ғылыми мақала. Авторы Нржанова Шарипа, Манова Глнр Таырыбы Баралы апаратты процестердегі журналистика жне prызметі АдатпаЖурналист, prмаманы жне баралы апаратты ралдары
Скачать 21.92 Kb.
|
Авторы:Нұржанова Шарипа, Мұқанова Гүлнәр Тақырыбы: Бұқаралық ақпараттық процестердегі журналистика және PR-қызметі Аңдатпа:«Журналист, PR-маманы және бұқаралық ақпараттық құралдары» курсы «Журналистика» бағытында және «Жұртшылықпен байланыс» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. Басқалардың ішінде бастапқы жалпы курстың оқу пәндерінің бірі бола отырып, студенттерге журналистік мамандықты зерделеудің жолын ашады. Қазіргі заманның бұқаралық ақпараттық процестердегі журналистика және PR-қызметі рөлін зерртеу нәтижелері беріледі. Бұқаралық ақпараттық процестердің ауқымды жүйесіндегі журналист пен жұртшылықпен байланыс бойынша маманның орны, рөлі мен маңызы туралы студенттердің көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Мақсатты іске асыру келесі мәселелерді шешу барысында қолжетімді болады: кәсіби ойлай әдістеріне тарту; журналист теориясының бастапқы санаттарын анықтау; кәсіби қызмет пен кәсіби ойлау ерекшеліктерімен танысу; журналистік шығармашылық пен журналистік мәтіннің құқықтық өкілеттігі этикасының мәселелеріне тереңдеу; журналистік мәтіннің туындауы мен қабылдануының жалпы принциптері туралы іргелі білімдер жүйесін игеру; БАҚ құбылыстары мен феномендерін талдаудың теориялық-қолданбалы әдістемелерін және материалдарды жариялауға дайындаудың бастапқы тәсілдерін меңгеру. Талқылауға арналған сауалдар 1. Бұқаралық ақпараттық процестер түсінігі. Олардың қазіргі кездегі ерекшеліктері. Ақпарат түсінігі. Әлеуметтік ақпарат. Журналистік ақпарат. Ақпараттық қоғамға көшу. Бұқаралық ақпараттық процестерге қатысушылар. Журналист (жұртшылықпен байланыс бойынша маман) және бұқаралық аудитория: өзара әсері (тапсырыс беруші – тұтынушы және керісінше). Журналистер мен PR-мамандардың міндеттері және бұқаралық аудиторияның қажеттіліктері. Аудиторияның артық көріп ұнатуы мен үміттері. Коммуникативтік сайма-сайлық мәселесі. 2. Журналистика мен «PR» бұқаралық ақпарат тәсілі ретінде. Журналистика мен «PR-дің» бұқаралық ақпараттық процестердің дамуындағы рөлі. Журналистиканың пайда болуы мен дамуы. Демократиялық, бостандық және әлеуметтік жауапкершілік. 3. Бұқаралық ақпарат құралдары және жүйелеу. Бұқаралық ақпарат құралдарының топтары: баспа түріндегі баспасөз, радиохабар, теледидар, ақпараттық агенттіктер (телеграфтық агенттіктер, жарнамалық агенттіктер, жұртшылықпен байланыс жөніндегі агенттіктер), Интернет-БАҚ. Олардың негізгі қызметтік ерекшеліктері. Негізгі мазмұны Бұқаралық ақпараттық процестердегі журналистика мен «PR» рөлі туралы мәселені зерделеуді келесі сұрақтарға жауаптардан бастаған қажет: ақпарат деген не, бұқаралық ақпарат деген не, ақпараттың таралу жолдары қандай, ақпарат таратуға кімдер қатысады. Жауаптар жеңіл сияқты көрінгенімен, оларды тұжырымдай отырып, журналистика туралы кез келген кәсіби әңгіме басталатын негізгі түсініктерді белгілейміз. Десе де, «ақпарат» түсінігіне бір мағыналы анықтау осы күнге дейін жоқ екенін айта кету керек. Журналист үшін ақпарат – оқиғалар, адамдар немесе қоршаған шындықтың құбылыстары туралы жаңа мәліметтер екені барынша маңызды. Мұндай жағдайда бұқаралық ақпарат – бұқаралық мәдениет сияқты, бұқаралық тұтынушыны қызықтыратын және қажетті болып табылатын ақпарат. Осылайша, журналист