Главная страница
Навигация по странице:

  • Күн тәртібі

  • ата - аналар жиналысының хаттамасы2. Атааналар жиналысыны хаттамасы 2


    Скачать 469.5 Kb.
    НазваниеАтааналар жиналысыны хаттамасы 2
    Дата12.12.2022
    Размер469.5 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаата - аналар жиналысының хаттамасы2.docx
    ТипДокументы
    #841380

    Ата-аналар жиналысының

    хаттамасы № 2

    «Еленовка ауылының ЖОББМ» КММ

    Мерзімі: 16.11.2022 ж.

    Жиналыстың тақырыбы: «Отбасы – тәрбие басы»

    Қатысқандар: 5 «А» сынып оқушыларының ата-аналары

    Қатысқан ата-аналар саны: 8

    Күн тәртібінде:

    Күн тәртібі:

    1. Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы

    2. Отбасындағы балаға деген махаббат

    3. «Ұялы телефон»

    Бірінші және екінші сұрақ бойынша ата-аналарға қысқаша ақпарат айтылды. Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар Отбасындағы балаға деген махаббат. Баланы тәрбиелеу үдерісінде баланың ата-анасына және ата- анасының балаға қатысты сезімдері өте маңызды болып келеді: бұл таяқтың екі ұшыңдай. Және де егер ата-аналар – балалар қарым-қатынасының негізінде махаббат болмайтын болса, қалғанының бәрі жасанды және (қорқынышта, бағынуда, кінәлі сезімде, және т.б.) болады. Ата-аналардың балаларымен толыққанды, үйлесімді әрекет етуі үшін бәрінен бұрын, баланы қабылдауға және соның нәтижесінде оның сыртқы келбетіне де, оның талаптарына да, ата-аналардың одан келешекте күтетін арман үміттері мен тіпті бүгінгі күнгі оның мінез-құлқына да тәуелсіз, сөзсіз, бұлтарыссыз махаббат қажет. Махаббатқа деген қажеттілік немесе бір-біріне керектігі адам талаптарының негізгісі. Оны қанағаттарндыру баланың дұрыс дамуының негізгі шарты.. Балаға деген қарым қатынасыңызды немесе іс әрекетіңізді ақылыңызға салып, бірден орындауға кіріспеңіз. Бала әр уақытта махаббат пен жылулыққа зәру. Сондықтан, әрбір әркетіңізді алдымен ақылмен ойлап, жүрегіңізге салып, сезініп барып, іс әрекетке көшіңіз. Сонда ғана балаңыз сіздің оған деген әрбір қарым қатынасыңыз бен іс әрекетіңізден махаббатты сезінеді.

    Ата – аналармен шаттық шеңберін және «Менің балам қандай?» ойынын өткіздім.

    Үшінші сұрақ бойынша ата – аналарға тағыда телефон жайлы ақпарат айтылды. Және ата-аналар өз баласының телефонын қадағалап отыратындарын айтты.

    Қаулысы:

    Үйде балаға көңіл бөліп үнемі ашық әңгіме жүргізу, телефонын бақылауда ұстау. Бала мектептен келгеннен кейін қандай көңіл –күймен келді, күні қалай өтті үнемі сөйлесіп отыру. Сонымен қатар, үй тапсырмасына көмектесіп, сабағына үнемі көңіл бөлу.







    написать администратору сайта