Главная страница
Навигация по странице:

  • Жауабы

  • Зат алмасуға кіріспе. ЭТТ.

  • Катаболизмнің жалпы жолдары

  • Альфа

  • Көмірсулар алмасуы

  • Биохимия 1. Ауыздар. Ферменттер. Витаминдер


    Скачать 21.34 Kb.
    НазваниеАуыздар. Ферменттер. Витаминдер
    Дата05.03.2023
    Размер21.34 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБиохимия 1.docx
    ТипДокументы
    #969047

    РК (есептер)

    Ақуыздар. Ферменттер. Витаминдер

    1. Жылан токсинінен бөліп алынған трипептид құрамында күкірт бар, гетероциклді және гидроксил тобы бар үш маңызды алмасуға жатпайтын амин қышқылдарынан тұрады. Осы трипептидті жазыңыз. Аминқышқылдары қандай кластарға бөлінеді? Қандай аминқышқылдары алмасуға жатпайтын болып табылады? Маңызды алмасуға жатпайтын аминқышқылдарының көздерін атаңыз. Олардың организмдегі рөлі қандай?

    Жауабы: Трипептид метионин, триптофан, треониннен тұрады. Егер дипептидке үшінші амин қышқылы қосылатын болса, онда трипептид түзеді. Аминқышқылдар үш топқа:

    1) Алмасуға жатпайтын (валин, лейцин, изолейцин, треонин, лизин, метионин, фенилаланин, триптофан)

    2) Жартылай алмасуға жататын (аргинин, тирозин, гистидин)

    3) Алмасуға жататын (аланин, аспарагин қышқылы, глутамин қышқылы, аспарагин, глутамин, серин, глицин)

    Метионин – альфа-амино-гамма-тиометил май қышқылы. Адам мен жануарлар ұлпасында түзілмейтін, ауыстырылмайтын, өте маңызды амин қышқылы. Молекуласында күкірт және жылжымалық метил тобы бар. Тағамда аз болса жасөспірімдердің өсуі тоқталады, липидтер алмасуы бұзылады. Бауыр мен артерия қабырғасында майдың жиналуын болдыртпай, майдың қайта өңделуіне қатысады. Радиация мен түрлі ксенобиотиктердің әсерінен қорғайды, астың қорытылуына ықпал етеді.

    Треонин – альфа-амино-бета-гидроксимай қышқылы. Адам мен жануарлар ұлпасында түзілмейді. Молекуласында гидроксил (-OH) тобы бар. Май қышқылдары басқа липидтер және көмірсулар синтезінде маңызды рөл атқарады. Оңтайлы белок алмасуын, коллаген мен эластиннің түзілуін қамтамасыз етеді. Антиденелердің өндірілуіне ықпал ете отырып, организмнің иммунды жүйесін ынталандырады.

    Триптофан – альфа-амино-бета-индопилпропион қышқылы. Молекуласында гетероциклді сақина - индол бар. Жетіспесе жыныс бездерінің қызметі нашарлайды. Тәбетті төмендету, дене салмағын қадағалау үшін жүрек ауруларында қолданады, өсу гормонының бөлінуін күшейтеді, мигренді ұстамаларда көмектеседі, никотиннің зиянды әсерін азайтуға ықпал етеді.

    Зат алмасуға кіріспе. ЭТТ.

    1. Қалқанша безінің қызметі жоғарылаған науқаста салмақтың төмендеуі, субфебрильді температура, тітіркенудің жоғарылауы байқалады. Аурудың байқалған белгілерінің себептерін түсіндіріңіз.

    Жауабы: Қалқанша безінің гиперфункциясы кезінде (гипертиреоз) йодтирониннің көп түзілуі байқалады. Қалқанша безінің гиперфункциясын Базедов ауруы немесе тиреотоксикоздар деп аталады. Негізгі белгілері – триацилглицерин мен көмірсулардың ыдырауы күшейеді. Май қышқылдарының, глицерин мен гликолиз өнімдерінің жылдам тотығуы үшін оттегі көп жұмсалуы қажет. Митохондрияның көлемі үлкейіп, ісінеді. Ауыр тиреотоксикоз кезінде митохондрияның пішіні өзгереді. Тиреотоксикоз кезінде негізгі алмасу күшейіп, дене температурасы жоғарылайды, салмақ азайып, жүйкелік қозғыштық артады, тахикардия, көздің шарасынан шығып кетуі сияқты белгілер пайда болады.

    Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді, жүрек соғуы жиілейді, қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады, тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез ашуланады, терлегіш болады.

