Главная страница
Навигация по странице:

  • Психосоматиканың біртектес бұзылыстар типіне жататын, есірткі қатарына жататын заттардан туындайтын дерттің түрі.

  • В) Этиль спиртіне құштарлық пен маскүнемдікке салынушылық ауруы.

  • А) толеранттылықтың өршуі

  • А) сананың бұлыңғырлануы

  • С) ұрықтың алькогольді синдромы

  • Сро. бөж Үркінбай А. Атааналарды алкоголизм, нашаорлы жне токсикомания мен уестенуіні балалар денсаулыына сері


    Скачать 22.33 Kb.
    НазваниеАтааналарды алкоголизм, нашаорлы жне токсикомания мен уестенуіні балалар денсаулыына сері
    Дата10.02.2023
    Размер22.33 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлабөж Үркінбай А.docx
    ТипДокументы
    #930609

    Ата-аналардың алкоголизм, нашақорлық және токсикомания мен әуестенуінің балалар денсаулығына әсері.

    201 педиатрия Үркінбай Аблайхан

    1. Наркомания дегеніміз:

    А) Уытты заттарды артық қолданудан туындайтын дерт.

    В) Психосоматиканың біртектес бұзылыстар типіне жататын, есірткі қатарына жататын заттардан туындайтын дерттің түрі.

    С) Адамның көңіл-күйі тұнжырауымен сипатталатын дерт.

    Д) Радиацияның әсерінен туындаған организм бұзылыстары.

    Е) Этанол, тұрмыстық-химиялық заттарға әуестенушілік.

    Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.


    1. Алкоголизм кезінде ас қорыту жолдары патологиясында ... жиі кездеседі.

    А) алкогольді гепатит

    В) алкогольді гастрит

    С) алкогольді холецистит

    Д) алкогольді дуоденит

    Е) алкогольді энтероколит

    Алкоголизм кезінде ас қорыту жолдары патологиясында алкогольді гепатит жиі кездеседі.


    1. Алкоголизм дегеніміз:

    А) Адамның көңіл-күйі тұжырауын жоятын, көңілін көтеретін антидепрессант

    В) Этиль спиртіне құштарлық пен маскүнемдікке салынушылық ауруы.

    С) Есірткілерді қолдана отырып шақырылатын психосоматикалық аурудың бір түрі.

    Д) Есірткіге жатпайтын уытты заттарды қолданғанда дамитын дерт.

    Е) Көңіл-күйге, жан-дүниеге әсер ететін затты қабылдамаса да тұра алмайтын адамның жағдайы.

    Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді.


    1. Маскүнемдік неше сатыда өтеді?

    А) 1

    В) 2

    С) 3

    Д) 4

    Е) 5

    Маскүнемдік үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысы 1-4 жылға созылады. Екінші сатысы 5-15 жылға созылып, ішімдікті күнделікті ішу байқалады. Үшінші сатысы 5-10 жыл ол кезде ішімдікке төзімділік азаяды.


    1. Наркологиялық тәжірибеде қолданылатын жалпы қуаттандырушы және тонизирлеуші дәріге ... жатады.

    А) тизерцин

    В) ноотроп

    С) қызғылт родиола және женьшень препараттары

    Д) 40% глюкоза ерітіндісі

    Е) витаминдер

    Наркологиялық тәжірибеде қолданылатын жалпы қуаттандырушы және тонизирлеуші дәріге тизерцин жатады.Тизерцин - фенотиазин туындылары тобының нейролептигі. Таламустың, гипоталамустың, ретикулярлық формацияның, лимбиялық жүйенің дофаминдік рецепторларына әсер ете отырып, левомепромазин сенсорлық стимуляцияны тежейді. Қозғалыс белсенділігін төмендетеді және күшті тыныштандырушы әсер иеленген. Бұдан басқа, ол өзге нейротрансмиттерлік (норадренергиялық, серотонинергиялық, гистаминергиялық және холинергиялық) жүйелердің антагонисі болып табылады. Сондықтан левомепромазин құсуға қарсы, антигистаминдік, антиадренергиялық және антихолинергиялық әсерлерге ие.


    1. Созылмалы алкоголизмнің үшінші дәрежесіне тән емес.

    А) толеранттылықтың өршуі

    В) патологиялық қызығушылық

    С) абстинентті синдром

    Д) жеке тұлғаның деградациясы

    Е) толеранттылықтың төмендеуі

    Үшінші дәреже кезінде патологиялық қызуғушылық, абстинентті синдром, жеке тұлға деградациясы, толеранттылықтың төмендеуі көрінеді.

    1. Мастанудың жеңіл дәрежесінде қандағы алкоголь құрамы.

    А) 0,5 - 1,5 %

    В) 1,8 - 2,5 %

    С) 3-4 %

    Д) 2,5 % жоғары

    Е) 2-4%

    Мастанудың жеңіл дәрежесінде қандағы алкоголь 0,5 - 1,5 % құрайды.

