Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындаған

  • Сфералық жазықтық бойынша тістерді қою

  • стом. Атырау Жоары Медициналы колледжі


    Скачать 27.74 Kb.
    НазваниеАтырау Жоары Медициналы колледжі
    Дата30.01.2021
    Размер27.74 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла5.docx
    ТипДокументы
    #172681

    Атырау Жоғарғы Медициналық колледжі


    Оқу өндірістік практика күнделігі

    Пән: «Алмалы-салмалы протездерді жасау техникасы»

    Тақырыбы: Тістердің пішінін зерттеу, білік орнатылған балауыздық негізді дайындау, кламмерлерді орналастыру. Тіс қатарларының жартылай кемістігі кезінде алмалы-салмалы пластиналық протезге жасанды пластмассалық тістерді орналастыру

    Орындаған: Қаюпова Гүлберген

    Тобы: Стоматология 14 топ

    Тексерген: Куренбаева Н.К.

    Васильев М.Е. бойынша шыны көмегімен тістерді қою.

    • Окклюдаторға мүсінді ғаныштағаннан кейін жоғары біліктің окклюзионды беткейіне жарты эллипс тәрізді шыныдан жасалған пластинканы жабыстырады. Бұнда шынының ортаңғы сызығы жоғарғы окклюзионды білікке тең болуын қадағалайды.

    • Оны түрлі тәсілдермен істейді :

    1. Окклюдатордың жоғарғы стержініне қарап, төменгі окклюзионды білікті шыны қалыңдығындай шамада кесеміз, оны біліктің периметрі төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісінің төмпешігіне бағыттап істейміз.

    Төменгі мүсіннің ішкі бөлігіне жұмсақ балауыздан жасалған үш бағананы орнатып, оған шыныны биіктік стерженінің қалпын өзгертпей бекітеміз

    3) Төменгі мүсінге жаңадан жасалған балауызды базисті дайындап отырғызу білемін жасаймыз.

    Ерітілген балауызбен төменгі окклюзионды білікке шыныны жабыстырады. Стеклографпен шыныға жоғарғы білемнің периметрін, ортаңғы сызығын және ит тіс сызығын сызады. Жоғарғы жаққа көлемі 3-4 мм болатын жаңадан балауызды базисті дайындап (ескісін шешіп алып тастайды), оны тек қана альвеолярлы өсіндінің жоғарғы жағына қарап жабыстырады.

    Жасанды тістердің ұзындығы, көлемі, орналасуы тістем түріне байланысты. Тіс доғаларының арақатынасын төменгі және жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісінің қосылатын сызығымен анықтайды. (интраальвеолярлы және альвеолааралық сызықтармен). A. Gysi бойынша протездің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және базиске шайнау қысымын біркелкі тарату үшін, тістер тек қана альвеолярлы өсіндінің төмпешігі жағына қойылуы керек.

    Тістердің мойын бөлігінің 3/2 қалыңдығы көбінесе альвеолярлы өсіндінің ортаңғы сызығының алдында, ал 3/1 бөлігі осы сызықтың артында орналасады. Бүйір тістерді тістің осі альвеолярлы өсінді төмпешігінің ортасын қиып өтсін деген есеппен қояды. Орталық күрек тістерді олардың медиальды бұрыштары және кесу қырлары шыныға тиіп, эстетикалық орталықтың екі жағынан тұратындай етіп орналастырады.

    Бүйір күрек тістері өзінің кесу қырларымен орталыққа қарай бағытталған және шыны жазықтығынан 0,5 мм алшақ тұрады, ал мойын бөліктері орталықтан кейін қарай ығысқан. Сүйір тістер де шайнау қырларымен орталыққа қарай аздап қисая орналасады, олардың осі аз ғана бұрылған, кесу төмпешіктері шыныға тиіп тұрады. Сүйір тістер алдыңғы тістер тобын аяқтайды. Сондықтан бұл тістердің тістесу білектерінде белгіленген тіс осінің, сүйір тіс осімен дәл келгені жөн.

