Главная страница

Маг. дисс.жазу және қорғау ережесі 2021- ҚАЗ.. Ау бойынша ереже


Скачать 355 Kb.
НазваниеАу бойынша ереже
Дата01.03.2023
Размер355 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаМаг. дисс.жазу және қорғау ережесі 2021- ҚАЗ..doc
ТипДиссертация
#962455
страница1 из 3
  1   2   3


АЛМАТЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ






АЛМАТИНСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ



МАГИСТЕРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЕРЕЖЕ

(Бизнес және басқару бағыты бойынша)


Алматы, 2021



Магистерлік диссертацияны дайындау және қорғау бойынша ереже (барлық мамандықтар бойынша) – Алматы, Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті, 2021. – 33 бет.

АЭСА Ғылыми Кеңесінің отырысында мақұлданды (№ 4 хаттама « » қараша 2021 ж.)



Құрастырушылар:

Сейтхамзина Г.Ж. – «Бизнес мектебінің» э.ғ.к.., профессор

Разакова Д.И. - Доктор PhD, «Бизнес мектебінің» профессоры

Бертаева К.Ж. - «Қаржы»кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.д, профессор

Назарова В.Л.- «Есеп, аудит және статистика» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к, профессор


Рецензия беруші:

Джондельбаева А.С. – Доктор PhD, «Есеп, аудит және бағалау» кафедрасының профессоры

«Нархоз» Университеті

Джолдасбаева Г.К. – «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессоры, э.ғ.д., Алматы технологиялық университеті




АГЭУ оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында 2021 жылғы "_ _ " қарашадағы № _ _ хаттамада мақұлданды.
ОӘК төрағасы,

бірінші проректор

Э. ғ. к., профессор Бекенова Л. М.


Жауапты редактор Мырзахметова Ж. Л.

Мазмұны






Бет.


1 Магистрлік диссертацияны дайындау, жазу және қорғау тәртібі туралы жалпы ережелер




4

2 Магистрлік диссертацияны орындау мақсаты мен негізгі міндеттері


5

3 Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау


6

4 Магистрлік дисертацияның құрылымы және оның қысқашаа мазмұны


7

5 Магистрлік диссертацияны рәсімдеуге қойылатын талаптар

13




  1. Магистрлік диссертацияның жіктелу белгілері





20

  1. Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну және қорғау үрдісі




20

Пайдаланылған дереккөздер тізімі


26

Қосымшалар

27


1. Магистерлік диссертацияны дайындау, жазу және қорғау тәртібі туралы жалпы ережелер
Осы «Ереже» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2008 жыл 18 наурыздағы №125 бұйрығымен, (2013 және 2016 ж. 04 қарашадағы өзгертулер мен толықтыруларымен) бекітілген «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекетік аттестатаудан өткізудің ережесі» нормативтік құжатының 4 бөлімі «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекетік аттестатаудан өткізудің ережесі» негізінде жасалған [2].

Магистрлік диссертация мазмұны бойынша ғылымның белгілі бір пәндік-кәсіби саласындағы дербес зерттеу (ғылыми жұмыс) болып табылады, мұнда теориялық ережелер жасалады немесе маңызды әлеуметтік-мәдени я экономикалық мәні бар ғылыми мәселелер шешіледі, не болмаса еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын ғылыми дәлелденген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер баяндалады.

Магистрлік диссертация магистранттың кәсіби біліктілік дәрежесі мен ғылыми таным әдіснамасын игеру деңгейі, сәйкес мамандық (мамандандыру) бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сай білімі, дағдылары мен іскерлігін анықтайды. Бұл магистранттың таңдалған мамандық (мамандандыру) саласындағы терең білімін көрсетіп, зерттеу жұмыстары мен зерттелетін әдеби, ресми, статистикалық және бастапқы құжаттарды ғылыми қорытындылау жұмыстарын өз бетімен жүргізе алу дағдысын, жалпы мемлекеттік мүддені алға қоя отырып, зерттелетін мәселелердің шешіміне бағытталған автордың өз қорытындылары, кеңестері мен ұсыныстарын ғылыми-әдіснамалық түрде негіздей білу іскерлігін игергендігінің куәсі болуы керек.

Магистрлік диссертацияның тақырыптарын шығарушы кафедра әзірлейді, Академияның ғылыми кеңесімен қаралып, бекітіледі. Магистрлік диссертацияның жалпы тақырыптар тізімі жыл сайын 30%-дан кем емес мөлшерде жаңартылып тұруы қажет.

Магистрлік диссертацияның жазылу барысын бақылау және кеңес беру мақсатында әр магистрантқа аталған салада ғылыми зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын ғылым докторы немесе кандитаты ғылыми дәрежесі немесе PhD академиялық дәрежесі бар ғылыми жетекші тағайындалады. Қажетті жағдайда жақын ғылым саласынан ғылыми кеңесші тағайындауға болады. Ғылыми жетекшілік "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі бар, сұратылып отырған бағыттың бейініне сәйкес келетін, соңғы бес жыл ішінде 5 ғылыми мақаланың авторы болып табылатын, ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне, JCR (ТҚЖ) деректері бойынша импакт - факторы бар немесе Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index Web of Science Core Collection (Дэб оф Сайнс Кор Коллекшн) базаларының бірінде индекстелетін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда Білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен (бұдан әрі-басылымдар тізбесі) және 1 ғылыми мақала немесе CiteScore сайтскор) Scopus (Скопус) деректер базасында 25 кем емес көрсеткішімен.

