Главная страница
Навигация по странице:

  • ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СТЕХИОМЕТРИЯЛЫҚ ЗАҢДАРЫ. (молекулалық құрылымы бар заттар үшін қолданылады)Заттар массасының сақталу заңы.

  • Құрам тұрақтылық заңы. (1808 г., Ж. Пруст):Кез келген күрделі заттың алынуы әдісіне қарамастан сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.Еселік қатынас заңы.

  • Эквиваленттер заңы. (1793 г., В.Рихтер):Заттар бір-бірімен эквиваленттеріне пропорционал мөлшерде әрекеттеседі.Көлемдік қатынас заңы.

  • Авогадро заңы.

  • Авогадро заңы. Авогадро заы


    Скачать 19.82 Kb.
    НазваниеАвогадро заы
    Дата08.11.2021
    Размер19.82 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАвогадро заңы.docx
    ТипДокументы
    #265816

    Авогадро заңы — идеал газға қатысты негізгі заңдардың бірі; температурасы (Т) мен қысымы (p) бірдей әр түрлі газдың бірдей көлеміндегі (V) молекулалар саны да бірдей болады. Оны 1811 жылы Италяни ғалымы А. Авогадро (1776 — 1856) ашқан. АВОГАДРО ЗАҢЫ бойынша 1 кмоль-ге тең кез келген идеал газ қалыпты жағдайда (р=101325 Па=760 мм сынап бағанасы және Т=0 C) 22,4136 м³ көлемді алады. Ал 1 мольдегі молекула саны Авогадро тұрақтысы деп аталады.

    Молекулалық және атомдық күйдегі заттар үшін молярлық массаны есептеуге болады. Мысалы, сутегінің салыстырмалы молекулалық массасы Мr (Н2)=2, ал салыстырмалы атомдық массасы Аr(Н) —1 тең. Екі жағдайда құрылым бірліктерімен анықталатын (NA) заттың шамасы 1 мольге тең. Дегенмен, молекулалық сутегінің молярлық массасы 2 г/моль, ал атомдық сутегінің молярлық массасы 1 г/моль. Атомдардың, молекулалардың немесе иондардың бір молінде Авогадро тұрақтысына тең, бөлшектер саны болады, мәселен:

    1 моль 12С атомында = 6,02·1023 атом І2С

    1 моль Н2О молекуласында = 6,02·1023 Н2О молекулалары

    1 моль   иондарында = 6,02·1023   иондары бар.

    Заттың массасы мен шамасы — әртүрлі түсініктер. Масса килограммен (граммен), ал заттың шамасы — мольмен өрнектеледі. Заттың массасы (т,r), заттың шамасы (п,моль) және молярлық масса (М, г/моль) арасында жай қатынас бар:





    Бұл формулалар арқылы заттың белгілі мөлшерінің массасын есептеуге немесе белгілі массадағы заттың моль санын анықтауға немесе заттың молярлық массасын табуға болады.
    ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СТЕХИОМЕТРИЯЛЫҚ ЗАҢДАРЫ.

    (молекулалық құрылымы бар заттар үшін қолданылады)

    Заттар массасының сақталу заңы.

    (1748 г, М.В. Ломоносов):

    Реакцияға қатысқан заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең болады.

    Құрам тұрақтылық заңы.

    (1808 г., Ж. Пруст):

    Кез келген күрделі заттың алынуы әдісіне қарамастан сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.

    Еселік қатынас заңы.

    (1803 г., Дж. Дальтон):

    Егер екі элемент бір-бірімен бірнеше химиялық қосылыс түзсе, басқа элементтің белгілі бір массасына сәйкес келетін осы элементтің массаларының бір-біріне қатынасы бүтін нақты санның қатынасындай болады.

    Эквиваленттер заңы.

    (1793 г., В.Рихтер):

    Заттар бір-бірімен эквиваленттеріне пропорционал мөлшерде әрекеттеседі.

    Көлемдік қатынас заңы.

    (1805 г., Ж. Гей-Люссак):

    Реакцияға кіріскен газдардың көлемдері бір-біріне және реакция нәтижесінде түзілген газдардың көлемдеріне қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады.

    Авогадро заңы.

    (1811 г., А.Авогадро):

    Кез келген газдың тең көлемінде бірдей жағдайда молекула саны бірдей болады.

    1 салдары:

    Кез келген газдың 1 молі қалыпты жағдайда 22,4 л – ге тең көлем алады (қ.ж. р0 = 101,3 кПа, Т0 = 273 К). Бұл көлем газдың молярлық көлемі деп аталады.

    2 салдары:

    Газдардың бірдей көлемдерінің массаларының қатынасы олардың молярлық массаларының қатынасына тең.

    3 салдары:

    Бір газдың белгілі көлемінің массасының басқа газдың сондай көлемінің массасына (сондай жағдайда алынған) қатынасы бірінші газдың екінші газ бойынша тығыздығы деп аталады.


    написать администратору сайта