Главная страница
Навигация по странице:

  • Кураторлық сағаттың әдістемелік нұсқауы Тақырыбы

  • Сабақ барысы

  • «Өз құқығыңды білесің бе»

  • Көрнекілік: интерактивті тақта; интернет желісі; “ PowerPoint” бағдарлама; Сабақтың барысы

  • «Ой елегінен өткіз»

  • «Сен білесің бе» Презентацияда көрсетілген қызықты тапсырмаларды орындау. «Ойды аяқта»

  • Атбе Жоары политехникалы колледж келісілді бекітілді Апаратты жйелер


    Скачать 282.07 Kb.
    НазваниеАтбе Жоары политехникалы колледж келісілді бекітілді Апаратты жйелер
    Дата24.05.2023
    Размер282.07 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла15,02.docx
    ТипДокументы
    #1157872

    Ақтөбе Жоғары политехникалық колледж


    КЕЛІСІЛДІ БЕКІТІЛДІ

    «Ақпараттық жүйелер» Директордың тәрбие ісі

    бөлімінің меңгерушісі жөніндегі орынбасары

    ________Исмагулова Н.К. _________Есенгалиева Г.У.

    Кураторлық сағаттың әдістемелік нұсқауы
    Тақырыбы: «Өз құқығыңды білесің бе?»

    Құрастырған: Практикант Сағындық Б.

    Ақтөбе, 2023


    Куратор

    Нурина Ж.К.

    Практикант: Сағындық Б.С.

    Курс,топ: 201ПО

    Мерзімі

    15.02.2023ж.

    Тақырыбы

    «Өз құқығыңды білесің бе?»

    Мақсаты

    Конститутциялық,азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.


    Көрнекі

    құралдар

    1. Интерактивті тақта.

    2. Интернет желісі;

    3. PowerPoint бағдарлама.

    Сабақ барысы

    Жоспарлау уақыты

    Ұйымдастыру кезеңі

    Ресурстар

    2 мин

    3 мин

    5 мин

    10 мин

    15 мин

    5 мин

    5 мин


    Куратор сағатының тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.


    Презентация


    Кіріспе сөз.




    «Ой елегінен өткіз»




    «Сен білесің бе?»

    Стикерлер

    «Ойды аяқта»




    Рефлексия

    Бағалау парақтары

    Қорытынды





    «Өз құқығыңды білесің бе?»
    Мақсаты: Конститутциялық,азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.
    Көрнекілік:


    • интерактивті тақта;

    • интернет желісі;

    • “ PowerPoint” бағдарлама;


    Сабақтың барысы
    Ұйымдастыру кезеңі :
    І.Кіріспе

    Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлект дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бр жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының төл конституциясының қабылданғанына 15 жыл толып отыр. Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады.

    Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:

    • Заңдарға бағыну;

    • Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;

    • Мемлекет рәміздерін құрметтеу;

    • Қаржы, салықты төлеу;

    • Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;

    • Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;

    • Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін орындау;

    • Орта мектеп білімін алу;

    • Қазақстан Республикасын қорғау;

    І. «Жаза мен қылмыс»

    1. Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па? Неге?

    2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімі не өз санасы.

    3. Қылмыс жасағанға қоғам кінәлі ме?

    4. Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасының қандай?

    5. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?

    6. Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?

    «Ой елегінен өткіз»

    Ойлан,артығы бар ма? Тапсаң,сызып таста. Берілген тапсырмадан артық сөз,ұғымдарды сызып,қателерді түзе.

    1. Білім алушы неге құқылы?

    Білім алуға,емделуге,демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз топтарына кедергі жасауға.

    2. Білім алушы неге міндетті?

    Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға,оқулықтарын таза ұстауға, үй тұрғызуға.

    «Сен білесің бе?»

    Презентацияда көрсетілген қызықты тапсырмаларды орындау.

    «Ойды аяқта» (мақал-мәтелді аяқтау, түсінік беру).

    1. Ұрлық түбі - ... (қорлық)

    2. Біреуге ор қазба - ...(өзің түсесің)

    3.Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

    4.Ұры бір түнде - бай,

    Бір күнде - ...(кедей)

    5. Өтіріктің құйрығы - ...(бір – ақ тұтам)

    6.Тура биде ...(туыс жоқ)

    7.Туғанды биде ...(иман жоқ)

    8.Қонақ келсе – құт,

    Қарақшы келсе - ...(жұт)

    9. Өтіріктің құйрығы - ...(бір – ақ тұтам)

    10.Тура биде ...(туыс жоқ)

     Рефлексия
    Қорытынды.

    Егер біз бәріміз заңды жақсы біліп, мүлтіксіз орындасақ- әділ де парасатты, бақытты өмір сүретін боламыз. Сіздер Ата Заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңдар. Осымен « Өз құқығыңды білесің бе?» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар
    Пайдаланған әдебиеттер:
    1. «Батыс ҚаҚзақстан облысы» энциклопедиясы. Алматы, 2002

    2. «12 жылдық білім» Республикалық ғылыми — әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал 2006, № 4

    3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы, Литера, 2000




    написать администратору сайта