Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындады:Абдумуталапова Альмира Темирхановна Факультет:Жалпы медицина

  • Топ:139 Қабылданды:Акназарова Меруерт Оралбаевна Нұр-Сұлтан 2021

  • 1.Пациентпен тиімді қарым - қатынасқа жету үшін вербалды және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын пайдалану.

  • 2.Дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынастың негізгі принцип-тері (вербалды қарым-қатынас және вербалды емес қарымқатынас: визуалды байланыс, қимыл, мимика, поза, дауыс және интонация).

  • Интонация

  • 3.Дәрігердің пациентпен,оның отбасы мүшелерімен, әріптестерімен тиімді және кедергісіз өзара іс-қимылы үшін коммуникативтік құзыреттіліктің маңыздылығы.

  • НАУҚАСТЫҢ ОТБАСЫНА ҚАЙҒЫЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖЕТКІЗУ

  • 4.Коммуникативтік құзыреттілік туралы түсінік. Коммуникативтік құзырет

  • 5.Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.

  • Коммуникациялық дағдылар, үрдіс туралы түсінік, медициналық этика және деонтология. психология 5такырып. Астана медициналы университеті кеа Медицина негіздері


    Скачать 22.85 Kb.
    НазваниеАстана медициналы университеті кеа Медицина негіздері
    АнкорКоммуникациялық дағдылар, үрдіс туралы түсінік, медициналық этика және деонтология.
    Дата18.10.2021
    Размер22.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлапсихология 5такырып.docx
    ТипРеферат
    #249756

    «Астана медициналық университеті» КЕАҚ

    «Медицина негіздері» кафедрасы

    Реферат

    Тақырыбы: «Коммуникациялық дағдылар, үрдіс туралы түсінік, медициналық этика және деонтология. Дәрігер мен науқастың тиімді қарым - қатынаста орнатуда вербальды және вербальды емес қарым-қатынас түрлері.»

    Орындады:Абдумуталапова Альмира Темирхановна

    Факультет:Жалпы медицина

    Топ:139

    Қабылданды:Акназарова Меруерт Оралбаевна

    Нұр-Сұлтан

    2021

    Коммуникациялық дағдылар, үрдіс туралы түсінік, медициналық этика және деонтология. Дәрігер мен науқастың тиімді қарым - қатынаста орнатуда вербальды және вербальды емес қарым-қатынас түрлері.

    1.Пациентпен тиімді қарым-қатынасқа жету үшін вербалды және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын пайдалану.

    Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субъектілермен тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларьшың тиімділігі мен нәтижесін арттыру.

    Қатынасуда адамдар сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі.

    Вербальды коммуникация - адамдардың қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолдануы.

    Вербальды емес коммуникация — қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану (жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұхбаттаса келе, бірін-бірі түсініп, танысады.

    2.Дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынастың негізгі принцип-тері (вербалды қарым-қатынас және вербалды емес қарымқатынас: визуалды байланыс, қимыл, мимика, поза, дауыс және интонация).

    Жест – адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа қол – аяқтың қимылдары арқылы көрінуі.

    Мимика – адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа бет - әлпетінің қимылы арқылы көрінуі.

    Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі.

    Көзбен жанасу-вербальды емес қатынасу әдісі, басқа адам туралы біршама ақпарат жинауға мүмкіншілік береді. Мысалы,шашыраңқы қарау немесе тік емес, шетке қарау адамның қатынасуға назарының немесе ниетінің жоқтығын білдірсе, ал тік қарау оның құштарлығын, даярлығын білдіреді. Қатынасу үстінде адамға тік қарау мезгілі 3 сек аспауы керек,себебі бұл уақыт партнерды қоздырмай,тиімді психологиялық жанасу құруға жеткілікті. Егер тік қарау 3 сек ұзақ болса,пациентте дискомфорт және мазасыздық жағдайын туады,ал 10 сек астам уақыт конфронтация және агрессияға әкелуі мүмкін.

    Поза түрлері:

    Ашық позалар накқастың ара қатынасқа және әрекетке даярлығын көрсетеді.Оларға жататындары:басы және денесі қатынасушыға қарай бұрылған,бетке тік қарауы.

