Навигация по странице:Бөлім
|
гиперсілтеме. Автор Бозмбекова Айнур Сабыржановна Пн
Автор: Бозмбекова Айнур Сабыржановна
Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып: 8-сынып
Бөлім: Программалар ды құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешу
Тақырып: Алгоритмді әзірлеу
Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар: Берілген есептің алгоритмдік моделін құру. Оқушылардың басым бөлігі: Арнайы алгоритмдердің туындау себептерін анықтау, талдау, қолдану. Кейбір оқушылар: Берілген есепке алгоритм құрастырып ұсыну.
| Сабақ барысы Сабақ кезеңдері
| Жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Сабақтың басы
(10 мин)
| Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу, жағымды ахуал туғызу «Гүлмен тілек» әдісі арқылы (оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған тақ сандар мен жұп сандар арқылы екі топқа біріктіріледі.) Мақсаты: топқа біріктіру Үй тапсырмасын сұрау. «Кім жылдам» әдісі екі топ бір-біріне сұрақ қояды. Сұрақтары 1. Есепті шешу кезеңдері қаншаға бөлінеді және олар қандай 2. Есептің моделі дегеніміз не? 3. Есептің математикалық моделін қалай құрастырамыз? 4. Шартты алдын ала тексеру цикілі деген не? 5. While сөзі қалай аударылады? 6. Шартты алдын ала тексеру цикілінің жазылуы қандай? 7. Шарт жалған болған жағдайда цикл денесі қанша рет орындалады? 8. Шартты алдын ала тексеру цикілін қандай жағдайда пайдаланған дұрыс? Жүрекше жапыстырмасы арқылы оқушыларды ынталандырамын
| презентация
| Сабақтың ортасы
(24 мин)
| Жаңа сабақ «Қабырғадағы рөл» әдісі: арқылы екі топ бұлтшаларды кезектесіп алады және жаңа ақпаратты бір-бірімен бөліседі және сол ақпаратты ала отырып өздерінің идеяларын барынша талқыға салып түсіндіреді. №1 тапсырма (топтық жұмыс) «Кім шебер» әдісін қолданып тапсырмалар беремін Екі санның үлкенін табу алгоритмін құрыңдар. Дескриптор Екі санның үлкенін табу алгоритмін құрады, түсіндіреді. ҚБағалау: смайликтер арқылы ынталандыру. №2 тапсырма (жұптық жұмыс) «Ағаш шарбақты бояу» жоба жұмысын жан-жақты зерделеңдер. Жоба алгоритміне блок-сызба алгоритм құрастырып, ұсыныңдар. Дескрипторлар: 1. Берілген есептің программасын зерделейді 2. Алгоритм жобасын ұсынады ҚБағалау: мадақтау, мақтау арқылы. №3 тапсырма (жеке жұмыс) Берілгенін оқып программа құрыңдар. Дұрыс жауабы экран бетіне шығарамын. Дескрипторлар: Есеп шешу кезінде қанша амеба болатынын анықтайды, әр түрлі жолдармен нәтижеге жетеді. Есептің блок- сызба арқылы алгоритмдік моделінде және псевдокодын жасайды Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ мүшелері өздерінің түсінетіндігі жөнінде береді.
| Информатика 8 – сынып. Оқулық «Алматы» (148-149 беттер)
| Сабақтың соңы
(6 мин)
| «Алгоритм әзірлеу» тақырып бойынша «Балық қаңқасы» әдісін қолданамын, бүгінгі сабақты қорытындылау сұрағына жауап жазылады. Дескриптор: - Алгоритм түрлерін анықтайды; - проблема себептерін талқылап, түсініктерін жазылады, мысалдар арқылы түсіндіре алады. ҚБағалау: Оқушыларды мұғалімнің бағалауы мадақтау арқылы. Үйге тапсырма. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып «Алгоритмді әзірлеу» тақырыбында қосымша деректерді, дереккөздерден ақпаратты іздеп дәптерге жазып келу. Кері байланыс:
| Балық қаңқасы бар плакат Пирамида қиынды кеспе қағаздар
| |
|
|