Главная страница
Навигация по странице:

  • 1 дәрістің тест сұрақтары

  • Автоматика туралы негізгі түсінік. Автоматика туралы негізгі тсінік


    Скачать 29.43 Kb.
    НазваниеАвтоматика туралы негізгі тсінік
    Дата03.12.2019
    Размер29.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАвтоматика туралы негізгі түсінік.docx
    ТипДокументы
    #98320

    Автоматика туралы негізгі түсінік.
    Қазіргі замандағы техникада кең көлемде әртүрлі автоматтық жүйелер мен қондырғылар қолданылады. Олар автоматизацияның бірнеше негізгі мәселелерін шешеді: сигнализация, басқару, қорғау және блакировка, қосу мен ажырату, басқару. Осы мәселелерге сәйкес автоматика жүйелері мынадай түрлерге бөлінеді:

    1. автоматты сигнализация жүйесі – технологиялық процесстің немесе технологиялық қондырғының жағдайы туралы қызмет көрсетуші персоналға автоматты түрде хабарлап отырады.

    2. автоматты басқару жүйесі – технологиялық процесстегі немесе технологиялық агрегаттың әртүрлі мәндерін адамның қатысуынсыз көрсетіп отырады.

    3. автоматты қорғау және блокировка жүйесі – қондырғыдағы авариялық жағдайлардың болмауын алдын алады.

    4. автоматты қосу және ажырату – алдын ала қойылған бағдарлама бойынша қондырғылардың әртүрлі жетектері мен механизмдерінің қосылуын немесе ажыратылуын қамтамасыз етеді.

    5. автоматты басқару жүйесі – технологиялық процесстерде техникалық құрылғылар мен аппараттардың жұмысын басқаруды қамтамасыз етеді. Осы жүйелердің ең негізгісі автоматты басқару жүйесі болып табылады.

    Басқару процессі қойылған мақсатқа жету үшін басқару объектісі арқылы жасалатын операция жиынтығы. Технологиялық агрегаттардың қуаттың жоғарлату нәтижесінде және өндірістік жүйелердің дамуы нәтижесінде ақпарат көлемінің өсуіне байланысты. Басқару процессін автоматтандырудың тез шешеім қабылдау мәселесі туындайды. Осыған байланысты автоматты басқару жүйесі пайда болады. Олар объектті басқаруға керек шешімдерді қабылдайтын ақпаратты өңдейді және сол ақпараттарды автоматты түрде жинақтайды. Автоматты өңдеу және жинақтау үшін әртүрлі ЭЕМ-дар қолданылады. Автоматты басқару жүйесі өндірістің автоматтандырылмаған және автоматтандырылған жүйелерге бөлінеді

    ТП БАЖ-ң функциялары (техникалық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері)

    ТПБАЖ-ді басқаратын және ақпараттық функциялары болып 2-ге бөлінеді: 1) Ақпараттық функциялары – операторға басқарылатын процестің басрысы туралы ақпарат береді.

    2) Басқару – техникалық процесті жүргізу үшін басқару объектісіне әсер ететін тиімді ықпалды айтамыз. Жалпы техникалық процестер орындалатын барлық өндіріс жабдықтары басқару объектісіне жатады. Технологиялық процесті берілген қызмет алгоритмі бойынша өткізу мақсатында сырттан берілетін арнайы нұсқаулар (ережелер) жиынтығын басқару алгоритмі дейді.

    ТПБАЖ-дағы функциялау кірістегі ақпараттың шығыстық ақпаратқа түрлену процесі болып табылады. Бұл түрлендіру екі негізгі компоненттерден тұрады: оперативті персонал және техникалық қамтамасыздану. Осы компоненттер басқару объектісінен ақпартты жинап, өңдеп және талдап, сосын басқару бойынша шешім қабылдап шығыстық ақпарат түрінде таратады. ТПБАЖ -дың негізгі компоненттерінің бір-бірімен әсерлесу схемасы 1-суретте көрсетілген.



    1-сурет. ТПБАЖ -дың негізгі компоненттерінің бір-бірімен әсерлесу схемасы

    Оперативті персоналдың жұмысы үшін технологиялық инструкциялар, жүйені эксплуатациялау бойынша инструкциялар жиынтығ қажет. Техникалық құралдар кешенінің негізгі бөлігінің жұмысы үшін – ЭЕМ-ге программалық қамтамасыздандыру керек. ТҚК-ң ең негізгі бөлігі ЭЕМ болып табылады – ол ТПБАЖ-дың есептеу кешені. Техникалық құралдар кешеніне ақпартты алу, түрлендіру, беру және ақпартты вйқындау, басқару және есептеу қондырғылары, яғни қолданылатын жүйедегі автоматизация және есептеу техникасындағы құралдардың толық жиынтығы жатады.

    Қазіргі замандағы ТПБАЖ әралуан және олар объектіні автоматтандыруға қарай бір-бірінен көп айырмашылықтары бар

    - Ақпараттың функционалды орындайтын есептеуіш кешені бар ТПБАЖ есептегіш кешені орындалған

    - “Кеңесші” режимінде басқару функциясын ТПБАЖ есептегіш кешені

    - Орталық басқару құрылғысының функцияларын орындайтын ТПБАЖ есептегіш кешені

    - Тікелей сандық басқару функцияларын орындайтын ТПБАЖ есептегіш кешені

    1 дәрістің тест сұрақтары


    написать администратору сайта