өзінің мамандығының арқасында ақпарат пен бұқаралық аудиторияны билейді, ақпарат дереккөздерінің түр-түріне қолжетімдігіне және оны көпшілікке тарату тәсілдеріне мүмкіндігі мол болады. Бір жағынан алып қарасақ, қазіргі оқиғалардың көптігі жағдайында журналистің алдында көпшілік аудиторияға хабарлауға арналған ақпаратты іріктеу міндет болып тұратыны сөзсіз. Басқа жағынан қарасақ, журналистердің өзі қызықты оқиғалардың жетіспеушілігіне талай шағымданады және күні бойына айналдырған бір ақпаратты жиі бірнеше дүркін қайталап жатады. Ақпараттың таралу жолдары көп түрлі, алайда, бұқаралық ақпарат нақты бұқаралық ақпарат құралдары таратады: - баспасөз; - радиохабар; - теледидар; - Интернет. Байланыс – бұл ақпаратты беру мен алуға бағытталған іс-әрекет (нәтижесі түсіну болып табылатын бірігу). Байланыстың сапалы әрекеті байланыс процесінің екі тараптары да дайын болған жағдайда ғана іске асады. Тараптың байланыс әрекетіне дайындығы оның барабарлығында. Ал ондай сәйкестікке, өз кезегінде, дайындықтың бірыңғай жүйесі арқылы ғана қол жеткізіледі: - бір тіл, - бірыңғай мәдени орта, - адамгершілік және рухани қондырғылардың тұтастығы, - жақын әлеуметтік жағдайы, - білім деңгейі. Әлеуметтік ақпарат – қоғамның өзіне маңызы бар, қоғамдағы қалыптастырылған барлық ақпараттық өнімдердің жиынтығы. Оның негізгі белгілері: - жалпыға бірдей маңыздылығы, - бәріне қолжетімді. Басты қызметтері: - бұқаралық сананы қалыптастыру, - адамзат қоғамдастығының тұтастығын сақтап қалу. Бұқаралық ақпараттың үш түрі бар: - селқос, - еріксіз белсенділік түрінде, - ерікті белсенділік түрінде. Ақпарат бұқаралық ақпарат ағыны бойынша ағуы процесінде ғана бар болады. Ақпараттық өнім – тұсаукесер сәтінде өмірі бар және басылым түріндегі өмірі ұзағырақ болатын мәтін. Бұқаралық ақпараттық процестер (БАП) тіршілік пен қоғамның дамуына қажетті талап болып табылады. Бұқаралық ақпараттық процестер төмендегідей қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз етеді: - бұқаралық сананы қалыптастыру, - мәліметтерді қабылдау және шұғыл тарату, - қоғамдық пікірді өзі белгілеу, - көпшілікті сәйкес практикалық іс-әрекетке итеру мақсатында басқарушы шешімдерді дер кезінде дайындау және тарату, - қоғамның өмірлік тонусының қажетті деңгейін демеу, - қоғамдық практикалық іс-әрекеттердің келісімділігін арттыру мақсатында топаралық қатынастардың қажетті деңгейін қолдау – қоғам мүшелеріне көмек көрсету. Бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) жүйесі ақпаратты өндіру және таратуды біріктіреді. Осылайша, әңгіме журналистік немесе пиарлық ақпарат, басқаша айтсақ, арнаулы түрде жиналған, өңделген және белгілі талаптар мен міндеттерді есепке ала отырып, ұсынылған ақпарат туралы болып отыр. Осы талаптар мен міндеттерді іске асырумен байланысты журналистика қызметінің түрлері: - ұйымдастырушылық (қоғамдағы ынтымақтастықты ұйымдастыру), - модельдеуші (бұқаралық ақпараттық өнімдердің әрқилы түрлерін бір тұтас – газеттің нөмірі, радиобағдарлама және басқаларын ұйымдастыруға арналған құралдарды жасау), - редакциялаушы (көпшілік аудиторияның ақпараттық өнімді қабылдауын қамтамасыздандыратын қалыптарға сәйкес келтіру), - шығармашылық (арнаулы мәтіндерді дайындау), шығарушы (ақпараттық өнімді өндіру). БАҚ даму барысында жинақталған практикалық тәжірибені зерделеу негізінде кәсіби түйсіну және журналистиканы зерттеудің ғылыми әдістері тарихи қалыптаса бастады. Осы түйсінулерге бұқаралық байланыстар мен қоғам арасындағы өзара қатынастар қағидалары негіз болып табылды. Осылай, біртіндеп журнализмнің ғылыми мектептері және практикалық концепциялары жете зерттеле бастады (Немістердің «газеттануы»; ағылшын тілді журналистикадағы «жаңалықтар» теориясы; цензурадан өтетін орыс баспасөзінің «эзоп тілі»; А.