Главная страница

2 тоқсан хаттама ата-аналар жиналыс. Ата аналар жиналысыны хаттамасы


Скачать 13.91 Kb.
НазваниеАта аналар жиналысыны хаттамасы
Дата22.02.2023
Размер13.91 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла2 тоқсан хаттама ата-аналар жиналыс.docx
ТипДокументы
#950029

Ата - аналар жиналысының хаттамасы

2 «А» сынып
Хаттама № 2
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің 2 «А» сынып оқушыларының ата - аналары арасында жиналыс болып өтті.
22. 12. 2022 ж.
Жалпы оқушы саны – 18

Қатысқаны – 12 ата - ана
Күн тәртібінде:
1. Оқушылардың ІI тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.
2. Балалардың жетістіктері туралы ата - аналарға хабарлау.
3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.
4. Мектеп психологы Қаблаш Манардың тренингі
5. Әр түрлі сұрақтар
Тыңдалды:
1 сұрақ бойынша сынып жетекші Несіпбек Аяжан сөз сөйледі. Оқушылардың 2 - тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата - аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері М. Айтмуханбетова мен Б.Жеңіс оқушылар туралы айтты.
2 сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың жетістіктері туралы айтты.
3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата - аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата - аналарға үгіт - насихат жұмыстар жүргізіп, өз қолдарымен қолхат жазып берді.
4 сұрақ бойынша мектеп психологы Манар Қаблаш ата-аналармен психологиялық тренинг өтті

Жиналыс қаулы етеді:
1. 3 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.
2. Қауіпсіздік ережелерін ата - аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.
3. Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата - аналар бірлесіп жұмыс жасау.
4. Оқушылардың тәртібіне және күнделіктеріне назар аудару.


Сынып жетекшісі: А. Несіпбек
Ата - аналар комитетінің төрайымы: Құрманғалиева Раушан Талғатқызы


написать администратору сайта