реферат. Айтыс. Ауыз дебиетінде ежелден алыптасан поэзиялы
Скачать 22.75 Kb.
|
Айтыс Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.[1] Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған. Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек. Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық. Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр. Айтыс — Дәстүр Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті айтысқа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. Бұл дәстүр айтыстың сан алуан мазмұнды, мол ауқымды жанрға ұласуына қолайлы жағдай жасады. Айтыс ақындары Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Көбіне-көп айтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына таратуға міндетті саналған. Сөйтіп, бір-біріне логикалық ой-жүйемен терең жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан секілді желілі шығармаға айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Базар, Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл тәрізді ақындар өлеңнің “киесі бар, иесі бар” деп білген. Мысалы, Бұдабай, Бақтыбай, Жанақ ақындар түсінде бір ақсақалды әулиенің “өлең аласың ба, көген аласың ба?” деген таңдатуынан соң, өздерінің өлеңді қалағандарын айтады. Бұл табиғатынан осы өнер түріне бейім жаратылған ақындардың ой-қиялының жемісі болуы да ғажап емес. Өнер жарысы Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Өткен ғасырда Жанақ, Сабырбай, Шөже, Сүйінбай сияқты ғажайып айтыс ақындары болған. Бұл үлкен дәстүрді қазір Әсия, Әселхан, Қонысбай, Баянғали, Әлфия, Абаш, Мұхамеджан сияқты айтыс ақындары жалғастырып келе жатыр. Жанры Айтыстың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы “Жар-жар” мен “Бәдік” жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына да (қайым өлең) ұласқан. Келелі ақындар айтысы — екі дай жұрттың ортасында бетпе-бет отырып, қолма-қол шығарылып айтылады. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса (“Жар-жар”, “Бәдік”), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы енеді (“Ақсұлу мен Кеншімбай”, “Әсет пен Ырысжан”, “Сүйінбай мен Қатаған”, “Жамбыл мен Құлмамбет”, “Молда Мұса мен Манат қыз”, “Кемпірбай мен Шөже”, “Орынбай мен Тоғжан”, “Біржан мен Сара” тағы басқа). Айтыс мазмұндық сипатына қарай, әдет-ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ айтыс, мадақ айтыс, тағы басқа болып жіктеледі. Көне деректер Айтыс түркі елдерінде көне дәуірден белгілі. Махмұд Қашқаридің “Диуани лұғат ат-түрк” атты еңбегіндегі “Жаз бен Қыстың айтысы”, Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани хикметіндегі” Жұмақ пен Дозақтың айтысы” бұл жанрдың ғасырлар қойнауына жол тартатынын аңғартады. Әуезовтың зерттеу еңбегі «Қазақ әдебиетінің тарихына» енген (1-том, 2-кітап, 1960, 671-714-беттер). Ал Әуезовтің 1948 жылы жазған «Айтыс өлеңдері» атты еңбегінде ол «Совет ақындарының айтысы» деген атпен берілген. Еңбекте автор қазақ халқының ежелден келе жатқан төл өнері - айтыстың жаңа заман, жаңа кезеңдегі өзіндік ерекшеліктерін айқындайды. Егер өткен дәуірлердегі айтыстарда ақынның негізгі арқа сүйері ру, ата-баба сияқты ескі әдет-салттар болса, кейінгі ақындар өздерінің елі, ұжымшар, аудан, қала, облыс жайын тілге тиек етеді. Сол арқылы сын мен өзара сынды өткірлеп, өрістете түседі. 1922 жылы Семейдің екі ақыны (Иса мен Нүрлыбек) бірі қала, екіншісі ауыл атынан айтысқанын, «Шашубайдың қасқырмен айтысын» (1932) мысалға келтіріп, айтыс өнерінің жаңаша мазмұн, түр сипатқа ие бола бастағанын сөз етеді.