Магистрлік диссертацияны әзірлеп, жазу барысында автор төмендегі ұстанымдарға сүйенуі керек:

  • зерттелетін мәселенің өзектілігін ғылыми дәлелдеу;

  • ғылыми әдістерді пайдалана отырып, сәйкес зерттеу нысаны бойынша зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін шешу;

  • зерттелетін тақырып бойынша қисынды түрде теориялық материалды баяндап, соңғы үш-бес жылдағы сараптамалық материалдарды талдау;

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің экономикалық қызметін жетілдіру бойынша сенімді әрі дәлелді кеңестер мен ұсыныстар жасау, немесе зерттелетін пәннің даму перспективасын анықтау;

  • магистрлік диссертацияның соңында негізгі қорытындылар мен ұсыныстар жасау.

Магистрлік диссертацияның зерттеу нысаны өндірістік практика (бейіндік магистратурада) мен ғылыми-зерттеу практикасын (ғылыми және педагогикалық магистратурада) өту базасына сәйкес болу керек.

Аяқталған магистрлік диссертацияның жалпы мазмұны келесі талаптарға жауап беруі керек:

  • теориялық немесе қолданбалы мәселені шешуге мүмкіндік беретін немесе нақты ғылыми бағыттың дамуындағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми негізделген теориялық және (немесе) эксперименттік нәтижелер болу керек;

  • магистрлік диссертация қорғалатын мамандық бойынша негізгі келелі мәселелерге сай болу;

  • өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы болу;

  • ғылым мен практиканың заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделу (ғылыми және педагогикалық магистратурада);

  • нақты практикалық ұсыныстар, кешенді, функционалдық сипаттағы басқарушылық міндеттердің дербес шешімдері бар әрі ғылымның, техника мен өндірістің қазіргі жетістіктеріне негізделген болу (бейіндік магистратурада);

  • компьютерлік технологияларды қолдану арқылы мәліметтерді өңдеу және түсіндірудің қазіргі әдістеріне сүйену;

  • ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістері мен озық ақпараттық технологиялардың қолданысымен орындалуы;

  • негізгі қорғалатын мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу/ эксперименттік-зерттеу бөлімдерінің болуы;

  • білімнің тиісті саласындағы озық халықаралық тәжірибеге негізделген болуы [3].


2 Магистрлік диссертацияның мақсаты мен негізгі міндеттері
Магистрлік диссертацияның негізгі мақсаты экономикалық теорияны тәжірибеде қолдану саласында магистранттың білім деңгейі мен әлеуетті мүмкіндіктерін, сондай-ақ оның өзекті мәселелерді шешуге бағытталған зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра білу қабілеттерін анықтау.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет:

  • Библиография құрастыру, таңдалған тақырып бойынша әдеби дереккөздерді зерделеу және ғылыми қорытындылау;

  • Зерттелетін мәселе бойынша құрылымдық өзгерістер мен құбылыстарды сипаттайтын нақты, статистикалық және бастапқы материалдарды жинау, өңдеу, талдау және жинақтау;

  • Болашақта зерттелетін нысанның даму тиімділігін болжау және бағалау үшін экономикалық-математикалық, статистикалық әдістердің қолдану мүмкіндіктері мен әдістерін анықтау;

  • Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдауға негіз болған мәселелерді оңтайлы түрде шешуге мүмкіндік беретін қорытындылар, кеңестер мен ұсыныстарды ғылыми дәлелдеу;

  • магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері кем дегенде: ғылыми және педагогикалық бағытын аяқтағалы отырған магистранттарға 2 ғылыми басылымда жариялануы керек.


3 Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау
Магистрлік диссертацияның тақырыбы магистрантқа оқуға түскен уақыттан бастап алғашқы екі ай ішінде академия Ғылыми кеңесінің шешімімен тұжырымдалады және ректордың бұйрығымен бекітіледі. Ол әдетте сәйкес бейіндік кафедра ұсынған тақырыптар тізімінен таңдалады. Магистрант зерттеудің мақсаттылығын негіздей отырып, өз тақырыбын ұсынуға құқылы, мұндай жағдайда жаңа тақырып кафедра отырысында қаралып, бекітіледі. Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау кезінде ғылыми мамандығы, зерттелетін мәселенің өзектілігі мен зерттелу деңгейі және магистранттың алға қойған міндеттерді шеше алу мүмкіндігі сияқты жеке мүддесі ескерілуі тиіс. Сонымен бірге тақырыпты дұрыс таңдауға магистранттың әдеби дереккөздермен алдын ала танысуы және шығарушы кафедра оқытушыларымен тікелей сұхбаты айтарлықтай әсер етеді.

Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдаған соң, магистрант кафедра меңгерушісіне диссертацияны жазуға рұқсат беруін сұрап өтініш жазады (А қосымшасы). Өндірістік (бейіндік магистратура)/зерттеу (ғылыми және педагокикалық магистратура) практикадан өткен орны мен магистранттың өтінішіне қарай, кафедра магистрантқа тақырыпты бекіту және ғылыми жетекшіні тағайындау туралы түпкілікті шешім қабылдап, оны академияның бұйрығымен бекіту үшін ғылыми кеңес мәжілісіне ұсынады.