    1. Алкогольді галлюцинозға тән емес ... .

    А) сананың бұлыңғырлануы

    В) шынайы галлюцинация

    С) қорқыныш, үрей

    Д) қозғалыстық қозу

    Е) галлюцинаторлы мінез- құлық

    Себебі, алкогольдік галлюциноз кезінде сананың бұлыңғырлануы көрініс таппайды. Ал қалған жауаптар орын алады.


    1. Патологиялық мастану бұл- ... .

    А) жедел транзиторлы психоз

    В) алкогольді мастанудың ауыр дәрежесі

    С) делирий алдындағы жағдай

    Д) жедел интоксикация

    Е) алкогольді мастанудың жеңіл дәрежесі

    Патологиялық мастану- бұл сананың қарауытуымен, сандырақтық ойлармен, галлюцинациямен жүретін жедел транзиторлы, қысқа уақытты психоз. Патологиялық мастану жағдайында қоғамға қауіпті істер жасаған азаматтар, өз ісіне жауап беруге қабілетсіз деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.


    1. Патологиялық мастану алкоголизмнің қай дәрежесі кезінде орын алады?

    А) 1

    В) 2

    С) 3

    Д) 4

    Е) 5

    Алкоголизмнің ІІ дәрежесінде кездеседі.


    1. Әйелдің жүктілік кезінде және оған дейінгі уақытта алкогольді (құрамында спирті бар) ішімдіктерді тұтыну салдарынан нәресте бойында пайда болатын психикалық және физикалық ақаулардың жиынтық атауы?

    А) ұрықтың тератогендік синдромы

    В) ұрықтың антиоксиданттық синдромы

    С) ұрықтың алькогольді синдромы

    Д) ұрықтың преалкогольдық синдромы

    Е) ұрықтың посталкогольдық синдромы

    Фетальді алкогольді синдром немесе ұрықтың алькогольді синдромы (басқа атаулары: эмбриональді алкоголь синдромы, фетальды алкогольді салдарлар) — әйелдің жүктілік кезінде және оған дейінгі уақытта алкогольді (құрамында спирті бар) ішімдіктерді тұтыну салдарынан нәресте бойында пайда болатын психикалық және физикалық ақаулардың жиынтық атауы.


    1. Этанол ұрыққа қандай зат ретінде күшті залал әкеледі

    А) психикалық тератоген

    В) биологиялық тератоген

    С) механикалық тератоген

    Д) экологиялық тератоген

    Е) химиялық тератоген

    Ол күшті химиялық тератоген ретінде, этанол ұрыққа көптеген залал әкеледі.


    1. Эмбриональді алкоголь синдромы бар нәрестенің белгілеріне жатпайды?

    А) массасы аз болып туылады

    В) бойы аласа, бойының өсуі баяу жүреді

    С) құлақтары өзгеше пішінде болады

    Д) массасы көп болып туылады

    Е) ағза функционалының бұзылуы

    Эмбриональді алкоголь синдромы бар нәрестенің белгілері мынадай:

    массасы аз болып туылады (аз салмақты); бойы аласа, бойының өсуі баяу жүреді; құлақтары өзгеше пішінде болады; кейбір мүшелерінде ақау болады (мыс.: жүрегі, өкпесі дұрыс жұмыс жасамайды); түр-әлпетінде ауытқулар болады.


    1. Алкогольді ішімдіктерді тұтынудың салдарынан сәби бойында пайда болатын синдромдарды зерттеп, олар туралы алғаш жазған француз ғалым кім?

    А) Лемонье

    В) Лионс Джонс

    С) Ленобль

    Д) Аламбер

    Е) Моньемен

    Алкогольді ішімдіктерді тұтынудың салдарынан сәби бойында пайда болатын синдромдарды зерттеп, олар туралы алғаш жазған француз ғалымы Лемонье болды. Ол 1968 жылы өзінің зерттеу жұмысының қортындысын баяндады.


    1. 1973 жылы американдық зерттеуші және оның әріптестері анасы тұтынған ішімдіктердің салдарынан болатын ақауларды жүйелі түрде зерттеп, түсіндіріп, «Фетальді алкогольді синдром (Fetal alcohol syndrome)» деген атау берді.Зерттеушінің есімі кім?

    А) Лемонье

    В) Лионс Джонс

    С) Ленобль

    Д) Аламбер

    Е) Моньемен

    1973 жылы американдық зерттеуші Лионс Джонс және оның әріптестері анасы тұтынған ішімдіктердің салдарынан болатын ақауларды жүйелі түрде зерттеп, түсіндіріп, «Фетальді алкогольді синдром (Fetal alcohol syndrome)» деген атау берді.


    написать администратору сайта