Герценнің «ерікті сөзі»; большевиктік баспасөздің «ұйымдастырушылық қызметі»; посткоммунистік «жариялылық»; «төртінші билік»; М.Маклюеннің «ауқымды деревнясы»; Б.Гейтстің «Интернеті»). Қазіргі кездегі дүниеде осы заманғы журналистиканы зерттеудегі дәстүрлі тұрғыдан қарауды қолдану шегі мен мүмкіндіктері айтулы кеңейді. Таптық, постиндустриалдық және ашық қоғамда журналист тұлғасының бірдейлігін өте күрделендіріп жіберген журналистиканың коммерциялануы айқындалып келеді. Бұқаралық байланыстардың ауқымдану үрдісі ұлттық мәдениеттермен шиеленісе түсті. Әлеуметтік реформалар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының мәні онан сайын өсе түсті. Сапалық деңгеймен бекітілмеген мерзімдік басылымдардың үлкен сандық өсімі себепші болған БАҚ-на «сенім дағдарысының» күні туды. Ақпараттық саясатқа ықпал жасайтын, сырт көзге қасақана аулақтануға қарамастан, олигархтар идеологиясы мемлекеттік идеологияның орнын басты. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, біріншіден, қажетті материалдық базасы бар (ақпараттық технология құралдары: компьютерлер, программалық қамтамасыздандырылған, Интернетке қосылған, кабельдік, серіктік және басқа байланысы), екіншіден, осы салада ғылыми-практикалық және қолданбалы зерттеулер жүргізілсе және үшіншіден, барлық осы құралдар мен зерттеулер ақпаратты жалпыға бірдей, қолжетімді және оны өндіріске және көпшіліктің пайдалануына белсенді енгізуге бағытталған жағдайда ғана қоғамды ақпараттық деп атауға болады. Ақпаратты жасау және тұтынумен байланысты секторлардың өте тез жылдамдықпен өсетін индустриалды қоғамның эволюциялық жалғасы ретінде ақпараттық қоғамды қарастыруға болады. Қазіргі нарықтағы ең қымбат тұратын тауарлардың бірі – ақпарат болып табылатынына және ақпаратты капитал тәрізді жинақтап, болашақта қолдану үшін сақтауға болатынына осы уақытта ешкімнің күмәні қалған жоқ. Мәнісі постиндустриалды болатын қазіргі қоғамда, ақпараттық қорлар – байлықтың ең үлкен ықтимал дереккөзі болып табылады. Қоғамның ақпараттық дәуірге өтуіне арналған негіз болып табылатын талап – бұл, ең алдымен, жақсы дамыған материалдық-техникалық база: берік және тұрақты интернет қызмет көрсету, компьютерлер және программалық қамтамасыздандыру. Тұрғындардың жеткілікті болатын жоғары табысы және интернет-қызметтері мен компьютерлерге бағаларының төмендеуімен үйлесуінің маңызы кем болмайды. Сайып келгенде, Интернеттің мүмкіндіктерін жемісті пайдалану үшін қоғамның өзі интернет-кеңістікке кіру қажеттігін түсінуі қажет. Тап осы сәтте қоғам осы мүмкіндіктерді игере бастады. Бұл жерде барынша белсенді болып интернет-қоғамдастығы атсалысуда. Ақпараттық қоғамның басты белгілері – мыналар: - ақпараттың ауқымды сипаты, оның жанында ақпараттық ағындардың қозғалысы еркін және шектеусіз, ал ақпаратты еркін таратуды тоқтату әрекеті зиян келтіреді; - ауқымды ақпараттық индустрия дүниесінде жаңа ақпараттық тәртіп орнатуға талаптанудың қалыптасуы; - ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, беру мүмкіндігі, оған қолжетімділіктің сапалық онан жоғары сатыға