Негіздемесі мен құрылымымен қоса магистрлік диссертацияның тақырыбы, диссертация жұмысының аяқталу мерзімі көрсетілген магистрлік диссертацияны орындау жоспары, ғылыми басылым, тәжірибеден өту жоспары (қажет болса) магистранттың жеке жұмыс жоспарында көрсетіледі. Магистрлік диссертацияны жазу барысында магистранттың немесе оның ғылыми жетекшісінің бастауымен жоспар өзгертіліп нақтылануы мүмкін.

Магистрлік диссертация ғылыми жетекшінің басшылығымен орындалады, ол магистрантқа ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді, яғни:

– магистрлік диссертацияның жұмыс жоспарын жасауға, зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесін таңдауға қатысады;

– магистрлік диссертацияны орындау үшін тапсырмалар береді (қосымша Б);

– магистрлік диссертацияны орындау үшін магистрантқа магистрлік диссертацияның барлық кезеңін қамтитын жұмыстың күнтізбелік кестесін жасауға жәрдем береді (В қосымшасы);

– магистранттың ғылыми-зерттеу/ эксперименттік-зерттеу жұмыстарының бағдарламасын құрады;

– магистрантқа зерттеу тақырыбы бойынша қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, типтік жобалар мен басқа да дереккөздерді ұсынады;

– магистранттың магистрлік диссертациясының күнтізбелік кестесінің орындалуына ағымдық бақылау жүргізетін кеңес беру кестесін түзеді;

– қажет болған жағдайда магистрантпен оның ғылыми тәжірибелерін (соның ішінде шетелдік тәжірибе) үйлестіреді;

– магистрлік диссертация аяқталысымен, оның қойылған талаптарға сәйкестігі және көпшілік алдында қорғауға дайындығы туралы соңғы шешім шығарады.
4 Магистрлік диссертацияның құрылымы

және оның қысқаша мазмұны
Магистрлік диссертацияның құрылымы қатаң түрде нысандандырылған және стандартты болуы міндетті емес. Ол көбінесе зерттеудің тақырыбына, күрделілігі мен әдіснамасына, оның теориялық және тәжірибелік маңызына, сондай-ақ автордың өз алдына қойған міндеттерді шешу нәтижесін баяндауының жалпы қисынын сақтау қажеттігіне де байланысты болып келеді. Магистрлік диссертацияға кіріспе бөлімнен, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған дереккөздер тізімінен тұратын құрылым тән болып келеді. Қажетті жағдайларда суретті-статистикалық және бастапқы материал жұмыс соңында нөмірленген қосымшалар түрінде беріледі.

Магистрлік диссертация жазу барысында төмендегі ережелерді сақтау керек:

– магистрлік диссертацияның кіріспесі мен қорытынды бөлімі 3–5 беттен кем болмауы керек;

– магистрлік диссертацияның әр тарауы кем дегенде 2-3 бөлімнен тұруы керек және әр бөлімнің көлемі 10-15 беттен кем болмауы керек;

– магистрлік диссертацияның теориялық, сараптамалық және конструктивті бөлімдерінің құрылымдық арақатынасы шамамен бірдей болуы керек (әр тарауға магистрлік диссертацияның жалпы көлемінен 25-35% бөлінуі керек). Көлемі бойынша теориялық бөлімнің басымдылығы жиі кездесетін қателік болып табылады;

– әр бөлімнің соңында қорытынды жасалуы қажет (2-3 абзац). Әдетте қорытынды келесі сөлемшелермен басталады: «сөйтіп... », «бұдан шығатыны...», «жоғарыда айтылғандардың негізінде, ... деген қорытындыға келуге болады»;

– жұмыс барысында материалдарды белгілі бір дереккөздерден (оқулықтар, оқу құралдары, мерзімдік әдебиет және т.б.) алған жағдайда, осы Ережеде келтірілген тәртіпке сәйкес сілтемелер жасалу керек. Сілтемелер болмаған жағдайда магистрлік диссертация қорғауға жіберілмейді (пайдаланылған дереккөздер тізімінде келтірілетін сілтемелер 50-ден кем болмауы тиіс).

Магистрлік жұмыстың құрылымдық элементтері:

  • титулдық парақ;

  • мазмұны;

  • нормативті сілтемелер;

  • анықтамалар;

  • белгілеулер мен қысқартулар;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • пайдаланылған дереккөздер тізімі;

  • қосымша.

Титулдық парақ магистрлік диссертацияның алғашқы беті болып табылады, құжатты іздеуге және өңдеуге қажетті ақпарат көзі ретінде пайдаланылады. Титулдық парақ қатаң түрде Г қосымшасына сәйкес ережелермен толтырылады.

Титулдық парақта төмендегі мәліметтер келтіріледі:

– диссертация орындалған ұйымның атауы;

– магистранттың аты-жөні;

– жұмыстың атауы;

– мамандықтың атауы мен коды (жоғары оқудан кейінгі білімнің мамандықтар Жіктеушісі бойынша);

– ізделіп отырған академиялық дәреже;

– ғылыми жетекшінің (ғылыми кеңесші бар болған жағдайда) аты-жөні, ғылыми/академиялық дәрежесі мен атағы;

– диссертация орындалған жер және аяқталған жылы.

