Главная страница
Навигация по странице:

  • Ауыспалы металдар кестесі Топ →Периоды ↓ III

  • Лантаноидтар

  • Химиялық қасиеттері

  • Хром қосылыстарын анықтау

  • Табиғатта таралуы.

  • Химиялық қасиеттері.

  • Темір қосылыстарын анықтау.

  • Ауыспалы металдарды жалпы сипаттамасы. Ауыспалы металдарды биологиялы ролі, асиеті. Ауыспалы металдар


    Скачать 38.43 Kb.
    НазваниеАуыспалы металдарды жалпы сипаттамасы. Ауыспалы металдарды биологиялы ролі, асиеті. Ауыспалы металдар
    Дата12.05.2023
    Размер38.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаf6088ebf97b9670.docx
    ТипДокументы
    #1124189


    Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы. Ауыспалы металдардың биологиялық ролі, қасиеті.

    Ауыспалы металдар — валенттік d- және f-электрондары бар элементтер, периодтық жүйедегі қосымша топша элементтері. Ауыспалы металдардың электрондық құрылысын   ( n − 1 ) d x n s y {\displaystyle

    (n-1)d^{x}ns^{y}} формуласымен анықтайды. Атомдарының ns-орбитальдарында 1 немесе 2 электрон болады, қалған валентті электрондар   ( n − 1 ) d {\displaystyle (n-1)d} -орбитальдарда орналасады. валентты электрондар саны орбитальдар санынан кем болғаннан кейін бұл элементтер металдар болып саналады.

    Бұл элементтердің өздеріне тән қасиеттері бар:

    • тотығу дәрежелерінің ауыспалы болуы,

    • кешенді иондар түзуге қабілетті болуы,

    • түсті қосылыстар түзуі.

    Ауыспалы металдар кестесі

    Топ →
    Периоды ↓


    III

    IV

    V

    VI

    VII

    VIII

    I

    II






























































































    4

    21
    Sc

    22
    Ti

    23
    V

    24
    Cr

    25
    Mn

    26
    Fe

    27
    Co

    28
    Ni

    29
    Cu

    30
    Zn

    5

    39
    Y

    40
    Zr

    41
    Nb

    42
    Mo

    43
    Tc

    44
    Ru

    45
    Rh

    46
    Pd

    47
    Ag

    48
    Cd

    6

    *

    72
    Hf

    73
    Ta

    74
    W

    75
    Re

    76
    Os

    77
    Ir

    78
    Pt

    79
    Au

    80
    Hg

    7

    **

    104
    Rf

    105
    Db

    106
    Sg

    107
    Bh

    108
    Hs

    109
    Mt

    110
    Ds

    111
    Rg

    112
    Cn




    Лантаноидтар *

    57
    La

    58
    Ce

    59
    Pr

    60
    Nd

    61
    Pm

    62
    Sm

    63
    Eu

    64
    Gd

    65
    Tb

    66
    Dy

    67
    Ho

    68
    Er

    69
    Tm

    70
    Yb

    71
    Lu

    Актиноидтар **

    89
    Ac

    90
    Th

    91
    Pa

    92
    U

    93
    Np

    94
    Pu

    95
    Am

    96
    Cm

    97
    Bk

    98
    Cf

    99
    Es

    100
    Fm

    101
    Md

    102
    No

    103
    Lr

    d-элементтерінің басты химиялық сипаты сыртқы электрон қабатында 2s электрон болуымен анықталады.Кезекті электрондар сыртқы электрондық қабаттан санағанда екінші қабатқа түсіп,d- деңгейшені толтырады.Сондықтан d-элементтер химиялық реакцияларда металдар сияқты оң тотығу дәрежесін көрсетеді.

    Мыс ІБ топ элементі.Оның электрондық формуласы:

    Си +29 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s1

    Мыс атомында оныншы d-электрон төртінші s-деңгейшеден «құлап» түсуі нәтижесінде үшінші d-деңгейшеге өтеді, сондықтан бұл электрон қозғалғыш.

    Жер қыртысында мыстың мөлшері 0,01% массаны құрайды.Ол саф күйінде және қосылыстар түрінде кездеседі.Маңызды минералдары: халькопирит-СиFeS2, малахит-

    CuCO3* Cu(OH)2,куприт-Cu2O.

