ивра. Абай.К. Автор Абай ерте есейді. Абай 15 жасында йленіп, 16 жасында ке болган. Абай 21 жасында болыс болып, халыты мзарын, армантілегін з лаымен естіп, з кзімен кретін болды.
Скачать 16.98 Kb.
|
АВТОР: Абай ерте есейді. Абай 15 жасында үйленіп, 16 жасында әке болган. Абай 21 жасында болыс болып, халықтың мұң-зарын, арман-тілегін өз құлағымен естіп, өз көзімен көретін болды. Халық өмірі мен әдет-ғұрпын жетік білетін, оның үстіне шығыс пен батыс әлемін жетік менгерген зиялы Абай сөз қақтығыстарында, дауларда ескі билерді оңай төселдіретін. Баласының басқа шауып, төске өрлеп бара жатқаны Құнанбайды толғандырмай қоймады. ҚҰНАНБАЙ: Маған біткен, сағанда біткен екен. Алдыма кісі түспеуші еді, көп алдында неге көлденең түсесің? Ел не ойлайды? Ендігәрі менімен салғыласпа! АБАЙ: Сізбен сөз таластырғаныма менде бұлқынып отырмын. ҚҰНАНБАЙ: Жә, балам! Өзіңе реті келгенде айтпақ сөзім бар еді, соны тыңда! Ең әуелі арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың, ұғымсыз еңбекке асылыңды шашасың, жайдақсың. Жайдақ суды итте, құста жалайды. Ал, екіншіден дос пен қасты сараптамайсың, досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Ішіңде жатқан сырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды, жаныңа ел үйірілмейді. Үшіншіден, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтын сол орыстың дұшпандығын ұмытасың. АБАЙ: Осы айтқандарыныздың үшеуіне де дау айтам әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам Ең әуелі жайдақ суға теңедіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды-құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қойшы «Ай»десе өргізетін болған. Бертін келе ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып, «Шөк» десең, аңырап барып бұрылады. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Оны аязбен боранда жанын аямаған, қар төсеніп, мұз жастанған бақташы ғана баға алады. Үшінші, орысты айттыңыз.Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы—білім-өнер. Өнер сол орыста. Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма? Жатырқап қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет болмас… ҚҰНАНБАЙ: Абырой атақ алу үшін адамдық адалдық керек. Ешкім бұған ерімей адамның ұлысы болу тек бағы жану керек дегенді ертеден ойыма бекіттім. Менен бір қателік кетпесе, адам баласын жылатқан емеспін, бірақ менің аяғымды жақындарым шалды. Менің мінімді кім түзеді? Өзімнің жақындарым түзеді. Жау сырттан келмейді, іштен келеді, балам. Жетім-жесірге, жаман-жәутікке жақсы амалдар жаса балам, осы менің айтпағым. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың. Өзімдікі дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың. Көрсеқызар келеді байлауы жоқ, Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын? Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың. Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың, Оның да алған жоқ па құдай құлқын? Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, Сапырылды байлығың, баққан жылқың |