Титулдық парақ диссертация беттерінің жалпы нөмірленуіне енеді, бірақ онда бет нөмірі қойылмайды.

Магистрлік диссертацияның мазмұнына кіріспе, барлық тараулар мен бөлімдердің, тармақтардың реттік нөмірі мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған дереккөздер тізімі мен осы жұмыс элементтері басталып тұрған бет нөмірлері көрсетілген қосымшалар атауы енеді.

«Нормативті сілтемелер» құрылымдық элементі магистрлік диссертацияның мәтінінде сілтеме жасалған стандарттар тізімінен тұрады. Сілтемелік стандарттар тізімі «Осы диссертацияда келесі стандарттарға жасалған сілтемелер пайдаланылды» деген сөйлеммен басталады. Тізімге стандарттардың белгіленуі мен белгілену тіркелуінің өсу ретімен олардың атаулары енгізіледі.

«Анықтамалар» деген құрылымдық элементі магистрлік диссертациядағы экономикалық терминдерді нақтылауға не орнықтыруға байланысты анықтамалардан тұрады. Анықтамалар тізімі келесі сөздерден басталады: «Бұл магистрлік диссертацияда келесі терминдер сәйкес анықтамаларымен пайдаланылған...».

«Белгілеулер мен қысқартулар» құрылым элементі магистрлік диссертацияда қолданылған белгілеулер мен қысқартулар тізімінен тұрады. Белгілеулер мен қысқартулар магистрлік диссертация мәтінінде кездесуіне қарай немесе алфавиттік тәртіпте қажетті талдау мен түсініктеме берумен бірге жазылады. Анықтамалар, белгілеулер және қысқартуларды «Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар» деген бір құрылымдық элементтінде беруге болады.

Кіріспеде зерттелетін ғылыми және/немесе инновациялық сипаттағы ғылыми, ғылыми-техникалық немесе технологиялық мәселелердің (міндеттердің) қазіргі жағдайы, тақырыпты зерттеудің негізі және бастапқы деректері, осы ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын жүргізудің қажеттілігін дәлелдеу, жұмыстың жоспарланған ғылыми-техникалық деңгейі, патенттік зерттеулер мен олардың нәтижелері туралы мәліметтер, магистрлік диссертацияның метрологиялық қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығы, басқа ғылыми-зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарымен байланыстылығы, сонымен бірге зерттеудің мақсаты мен міндеттері, нысаны мен пәні, олардың жалпы ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын орындауда алатын орны, қорғалуға ұсынылатын әдіснамалық негізі, жағдайлары көрсетілуі керек

Магистрлік диссертацияның мақсатын дәлелдей отырып, автор бір сөйлем көлемінде таңдалған тақырып бойынша магистрлік диссертацияның мақсатын ашып көрсетуі керек.

Мақсатқа жету үшін зерттеудің барлық сұрақтарының төңірегінде жүретін жұмысты орындау және дайындау барысында автор өз алдына қоятын нақты міндеттерді анықтап алуы керек. Осы міндеттердің мазмұны, тізімі және орындалуы магистрлік диссертацияның сәйкес тарауларының құрылымы мен атауына тікелей ықпал етеді.

Зерттеудің нысаны нақты шаруашылық жүргізуші субъектінің және/немесе нарықтың әлеуметтік-өндірістік, ұйымдық-басқарушылық, өткізу-инвестициялық қызметін қамтиды.

Зерттеу пәні - зерттеу нысандарының қызмет етуі мен даму үрдісінде пайда болатын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы.

Тақырып бойынша зерттеудің әдіснамалық негіздері мен қолданылатын әдістерін ашу кезінде де неғұрлым ықшам мазмұндама талап етіледі. Бұл жерде автор өзінің таңдалған көрсеткіштерді негіздеуі кезіндегі жеке есептеулерін және/немесе жұмыстың қисынды аяқталуы үшін қажетті қорытындылар, кеңестер мен ұсыныстар келтіргенде нақты қай әдісті қолданғаны айтылуы тиіс.

Бұл кеңестер мен ұсыныстар нақты бір ғылыми жаңашылдығымен ерекшеленіп, экономиканың практикалық аспектілерінің мұқтаждығын көрсетуі керек, ал қорытындылар – жалпы мемлекеттік, салалық, аймақтық, аумақтық-әкімшілік сипаттағы және экономика салаларының бастапқы буын деңгейіндегі ұсынылатын шаралардың жаңашылдығын дәлелдейтін шаралар негізі болып табылады. Жүргізілген зерттеудің негізгі нәтижелері магистрантқа жұмыстың тақырыбын таңдауға арқау болған өзекті мәселенің теориялық әзірлігі мен практикалық шешіміне өзінің қосқан үлесін ашық көрсетуге мүмкіндік бере алса тіпті жақсы болар еді.

Диссертацияда сондай-ақ қорғауға ұсынылатын ережелер көрсетілуі тиіс. Жұмыстың практикалық маңыздылығы мен апробациясы автор тарапынан төмендегі үш шараның бірін жүзеге асырған жағдайда анықталуы мүмкін:

– атқарылған жұмыстың нәтижелерін зерттеу нысанына енгізу және одан растаушы құжаттарды алу;

– зерттеу нәтижелерін ғылыми-практикалық конференциялардың, тақырыптық «дөңгелек үстелдердің» және т.б. отырыстарында талқылау;

– диссертацияның мазмұны аясында кем дегенде екі ғылыми мақала жариялау.

