оооооооооооооооооол. 3 БӨЖ Амангелді Айдана медициналық этика деонтология. Астана медициналы университеті кеа Медицина негіздері кафедрасы
Скачать 30.09 Kb.
|
«Астана медициналық университеті» КЕАҚ Медицина негіздері кафедрасы Реферат Тақырыбы: Балаларға күтім жасау кезіндегі медицина қызметкерлерінің медициналық этика мен деонтологияны, емдеу-қауіпсіздік ережелерін, ішкі тәртіпті сақтау. Орындаған: Амангелді Айдана Тексерген: : Кадирова Бахыт Есенгельдиевна Факультет: Педиатрия Топ: 108 Нұр-Султан 2022 Балаларға күтім жасау кезіндегі медицина қызметкерлерінің медициналық этика мен деонтологияны, емдеу-қауіпсіздік ережелерін, ішкі тәртіпті сақтау. Қазіргі кезде медициналық этиканың принциптері биомедициналық этика түсінігінде тұрақталған. Ол медицина қызметкерлерінің жеке тұлғасының әлеуметтік функциясын қорғайды. Қазіргі таңда «биомедициналық этика» үш түрде немесе модельде беріледі: 1. Гиппократ модельі. Бұл модельдің негізгі принцпі – «зиян келтірме». Дәрігер пациенттің әлеуметтік сенімін жеңеді. Медицина атас Гиппократпен тұрақтанған дәрігерлік принцпі (460-377жж.), қазіргі таңда белгілі «Антта» көрсетілген. 2. Парацельс модельлі (1493-1541 жж.) – «Қайырымдылық жасау», орта ғасырларда пайда болған. Оның негізгі мағынасы емдеудің барлық процессін құрайтын дәрігердің пациентпен контактісі болып табылады. 3. Деонтологилық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 ж құрылған. (авторы Петров). Негізгі принцпі «міндетті орындау». 4. Биоэтика – дәстүрлі медицинаның заманауи түрі, негізгі принцпі «адамның құқығын және мәртебесін сыйлау». ДӘРІГЕРЛІК ДЕОНТОЛОГИЯ Әрбір тарихи кезенде әділет, абырой мен парыз ұғымдарында өзінше түсінік қалыптаскан. Медицина - ең ежелгі мамандықтардың бірі. Ол ем қолданып, шипадарытудың бай тәжірибесін менгеріп, адам іс әрекеттерінің өзге түрлерінен ерекшеленетін белгілі бір қасиеттер иеленеді. Медицинаға да әлеуметтіксаяси кұрылысқа байланысты қалыптасатын өзіндік ахлаки және адамгершілік жосындар тән болмақ. Көне замандардан бері дәрігерлікпен шұғылданатын адамдарға айрықша адамгершілік талаптар қойылып келеді. Ежелгі дәуір медицинасында дәрігерлер басшылыққа алуға тиісті адамгершілік талаптар мен ахлақи жосындардың тұтас бір жиынтығы калыптасқан. XIX ғасырда медицинаның деонтологиялық мәселелеріне Ресейде де үлкен маңыз беріліп, алдыңғы қатарлы орыс дәрігерлері /М.Я.Мудров, Н.И.Пирогов, С.П.Боткин т.б./ өз еңбектерінде дәрігерлік тәжірибенің моральдық-этикалық жақтарына, дәрігердің қоғам алдындағы, мұқтаж ауру кісі алдындағы борышы туралы өте бағалы пікірлер айтты. 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін медициналық жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан дәрігерлер «Факультеттік уәде» /факультетское обещание/ қабылдап, оның өз тәжірибесінде мұқият сақталуын қамтамасыз етіп отырды. 1917 жылы Ресей Империясында болған төңкеріс, соның нәтижесінде өмірге келген Кеңестер Одағы және онда үстемдік еткен Коммунистік идеология медицинаның деон-тологиялық мәселелерінің дамуына үлкен әсер етті. Медицинаның бұл тұстағы моральдық, этикалық, деонтологиялық мәселелерінің даму барысы-оған Советтік мемлекеттік құры-лыстың, коммунистік идеологияның тигізген әсерлері, әзірге жабулы, зерттеусіз мәселелер. Бұндай зерттеулер — алдағы уақыт үлесі, келешек моралист зерттеушілердің азаматтық борышы. Медициналық қызмет этикасы Медициналық этика ( лат. еthica, грек тілінен алғанда ethice - адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология ( грек deon- парыз; термин «деонтология» соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), - медицина қызметкерлерінің өз кәсіби міндеттерін орындау барысындағы қағидалар мен этикалық нормалар жиынтығы. Этика — адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика – медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қагидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады. Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері : моральдық принцип бойынша іс әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау, әрқашан және қандай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын, жоғары адамгершілікті кәсіптің салт-дәстүрлерін сақтау қажет. Адамдар бір-біріне деген кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, шындық пен адалдықты принциптілік пен табандылықты, еңбекті сүюді, ата-аналармен, жолдастарымен, достарымен өзара қамқорлықпен сыйластық қарым - қатынасты сақтау қажет. Медициналық этикаға медицина қызметкерлерінің жұмысына тән ерекшеліктері мен қоғамдағы орнына қарай мінез-құлық нормаларын реттейтін принциптер жиынтығы жатады. Науқасқа толық сеніммен қарау арқылы Сіз оның жағдайын түсінесіз, араларыңызда шынайы қарым - қатынас туындайды. Бұл дұрыс емдік нәтижеге жету үшін өте қажет. Мейірбике алынған ақпаратты құпия түрде сақтауы керек және оны айтпауы қажет. Мейірбике қызығушылық танытқан таныстарының сұрауы бойынша диагнозды немесе анализдердің нәтижесін айтуға тиісті емес. Медициналық этикада келесі принциптер қолданылады: 1. Жеке адамды құрметтеу. 2. Автономия. 3. Жақсылық жасау. 4. Зиян келтірмеу. 5. Шындықты айту. 6. Құпияны сақтау. 7. Әділдік. Медициналық этиканың бір бөлігі - деонтология. Деонтология грек тілінен аударғанда - «тиісті» деген мағынаны білдіреді. Деонтология- басқа салаларға қарағанда, медицина мен тәжірибелік денсаулық сақтау саласына өте тән қажетті ғылым. Медициналық қызметкерлердің күш-жігері тек науқасты емдеуге ғана емес, аурудың алдын алуға, адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған. Деонтологияның тараулары: - Мейірбикемен науқастың қарым-қатынасы. - Мейірбикемен қоғам арасындағы қарым-қатынас. - Мейірбикемен науқастың туысқандарының ортасындағы қарым қатынасы. - Мейірбикемен әріптестер арасындағы қарым- қатынас. Деонтология мен этиканың принциптерін қолайлы іске асыру үшін мынандай жағдайлар қажет: парыз сезімі, өз мамандығына бейімділігі мен білімін үнемі жетілдіру, медициналық қызметкер сырқат сеніміне кіріп, ауруынан жазылатындығына иландыру. Гиппократ: «Не істеу керек болса да бәрін байсалды және шебер істей біл... Реті келгенде сырқатты көңіл аулағыш орынды сөздермен, достық пейілмен мақұлдау керек. Қажетті жағдайда оның орынсыз талабын қатал да, орнықты түрде ысырып, ал кей кезде оған сүйіспеншілік білдіріп, басу айту керек» деген. Науқасты емдеуде сөздің ролі әрдайым жоғары, кей кезде сырқат көзінше медициналық қызметкерлер көбірек сөйлеп қояды. Ол ятрогенияға әкеліп соқтырады. Науқасқа әр түрлі психикалық сөз әсерлерінен болатын жағдай эгротогения деп аталады. Ятрогенді ауру - медицина қызметкерінің сөзінен, ісінен пайда болатын ауру. Ол медициналық қызметкерлердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез - құлқынан шығады. Кіші мейіркеш немесе техникалық қызметкерлердің сырқатқа зерттеу нәтижесін қате болжап, айтып берген жағдайда да кездеседі. Сөз науқасты емдеп қана қоймайды, оны жаралауы да мүмкін екендігін мейірбике жанында ұстап, науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек. Ятрогенді аурулардың себептеріне: жалпы және медициналық мәдениетінің жетіспейтіндігі, асығысты, науқастың ыңғайсыз диагнозын болжау, зерттеу нәтижесін дұрыс түсіндірмеу жатады. Кез келген ауру жағдайында мейірбике науқастың психикасын бұзбауға тиіс. Науқастар ауруханаға түсіп, өздерінің қасына адамдар жинайды, «дәрігерден» артықпыз деп ойлайды, басқа науқастарға агрессивті түрде өздерінше оңды-солды кеңестер, нұсқаулар береді, өздерінің тыңдаушыларын депрессияға, толқуға ұшыратады. Мейірбике мен дәрігер осы сырқаттарға ерекше көңіл аударып, түсіндіру жүмысын ж. Ргізгенде терең білім мен ақылды қолдану қажет. Науқасқа дәрі-дәрмектерден гөрі, Сіздің түсінушілігіңіз, моральдық қолдауыңыз керек. Ал науқастың өзіне әсері /жақсы, жаман ойлауы / эгогения деп аталады. Эго дегеніміз : - ішкі мәдениеттің ережелерін сақтау, тәртіпті сақтау, қоғамдық жағдайларға үнемділікпен қарау, татулық, әріптестік сезім; - сыртқы мәдениет ережелерін, тәртіпті сақтау, сыпайлық, әдептілік, жақсы сөз, сәйкес келетін киім /сыртқы жинақылық, денесінің, киімінің, аяқ киімінің тазалығын сақтау т. Б./ Субординация -қызметіне қарай бір-біріне бағыну. Мейірбике дәрігердің бірінші көмекшісі. Дәрігерге қарағанда мейірбикелер жұмыс кезінде көп уақытын науқастармен өткізеді. Мейірбикелер науқастың көңіл -күйін, қорқыныш-уайымын, жасалып жатқан емнің түрлерін жақсы біледі. Емнің ең басты мақсаты - дәрігердің, мейірбикенің, науқастардың сеніміне кіруі мен олардың талабына сай келуі. Ертедегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай қолжазбаларында дәрігерлер, олардың жұмыстары және оларға қойылатын талаптар жөнінде мәліметтер кездеседі, Осы тұрғыда медицинаның моральдық — этикалық жақтарын зерттеушілердің көпшілігі жаңа дәуірге дейінгі V — IV ғасырлар шамасындағы Үнді халық эпосы «Аюр-Веды»-ны мысалға келтіреді /С.