    Жабық позалар науқастың қатынасуға қарсылық жасағанын сездіреді.Оларға жататындары:кеудесіне қолдарын айқастыра тұруы –Наполеон позасы,аяғын айқастыра,қол ұшын қалтаға салуы немесе қолдарын арқасына жасыруы,басын және денесін басқа жаққа бұрып ұстауы,жерге немес дәрігерден тыс қарауы.

    3.Дәрігердің пациентпен,оның отбасы мүшелерімен, әріптестерімен тиімді және кедергісіз өзара іс-қимылы үшін коммуникативтік құзыреттіліктің маңыздылығы.

    НАУҚАСТЫҢ ОТБАСЫНА ҚАЙҒЫЛЫ АҚПАРАТТЫ ЖЕТКІЗУ

    Науқастың диагнозы толығымен анық болғаннан кейін бірден науқастың ауыратыны жайлы оның отбасына жеткізу керек. Науқастың отбасын алдын-ала дайындау керек. Қайғылы ақпаратты телефон арқылы жеткізуге болмайды. Отбасы мүшелері сырқат жайлы толық білгілері келуі мүмкін, сол кезде шындықты жасырмай барлығын толығымен айту керек.

    Дәрігер сөйлесер алдында ешкім кедергі жасамайтындай бөлме таңдауы керек және сөйлесер барысында телефонды сөндіріп қойған жөн. Науқастың отбасы мүшелері қайғылы ақпаратты естіген кезде қызушылық мінез көрсетуі мүмкін. Сондықтан дәрігер өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Бөлменің есігін ашық қалдырған жөн және бөлмеде дәрігердің әріптестерінің болғаны жөн. Әңгімелесу барысында науқастың отбасы мүшелерін аты-жөнімен атаған дұрыс болады.Ақпаратты жеткізген кезде медициналық терминдерді сирек қолданып, қарапайым сөздерді қолдннуға тырсу керек. Өйткені науқастың отбасы мүшелеріне медициналық терминдер түсініксіз болуы мүмкін. Бар ақпаратты жасырмай шындықты айту керек

    Қайғылы ақпаратты жеткізіп отырған адамның көзіне қарап сөйлеу керек және тек қана бір адамен сөйлеспей жанында отырған басқа да адамдармен қарым-қатынаста болу керек. Дәрігер әңгімені отырып жүргізу керек. Дәрігер қарым- қатынаста отырған адамның вербальді емс тактика сына көңіл бөліп, оны өз үлесіне пайдалануына болады. Сөйлесу барысында науқастың отбасына қолдау көрсетіп иығынан ұстауға болады. Егер науқастың туысқандарынан агрессия пайда болатын бокса оны дәрігер байыппен қабылдауға тырсу керек. Кейбір кезде науқастың отбасы мүшелері жағдайды мүлдем түсінбейтіндей жағдайда болады. Ол кезде дәрігер әңгімені бірден үзіп, кейінге қалдыру керек.

    Қайғылы ақпаратты жеткізгеннен кейін дәрігер бірден науқастың отбасы мүшелерін жалғыз тастап кетпеуі керек. Жанында біраз отырып қолдау көрсетуі тиіс. Туысқандарының жанында отырған кезде міндетті түрде сөйлеудің қажеті жоқ. Жанында отырғанның да өзі жеткілікті. Науқастың отбасы мүшелеріне сіз қолдау көрсете аласыз, бірақ оны өз жүрегінізге жақын қабылдамауға тырысыңыз. Егер науқастың отбасы мүшелері жылап отырса, оған жеңілдеуіне мүмкіндік беріңіз, оны мұқият тыңдап сөзін бөлмеңіз. Дәрігер өзінің қобалжып тұрғанын көрсетпеуге тырсу керек. Өйткені ол науқастың отбасына кері әсер етуі мүмкін

    4.Коммуникативтік құзыреттілік туралы түсінік.

    Коммуникативтік құзырет-бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.

    5.Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.

    ДӘРІГЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

    Ежелгі заманда дәрігерлердің саны өте шамалы болғандықтан, олар кызметін өзі ғана атқарып, басқа әріптестерімен қарым-қатынас жүргізбеген. Мысалы, «земский» дәрігер жалғыз өзі белгілі аймақты мекендейтін тұрғындарға толық медициналық жәрдем көрсеткен, барлық ауруларды өзі емдеген. Яғни, бұл дәрігерлердің медициналық тәжірибесі өте кең болған, олар терапевтік, хирургиялық, акушерлік және гинекологиялық, стоматологиялық, т.б. дәрігерлік мамандықтар бойынша халыкқа жәрдем беріп отырған.