Магистрлік диссертацияның негізгі бөлігі кіріспеде тұжырымдалған міндеттерге жауап беріп, жұмыстың тақырыбын, шығармашылық ниетін дәйекті түрде ашуы керек. Жұмыстың негізгі бөлігінде қолданылатын зерттеу әдістерінің негіздемесі, есептеу әдістері және есептеулердің өздері, әдетте, Қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, жүргізілген эксперименттердің сипаттамасы, олардың талдауы мен тұжырымдары, нұсқаларды техникалық-экономикалық салыстыру және қажет болған жағдайда иллюстрациялар, графиктер, эскиздер, диаграммалар, диаграммалар және т. б. болуы керек.

Магистрлік диссертацияның негізгі бөлігі, әдетте, бөлімшелерден тұратын 4 бөлімнен тұруы тиіс, бұл ретте әрбір бөлім қорытындымен аяқталуы тиіс.

1бөлім. Зерттелетін мәселенің өзектілігін негіздеу. Магистрант зерттелетін тақырып бойынша әдеби шолу негізінде мәселенің өзектілігін негіздеуді, теориялық ережелердің пікірталас сипатын анықтап, өзінің авторлық көзқарасын негіздей білуі керек. Магистрант белгілі бір саладағы теория мен практиканың дамуының негізгі тенденцияларын және олардың отандық және шетелдік ғылыми және оқу әдебиеттерінде көріну дәрежесін көрсетуі керек.

2 бөлім. Зерттеу әдістемесі мен бағдарламасы. Бөлімде зерттеу әдістемесі мен бағдарламасын таңдаудың негіздемесі (кезеңдер бойынша зерттеу логикасы, сондай-ақ зерттеудің нақты әдістерін таңдау және қолдану мүмкіндігінің негіздемесі, зерттеу мәселелерін қою) қамтылуға тиіс. Әдетте, жұмыста ұсынылатын жеке зерттеулердің саны 3-5 зерттеулерден аспайды, бұл ретте олардың кем дегенде біреуі бастапқы деректер (далалық) бойынша орындалуы тиіс. Бұл бөлімде зерттеудің болжамды әдістеріне оларды пайдалану мүмкіндігі мен орындылығы, зерттеу объектісіне, салаға және зерттеу мақсаттарына қатысты қойылған проблеманы шешу үшін артықшылықтар мен ықтимал қиындықтар тұрғысынан баға берілуі тиіс.

3бөлім. Зерттеудің тікелей нәтижелері (нақты әдістемелерді қолдану). Бөлім зерттеу объектісінің сипаттамасын, зерттеу проблемасына қатысы бар зерттеу индустриясы немесе саласы туралы нақты материалды қамтиды. Магистрант әр түрлі ғылыми әдістер мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, белгілі бір зерттеу объектісінің қызметін сипаттайтын материалдарға егжей-тегжейлі, мұқият талдау жүргізуі керек. Диссертацияда алынған нәтижелердің болжамын дұрыс түсіндіру және талдау үшін эконометрикалық, экономикалық және математикалық модельдер болуы керек. Бөлімде тыңдаушының өзі жүргізген қайталама ақпарат (ақпарат көздерін міндетті түрде көрсету) және бастапқы ақпарат (далалық зерттеулер) негізінде жүргізілген зерттеулердің барлық түрлерінің нәтижелері қамтылуға тиіс.

Осы бөлімді дайындау кезінде магистрант алынған қорытындылар мен нәтижелерді негіздеу және дәлелдеу қабілетін көрсетуі керек. Бөлімнің материалдары магистрлік диссертацияда қаралатын мәселе бойынша қорытындылар мен ұсынымдардың дұрыстығын, толықтығын және негізділігін бағалауға мүмкіндік беруі тиіс. Бөлімде таңдалған әдіснама шеңберінде әрбір кезең және/немесе жүргізілген зерттеу үшін жеке кіші бөлімдер болуы тиіс.

4 бөлім. Зерттеу нәтижелері бойынша ұсыныстар. Бұл бөлім магистрлік диссертацияда көтерілген мәселені шешуге бағытталған негізгі ұсыныстар мен ұсыныстардың әзірленуі мен негіздемесін көрсетуі тиіс. 4-бөлімнің ерекшелігі-диссертацияда қамтылған магистранттың ұсыныстары мен ұсыныстарын қолданудың практикалық қолданылуы мен нақтылығы. [5].

Автордың бүкіл зерттеу жұмысының жалпы мазмұнынан келіп шығатын негізгі тұжырымдамалар қысқа да нақты түрде магистрлік диссертацияның «Қорытындысында» беріледі. Қорытындыда мынадай мәселелер болуы тиіс:

– диссертациялық зерттеудің нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылар;

  • қойылған міндеттердің толығымен шешілуін бағалау;

  • нәтижелерді нақты қолдану бойынша ұсыныстар мен бастапқы деректерді дайындау;

  • енгізудің техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау;

  • аталмыш саладағы үздік жетістіктермен салыстырғандағы орындалған жұмыстың ғылыми деңгейін бағалау.

Пайдалынған дереккөздер тізімі магистрлік диссертацияны жазуда қолданылған дерекөздер туралы ақпараттарды көрсетіп, осы Ереже талаптарына сай рәсімделуі керек.