Осы сияқты «Қасқыр мен қойдың айтысы», «Қарагер ат пен директордың айтысы», «Бай мен кедей айтысы» туралы, 1939 жылы Алматыда өткен Нартай мен Нүрлыбектің айтысына және 1943 жылы республикалық көлемде өткен үлкен айтыстың кейбіріне қысқаша тоқталады. Жазушы кеңес кезеңіндегі айтыстарда қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық мәселелері мейлінше кең, терең толғаныспен сөз болатынын атап көрсетеді.[3] "Айтыс аяқталды, жұмыс жалғасуда" мақала «Литературная газетада» 1959 жылы 24 ақпанда жарияланған. Мәскеудегі Орталық әдебиетшілер үйінде өзбек әдебиетін талқылау туралы жиында Әуезов бұл туысынан әдебиеттің сол кездегі жағдайы мен дамуы жөнінде келелі пікір қозғап, салиқалы ойлар айтқан. Орыс әдебиет сыншысы А. Караваева сынаған П. Қадыровтың «Үш тамыр» романына өзінің жылы пікірін білдірген. Сондай-ақ Әуезов бүкіл өзбек әдебиетінің жай-күйіне де әділ баға беріп, оның алдағы уақытта даму процесі туралы нақты ұсыныстарын ортаға салған. КСРО кезінде ұлттық әдебиеттің одақтас республикалар әдебиеті мен өнерінің он күндігін өткізіп туру дәстүрі ұлттық әдебиетті дамытуға игі ықпалын тигізген еді. Ол ұлттық әдебиеттің жетістік-кемшіліктерін кеңінен талдауға мүмкіндік берді. Сөйтіп жазушы немесе ақын өз шығармасына назар аударылғанын бірден сезінді. Сондықтан Әуезовтің бұл мақаласы бауырлас өзбек қаламгерлеріне шабыт беріп, жаңа шығармаларын терең құлшыныспен жазуға жетелегені анық. Айтыс өлеңдері «Айтыс өлеңдері», жазушының зерттеу еңбегі. 1948 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» (1-том, 237-267-беттер) арнап жазған. Кейін Әуезовтің «Әр жылдар ойлары» атты (1959, 318-359-беттер), 12 томдық (11-том, 1969, 421-471-беттер), 20 томдық (17-том, 1985, 279-336-беттер) шығармалар жинағына енген. Ал 1960жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына (1-том, 1-кітап, 671-714-беттер) енген нұсқасында айтыс өлендерінің жиналып, зерттелуі жайлы және басқа аздаған толықтырулар қосылған. 1948 жылы нұсқадағы «Совет ақындарының айтысы» атты тарауы «Қазақ әдебиетінің тарихы» 1-том, 2-кітабына (1964, 194-240-беттер) «Айтыс» деген атаумен еніп, оны О. Нұрмағамбетова жалғастырып, толықтырған. Айтыс өлеңдері туралы Әуезов алғаш рет 1927 жылы шыққан «Әдебиет тарихы» кітабында және 1939-1940 жылдары Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» («Эпос и фольклор казахского народа») атты еңбегінде қысқаша тоқталған. Әуезов кейінгі зерттеуінде айтыс өлеңдерінің жиналып, зерттелу тарихына және басқа халықтардың ауыз әдебиетінде кездесетін кейбір ұқсас жанрларына қысқаша шолу жасап, қазақ айтыс өлеңдерінің өзіндік әр алуан ерекшелік, өзгешеліктерін ашып айқындайды.Айтыс өлеңдері ауыз әдебиетінің сонау ескі замандардан келе жатқан ең көне әрі кең тараған мол түрі болумен қатар, онда халық театр өнерінің де «анық, дәл үрығы бар деуге болады» деген пікір айтады. Айтыс өлендерін автор әдет-салт айтысы және ақындар айтысы деп, үлкен екі түрге бөліп, әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, талдаулар жасайды. Әдет-салт айтысын өте ескіден келе жатқан түрлі наным, салттан туған, топ-топ болып айтысатын «бәдік айтыс» және «жар-жар» деп екі түрге бөліп қарастырады. Ақындар айтысын сыртқы көлеміне, түр ерекшелігіне қарай «түре айтыс» және «сүре айтыс» деп екі топқа бөліп, түре айтыстың өзін «қайым өлең», «қара өлең» деп екі үлгіге жіктейді. Мұнда жазушы айтыс өнерінің жүйрігі ретінде аты шыққан Біржан, Сара, Майкөт, Сүйінбай, Құлмамбет, Шөже, Жамбыл, Әсет, Ырысжан,Кемпірбай, Шәдітәре, Манат қыз, Түбек тағы басқа ақындар айтысының кейбір үлгілеріне тоқталған |