    Алынуы:

    2Cu2S+3O2 ═ 2Cu2O+2SO2

    2Cu2O+Cu2S ═ 6Cu+SO2
    Химиялық қасиеттері:

    Жай заттармен әрекеттеседі
    Cu+Cl2 ═ CuCl2
    2Cu+O2 ═ 2CuO
    Cu+S ═ CuS

    Күрделі заттармен:

    Cu+2H2SO4 ═ CuSO4+SO2+2H2O

    Cu+4HNO3 ═ Cu(NO3)2+2NO2 +2H2O

    конц
    Cu+8HNO3 ═ 3Cu(NO3)2+2NO↑+4H2O

    сұйыл

    Сu+2AgNO3 ═ Cu(NO3)2+2Ag
    Мыс қосылыстарын анықтау.

    Мыс және оның ұшқыш қосылыстары жалынды көк жасыл түске бояйды. Тұздарына сілті қосқанда мыс гидроксидінің көгілдір тұнбасы түзіледі.
    Cu2+ + 2OH- ═ Cu(OH)2
    Қолданылуы:


    • Электр тогын өткізетін қондырғылар жасауда;

    • Металдық қаптаулар алуда;

    • Әр түрлі заттардың металдық көшірмесін алу үшін;

    • Әсемдік бұйымдар дайындауда,

    • Полиграфияда, мыс қалыбын жасауда;

    • Радиотехникада қолданылады.


    Мырыш-ІІ Б топтың элементі. Электрондық формуласы:

    Zn +30 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s2

    Химиялық реакцияларда тек соңғы қабаттағы 2s электронды беріп, +2 тотығу дәрежесін көрсетеді.Әдетте мырыш кендері –полиметалдық. Маңызды минералдары: мырыш алдамшысы-ZnS, цинкит-ZnO, мырыш шпаты-ZnCO3.

    Алынуы.

    2ZnS+ 3O2= 2ZnO+ 2SO2

    ZnO+ C= Zn+ CO
    Химиялық қасиеттері:

    Жай заттармен

    Zn+ Cl2= ZnCl2

    2Zn+ O2= 2ZnO

    Zn+ S= ZnS

    Күрделі заттармен

    Zn+ H2O= ZnO+ H2

    Zn+ 2HCl2= ZnCl2+ H2

    Zn+ 2NaOH=Na2ZnO2+ H2
    Мырыштың маңызды қосылыстары:

    Zn(OH)2-мырыш гидроксиді, екідайлы қосылыс.

    Zn(OH)2+ 2HCl= ZnCl2+2H2O

    Zn(OH)2+ 2NaOH= Na2(ZnOH4)

    Мырыш сульфаты-ZnSO4*7H2O мырыш купоросы.

    Мырыш сульфиді- ZnS люминесценттік қабілеті бар.
    Мырыш қосылыстарын анықтау.

    Мырыш тұздарына сілті қосқанда қоймалжың тұнба түзеді.

    Zn+2 + 2OH- = Zn(OH)2
    Хром-ҮІ Б топтың элементі. Оның электрондық формуласы:

    Сr +24 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d5 4s1

    Тотығу дәрежесі: +1-ден +6 –ға дейін.

    Табиғатта таралуы. Жер қыртысындағы жалпы мөлшері -0,03%. Хром әртүрлі минералдардың құрамына кіреді.

    Алынуы: Хромды теміртасты көмірмен қатты қыздырып алады.

    FeO*Cr2O3 + 4C = 2Cr + Fe + 4 CO

    Хромның темірмен құймасы – феррохром

    Таза хромды алу

    Cr2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Cr
    Химиялық қасиеттері:

    Хромның беті мөлдір оксид қабыршақпен қапталған.Сондықтан химиялық тұрақты.

    4Cr + 3O2 = 2Cr2O3 жанады

    2Cr + 3Cl2 = 2CrCl3 шабытты әрекеттеседі

    2Cr + 3H2O = Cr2O3 + 3H2 су буымен әрекеттеседі

    2Cr + N2 = 2CrN азотпен әрекеттеседі

    2Cr + 3H2SO4 = Cr2(SO4)3 + 3H2
    Хром қосылыстары:

    Cr+2

    Cr+3

    Cr+6

    CrO-негіздік оксид

    Cr2O3-екідайлы оксид

    CrO3-қышқылдық оксид

    Cr(OH)2-негіз

    Cr(OH)3- екідайлы

    H2CrO4-хром қышқылы







    H2Cr2O7-дихром қышқылы











    Хром қосылыстарын анықтау:

    Барлық хром тұздарының ерітінділерінің түсі бар: Cr+2-көгілдір түсті, Cr+3-жасыл күлгін, CrO42—сары , Cr2O72—қызыл сары.