Қосымшаларға магистрлік диссертацияны орындауға қатысты, бірақ қандай да бір себептермен негізгі бөлімге енгізілмеген материалдарды енгізу ұсынылады.

Қосымшаға төмендегі материалдар енгізілуі мүмкін:

  • аралық математикалық дәлелдеулер, формулалар мен есептеулер;

  • қосалқы сандық мәліметтер кестелері;

  • диссертациялық жұмысты орындау барысында әзірленген нұсқаулықтар, әдістемелер, компьютерлік техниканың көмегімен шешілетін алгоритмдер мен бағдарламалық есептердің сипаттамалары;

  • қосалқы сипаттағы суреттер (фото);

  • диссертациялық жұмыс нәтижелерінің енгізілу актілері және т.б.

  • магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері кем дегенде: ғылыми және педагогикалық бағытын аяқтағалы отырған магистранттарға 2 ғылыми басылымда жариялануы керек.

Басылымға аймақтық, республикалық, халықаралық конференция, симпозиумдар мен мәжілістердегі тезистер, ақпараттық шолу баяндамалары, сараптамалық шолулар, ақпараттық парақтар жатады.

Бітіретін курста қорғауға дейін екі ай бұрын шығарушы кафедраның дәлелді қорытындысы негізінде магистранттың диссертация тақырыбына түзету енгізуге рұқсат етіледі.

5 Магистрлік диссертацияны ресімдеуге

қойылатын талаптар
Магистрлік диссертация компьютер, принтерді қолдану арқылы А4 форматтағы ақ қағаздың бір жақ бетінде бір жолдық интервалмен (аралықпен) теріліп орындалуы керек. Шрифт – «Times New Roman», кегль 14. Магистрлік диссертацияның мәтінін келесі шектік өлшемдерді сақтау арқылы параққа басып шығару керек: сол жағы – 30мм, жоғарғы жағы - 20мм, оң жағы – 10мм, төменгі жағы – 20 мм.

Магистрлік диссертацияның көлемі 70-нен кем емес, 80 беттен артық емес компьютермен терілген мәтіннен құралуы керек. Қосымшалар магистрлік диссертацияның көрсетілген көлеміне енбейді.

Кейбір терминдерді, формулаларды айқындап көрсету үшін түрлі әріптер гарнитурасы қолдану арқылы компьютердің акценттеу мүмкінідіктерін пайдалануға рұқсат беріледі.

Магистрлік жұмысының орындалу тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделуі басып шығарылу айқындылығының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Магистрлік диссертацияны орындау барысында бүкіл жұмыс бойынша кескіндердің тығыздығы, бейнеленуі мен айқындылығының біркелкі болуын сақтау қажет. Диссертацияда сызықтар, әріптер, цифрлар мен белгілер нақты бейнеленуі керек.
Магистрлік диссертацияны дайындау барысында табылған қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол түзетілген жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолмен жөндеп түзетуге рұқсат беріледі.

Мәтінді парақтардың бүлінуіне, бұрынғы мәтіннің (графиканың) толық тазартылмай кір іздерінің сақталуына жол берілмейді.

Магистрлік жұмыстағы фамилиялар, мекеменің, ұйымдардың, фирмалардың, өнімдердің атаулары және де басқа жалқы есімдер түпнұсқа тілінде келтіріледі.

Диссертация тіліне аудару кезінде жалқы есімдерді қысқартқанда және ұйымның атауын келтіргенде түпнұсқа атауын қосымша көрсетуге (алғашқы берілуінде) болады.
Магистрлік диссертацияның «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған дереккөздер тізімі» сияқты құрылым элементтерінің, сондай-ақ оның тараулары мен бөлімдерінің атаулары диссертацияның құрылым элементтерінің тақырыбы қызметін атқарады.
Оларды беттің жоғарғы жағында жолдың ортасында бас әріптен бастап астын сызбай, қалың шрифтпен, соңына нүкте қоймай жазу керек.
Мысалы:

Кіріспе
Магистрлік диссертацияның негізгі бөлімін тараулар мен тараушаларға бөлген дұрыс. Тараулар мен тараушалардың тақырыптары болуы керек. Тақырып атулары тараулардың, тараушалардың мазмұнын анық әрі қысқаша мазмұныны ашуы тиіс.

Тараулар мен тарауша тақырыптарын азат жолдан бастау керек және үлкен әріппен, астын сызбай, соңына нүкте қойылмай жазылады. Егер тақырып екі сөйлемнен тұрса, оларды нүкте арқылы ажыратылады. .

Магистрлік диссертацияның беттері араб цифрымен диссертацияның бүкіл мәтінін қамту арқылы нөмірленеді. Бет нөмірі беттің төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

Титулдық парақ беттердің жалпы нөмірленуіне кіреді. Титул парағында беттің нөмірі қойылмайды.

Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диссертация беттерінің жалпы нөмірленуіне енеді. А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

Магистрлік диссертация бөлімдерінің бүкіл жұмыс бойынша азат жолдан басталған және нүктесіз араб цифрымен белгіленген реттік саны болуы керек. Тараушалар әр тарау шегінде нөмірленуі қажет. Тарауша нөмірі, нүктемен бөлінген тарау мен тарауша нөмірлерінен тұрады. Тарауша нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Тараулар сияқты тараушалар да екі немесе бірнеше бөлімшеден тұруы мүмкін.