    Қазіргі таңда дәрігерлер қатары күрт өсті, осыған орай медициналық мамандар саны да көбейді. Бүгінгі күні дәрігерлік жәрдем 300-ден астам медициналық мамандық бойынша көрсетіледі. Сонымен катар, жаңа диагностикалық және емдеу технологияларын, аппараттарды колдануға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандар да жұмыс атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі дәрігер жұмыс бабына қарай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды кызметкерлермен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, карамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты болады. Мысалы, емдеуші дәрігер ауруханада жатқан немесе емханаға қабылдауға келген науқастарының ауруын анықтау үшін түрлі арнайы зерттеу жүргізетін әріптестерімен қатынасады Оларға аурудын дерті жөнінде мәліметті ортаға салып ақылдасады тиімді, зерттеу тәсіл түрін таңдауға, дерттің назар аударарлықтай ерекшеліктерін ескертаді. Ал жедел, адамньщ өміріне қауіп туған жағдайларда, аурудың диагнозын тез арада анықтап, жедел жәрдем беру үшін, дәрігер зерттеу жүргізуші әріптестерін ескертіп, келісіп, диагностикалық шраларын кезектен тыс ұйымдастырады.

    Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен, дұрыс қарым-қатынас жасауы өте маңызды болады. Мысалы, аурудың дерті күрделі болған жағдайда, оның аскынулы, созылмалы түрлерінде немесе қосымша аурулары дамығанда, емдеуші дәрігер басқа дәрігердерді консультацияға, пікірлесіп - акылдасуға шакыррады немесе дәрігерлер кеңесін (консилиум) ұйымдастырады. Тек осы жол арқылы ғана тиімді ем шараларын тауып, олардың нәтижелілігін қамтамасыз етуге болады. Яғни дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялык қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялык мамандықтарда (хирургия, акушерия, травматология және т.б.), төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор, жоғары болады. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, қарапайымдылығы және шыншылдығы, кайырымдылығы және т.б. қасиеттері, дәрігерлік міндетін атқаруда өте қажет, ауру адамға оң әсерін береді. Керісінше, дәрігердің екі жақтылылығы, шыдамсыздығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен, қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қьтзмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жүмыс нәтижесін жоққа шығарады.

    Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.

    Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шарапарын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей озі іске асырады. Егер дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.

    Мейірбике, жүмыс міндеті бойынша, санитаркамен қоян-қолтық байланыста болады. Науқасты күту, бөлмеде тазалық және санитарлық режимін сақтау, ауруға туалет жүргізу және т.б. жұмыстар санитарканың міндетіне жатады. Бұл жұмысты мейірбике үнемі қадағалап, бақылайды. Сондыктан, мейірбике мен санитарка арасындағы қатынас тиісті дәрежеде болуы, ауруды емдеу ісіне оңды ыкпал жасайды. Керісінше, олардың жұмыс бабы бойынша қатынасуы үлгісіз болса, емдеудін тиімділігі де жоққа шығуы мүмкін.

    Науқас пен дәрігер арасындағы да карым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қарым-қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмәндік тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелілігіне ауру күманданады, дәрігерге сенімділік білдірмейді. Мұндай жағдайда науқас басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Ал науқас сенім білдірген дәрігер қарапайым ем тағайындаса да, ол оның тиімділігіне күмәнданбайды. Сондықтан, әр дәрігер және басқа да медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде, олардың сенімділігін тудыратын, карым-қатынас құруы керек. Аурухана немесе емханада емделіп жатқан науқастар бір-бірімен пікірлесе отырьш олардың сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті бүкіл ауыл немесе қала ішіне жариялап жіберуі салдарынан мекеме, бөлімше, дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шыгаруы да мүмкін.

    Осы себептен жергілікті тұрғындар дәрігерлік көмекке басқа дәрігерлерге және ауруханаға баруға мәжбүр болады.

    Сонымен, дәрігер өз жұмысын атқаруда бірталай адамдармен, әріптестерімен, мейірбикелермен, санитаркалармен, науқас және оның жақын туыстарымен тығыз қарым-қатынас кұрады. Науқас адамның ауруын анықтауға, тиімді ем шараларын тағайындап, іске асыруда, оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас кұра білуіне, яғни коммуникативтік дағдыларына байланысты болады.


    написать администратору сайта