Ауыр науқастарды тамақтандыру. Ауыр науастарды таматандыру Белгілері
Скачать 19.45 Kb.
|
Ауыр науқастарды тамақтандыру Белгілері: төсектен тұрмау, науқастың ауыр жағдайы. Барлық емдеу процедураларын, палатаны тазалауды, бөлменің ауасын тазартуды аяқтау. Өз қолын және науқастың қолын жуу (немесе су орамалмен сүрту), кептіру. Науқастың кеудесін және мойынын салфеткамен немесе орамалмен жабу. Тумбочкаға немесе төсек жанындағы стөлге жылы тағамды қою (тамағы бар тарелканы науқастың кеудесіне қоюға болмайды). Науқасты ыңғайлы жағдайға келтіру (егер бұл мүмкін болса) – отырғызу немесе жартылай отырғызу. Сол қолмен науқастың басын жастығымен қоса көтеру (егер отырғызу мүмкін болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе тағамы бар сұйық ішетін ыдысты ауызға апару. Науқасты тамақтандыру. Суланған (ылғалданған) орамалмен науқастың ернін және иегін сүрту, ормалдың құрғақ ұшымен кептіру. Ыдысты жинау, төсек орнынан тамақтың ұсақтарын қағу, науқасты ыңғайлы етіп жатықызу. Қолды жуу және кептіру. Жасанды тамақтандыру Тамақтану табиғи жолмен мүмкін болмаса, онда тамақты асқазанға немесе ішекке зонд немесе клизмалық түрде енгізеді. Егер бұлай енгізу де мүмкін болмаса, онда қоректік заттарды және суды тік ішекке енгізеді немесе парентеральды жолмен енгізеді. Жасанды тамақтану кезінде тағамның тәуліктік калориясы 2000 калорияны құрайды, ақуыз – майлар – көміртектер қатынасы: 1:1:4. Суды науқас су-тұзды қоспалар түрінде тәулігіне орташа 2 л мөлшерінде қабылдайды. Дәрумендерді тамақ қоспаларына кіргізеді немесе парентералды жолмен енгізеді. Зонд немесе фистула арқылы тек сұйық тағамдарды енгізуге болады: сүт, сорпа, қаймақ, шикі жұмыртқа, ерітілген май, жемістер көжесі, сұйық кисель, жемістер шырындары, шай, кофе. Науқасты асқазанға мұрын немесе ауыз жолы арқылы өткізілген зонд көмегімен тамақтандыру Мейірбике науқасты зонд арқылы тамақтандыру тәсілін жақсы меңгеруі тиіс. Бұл процедура үшін мыналарды дайындаймыз: Залалсыздандырылған жіңішкелігі 0,5-0,8 см резеңке зонд. Вазелин не глицерин. Воронка немесе Жане шприці. 600-800 мл көлеміндегі сұйытылған тағам. Іс-әрекеттер алгоритмі Зондты вазелинмен (глицеринмен) майлаңыз. Төменгі мұрын жолы арқылы зондты 15-18 см тереңдікке енгізу керек. Сол қолдың саусағымен зондтың мұрын-көмей жолындағы жатысын саусақпен баса отырып көмейге дұрыс келуін қадағалау керек (әйтпесе бұл зонд кеңірдекке өтіп кетуі мүмкін). Науқастың басын аздап алға қарай еңкейтіп, оң қолымен зондты асқазан жолына өткізу керек, егер де науқастың тыныс алу кезінде ауа зондтан шықпаса және дауыс жолы зақымданбаса зонд асқазанға дұрыс жеткені. Зондтың бос бөлігін воронкамен жалғастырамыз. Ақырындап воронкаға дайын тамақты құямыз. Содан кейін воронкаға таза су жіберіп (зондты жуу үшін) кейін воронканы алып тастаймыз. Зондтың ұшын науқастың басына оған кедергі жасамайтындай етіп бекіту керек (кей жағдайда жасанды тамақтандыру кезінде зонд 2-3 апта тұруы мүмкін). Науқасты зонд көмегі арқылы асқазанға енгізілген гастростоманың (түтіктің) көмегімен тамақтандыру Гастростоманы (асқазанға қойылатын түтіктің) ас жүру жолдарынан тамақ өтпей