рентген. Ауызішілік контактті ренгенография
Скачать 19.9 Kb.
|
Рентгенография дегеніміз рентген сәулесінің көмегімен жарық сезгіш құрал қолдану арқылы адам мүшелерінің рентген суретін алу әдістері. Тіс жіне жақ рентгенографиясын негізгі және қосымша зерттеу әдістері бар. Негізгі рентгенологиялық зерттеу әдістеріне ауызішілік және ауызсыртылық зерттеулер жатады. Қосымша әдістерге сызықты томография, сиалография , фистулографиялық зерттеу әдістері жатады. Тіс жақ рентгенографиясының ауызсыртылық әдістеріне панорамды рентгенография, ортопантомография, СТЖБ томографиясы, 3D-томография және телерентгенография жатады. Ауызішілік рентгенографияға Контактті рентгенограмма, компютерлі томография(қазіргі таңда стоматологияда екі түрі қолданылады: дентальды рентгенография, шиыршықталған)әдістері жатады. Рентгенологиялық зерттеу жүргізуден алдын: Мойыннан бүкіл металдан жасалған заттарды алу керек: сырға, көзілдірік, металдан жасалған протез, әшекейлер. Бұл заттар рентген сәулесінің дұрыс өтуіне кедергі жасайды. Лаборант науқасты радиациядан қорғауды қамтамасыз ету керек. Ол үшін қорғасыннан жасалған фартук және мойынға жаға кигізеді. Ауызішілік контактті ренгенография- Контактті рентгенограмма тістер туралы анық көрініс береді, зерттелетін аймаққа жақын орналасуымен түсіндіріледі. Бұрышқа және түтікке байланысты объектті ұзын немесе қысқа етіп көрсетуге болады. Бұл рентгенография әдісінде науқастың басы мұрын негізімен және сыртқы есту жолымен бір жазықтықта жату керек.Сосын рентген-лаборант ауыз қуысына пленканы салады және оны қатты таңдайға қарай саусақпен қысады немесе пленкаұстағышпен, зерттелетін тіс пленканың центрінде орналасу үшін жасалады. Төменгі жақтың ауызішілік контактті рентгенорафиясы кезінде науқас басын артқа жылжытып орналасу керек. Орталық күрек тісте рентген сәулесі иекасты төмпесінің ортасынан бағытталады. Компьютерлік томография үш өлшемді бейнені бейнелейді, ағзаның орналасуын, пішінін, өлшемін және әртүрлі құрлымдардың құрлысын жоғары дәлдік пен анықтап береді. Осы мүмкіншіліктердің нәтижесінде заманауи қортынды диагностикада оның ішінде стоматологияда орны ерекше. Әр бір компьютерлік томограф үш өлшемді сканер, санды аналогты көрсеткіш және компьютерден тұрады. Басқа рентген аппарттарына қарағанда компьютерлік томографтың ерекшеліктері : Мысалы ортопантомографта 1 көлденең жазықтықта объектінің проекциясы алынса, ал КТ-да 3 көлемді бейне түсіріледі. Рентген аппаратында түсірілген бейнені визиограф неме-се негатоскоп арқылы көреміз, басқа проекциясын қарау керек болған жағдайда тағы да рентген сурет жасауға ту-ра келеді, ал КТ-да түсірілген бейнені компьютер арқылы әр түрлі проекцияда, әр түрлі көлемде, әр түрлі тереңдікте бейнені зерттеуге болады. КТ түсірілген объектіні 1 мм кескіндеп көрсетеді. Компьютерлі томографтың қолдану көрсеткіштері: Жақ және тістердің зақымдануында. Жоспарлы хирургиялық оперецияларда (имплантация кезінде), Бет жақ сүйектерінің және жұмсақ тіндерінің жаңа түзілістерінде. Эндодонтиялық емді жоспарлауда. Жасырын кариозды қуысты анықтауда. Эндодонтиялық емнен кейінгі асқынуларда. Ортодонтиялық емге жоспар жасауда. Терапиялық емге жоспар жасауда. Емнің сапасын бағалауда Дентальды рентгенография-тістің қатты тіндерінің, тістің айналасындағы альвеолярлы процестің сүйек тінінің жағдайын егжей-тегжейлі бағалауға, тістің патологиялық ошақтарын, пародонтит кезіндегі патологиялық қалталарды анықтауға, тамыр арналарының күйін және оларды толтыру тығыздығын бағалауға мүмкіндік береді. Дентальды рентгенографияның ең дәл және зиянсыз әдісі-Радиовизиография болып табылады. Қолдануға көрсеткіштер. Дентальды рентгенография екі негізгі мақсатта қолданылады: диагноз қою және емдеу сапасын