Суға салған сұлулық. Аудан орталыы
Скачать 2 Mb.
|
Қусақ өзені Қусақ өзені Қаратал өзенінің сол жақ саласы. Қусақ өзені бастауын Жетісу Алатауының Суық төбе шыңынан алады. Өзен суы мұздықтар мен жер асты суларымен қоректенеді. Өзен суын Ескелді ауданының диқаншылары пайдаланады. Шажа өзені Аудан орталығы - Қарабұлақ ауылынан шығысқа қарай 17 км-дей жерде, Шажа өзені Мыңшұңқыр тауының батысындағы бетеге, боз, селеу, айрауық, т.б. шалғынды шөп өскен қызғылт қоңыр, қара топырақты тауалды жазығында орналасқан. Шажа өзені Жетісу өңірінің ірі өзендерінің бірі Қаратал өзенінің оң жақ саласы.Суық маусымда суы азайып,кұн жылынғанда суы арнасынан ағып жатады. Суы лай. Көксу өзені Көксу өзені Жетісу облысының Ескелді ауданы , Көксу аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 205 км, су жиналатын алабы 4670 км2. Бастауын Жетісу Алатауындағы Басқан мұздығының оңтүстігінен алып, Көксу темір жол станциясында тұсында Қаратал өзеніне құяды. Қараарық пен Қазан бастауларының қосылған жерінен Көксу аталады. Жоғарғы бөлігінде тар шатқал арасымен өтеді. Арнасының жағасы тік, биіктігі 4 м-ге жетеді. Су жайылмасының ені 5 – 10 м-ден аспайды. Ағысы қатты, суы мол. Жылдық орташа су ағымы Көксу тұсында 37 м3/с. Өзен суы шабындықтарды суландыруға, егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады. Көксу өзені Қаратал өзенінің сол жақ саласы. Жасыл көл Жасыл көл –Жетісу Алатауының Қоңыр оба тауында орналасқан. Бұл көл Карстілік көл түріне жатады.Қайталанбас өзінің табиғатымен ерекшеленеді.Жан –жағын аласа және биік таулар қоршап тұр. Суы мөлдір, Жаз айында демалуға Туристер көптеп келеді. Қысы суық болады. Қора өзені Қора өзені Жетісу Алатауының ең бір шұрайлы жерінде орналасқан. Қора өзені Жетісу Алатауынан бастау алады. Жетісудың жеті керемет өзенінің бірі Қаратал өзенінің Оң жақ саласы. Қора өзенінің жағалауында Қайың,Қарағай сынды ағаштар өзенге әдемі көрік беріп тұр.Қора өзені үнемі ағыны қатты толқындап жатады және де өзенде шоңғалдар көп кездеседі. Қаратал Өзені Жер Жәннаты Жетісу өңірінің өзені- Қаратал өзені. Қаратал өзенінің ұзындығы 372 км ,су жинау алабы 14,2 мың км ,жылдық ағыны 62 м3 /сек. Қазақстанның халық ақыны –Темірғали Рүстембеков жырлағандай Қаратал күндіз -күмс,түнде –алтын.Қаратал өзенінінің Ескелді ауданында 3 СЭС жұмыс істейді.Қаратал өзенінің суын егіс алқаптарына және бау –бақша дақылдарын суаруға пайдаланады.Қаратал өзені жағасына демалушылар жаз айларында көп барады. Ащы –бұлақ Ащы-бұлақ Ешкөлмес тауында орналасқан.Ұзындығы шамамен 25 км. Бұлақ суын негізінен мал шаруашылығына пайдаланады.Бұлақ алдықорған Жаркен Республикалық автомобиль жолының бойында орналасқан. Жолаушылар тоқтап табиғатын тамашалап.шөлдерін қандырады. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші Ешкөлмес тұрғындары Көктем ,жаз айларында бұлақтың айналасын тазалап отырады.Бұлақ суы мөлдір моншақтай төгіле ағады ағысынан көк,жасыл балдырлар тастарға ерекше көрік беріп тұрады. Қара су өзені Ескелді ауданының шығысында орналасқан.Жер асты суларымен қоректенеді.Өзен суын негізінен егіншілікке пайдаланады. Қаратал өзенінің сол жақ саласы. Өзен Көктем айларында арнасынан асып тасып жатады,жаз күз айларында суы азайады.Қара су мен ауыл маңындағы малдар қоректенеді. Шоқан бұлақ Шоқан бұлағы жайлы -Халық арасында Қазақтың тұңғыш геогрофы Шоқан Уалиханов Құлжа ,Қашқар сапарында осы бұлақ бойына тоқтап су алып ,сапарын ары жалғастырған деген деректер бар.Содан бұл бұлаққа Шоқан бұлақ атауы берілген .Бұл бұлақ Талдықорған Текелі автомобиль бойында орналасқан.Жолаушылар жол жүргенде бұлақ суымен сусындап,шөлін қандырады. Суы мөлдір ,таза ғішсең шөлің қанып рахат сезімге бөленесің. Бұрхан бұлақ Бұрханбұлақ сарқырамасы Талдықорған қаласынан 100 шақырым Ескелді ауданынан 55 шақырым жердегі Жетісу Алатауының ең бір шұрайлы Қора өзенінің шатқалында орналасқан .Бұрханбұлақ Жетісудағы ең биік сарқырама .Ол 125 метрдей адам аяғы баспайтырн құз басынан құлақ тұндыра күркірей ,тонналаған мұзды су құлай ағатын жұмбақ құбылыс. Қарақошқыл гранит құздан мөлдір моншақтай құбыла төгілген ағыстан көк жасыл мүк басқан құз жартас қалың су тозаңы арасынан сарқыраманың бүкіл бойында кемпірқосақтың барлық түсімен құлпыра ойнайды. |