С. Юдин, 1967, И.А. Кассирский, 1970, Э.П. Чеботарева, 1970, Б.В. Петровский, 1988 т.б./. Осы ерте ғасырлар куәсінде сол түстағы қауымның дәрігерлер жөніндегі көзқарасы берілген. Дәрігерлердің негізгі рухани, адамгершілк қасиеттері ретінде өзгеге жаңашырлық, тілектестік, төзімділік, ұстамдылық сияқты сипаттар көрсе-тілген. Дәрігерлердің ең басты міндеті ауру адамның өмірден үмітін үзбеу, сұрқостан айығып кететіне күмәнсіз сендіру деп көрсетілген. Бұлай болуы заңды да. Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған. Медициналық этиканың қазіргі заманғы ережесі: • Стационарда және бөлімде жұмыс тәртіпті болу керек. Субординацияны, яғни кіші медицина қызметкерінің жоғарғы медицина қызметкеріне деген қатынасын сақтау керек. Медицина қызметкері науқасқа деген қатынасы тұрақты болу қажет. Дәрігер жоғарғы білікті маман болуы қажет. Науқастың қатысуымен басқа медицина қызметкерлердің қателіктерін айтпауы тиіс. Дәрігер диагнозды, емдік шаралардың көрсеткіші мен қарсы көрсеткіштерін ескере отырып, қажетті операция жасалуын басқа дәрігермен кеңесе отырып іске асыруы қажет. • Орта және кіші медицина қызметкерлерімен қарым қатынас жақсы болуы қажет. Дәрігер тактикасын науқастың мінезіне, оның мәдениет деңгейіне, ауру сатысына, психика ерекшелігіне қарай жүргізілуі тиіс. Дәрігер науқастың туыстарымен баязы болуы керек, дәрігерлік құпияны сақтауы тиіс. Егер де аурудың асқынған түрлері болғанда жақын туыстарымен ашық әңгімелесуіне болады. ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ Медициналық деонтология медицина қызметкерлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарымқатыстарын қамтиды. Буған дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқастардың тілек талаптарын мейлінше қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын-алу мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады. «Дәрігершеберлігі» ұғымын техникалық тәсілдер қауызына қамап қоюға болмайды. Бұл - дәрігердін бойына біткен «клиникалық ойлау жүйесі» деп аталатын, интеллектуальді жұмыс түрінде көрінетін творчестволық үрдіс Қазіргі заманғы түсінік бойынша , медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді ғылыми – медицина қызметкерлерінің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы практикалық кәсіби медициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық практикасының саласы бойынша тұлғаралық қарымқатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді: медициналық қызметкер – емделуші, • медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары, • медициналық қызметкер – медициналық қызметкер. ДӘРІГЕР МЕН НАУҚАС Емдеу жұмыстары барысындағы дәрігер мен науқастын өзара қарым-қатынасының моральді-этикалық мәселелері деонтологияның маңызды тармағы болып табылады. Емдеу мекемесі туралы алғашкы әсердің жағымды, не жағымсыз болуы медицина қызметкеріне, осы жердегі жұмыс тәртібі мен жай-ахуалға байланысты қалыптасады. Емдеу мекемесіндегі орта мен ахуал науқастардың көңіл-күйіне, сайып келгенде, емдеу ісіне зор ықпалын тигізеді. ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ Медициналық деонтология медицина қызметкерлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарымқатыстарын қамтиды. Буған дәрігердің кәсіби тұрғыдан өсу, науқастардың тілек талаптарын мейлінше қанағаттандыру мақсатымен емдеу, аурудың алдын-алу мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері жатады. Қорытынды Жалпы этика дегеніміз менің ойымша адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қагидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады. Пайдаланылған әдебиеттер 1)• Коммуникативтік дағдылар (М.А.Асимов, С.А.Нұрмағамбетова, Ю.В.Игнатьев) 2)• http://shava.kz/ 3)• www.aktobegazeti.k 4)• http://ikaz.kz/ 5) Деонтология немесе дәрігердің адами пішіні, Ақтөбе облыстық қоғамдық- саяси газет, 9 ақпан 2012ж, Ізбасқан АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР еңбек сіңірген дәрігері, жоғары категориядағы денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, КСРО және ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі. (Мақалада Гиппократ, С.П. Боткин, П.А. Герцен, А.В. Верисаев, А.П. Чехов, академиктер Б.В. Петровский мен Е.И. Чазов, И.П. Павлов, Н.И. Пирогов еңбектері пайдаланылды) |