    Сүйір тістердің мезиальді-ерінді беткейі, күрек тістердің жалғасуы болып табылады. Ал дистальді-ерінді беткейі-бүйір тістер сызығының басы болып келеді; бірінші кіші азу тістерін ит тістердің мезиальді-ерінді беткейі шамасында орналастырамыз, ұрт төмпешігі шыныға тиеді, таңдай төмпешігі 1мм алшақ тұрады. Екінші кіші азу тістерін бірінші кіші азу тістерінің ұрт-дистальді төмпешігі шамасында орналастырамыз, екі төмпешігі де шыныға тиеді. Бірінші үлкен азу тістерін мезиальді-ерінді беткейі ит тістердің томпақ беткейімен дәл келетіндей етіп орналастырамыз

    Екінші азу тістері өз осінен аздап кері бұрылған. Екінші азу тістері шыныға тимейді, артқы төмпешіктері шыныдан 2-2,5 мм алшақ тұрады.

    Алдыңғы тістерді қойып болғаннан кейін, бірінші бір бүйірінің, содан кейін екінші бүйірінің кіші және үлкен азу тістерін симметриялылығын тексере отырып отырғызады. Үстіңгі жақ тістерін қойып болғаннан кейін, төменгі балауыз білемнен шыныны шешіп алып, төменгі тістерді қоюға кірісеміз.

    Төменгі тістерді қоюды екінші кіші азу тістерінен бастайды. Содан кейін бірінші және екінші үлкен азу тістерін, бірінші кіші азу тістерін отырғызып, қарсы бетпен қатынасын анықтаймыз Бүйір тістерден кейін алдыңғы тістерді Бонвиль үшнүктелі контактысын ескере отырып, жеткілікті мөлшерде төменгі тістерді жабатындай етіп отырғызамыз.

    Сфералық жазықтық бойынша тістерді қою

    Speе-нің тіс қатарының сагиттальдық майысу жағдайы негізінде 1918 жылы Monson артикуляцияның сфералық теориясын ұсынды. Monson-ның артикуляцияның сфералық теориясы бойынша барлық тістердің ұрт төмпешіктері шар беткейінде орналасқандай, ал тістердің остік сызықтары бас қаңқасының бір жерінде Crista Galli маңайында қиылысады.

    Механика заңдылығына сәйкес үш еркіндік дәрежемен бір дене басқа денеге қарай қозғалғанда тек сфералық беттері болса ғана өзара тиісіп тұрады. Шықшыт буыны, өзінің үш перпендикулярлы жазықтықтағы қозғалысымен осы заңдылыққа сәйкес құрылған.

    Металдан немесе пластмассадан жасалған стандартты орналастырғыш алаңдар радиусы — 10,4 см немесе 9 см таға тәрізді сфералық беткейлі болады.

    Төменгі жақ негіздің балауызды білігіне стандартты алаңды қойып оны ерітілген балауызбен бекітеді. Негіз бен окклюзиялық білік пен орналастырғыш алаңды ауыз
    қуысына еңгізіп төменгі жақтың сагиттальді және трансверзальді қозғалысына сәйкес балауызды қосу арқылы түзетулер жүргіземіз. Сосын негізбен білікті орталық окклюзия жағдайында окклюдаторға бекітіп сфералық пластина бойынша тістерді орналастырады. Төменгі тістерді жоғарғы тістерге қарап орналастырады.

    Бұл орналастырғыш алаң үш бөліктен тұрады: радиусы 9 см екі бүйірлі - сфералық беткейден және алдыңғы - горизонтальді сектор сияқты алаңнан тұрады. Бүйір бөліктер алдыңғымен шарнир арқылы қосылган. Бүйір бөліктерінде тіліктер жасалған, оған сфералық беткейдің радиусының бағыттайтын белгілері бекітілген.

    Лариннің аппараты көмегімен окклюзиялық біліктерге сфералық беткей беріледі. Сосын жақтардың орталық ара қатынасын анықтап, бекітіп мүсіндерді окклюдаторға ғаныштайды. Төменгі жақтың окклюзиялық біліктерін бүйір бөліктерінен кесіп алып тастайды. Біліктің алдыңғы тұсына пластинканы бүйір тұстары өзінің тік осі бойынша еркін айналатындай етіп орналастырады

    Бағыттағыш белгілер көмегімен пластинаның бүйір бөліктерін альвеола аралық сызықка перпендикуляр етіп, еріген балауыз арқылы осы жағдайда мықтап бекітеді. Жоғарғы тістер барлық төмпешіктерімен және кесу қырларымен пластинкаға тиіп тұруы тиіс.

    Тек латеральді күрек тістер пластинкаға 0,5 см жетпей орналасады. Тістер міндетті түрде альвеола өсіндісінің қыры бойымен және альвеола аралық сызықтардың бағытына сәйкес орналасады. Төменгі тістерді жоғарғы тістерге қарап орналастырады.



    написать администратору сайта