Үлгі: мазмұнын ресімдеу
Мазмұны







Бет.

Нормативтік сілтемелер

2










Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар

3










Кіріспе

6










1

Инфляциялық үрдістерді басқарудың теориялық аспектілері







1.1 Инфляцияны өлшеу мәні, түрлері мен әдістері

9




1.2 Инфляцияның салдары және оны мемлекеттік реттеу әдістері

10




1.3 Инфляцияға қарсы реттеудің шетелдік тәжірибесі – Қазақстанның оны пайдалану контексінде


20




2

Қазақстандағы инфляциялық үрдістерді басқаруды талдау







2.1 Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі индикаторларын талдау

30




2.2 Инфляцияны реттеу бойынша Қазақстанның макроэкономикалық саясатының қазіргі жағдайы және оны тұрақтандыру бойынша іс-шараларды бағалау



45




3

Қазақстанның инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру







3.1 Қазақстанның инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары және 2011-2012 жылдарға инфляциялық болжам

65




3.2 «Голландық ауру» контексіндегі қазақстандық экономиканың даму перспективасы

75







Қорытынды

90







Пайдаланылған дереккөздер тізімі

95







Қосымша

97


Магистрлік дисертацияның мәтіні бойынша тізбелер келтірілуі мүмкін. Егер тізбелер белгі түрінде берілсе, әрбір тізбенің алдына сызықша қойылуы тиіс, нүкте, төртбұрыш, үшбұрыш, т.б. сияқты белгілерге тыйым салынады.

Магистрлік диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен) басталуы тиіс.

Магистрлік диссертацияның және оның құрылымына кіретін қосымшалардың беттері тұтастай реттік нөмірленуі тиіс.

Мәтіндегі азат жол 1 см-ге тең шегініспен басталады.

Иллюстрациялар (сызбалар, графиктер, схемалар, диаграммалар, фототүсірілімдер және т.б.) міндетті түрде алғаш аталып өткен мәтінінен кейін тікелей сол бетте немесе келесі бетте сілтеме көрсетілуі арқылы орналасады.

Иллюстрациялар (соның ішінде түрлі-түстілері де) компьютерде орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға диссертацияда сілтемелер берілуі керек.

Магистрлік диссертацияда берілген сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Иллюстрациялардың атауы болуы керек, ол жолдың ортасында сызықша арқылы жазылады (Мысалы: 1 сурет – Еңбек нарығының рационалды құрылымын детерминдеу факторлары).



1 сурет – Еңбек нарығының рационалды құрылымын детерминдеу факторлары.

Қажет болған жағдайда, иллюстрацияларда түсіндірме мәліметтер болуы мүмкін (сурет мәтінінің астында).

Барлық суреттерде сілтеме болуы тиіс, басынан аяғына дейін нөмірленген иллюстрацияларға сілтеме жасау кезінде «... 1 суретке сәйкес...» деп жазу керек.

Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру кезіндегі қолайлылығы үшін қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек, дәл әрі қысқаша болуы тиіс, кестеден жоғары, сол жақта, абзацтық шегініссіз, оның нөмірімен бір жолда, сызықша арқылы орналасуы керек. Кесте бөлігін келесі бетке көшіру барысында кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды, ал келесі бөлігінде сол жақта кесте нөмірі көрсетіледі және «жалғасы» сөзі жазылады, мысалы: «1 кестенің жалғасы».

Диссертацияда кестені өзі алғаш аталған мәтіннің астында немесе келесі бетте орналастыру қажет. Диссертациядағы барлық кестелерге сілтеме жасалуы керек. Сілтеме жасау кезінде «кесте» деп жазып, нөмірлері көрсетілуі тиіс.

Қосымшадағы кестелерден басқа, кестелер араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Кестелер сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі (12).

Кестені пайдалануды қиындатпайтын болса, кестенің жолдарын шектеп тұрған көлбеу және тік сызықтарды жүргізбеуге рұқсат етіледі.

Кестені ресімдеу үлгісі:
1 кесте – 2005-2011 жж. Қазақстан Республикасы еңбек нарығының көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Жыл

2011 ж.

%

2005

2006

2007

2008

2009

2010

2011

2009г.


2010г.


Экономикалық белсенді халық,

мың адам

7399,7

7657,3

7840,6

7901,7

8028,9

8228,3

8415,0

113

102

Жұмыспен қамтылған халық,

мың адам

6708,9

6985,2

7181,8

7261,0

7403,5

7631,1

7857,2

117

113

Жұмысыз халық,

мың адам

690,7

672,1

658,8

640,7

625,4

597,2

557,8

80

86

Жұмыссыздық деңгейі, %

9,3

8,8

8,4

8,1

7,8

7,3

6,6

71

78

Е с к е р т п е – Автор дереккөз негізінде құраған [27]


Кестенің төменгі сызығы мен мәтін арасы 2 «бос» жол болу керек.

Кестені ресімдеу туралы толығырақ ГОСТ 2.105. сипатталған.

Ескертулер абзацтан бас әріппен арасы сиретіліп жазылуы керек және сызылмауы тиіс.

Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі.

Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер араб сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.

Формулалар мен теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі.

