стероидты андроген тобы және фармацевтикалық өндірісте кең шығарыла бастады. Төрт жыл өткен соң 1939 ж., Ружич және Бутан Нобель премиясын марапатталды. Тестостеронның атқаратын қызметі: Екіншілікті жыныстық белгілердің пайда болуына қатысады Еркек жыныс клеткасы - сперматозоид түзілуіне әсер етеді Эритропоэзды стимулдайды Ақуыз және ферменттердің синтезіне әсер етеді Айқын анаболикалық активтілікті көрсетеді Азот және фофсфор алмасуын реттейді. Күн сайын жалпы осы гормон еркектерде 8 мг өндіріліп отырады. 95% - жыныс бездерінен 5% - бүйрек үсті безінен. Жалпы еркектердегі тестостеронның қалыпты мөлшері 12-33 нмоль/л (345-950 нг/дл). Ұрықтың даму периодында тестостеронның аздаған мөлшері продукцияланады, яғни 10 апта ішінде және туылғаннан кейінде. Бірақ балалық шағында, яғни (10-13 жасына ) дейін тестостерон продукциясы мүлдем тоқтайды. Кейін пубертатты жасқа жеткенде гипофиздің алдыңғы бөлігінде өндірілетін гонодотропты гормонның әсерінен тестостеронның продукциясы қарқынды үдейе түседі және өмірінің соңына дейін жалғасады. Сосын 50 жастан бастап күрт төмендей бастайды. Биологиялық әсері Тестостерон арнайы нысанды мүшелерде жиналады. Олар шәует, жұмыртқа қосалқысы, қуықалды без, ұрық көпіршігі, гипоталамус, жатыр, фолликулалары. Тестостеронның андрогенді активтілігі жатыр ішілік эмбриогенез дамуында пайда болады (13-ші аптада). Басты биологиялық эффектісі: • жыныс ағзасына стимулдаушы әсері • қосалқы жыныс бездерін стимулдау • сперматогенез активациясы • еркек жыныс белгілерінің пайда болуы •метаболикалық процестердің активациясы (май, ақуыз, көмірсу алмасу, микроэлементтер сонымен қатар эритропоэз). Тестостеронның әсер ету механизмі Тестостеронның басты әсері болып нысана мүшелерде ақуыз түзілу жылдамдығының ұлғаюы болып табылады. Тестостерон қуық асты безі жасушаларына секрециядан бірнеше минут өткеннен кейін түседі. Содан кейін жасушаішілік фермент редуктазамен әсерінен цитоплазмалық ақуыз рецепторымен байланысатын дегидро тестостеронға айналады, осыдан кейін бірікккен гормон формасы және оның рецепторы жасуша ядросына енеді, онда ядро ақуызымен әрекеттесіп, ДНҚ және РНҚ транскрипциясын басқарады. 30 минут өткен соң РНҚ полимераза активтеніп қуық асты безінде РНҚ концентрациясы жоғарлай бастайды. Бұл өз кезегінде жасушадағы ақуыздардың мөлшерінің біртіндеп ұлғаюына алып келеді. Бірнеше аптадан кейін қуық асты безінде өзінің жасушалары, сонымен қатар ДНҚ мөлшері көбейеді. Тестостерон ағзаның бұкіл клеткаларындағы ақуыз продукциясын белсендіреді. Әсіресе біріншілік және екіншілік жыныстық жетілуге қажетті ақуыздар. Тестостерон метаболизмі Негізгі метаболизмі болып 5а-дигидротестостерон болып табылады. Ол қан сарысуындағы ақуыздарымен байланысып андроген рецепторлық комплекс түзеді. Андроген рецепторлық комплексі ядрода бұзылуы және ығысуы болып, жыныс ағзаларындағы биохимиялық процестердің баяулауына алып келеді. Тестостерон метаболизмі 5а-редуктаза соның әсерінен өтеді. 5а-редуктаза кейін 5а-дигидротестостеронға айналады. Тестостерон шәует көпіршігіндегі фруктозаның түзілуі, қуық асты безінде фосфотаза мен лимон қышқылының түзілуін белсендіреді және аталық без қосалқысындағы карнитин синтезіне қатысады. Спермада фруктоза, лимон қышқылы, қышқылды фосфотаза, карнитин мөлшерінің төмендеуі жұмыртқаның ішкі секрециялық функцияның төмендеуін көрсетеді. Тестостерон механизмінің өндірілуін қысқаша ғана осындай байланыспен көрсетсе болады. Жалпы тестостерон (ЖТ) = байланысқан + бос күйінде болады. Үш формасын ажыратамыз:
Содан кейін гормон қанға барып түсіп, 96-98% ақуызбен байланысады. Сөйтіп альбумин және глобулин деген атқа ие болады. Ал қалған 2-4% ешқандай затпен байланыспай, организмде “бос тестостерон” ретінде гормонның биологиялық активті заты ретінде қалады. Сонда 4% ғана клеткаларымен байланысып, қандай да бір физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. 40 жастан кейін тестостеронның қандағы мөлшері жылыны 1% ға кеміп отырады. Тестостерон мөлшерінің төмендеуі - жыныс жүйесінің симптомы: Либидоның төмендеуі Жұмыртқа көлемі мен тығыздығының төмендеуі Еркектің жыныстық түктерінің өсуінің төмендеуі Эректильді дисфункция Оргазм деңгейінің төмендеуі Бедеулік Еркектерде тестостеронның төмендеуіне алып келетін себептер
ЗерттеуЛабораторлы диагностика:
Максимальды көрсеткіш шығу үшін анализді аш қарынға тапсырған жөн. Анализ алардың алдында, яғни 30 мин бұрын кейбір ұсыныстарды орындау керек:За ч темекі шекпеу; Стресстік жағдайға түспеу; Естостеронға әсер ететін дәрілік препараттарды ішпеу Қандай да бір физикалық жүктемеден бас тарту. |