қалғанда асқазанға тікелей қояды. Алғашқы күндері, ас жүру жолы қалыптасқанша, түтікті қою ыңғайсыздық тудырады, түтік іш құрылысқа өтіп, оны қабындыруы мүмкін. Асқазан ішіндегі сұйықтық сыртқа ағып кетпес үшін түтікті бүтін резеңкемен не қысқышпен қысып қояды. Кейін түтік орны қалыптасқаннан кейін мейірбике немесе науқастың өзі тамақтану түтігін өзі-ақ қоя алады. Тамақтанар алдында түтіктің аузына воронка орнатылады. Тағам жоғары калориялы, сұйық не жартылай сұйық, жылы болуы керек. Бұл қоспаға шикі жұмыртқа, ет және сүт тағамдары, тартылған ет, жемістер, көкөністер, кілегей, қаймақ, май, шырын, тағамның сіңімді болуы үшін асқазан сөлін қосады. Тағамның бір бөлігін ауыз арқылы (нанды) беру керек. Науқас тамақты мұқият шайнап, оны воронкаға түкіреді, воронка арқылы ол асқазанға түседі. Бұл аштықты басып, тәбет ашылуына әсер етеді. Әрбір тамақтанудан кейін түтіктің маңайын тазалап жуып отыру керек. Терінің тітіркендіргіштігін туғызбас үшін тесіктің маңайын майлармен сылап отырады (цинк майы, Лассара пастасы, тағы да басқаларымен). Тамақты алғашқыда аз-аздап (50 мл) тәулігіне 6 рет, кейін ақырындап көбейте береді. 250-500 мл дейін, тәулігіне тамақтандыру 4 ретке дейін қысқартылады. Гастростома арқылы асқазанға енгізілген зондтың көмегі арқылы жасанды тамақтандыру, қай жағдайда: өңештің жарақаттануы, жұтқыншақ пен ас жүру жолы немесе қатты күйік, асқазанға жасалған операциядан кейін, асқазан жолындағы не асқазандағы ісік кезінде. Қажетті заттар Жұмсақ резеңке, пластмасса не силикондық залалсыздандырылған диаметрі 0,5 см зонд. Жане шприці не воронка. Сұйытылған жылы 50 мл-дан 250 мл-ға дейін тағам. 200 мл калий перманганатының әлсіз ертіндісі. Лассар пастасы. Залалсыздандарылған сүрткіштер (салфеткалар). Корнцанг (қысқыштар). Іс-әрекеттер алгоритмі Зондтың бос ұшына воронканы жалғау. Воронкаға жылытылған сұйық тағамдар енгізу. Воронкаға таза су енгізу арқылы зондты жуу. Воронканы алу. Гастростоманың айналасындағы тері жабынын калий перманганаты әлсіз ертіндісімен жуып, Лассара пастасымен майлаңыз. Тамақтандырумен байланысты қиындықтар туындаған жағдайда науқасқа қажетті көмекті жоспарлау Тамақтандыру кезіндегі (оның ішінде жасанды да) науқастың алғашқы реакциясын бағалау. Науқасқа түсіндіру, көндіру арқылы психологиялық көмек көрсету Науқасқа өз сезімдерін жеңуге көмектесу, тамақтандыру жайлы өзінің сезімдерін, эмоциясын айтуға мүмкіндік беру. Науқасты тамақтандыруға ақпараттық келісімнің барлығын тексеру. Тамақтандыруды ұйымдастыру, барлық керектіні дайындау. Тамақты қабылдау кезінде көмек көрсету. Тамақтандыру кезінде ыңғайлы және қауіпсіз жағдайларды қалыптастыру. Қажет жағдайда науқасты және оның туыстарын үйрету, тамақтану ережелері туралы, тамақтандыру жайлы ақпарат беру. Тамақтандыруға науқастың реакциясын бағалау. Тамақтандырудан кейін науқасты бақылау. Тамақты қабылдау кезіндегі көмек Науқастан тамақты қандай реттілікпен қабылдағысы келетіндігін сұрау. Қолдың ішкі жағына бірнеше тамшы тамызу арқылы ыстық сусындардың температурасын тексеру. Сусындарды түтікше арқылы ішкен дұрыс. Сұйықты ауыз қуысында қатты тамақ жоқ кезде ішу керек. |