мәлімет. ауіпсіз мектеп ортасы республикалы акциясы орытындысы
Скачать 13.88 Kb.
|
«Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы қорытындысы Мектебімізде білім алушылардың қауіпсіз білім алу ортасын қалыптастыру мақсатында 2021-2022 оқу жылының басындағы тамыз-қыркүйек айлары аралығында «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясысы ұйымдастырылды. Акция кезінде атқарылатын жұмыстар бойынша іс-шаралар жоспары дайындалып, мұғалімдердің өндірістік жиналысында таныстырылды. Тамыз айында «Мектепке барар жолдың қауіпсізідігін ұйымдастыру» барысында директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары А.М.Найзабеков пен алғашқы әскери пәнінің мұғалім-ұйымдастырушысы Қ.Ш.Тургумбаев мектеп маңындағы, көше бойындағы қауіпсіздік ережелердің барлығын қарап, жол ережелерінің белгілері бойынша мектепішілік жиында таныстырып өтті. Сондай-ақ мектеп психологы А.Бектурганова «Бопсалау және әлімжеттік фактілерін анықтау» бойынша оқушылар арасында жасырын сауалнама өткізді. Сауалнама қорытындысы бойынша бопсалау мен әлімжеттік көрсету бойынша нақты деректер байқалмаған. 1-11 сыныптары аралығындағы сынып жетекшілер тарапынан білім алушы оқушылардың үйлерінен мектепке дейінгі аралықтағы қатынаулары бойынша қауіпсіз маршруттары анықталып, нақтыланды. Тәлімгер А.Абаева мен мектеп психологы А.Бектурганова, сынып жетекшілер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үгіт – насихат жұмыстарын (лекция, әңгімелер, ескертпелер), сыныптарда тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыру барысында сынып жетекшілер тақырыптық сынып сағаттар өткізді. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі, «Бояулар сыры» үйірмесінің жетекшісі с.Мақтабаеваның ұйымдастыруымен « Қауіпсіз мектеп » атты сурет байқауы өткілді. Іс- шараға 1-5 сыныптарының оқушылары қамтылды. Мектеп ғимаратына жақын аймақта қазіргі таңда қараусыз қалған, ескі кеңестік дәуірден қалған кезінде колхоз моншасы ғимаратына мектеп инспекторы Р.Мырзабаевпен бірлесе отырып, «Қауіпті аймақ» ескертпе жазуы орналастырылды. Мектеп оқушылары мен ұжым арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жолда жүру ережесінің сақталу мен жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қыркүйек айында «Абайлаңыз, балалар!» атты акциясы өтті. Акция барысында оқушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, спорттық жарыс ойындары, интеллектуалдық сайыстар, тәрбие сағаттары және жол қозғалысы бойынша жаттығу шаралары жүзеге асырылды. «Қауіпсіз мектеп ортасы» акциясын өткізуге байланысты « Жас жол қозғалыс инспекторы» , «Жас өрт сөндіруші», «Жас құтқарушы» атты жаттығулары ұйымдастырылды. «Қауіпсіз мектеп ортасы» бағыты бойынша оқушылардың қауіпсіздігін сақтай отырып алдын алу шараларының жұмыстары әрі қарай жалғасын табуда. |