Главная страница
Навигация по странице:

  • Отыз төртінші сөзден

  • саясат ұғымы. Саясат ұғымы. Автор Туякбаева Азиза Кайратовна


    Скачать 113.17 Kb.
    НазваниеАвтор Туякбаева Азиза Кайратовна
    Анкорсаясат ұғымы
    Дата10.02.2022
    Размер113.17 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСаясат ұғымы.docx
    ТипДокументы
    #357749


    Автор: Туякбаева Азиза Кайратовна



    Аннотация

    Саясат ұғымы, әдіс-тәсілдері мен қызметтері, парадигмалары. Ежелгі Греция мен Рим ойшылдарының мемлекет туралы iлiмдерi. Н.Макиавеллидің мемлекеттік билік принциптері. А.Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой-пікірлері. “Қара сөздерінің” ұлттық тәрбиелік мәні.

    Политология

    Биология 101-1B


    Саясат ұғымы, әдіс-тәсілдері мен қызметтері, парадигмалары.

    Саясаттану грекше «Саясат» және «ілім» деген сөздеден шыққан, саясат туралы мағынаны білдіреді.

    Басқа қоғамдық ғалымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарады. Оның дұрыс- бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы- қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.

    Адамзат саясатының сиқырылы қырын, құбылмалы құбылсын өте ерте заманнан түсініп- білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән- мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен дәни- мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың қүдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысыра, Вавилонда, Үндістанда, сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі билік құдайдың құдіретімен жүргізіледді де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректер ең алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері деп пайымдаған.

    Кейінірек азаматтардың іс- тәжірибесін, ақыл ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдары пайда бола бастды. Қоғамдық- әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастырының одан әрі күрделенуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі, оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, долдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.

    Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясатты діни- мифологиялық танудың орнына философиялық- этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер – Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғадан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыстыра қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат- мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді айтады. Өйткені ол заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. Сонымен қатар ол саясаттану мәселелерін этика, фәлсафа мәселелерімен бірге қарады.

    Орта ғасырда саясаттың діни- эстетикалық түрін қалыптастырды. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.

    Саясат қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның ХҮІ ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Максиавелли болды. Ол саясаття теологиялық түсіндіруден арытылып, саяси ойды қоғамдағы сабиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және қолға түсірудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс- тәсілдерін көрсетті. Соның арқасыныда саясаттануды біздің қазіргідей түсінімізге жол ашылды.

    Саясатту ХІХ ғасырдың екінші жартысда өз алдында жеке пән ретінде қалыптасту. Оған бұл кезде бихевиористк, тәжірибелік әдістердің пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді. 1857 жылы АҚШ – тың Колумбия колледжінде профессор Фрэнсис Либер «Тарих және ғылым» деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1980 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ- тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американның Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциасы құрылды.

    ХХ ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдарының халықаралық ассосациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.

    Бүгінгі таңда АҚШ- тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық фаультеттерде міндетті түрде оқытылады әлемнің ең ірі университетері оған мамандар міндетті түрде дайындайды. Мысалы, АҚШ – та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді.

    Ежелгі Греция мен Рим ойшылдарының мемлекет туралы iлiмдерi. 

    Ежелгі Грецияның саяси ілімдер тарихында өте бай материалдар жинақталған. Антикалық дәуір ойшылдары қоғамдық өмірді, оның саяси құрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға ауыстырады.Ежелгі грек ойшылдарының көрнекті өкілінің бірі-Платон б.з.д.427-347 жылдары өмір сүрді. Ол саяси ойларын “Саясат”, “Мемлекет”,”Заңдар” атты еңбектерінде қарастырған. Мемлекет пен заңдарға деген мұқтаждықты Платон адамдардың өздерінің қызығушылықтарын қанағаттандыруға, қоғамдық идеалға жақындатуға деген талпынуларымен түсіндірді.Платон пікір бойынша мемлекеттік құрылыстың “дұрыс” және “бұрыс” формалары кездеседі.

    Платон мемлеекттің дұрыс және бұрыс формаларына ізгілікті мемлеектті қарсы қояды .Оның пікірі бойынша ізгілікті мемлеект мынадай белгілерге ие болуы тиіс; 1)қорғау құралдарымен; 2) қоғам мүшелерін қажетті материалдармен жүйелі түрде жабдықтап тұру; 3) рухани және шығармашылық қызметтің жоғарғы деңгейде дамуына жағдай жасау.Ол мемлеекттегі касталық құрылысты дәріптейді.Қоғамдағы

    1. адамдарды философ,билеушілер,сақшылар,тікелей өндірушілер деп бөледі.Әрбір

    2. сословие өзінің қабілеті келетін іспен айналысуы керек деп санаған. Платон саяси ілімінде тоталитарлы бағыт анық сезіледі.

