Главная страница
Навигация по странице:

  • Тәрбие сағаты «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» Күні

  • Класс жетекші: Қамиеа Д.Ж Класс: 5 «а»

  • Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

  • Құндылықтарды дарыту Ресімдеу

  • Музыкалық және бейне көркемдеу

  • Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер Презентация Дайындыққа арналған әдебиет

  • Сабақтың кезеңі/ уақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар

  • Тәрбие сағатының мақсаты

  • Саьак. Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде


    Скачать 149.22 Kb.
    НазваниеАуырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде
    АнкорСаьак
    Дата05.10.2022
    Размер149.22 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла19.09.docx
    ТипДокументы
    #715000

    Чапаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

    «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде»

    Дайындаған : Қамиева Д.Ж

    2022-2023 жж

    Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

    Тәрбие сағаты

    «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде»

    Күні

    19.09.2022

    Класс жетекші:

    Қамиеа Д.Ж

    Класс: 5 «а»

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

    «Денсаулық басты байлық»

    Сабақтың мақсаты:

     Оқушыларды өз денсаулығына күтім жасай білуге тәрбиелеу, гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру. “Денсаулық” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

    Құндылықтарды дарыту




    Ресімдеу

    Слайд,презентация

    Музыкалық және бейне көркемдеу

    интерактивті тақта, слайд

    Үлестірмелі материалдар

    мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

    Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

    Презентация

    Дайындыққа арналған әдебиет

    Интернет материалдары


    Сабақтың барысы




    Сабақтың кезеңі/ уақыт

    Мұғалім әрекеті

    Оқушы әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

    Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


    Бірінші байлық - денсаулық» - дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып, санымызды соғамыз. Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.

    Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



    Компьютер


    Сабақ басы (13 мин)


    Балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тууда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі, құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез – құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Мамандардың айтуынша «денсаулықтың мықты болуы адамның ерік – жігеріне байланысты, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды». Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі – адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек.


    Оқушылар сіздер зиянды әдет дегенді қалай түсінесіздер?


    Суреттер

     



    Ортасы (20 мин)


    Халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуы тиіс. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір – екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7 – 8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс.

    Сөзжұмбақ шешу

    слайд

    Соңы


    “Денсаулықтың он құпиясы”:
    1. Денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл ойымызда жатыр.
    2. Біздің тыныс алуымызда.
    3. Шынығу әрекеттері күш әкеледі.
    4. Дұрыс тамақтану.
    5. Күлкі.
    6. Дем алу.
    7. Тұлғаны түзу ұстай білу.
    8. Сенім күші.
    9. Сүйіспеншілік күші.
    10. Таза қоршаған орта.

    Денсаулық достары: таза ауа, көңілді жүру, дұрыс ұйқы, тазалық, шынығу, демалу, дұрыс тамақтану, спорт.
    Денсаулық қастары: күн тәртібін сақтамау, салақтық, дұрыс тамақтанбау, жалқаулық, зиянды әрекеттер.


    Оқушылар бір біріне сұрақ қояды


    слайд


    Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің

    «Денсаулық басты байлық»

    тәрбие сағатына байланысты

    Анықтама

    Қыркүйек айының 19 күні 5 «а» сыныбында тәрбие сағатының жоспары бойынша, «Денсаулық басты байлық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Сынып сағатына 9 оқушы қатысты.

    Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды өз денсаулығына күтім жасай білуге тәрбиелеу, гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру. “Денсаулық” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

    Сынып сағатының барысында «шаттық» шеңберінде тұрып, жақсы көңіл күй тіледі. Денсаулық туралы деректер оқылды. Зиянды емес және зиянды әдеттер туралы оұушылар өз ойларымен бөлісті. Денсаулық сөзіне байланысты сөзжұмбақ құрастырды. Бүгінгі тәрбие сағаты туралы кері байланыс жасалып, өз ойларымен оқушылар бөлісті.

    Тәрбие сағаты алға қойған мақсатына жетті.



    написать администратору сайта