Главная страница
Навигация по странице:

  • Статикалық жəне динамикалық теңгеру.

  • 1. Автомобилді жəне оның агрегатын қандай тəртіппен бөлшектейді 2. Бөлшекті комплектілеу кезінде қосақ бөлшегін жөндеу размері бойынша іріктеу дегенді қалай түсіну керек

  • 3. Бөлшек пен бөлшектің қандай қосылыс түрі болады жəне оны бөлшектеу – құрастырудың бір-бірінен ерекшелігі қандай 4. Бөлшек құрастырудың селективтік əдісі деген не

  • Автомобилді жне оны агрегатын бзу. Бзу тртібі


    Скачать 16.24 Kb.
    НазваниеАвтомобилді жне оны агрегатын бзу. Бзу тртібі
    Дата31.03.2022
    Размер16.24 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаf62301287eca420.docx
    ТипДокументы
    #430337

    Автомобилді жəне оның агрегатын бұзу. Бұзу тəртібі.

    Қосақтағы жұп: бөлшектемей өңдейтін немесе құрастырма күйінде теңкеретін (балансировка) қосақ (бұлғақпен қосақ түзетін бұлғақтың қақпағы, маховикпен бірге тұрып төселген (приработанные), сол себепті одан əрі пайдалануға жарамды бөлшек жұбы (басты берілістің үлкенді-кішілі конус тегеріші); оймасын дəлдеп тілген бекіту бөлшегі (бұлғақ қақпағын бекітетін бұранда мен бұрама, т.б). Шойын бөлшекті бөлшектеудің ерекшелігі (қиғаш-перекос кетсе жарық-трещина пайда болудан сақтану үшін). Бөлшектеу амалы (приемы). Стационарлы бөлшектеу жəне жылжытып отырып (тасқынды) бөлшектеу. Бөлшектеудің тасқынды тəсілінің артықшылығы. Бөлшектеу жұмысын механикаландыру. Бөлшектеу жұмыс орны жəне оның үстін жаппалап (с перекрытием) не жаппаламай технологиялық төбемен (потолок) – механикаландырған əбзел, сайман, жарақ жəне жүк көтергіш құрал орнатқан кеңістік метал конструкциямен жабдықтау. Əмбебап механикаландыру құралы ретінде бөлшектеу жұмыс орнын қолмен басқаратын, əрбір буынына жетек орнатқан көпбуынды механизм түрінде жасалған топсалы-теңгергілі (балансирлі) манипулятор пайдалану. Механикаландырған əбзел орнататын қатаң жəне жұмсақ (эластикалы) асылғы. Бөлшектеу жұмысы мен бөлшектеу жұмыс орнын (бөлшектеушішің) ұйымдастыру.

    Бөлшекті даналап (штучные), топтап жəне аралас комплектілеу (смешанное комплектование). Комплектілеу кезінде атқаратын жұмыс кешені: жаңа қалпына келтірген жəне жарамды (жөндеусіз) бөлшекті қордалау(накопление), есепке алу (учет) жəне сақтау; Құрастыру комплектісінің құрамдас тетігін (составные части сборочного комплекта) номенклатурасы мен саны бойынша іріктеу (подбор); қосақ бөлшегін (сопряженные детали) жөндеу размері, размерлік жəне массалық тобы, т.б. бойынша іріктеу. Қосақтасу бөлшегін (піспек, шеген, иінді білік, т.б. ) базалық бөлшекпен (цилиндр блогы) саңылау не керіліс шамасы бойынша (техникалық шартпен шектеулі /жəне массасы бойынша (піспек немесе бұлғақты-піспекті топ (БПТ – ШПГ) тұтастай) іріктеу. Комплектілеудің слесарлық жымдастыру (подгоночные) операциясы (ішпек қырнау- шабрение вкладышей, клапан ысқылау-притирка, т.б.). Бұйым жиыстырудың еомплектлеу картасы жəне оның мазмұны. Комплектілеу учаскесінде комплектілеуші (жиыстырушы) жұмыс орнын ұйымдастыру.

    Құрастыру түрі жəне оны сыныптау: құрастыру нысаны бойынша (сыныптау белгісі) – тораптық құрастыру (сақинасын салып, бұлғақты кигізіп піспек құрастыру) жəне жалпы құрастыру (агрегат пен тораптан автомобил құрастыру); құрастыру реті бойынша (по последовательности сборки) – тізбектеп құрастыру (құрастыру операциясын біртіндеп, яғни бірінен кейін бірін атқарады), параллел құрастыру (құрастыру операциясын қатар атқарады) жəне тізбектеп-параллел құрастыру; механикаландыру жəне автоматтандыру деңгейі бойынша – қолмен құрастыру, механикаландырып құрастыру жəне автоматты түрде құрастыру; құрастыру нысанының қалпы бойынша (по состоянию) – стационарлы (тұрғылықты) жəне жылжымалы құрастыру (құрастыру жұмыс орны арасында құрастыратын бұйымды тынымсыз немесе мезгіл-мезгіл жылжытып құрастыру); өндірісті ұйымдастыруына қарай – типтік тасқынды құрастыру, топтық (тасқынды жəне тасқынсыз) құрастыру жəне біреулеп (единичная) құрастыру. Б ө лшек пен құрастырма бірлікті теңгеру (балансировка).

    Айналмалы тетіктің теңгерімсіздігі – неуравновещенность (дисбаланс). Бейтеңгерімнің бұйым өсінің жəне оның басты орталық инерция өсінің орналасуына қарай статикалық, моменттік жəне динамикалық теңгерімсіздік болып бөлінуі.

    Статикалық жəне динамикалық теңгеру. Бұйымның дисбалансын анықтау жəне бұйымның белгілі бір нүктесіне коррекциялауыш масса алып – қосу (удаление или добавление) арқылы дисбалансты жою немесе азайту. Иінді білікті бөлек жəне оны маховикпен, муфтамен бірге теңгеру, кардан білігін, т.б. теңгеру. Теңгеруді призмасы мен шығыршығы бар стендіде жүргізу; динамикалық режімде (дене айналып тұрғанда) статикалық теңгеруге арналған арнаулы стендіде жүргізу; теңгерілмеген массаның қалпын белгілеп алып (фиксация) динамикалық теңгеруге арналған əмбебап теңгеру станогында жүргізу.

     

    Бақылау сұрағ ы :


    1. Автомобилді жəне оның агрегатын қандай тəртіппен бөлшектейді?


    2. Бөлшекті комплектілеу кезінде қосақ бөлшегін жөндеу размері бойынша іріктеу дегенді қалай түсіну керек?


    3. Бөлшек пен бөлшектің қандай қосылыс түрі болады жəне оны бөлшектеу – құрастырудың бір-бірінен ерекшелігі қандай?


    4. Бөлшек құрастырудың селективтік əдісі деген не?

    5. Бөлшек пен құрастырма бірлікті статикалық жəне динамикалық теңгерудің мəнісі неде?


    написать администратору сайта