    Аристотель б.з.д .384-322 ж.ж. Саяси ілімі “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика”“Риторика” деген еңбектерінде жинақталған. Ол саясақа кең мағына бере отырып, мемлекет- табиғи дамудың өнімі және пайда болуы жағынан отбасы мен қауымдастыққа ұқсас деп санаған. Бірақ мемлекет қарым-қатынастың жоғарғы формасы. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол да мемлекетті “дұрыс” және “бұрыс” формаларға бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократия мен политияны жатқызады.Ал тирания, олигархия мен демократия мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер, халық, ел пайдасын ойлайды,билік қоғамға қызмет етеді.Ал бұрыс түрінде олар өздерінің бас пайдаларын ойлайтын көрінеді.Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу -ызаға берілмей қоймайды,ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Сонымен ежелгі грек ойшылдары мемлекеттік құрылыстың әртүрлі формаларын мемлеект ісіне азаматтардың қатысуын талдап ғана қойған жоқ.Сонымен бірге, олардың идеялары саяси ілімнің
    әрі қарай дамуына жағдай жасады.

    Марк Туллий Цицерон б.з.д. 106б.з.д. 43 жылы қайтыс болды. Мемлекеттін пайда болу себебі Цицерон адамдардың әлсіздігі мен қорқынышын емес, олардың туғаннан бірге жүру қажеттігіне ұмтылуынан деп есептейді.

    Ежелгі грек ойларының дәстүрлері негізінде Цицерон мемлекеттік құрылымының әртүрлі формаларына талдау жасауға, бір формалармен екнші форманын пайда болуына, сонымен бірге олардың ең дұрыс формаларын іздеуге және т.б. мәселелерге үлкен көңіл бөлді. Билеушылер санына қарай Цицерон мемлекеттің қарапайым үш формасын патша билігін (монархия), опти-маттарды (аристократия) және халық билігін (демократия) атап көрсетеді.

    Мемлекет пен құқық мәселелеріне арнап орасан зор мұра қалдырған Цицерон құлдықты қалыпты жағдай жәнс әділетті іс деп есептейді. Оның айтуынша «құлдықтың әділетті болуы, оның мұндай адамдарға пайдалы болуынан, өйткені саналы түрде жүргізілген құлдық олардың (құлдардың) пайдасы үшін жасалады».

    Нағыз азаматтардың міндеттеріне, Цицерон ақиқатты тануды, әділеттілікті, білімділікті және сабырлылықгы жатқызады.

    Азаматтар басқаға зиянын тигізбеуге, басқаның меншігіне қол сұқпауға, әділетсіздікке жол бермеуге, әділетсіздіктен жапа шеккендерге көмек беруге және жалпы игілікпен еңбек етуге тиіс.

    Н.Макиавеллидің мемлекеттік билік принциптері.

    Қайта өрлеу дәуiрiнiң көрнектi өкiлi буржуазиялық саяси iлiмнiң негiзiн қалаушы Никола Макиавелли саяси қайраткер, дипломат және тарихшы ретiнде де кеңiнен танылды. Мемлекет және құқық концепциясы тарихында оның саяси идеялары қарама-қайшылықтар мен жаңа iзденiстерге толы болды. Оның мемлекет пен қоғам дамуы туралы көзқарастарын жақтаушылар мен сынаушылардың көптiгi, олардың бұл мәселедегi даулы айтыстары да Макиавелли еңбегiнiң қыр-сырын одан әрi анықтай алады.

    Макиавеллидiң мемлекет және саясат туралы iлiмiндегi маңызды жаңалығы саясат саласын жеке ғылым ретiнде көрсетуге тырысу идеясы болып табылады. Бұл салада орасан зор тәжiрибе жинақтаған ол саясат қоғамдық өмiрдiң бөлек саласы болып табылады деген қорытынды жасайды. Ол қоғамдық өмiрдi түрлi мақсаттары және оларды iске асырудағы мүмкiндiктерi бiр-бiрiне ұқсамайтын көптеген әлеуметтiк күштер мен әрқилы мүдделердiң қақтығысы ретiнде қарастырады. Оның айтуынша саясат — адам еркiне бағынышты жанды қозғалыс, дауылды стихия, күштер арасындағы күрес, олардың үздiксiз қақтығысы, қайшылықтардың шешiмi, өзгерiстер мен қайта құрулар.

    Макиавелли саяси оқиғаларға баға беру мен саясаттың аясы туралы идеяларында iс жүзiндегi саясат пен саясат теориясын қосуға ұмтылды. Оның пiкiрi бойынша, саясат түрлi әлеуметтiк күштердiң билiк үшiн, оны ұстап тұру және пайдалану жөнiндегi күрес аймағы. Мұнда түрлi күштердiң ең айлалысы және ең ұтқыры ғана жеңiске жетедi, адамгершiлiк саяси мақсатқа бағындырылады. Саясат пен билiк аймағы — күрестiң ерекше заңдары бар ортасы. Билiк үшiн күресте барлық құралды пайдалану заңы қарсыласты жеңу мақсатында қолданылады. Макиавеллидiң бұл идеясы билiк тарихын зерттеу тәжiрибесiнен алынған.

     А.Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой-пікірлері. “Қара сөздерінің” ұлттық тәрбиелік мәні.

    Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев (1845-1904) өзі өмір сүрген дәуірдің тынысы – тіршілігін, қоғамдық өмірін, халықтың мұң – мұқтажын,әлеуметтік иеңсіздіктіжырлады. Әсіресе Абайдың қара сөздеріні мәні тереңде жатты. Әсіресе Абайдыңқара сөздерініңмән тереңде жатты. Солардың кейбірінен үзінді келтірейік.

    Отыз төртінші сөзден

    Адам баласына адам баласының бәрі-дос. Не үшін десең, дүниеде келгенде туысың, өсуін, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң,дене бітімің,шыққан жерің,бармақ жерің бәрі бірдей, ахиретке қарай елеуің, көрге кіруің, шіруің, махшардасұралуың бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне хаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың бәрі бірдей екен. Бескүндік өміріңбар ма, жоқ па? Біріңе-бірің қонақ екенің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігінебілместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып көз алартыспай лаяық па? Абай билердіңтөтенше съезіне жетпіс алты баптантұратын жаңа заң ережелерін ұсынады және осы билер съезінің төрағасы болып сайланады. Оның төрағалығыменөткен бұл съезде әдет – ғұрып нормаларының негізі сақталған Ереже қабылданады. Бірақ Абайдың бұл реформалық талаптары патша өкіметінің отыршыл әкімшілігінен қолдау таппайды. Бұл кезде қазақ даласының 1868 жылы 21 қазанда қолқойылған “Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі Уақытша Ереже”үстемдік етіп тұрған ді. Аталған ереже негізінде Ресей өкіметі Қазақтардың дәстүрлі заңжүйесін бұзып, қазақтың тұрмыс-тіршілігіменүйлеспейтін заң жобасын жасады. Отаршыл әкімшілік енгізген ережелер мен тәртіптерболыстық пен билік мансапқа ғана қызмет етті. Сонымен, Абай шығармаларында әр топтың өкілдері, олардың әр қилы мінездері мен қасиеттеріүнемі бой көтеріп отырады. Ұлы Абайдың қоғам, замана, адам болмысын, оның қасиеттері кейінгі ұрпаққа қалдырған аса зор рухани қазына болып табылады.

    Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні!

    Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өз ғұмырын тек өлең жазуға, орыс және басқа да тілдерден аудармалар жасауға арнамаған. Сонымен қатар публицистикалық шығармаларын яғни "қара сөздерін" жазып қалдырғаны белгілі. Ал енді қара сөздерінің біршамасы не жайлы жазылғандығын және өзім нендей нәрсені түйгенімді жазайын! Ең алғашқы қара сөзінде алдағы өмірінде нені кәсіп қылып, қайтіп өткізетіні жайлы талқылап, жазған. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып дін бағу, балаларды бағу - қажып, жер ортасы жасқа келгенде бұлардың ешбірін кәсіп қылғысы келмеді. Осы уақытқа дейін қылып жүрген істерінің байлаусызын, баянсызын, барлығының қоршылық екенін 1-ші қара сөзінде атап көрсетеді.Қорытындысында ойына келген нәрселерді қағазға жазып, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылуды жөн көреді: "Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын,я оқысын,керегі жоқ десе , өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ",- деп ойын түйіндейді. Жоғарыда айтылғандай ол өз өмірінде, жалпы қазақ елінің өміріндегі кемшіл тұстарды айқындап жазып, тіпті қазақтардың бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп осыдан жиреніңдер деп өсиет етеді. Бір сөзінде мақтаншақтық жайлы сөз қозғаса, енді бірінде иман жайында жазады, ал енді бірінде қазақтарда кең қолданысқа ие болған алайда еш мағынасы жоқ, мағлұм болған мақалдарды сынай отырып оқырманға оның дұрыс бұрыстығын нұсқап көрсетеді. Қара сөздерінің қайсысы болмасын қазақты жақсылыққа, игі істерге шақырады , жамандық пен жалқаулықтан жирендіру үшін түрлі әдіспен сөздерден маржан түзіп әсерлі етуге барын салғандығы маған ерекше ұнады. Қара сөздің барлығын публицистикалық шығарма деп тануға әбден болады. Себебі қайсы-бірін оқысаңыз да санаңызға қозғау салып, ойыңызды шымырлата түспегі анық. Тіпті білім-ғылым жайында жазылған қара сөздерден ерекше қуат алып, мотивация алатын жандар да баршылық. Әрбір қазақ азаматы осы қара сөздерді оқып шығуға міндетті деп санаймын. Әлбетте ол ұлтының нағыз жанашырын тәрбиелеп шығаратыны анық. 45 қара сөздің барлығын да жаттап алған жастардың саны бүгінгі күні аз болса да алдағы уақытта көбейетініне сенемін. Бірлікке, тірлікке, ізгілік пен адамгершілікке шақыратын публицистикалық шығарманы неге жаттап алмасқа?!Ақыл жүрек қайрат үшеуін бірге ұстап Абай атамыздың нұсқауымен жүрсек келешегіміз жарқын болшағымыз баянды болары сөзсіз!


    написать администратору сайта