    Қолданылуы:

    • легирлеуші элемент;

    • болаттарға қосады;

    • қаптамалар жасау үшін;

    • бояулар дайындауда;

    • тері илеуде.


    Темір- ҮІІІ Б топ элементі.Оның электрондық формуласы:

    1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

    Графиктік формуласы:

    Темір қосылыстарында +2 және +3 тотығу дәрежесін көрсетеді. Темірдің т.д +6 болатын тұрақсыз қосылыстары бар.

    Табиғатта таралуы.

    Темір табиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі -5,1%.Маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас-Fe2O3 , магнетит-Fe3O4, пирит-FeS2.

    Алынуы.

    Темірді оксидтерінен тотықсыздандырып алады.

    Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2

    FeO + H2 = Fe + H2O

    Fe2O3 + 2Al = 2Fe + Al2O3
    Химиялық қасиеттері.

    Жай заттармен: Темірдің белсенділігі орташа. Сондықтан белсенділігі орташа бейметалдар темірді тотықтырады.

    2Fe + 3Cl2 = 2FeCl2

    Fe + S = FeS

    3Fe + 2O2 = Fe3O4

    Күрделі заттармен: Қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі.

    Fe + H2O = FeO + H2

    Қышқылдардан сутекті ығыстырады.

    Fe + 2HCl = FeCl2 + H2

    Белсенділігі төмен металдарды тұздарынан тотықсыздандырады.

    Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu

    Темірдің маңызды қосылыстары:


    FeO -темір ІІ оксиді

    Fe2O3 -темір ІІІ оксиді

    Fe(OH)2 -темір ІІ гидроксиді

    Fe(OH)3 -темір ІІІ гидроксиді

    Fe+2 тұздары

    Fe+3 тұздары


    FeO- қара түсті ұнтақ , суда ерімейді. Негіздік қасиет көрсетеді.

    FeO + H2SO4 = FeSO4 + H2O

    Fe2O3-күрең, қоңыр ұнтақ, суда ерімейді. Негіздік қасиет көрсетеді.

    Fe2O3 + 3H2SO4 = Fe2(SO4)3 +3 H2O

    Жоғары температурада ол екідайлы қасиет көрсетеді.

    Fe2O3 +2 NaOH = 2NaFeO2 + H2O

    Cуда ерімейтін темір гидроксидтерін сәйкес тұздарын сілтілермен әрекеттестіріп алуға болады. FeSO4 + 2KOH = Fe(OH)2 + K2SO4

    FeCl3 + 3NaOH = Fe(OH)3 + 3NaCl

    Fe(OH)2- қышқылдарда еріп, негіздік қасиет көрсетеді.

    Fe(OH)2 + 2HNO3 = Fe(NO3)2 + 2H2O

    Fe(OH)3 - әлсіз екідайлы қасиет көрсетеді

    Fe(OH)3 + 3HNO3 = Fe(NO3)3 + 3H2O

    Fe(OH)3 + NaOH = NaFeO2 + 2H2O
    Темір қосылыстарын анықтау.

    Темір тұздарын сілтілермен анықтауға болады.

    Fe+2 + 2OH- = Fe(OH)2

    Fe+3 + 3OH- = Fe(OH)3

    Үш валентті темір иондарын анықтау үшін калий тиоционаты қолданылады.

    FeCl3 + 3KSCN = Fe(SCN)3 + 3KCl3

    Қан қызыл түсті

    Темір үш иондарын анықтау үшін сары қан тұзы қолданылады.

    4FeCl3 + 3K4[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3↓ + 12KCl

    Берлин көгі

    Темір екі иондарын анықтау үшін қызыл қан тұзы қолданылады.

    3FeCl2 + 2K3[Fe(CN)6] = Fe3[Fe(CN)6]2↓ + 6KCl

    Турунбул көгі


    написать администратору сайта