бағалау. Келесі ауруларды анықтауға мүмкіндік береді: пульпит (тістің нерв-тамыр байламының қабынуы); тіс тамырларындағы киста; периодонтит (тістің түбірі мен ол орналасқан тесік арасындағы тіндердің іріңді қабынуы); Сүйек тіні атрофияланатын қызылиек ауруы (пародонтит, пародонтоз); неоплазма. Дентальды рентгенография сонымен қатар процедуралардың нәтижесін бағалауға көмектеседі: тамыр арналарын толтыру; пародонт ауруларын емдеу. Қарсы көрсеткіштер- жүктілік (әсіресе бірінші және үшінші триместрлерде); қан кетудің болуы; пациенттердің ауыр жағдайы. Ортопантомография - заманауи рентгенологиялық зерттеу , жоғарғы және төменгі жақтарды үлкен аймақта жазық көріністе алуға болатын әдіс. Ортопантомограмма бойынша тіс түбірі минерализация дәрежесін, тіс сауыты, сүт тістер түбірінің сорылу дәрежесі және тұрақты тіс ұрығына қатынасын, ретенирленген және жарып шығып келе жатқан тістердің көрші тістермен арақатынасын , алдыңғы және бүйір бөлікте тіс-альвеолярлық биіктік, беттің оң және сол жағы асимметриясын , гаймор қуысы, тіласты сүйектің орналасуын, мұрын қуысын, тістердің мезиодистальді вертикальді бағытын, парадонт тіндері жағдайын, СТЖБ басын, төменгі жақ бұтағы және бұрышын анықтап көруге зерттеуге болады. Ортопантомография тістердің де жағдайын бағалауға мүмкіндік береді: Тіс жегі , әсіресе контактті беттегі; түбір өзектерін пломбалау кезіндегі сапасын ; түбірдің сорылу сатысын; Тіс түбірі айналасындағы сүйек тіндеріндегі өзгерістер; Гаймор қуысына қатысты тіс түбірлерінің орналасуы. Панорамды рентгенограммада жоғарғы жақта тіс, альвеолярлық, базальді доға, мұрын қуысы, жоғарғы жақ қуысы, бет сүйектері көріністерін көруге болады. Ал төменгі жақта - тіс, альвеолярлық, базальді доға, төменгі жақ жиегі, бұрышы және бұтақтарын көреді. Ауызішілік рентгенограммадан айырмашылығы: бұл кезде объект –пленка арақашықтығы үлкейтіледі. Панорамды рентген суретіне көрсеткіштер: имплантация алдында; тістерді түзету яғни ортодонтиялық емдеу үшін; жұмсақ тіндердің қабынуы кезінде; Тұрақты тістердің өсу динамикасын бағалау; Хирургиялық кірісулер алдында. 3D-томография — бұл тіс-жақ жүйесінің 3 жақты көрінісін көрсететін рентгенодиагностикалық зерттеу әдісі. Диагностикалық аппарат — дентальді компьютерлік 3D-томограф. Көрсеткіші: СТЖБ құрылымы, жақтарда ретениренген және дистопияланған тістер, имплантацияға дайындық , тіс айналасындағы қабыну үрдісі, түбірде сынық болғанда, ісікті алғашқы сатысында зерттеу, пародонт аурулары, синус-лифтинг операциясын жасау барысында қолданылады. Аппараттың жұмыс істеу принципі 14 секундта жақ –бет аймағын сканирлейді. Бөлімдерінің қалыңдығы 0,15-0,3 мм, алынатын сурет 15x15x15 см дискке көшіре алады. Осы уақытта датчик 200 суретке әр түрлі проекцияда түсіріп үлгереді, 15 минуттан соң өңделіп дайын болады Телерентгенограмма бұл бастың алдыңғы бөлігінің рентгенографиясы. Сурет 1,5 — 2 метр қашықтықта түсіріледі, бұл суретті табиғи пропорцияда 1:1 минималды бұрмалаумен алуға мүмкіндік береді. Процедураны 6 жастан кейін балалар орындай алады. ТРГ нені көрсетеді- Қатты және жұмсақ ұлпалар көрінеді, олардың қатынасы мен орналасуы. Стоматологиядағы ТРГ ортодонтиялық емдеуге, жақ-бет хирургиясына және травматологияға дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады. Тістердің орналасуы, көлбеуі, жылжуы. Сүйектер мен жұмсақ тіндердің арақатынасы. Пародонттың, синустың, жақ буындарының қабынуы. Тіс-жақ аппараты дамуының аномалиясы. Бас сүйегінің беткі бөлігінің асимметриясы. Тістеу жағдайы және оның бұзылу себептері. Сүйек ақаулары, олардың құрылымы мен орналасуы. Телерентгенография кезінде алынған сурет тіс дәрігеріне бет пен мидың құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат береді |