Навигация по странице:Бөлім
|
Автор Ыбырай Данияр Бектаслы Пн
Автор: Ыбырай Данияр Бектасұлы
Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып: 8-сынып
Бөлім: Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу
Тақырып: Қолданбалы есептерді шешу
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):
| 8.2.2.3-электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдану
8.2.2.1-электронды кестеде есептерді шешу үшін мәліметтердің әр түрлі типі мен форматын қолдану
8.2.2.4-кестеде берілген функцияның графигін тұрғызу
| Сабақтың мақсаты:
| электронды кестені қолдана отырып, есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдану.
қолданбалы есептерді компьютерде шешу жолдарын анықтау.
қолданбалы есептерді компьютерде шешуде кіріктірілген функцияларды пайдалану.
| Тілдік мақсаттар:
| Оқытудың тілдік мақсаттары:
Электронды кестені қолдана отырып,есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды ауызша және жазбаша айта алады
Пәндік лексика және терминология:
График, диаграмма, ұяшық, жиынтық кесте, математикалық есеп, геометриялық есеп
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:
Қолданбалы есеп .... ...... ..... шешуге арналған есептер.
Қолданбалы есептерді шешу үшін ...... ....... пайдаланамыз.
Қолданбалы есептерге ..... ..... жатады.
| Күтілетін нәтиже:
| электронды кестені қолдана отырып, есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдана алады.
қолданбалы есептердің компьютерде шешу жолдарын біледі.
қолданбалы есептерді компьютерде шешуде кіріктірілген функцияларды пайдаланып есептер шығара алады.
| Бағалау критерийлері:
| электронды кестені қолдана отырып, есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдана алады.
қолданбалы есептердің компьютерде шешу жолдарын біледі.
қолданбалы есептерді компьютерде шешуде кіріктірілген функцияларды пайдаланып есептер шығара алады.
| Құндылықтарды дарыту:
| Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарына баулу қарым-қатынас жасау қабілеті, жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы іске асырылады.
| АКТ-ны қолдану дағдылары:
| Презентация
| Пәнаралық байланыс:
| Геометрия, математика
| Бастапқы білім:
| Электронды кестеде шартты пішімдерді қолданады
Қолжетімді ақпараттың негізінде мәліметтерді талдауды біледі.
| Сабақ барысы Сабақ кезеңдері
| Жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Сабақтың басы
(8 мин)
| Оқушылардың назарын шоғырландыру үшін . «Шын жүректен» тәсілі арқылы психологиялық ахуал орнатамын. Оқушылар күнбағыстың суретін бір-біріне ұсыну арқылы бүгінгі күнге сәттілік тілеп, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Оқушыларға оқу мақсатын хабарлаймын. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге анықтаймын. электронды кестені қолдана отырып, есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдана алады. қолданбалы есептердің компьютерде шешу жолдарын біледі. қолданбалы есептерді компьютерде шешуде кіріктірілген функцияларды пайдаланып есептер шығара алады. Оқушылардың жақын арадағы даму аймағын қалыптастыру үшін «Бұл не?» әдісі арқылы топқа бөлемін. 1-топ: Спарклайн 2-топ: Жиынтық кесте Сабақ соңында оқу мақсатына жету, оқушылардың қажеттіліктерін және өзімнің қандай бағытта жұмыс жүргізуім керектігін анықтау үшін «Рефлексия және бағамдау» белсенді оқуының «БББ» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын. Білемін Білдім Білгім келеді Ол үшін сабақтың басында оқушыларға «БББ» кестесін таратып беремін. Сабақтың басында оқушылар тек қана «Білемін» бағанын толтырады.
| «Күнбағыс» суреті
| Сабақтың ортасы
(28 мин)
| (Т) Топтық жұмыс «Сұрақ қою және талқылау» белсенді оқуының «Миға шабуыл» әдісі 1.Қолданбалы есеп дегеніміз не? 2.Қолданбалы есептерді компьютерде және қолмен орнатудың артықшылықтары неде деп ойлайсың? 3.Функциялар көмегімен қандай қолданбалы есептерді шешуге болады? Дескриптор. Оқушы: қолданбалы есепке анықтама береді; қолданбалы есептерді компьютерде және қолмен орындаудың айрмашылығын түсіндіреді; қолданбалы есептерді Excel арқылы шешу тиімді екенін түсіндіреді. Қалыптастырушы бағалау: Мұғалім Оқушы қарым-қатынасы бойынша мадақтау. Оқушылар сұрақтарға жауап береді, толық жауап берілмесе мұғалім түсіндіріп өтеді. (Ж) Жұптық жұмыс «Түсіндіру және сипаттау» белсенді оқуының «Компьютермен жұмыс» әдісі Тапсырма: Төмендегі кестеде үшбұрыш төбелерінің координаталары берілген. Мысалы бір төбесі А(х1,у1). Осы координаталарды пайдаланып, үшбұрыш қабырғасының ұзындықтарын табыңдар. Дескриптор. Оқушы: үшбұрыш төбелерінің координаталары жазады; бір төбесі А(х1,у1) координаталарды пайдаланып үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығын табады. Қалыптастырушы бағалау: дескриптор бойынша жұптардың бірін-бірі бағалауы арқылы кері байланыс жүргізіледі. (Д) Жеке жұмыс «Көрсету және моделдеу» белсенді оқуының «Үлгі бойынша жұмыс» әдісі Тапсырма жауаптары интерактивті тақтадан көрсетіледі. Қалыптастырушы бағалау: дескриптор бойынша оқушылардың өзін-өзі бағалауы арқылы кері байланыс жүргізіледі. Білемін Білдім Білгім келеді Сабақтың ортасында оқушылар тек қана «Білдім» бағанын толтырады.
| «БББ» кестесі
| Сабақтың соңы
(4 мин)
| Рефлексия. «Бағамдау» белсенді оқуының «БББ» әдісі арқылы кері байланыс Білемін Білдім Білгім келеді Сабақтың соңында оқушылар тек қана «Білгім келеді» бағанын толтырады.
| «БББ» кестесі
| Рефлексия
(5)
| І.Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсіліне: «Миға шабуыл» әдісі сәйкес келеді. Әдісті пайдаланғанда оқушыларды ойлау және тілдік дағдыларын қалыптастыру үшін алдын-ала дайындалған сұрақтарды қойып, сөзбен қолдау көрсетіп, ынталандырып отырамын. ІІ. Саралаудың «Жіктеу» тәсіліне: «Бұл не?» әдісі сәйкес келеді. Бұл әдіс оқушыларда коммуникациялық және тілдік дағдыларды қалыптастырады. ІІІ. Саралаудың «Қарқын» тәсілінде баланың қарқыны байқап отырмын. Бұл тәсілге «Компьютермен жұмыс» «Үлгі бойынша жұмыс» әдістері сәйкес келеді және ол оқушылардың коммуникативтік, ақпаратпен жұмыс дағдыларын қалыптастырып, сыни ойлауын дамытады. ІV. Саралаудың «Бағалау» тәсіліне: «БББ» әдісі сәйкес келеді.
| «БББ» кестесі
| |
|
|