Әрбір формула мен теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдік таңбасынан (=) кейін немесе қосу (+), алу (-), көбейту (х). бөлу (:) немесе басқа да математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады. Формула көбейту операциясын белгілейтін белгімен тасымалданатын кезде «х» белгісі қолданылады.

Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек. Диссертациядағы формулаларды барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, араб сандарымен оң жақ шетте бір жолда реттік нөмірлермен нөмірлеу қарастырылады. Тарауша ішіндегі формулаларды нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады.

Формуланы ресімдеу үлгісі:
Т = (t2 х σ2 ) +∆ N (1)
мұнда: t – шектік қателік t-реттік орташа қателіктен аспайды деген кепіл беретін ықтималдыққа (р) тәуелді сенім коэффициенті; ибку;

σ2 – ізделіп отырған белгінің дисперсиясы;

∆ – іріктеудегі шектік (берілген) қателік;

N – зерттелетін (басты) жиынтықтағы бірліктердің саны.
Формулалар мен теңдіктерді қолмен қара сиямен жазуға рұқсат етіледі.

Пайдаланған дереккөздеріне сілтемелер тік жақшада, бет нөмірімен келтірілуі тиіс (мысалы, [1, 35 б.]). Дереккөздер туралы мәлімет магистрлік диссертация мәтініндегі дереккөздер сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек, абзац шегінісінен кейін араб сандарымен нүктесіз нөмірленеді.

Сілтеме толықтай құжатқа немесе оның тараулары мен қосымшаларына берілу керек. Тарауша, тармақ, кестелер мен иллюстрацияларға сілтеме жасауға жол берілмейді. Стандарттар мен техникалық жағдайларға сілтеме жасалғанда оның тек белгіленуі көрсетіледі, егер пайдаланылған дереккөздер тізімінде стандартқа толық мәлімет берілген болса, оның бекітілу жылын көрсетпеуге болады.

Белгілеулер мен қысқартулар мәтінде берілу тәртібімен бағанада орналасады, және оларға қажетті түсініктемелер беріледі. Сол жақта берілу тәртібімен немесе алфавит бойынша қысқартулар, шартты белгілер, символдар, физикалық шамалардың өлшем бірлігі мен терминдер, оң жақта – олардың егжей-тегжейлі түсініктемелері келтіріледі. Анықтамалар, белгілеулер және қысқартуларды «Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар» деген бір құрылымдық элементтінде беруге болады.

Пайдаланылған дереккөздері тізімі магистрлік диссертация мәтінінде дереккөзге келтірілген сілтемелердің пайда болу тәртібімен орналасқан, және араб сандарымен нүктесіз нөмірленген дереккөздер туралы мәліметтен тұрады, абзацтық шегініссіз жазу керек.

Пайдаланылған дереккөздер тізімімін ресімдеу үлгісі:
1 К. Хаксевер, Б. Рендер, Р. Рассел, Р. Мердик. Управление и организация в

сфере услуг, 2-е изд. / Пер. с англ. под ред. В.В. Кулибановой. СПб.: Питер, 2008. – 752 с.: – (Серия «Теория и практика менеджмента).

2 The discussion of preindustrial, industrial, and postindustrial societies ahs been

adapted from Daniel Bell, The Coming of Post-Industrial Society: A Venture in Social Forecasting (New York, Basic Books, 2006), 129 p.

3 Труд и занятость населения в Казахстане. Статистический сборник. / Под ред. А.А. Смаилова / Алматы, 2001.

4 Национальная программа достойного труда в Республике Казахстан на 2007-2009 годы // Труд в Казахстане. – 2007. – №3. – С. 14-16
Қосымшалар магистрлік диссертацияның жалғасы ретінде келесі парақтарында рәсімделеді немесе жеке құжат ретінде шығарылады. Қосымша құжаттың қалған бөлімдерімен бірге беттердің жалпы нөмірлеу санына кіреді.

Магистрлік диссертацияның мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің берілу ретіне қарай орналасады.

Әрбір қосымшаны жаңа беттен, жолдың ортасында «Қосымша» сөзінен және оның шартты белгісін көрсете отырып бастау керек. Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады.

Қосымша орыс алфавиттің бас әрпімен А әріпінен басталып (Е, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерінен басқа) белгіленеді. Қосымшаның ретін көрсететін әріп «Қосымша» сөзінің алдына жазылады. Орыс алфавитіндегі әріптер түгелімен қолданылып біткен жағдайда, I, O әріптерінен басқа латын алфавитінің әріптерін, ары қарай араб цифрларын қолдануға болады.

Қосымшаларда келтірілетін иллюстрациялар араб цифрымен жеке нөмірленеді, цифрдың алдында қосымшаның әріптік белгісі қойылады. Мысалы – А Қосымша: А 1 суреті – Респонденттердің «Жақын арада қандай тұрмыстық техника алуды жоспарлайсыз?» сұрағына жауаптары.

Қосымшаларда келтірілетін кестелер араб цифрымен жеке нөмірленеді, цифрдың алдында қосымшаның әріптік белгісі қойылады. Мысалы – А Қосымша: А 1 кестесі – «Электроника әлемі» ЖШС клиенттеріне жүргізілген сауалнама нәтижелері.

Қосымшаларда келтірілген формулалар әрбір қосымша аясында қосымша белгісінің әр цифрының алдында араб цифрымен жеке нөмірленеді, мысалы формула (В1) [4].


  1   2   3


написать администратору сайта