    Катаболизмнің жалпы жолдары

    1. Алкоголизммен ауыратын науқастарда орталық жүйке жүйесінің бұзылуы жиі байқалады-есте сақтау қабілетінің жоғалуы, психоз. Қандай витаминнің жетіспеушілігі көрсетілген патологияны тудырады? Бұл витаминнен қандай кофермент түзіледі? Бұл кофермент қандай реакцияларға қатысады?

    Жауабы: В1 витамині жетіспеушілігі кезінде пируват концентрациясы (қалыпты жағдайдан 5-6 есе көп) күрт жоғарылайды, декарбоксилденуге бөгет болады. Пируваттың декарбоксилдену реакциясы бірқатар ұлпалар (ми, жүрек бұлшықеті, т.б.) үшін энергия көзі болып табылатын көмірсулардың тотығуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да осы ұлпалардағы энергияның төмендеуі жүйке импульстерінің жеткізілуі бұзылып, жүйке-қозғалыстық және психикалық ауытқуларға әкеліп соқтырады. Сондай-ақ, В1 авитаминозы транскетолазанық реакцияға бөгет болғандықтан, тотықсызданған НАДФН*Н+ пен рибоза-5 фосфаттың түзілуінің жетіспеушілігін тудырады. Бүл заттар жоғары май қышқылдарының, холестериннен түзілетін гормондардың, амин және нуклеин қышқылдарының биосинтезі үшін қажет.

    В1 витамині (тиамин, антиневриттік) 1912 жылы Функ бөліп алған. В1 витаминінің құрамында аминотоптан басқа күкірт атомы болғандықтан, тиамин деп аталады. В1 витаминінің биологиялық белсенді түрі тиаминдифосфат (ТДФ) болып табылады. ТДФ күрделі 2 ферменттік жүйенің – пируват және альфа-кетоглутаратдегидрогеназалық комплекстің құрамына кіреді. Пируватдегидрогеназалы полиферменттік комплекс ацетил SKoA және СО2 түзілетін пирожүзім қышқылының тотыға декарбоксилденуін катализдейді. Альфа-кетоглутаратдегидрогеназалы полиферменттік комплекс сукцинил-SKoA және CO2 түзілетін альфа-кетоглутараттың тотыға декарбоксилденуін катализдейді. Сондай-ақ, ТДФ транскетолаза, гамма-оксигетоглутарь қышқылының дегидрогеназалардың коферменті болып табылады.

    Тиаминпирофосфат коферменті В1 витаминінен түзіледі. Ол альфа-кетоқышқылдарының тотығып декарбоксилденуіне, кетосахарадан гликоальдегид радикалын альдосахараға тасымалдауға қатысады.

    Көмірсулар алмасуы

    1. Кондитерлік өнімдерді, кәмпиттерді жеу баланың құсу мен диареясын тудырады. Ол тәтті шайға да көте алмайды, ал сүт жақсы сіңіреді. Қандай молекулалық ақауды болжауға болады? Неліктен сүт өнімдері теріс реакциялар туғызбады?

    Жауабы: Сахаразаның болмауынан туындаған дисахаридозды болжауға болады. Бұл симптомдардың мүмкін себебі фруктозаның тұқым қуалайтын төзімсіздігі болуы мүмкін (фруктоза 1-фосфаттың альдолаза ақауы). Жауапты негіздеу үшін:

    1) Кондитерлік өнімдерде қандай дисахарид бар, ал сүтте қайсысы?

    2) Энзимопатия мен оның түрлері

    Мальтоза, сахароза, трегалоза болады.

    Лактоза – сүт пен сүт өнімдерінде кездесетін дисахарид. Кейде сүт қанты деп атайды. Ол ақ қристалды зат, дәмі тәтті эфирде, метил және этил спиртінде ериді. Сүтқоректілер мен адам сүтінде кездеседі, баланың тамақтануындағы негізгі энергетикалық зат болып табылады. Адам ағзасында лактоза сүт безі ферменттерінің көмегімен галактоза мен глюкозадан синтезделеді. Жасанды түрде ол әдетте сүт сарысуынан алынады. Лактоза бар тағамды тұтыну ішекте бірқатар сүт қышқылы микроорганизмдерінің салыстырмалы құрамының жоғарылауына әкеледі, бұл шірік бактерияларының дамуын тежейді. Остеогенезді – сүйек тінінің дамуын ынталандырады, Mg, P, Ca-дің сіңуі мен алмасуын реттейді.

    Энзимопатиялар – белгілі бір ферменттердің организмдегі заттардың конверсиясының ерекше катализаторлары қызметін атқаратын ақуыздардың болмауы немесе белсенділігінің төмендеуі салдарынан дамитын аурулардың жалпы атауы.


    написать администратору сайта