көтерілуі; - адамзат қызметінің әртүрлі саласының дамуына ақпараттың ықпалы шешуші болады; - қоғамның орталықсыздану процесі тереңдей түседі; - жұмыспен қамтылудың жаңа түрлеріне көшу жаңа еңбек қорларын қалыптастыру процесін ынталандырады. «Ақпараттық қоғам» түсінігі алғаш рет 1960-шы жылдардың екінші жартысында пайда болды. Бұл термин ғылыми, техникалық және экономикалық зерттеулер жөніндегі топтың жасаған баяндамасында ақпараттық қоғам сапасы жағынан өте жоғары ақпараттың мол болатын, сонымен қатар оны бөлудің барлық қажетті құралдары бар қоғам деп тұжырымдалған. Алайда, сол уақытта терминологияда анықтық жоқ болатын. Сондықтан да, «ақпараттық қоғаммен» қатар «технотрондық қоғам», «білім қоғамы», «постиндустриалды қоғам» терминдері де қолданылды. Осы анықтамалардың бәрінде де әртүрлі мәндік реңкі болды. Алғашқы берілген мәнге ең жақыны «ақпараттық қоғам» термині болып шықты. Ол қоғамдық дамудағы прогрестің басты бағыттаушысы ақпарат болған кезеңді белгілеуге арналған уақыттан кейінірек бекітілді. Жаңа компьютерлік және ақпараттық технологиялармен байланысты адамзат дамуының мейлінше ықтимал және нақты нұсқаларының бірі «ақпараттық қоғам» атауына ие болды. 80-ші жылдардың аяғы Европалық комиссияның «Жасыл кітабында» жарияланған жаңа тұжырыммен атап өтілді. Телекоммуникациялық желілер қазіргі экономикалық және әлеуметтік өмірдің нерв жүйесі болып жарияланды. Осылайша, әлемдік ақпараттық инфрақұрылым әлемдік қоғамдастықты ауқымдандырудың басты себептерінің бірі болып шықты. 1993 жылғы АҚШ вице-президентінің баяндамасында «ақпараттық супермагистраль» түсінігі айтылса, келесі жылы ауқымды ақпараттық инфрақұрылым туралы айқындап айтты. Ұсынылатын әдебиет тізімі: Буданцев Ю.П. Системность в изучении массовых информационных процессов. М., 1986. Корконосенко С.Г. Основы журналистики. М., 2001. Лазутина Г.В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2000. Свитич Л.Г. Профессия: журналист. М., 1997. Володина, М. Н. Язык средств массовой информации [Текст] : учеб.пособие / МГУ им.М.В.Ломоносова;Под ред.М.Н.Володиной. – М. : Академ.Проект:Альма Матер, 2008. – 759 с. Средства массовой информации России [Текст] : учеб.пособие / Под ред.Я.Н.Засурского;Науч.ред.:Е.Л.Вартанова,М.В.Шкондин. – М. : Аспект-Пресс, 2008. – 380 с. Корконосенко, С. Г. Основы журналистики [Текст] : учеб. / С. Г. Корконосенко. – 2-е изд.,перераб.и доп. – М. : Аспект-Пресс, 2009. – 318 с. Кириллова, Н. Б. Медиакультура [Текст] :теория, история,практика:Учеб.пособие / Н. Б. Кириллова. – М. : Академ.Проект:Культура, 2008. – 494 с. Барежев, В. А. Организация и проведение PR-кампаний [Текст]: учеб.пособие / В.А.Барежев, А.А.Малькевич. – М.;СПб.;Н.Новгород : Питер, 2010. – 166 с. Маслова, В. М. Связи с общественностью в управлении персоналом [Текст] : учеб.пособие / В. М. Маслова. – 2-е изд. – М. : Вуз.учеб., 2008. – 207 с. Чумиков, А. Н. Связи с общественностью [Текст] : теория и практика:Учеб. / А.Н.Чумиков,М.П.Бочаров;МГУ им.М.В.Ломоносова. – 5-е изд.,перераб.и доп. – М. : Дело, 2008. – 557 с. Кондратьев, Э. В. Связи с общественностью [Текст] :практикум:Учеб.пособие / Э. В. Кондратьев. – 2-е изд. – М. : Академ.Проект, 2008. – 191 с. Абельмас, Н. В. Универсальный справочник по Паблик Рилейшнз [Текст] / Н. В. Абельмас. – Ростов н/Д : Феникс, 2008. – 237 с. Связи с общественностью в пространстве межкультурной коммуникации [Текст] : вызовы глобализации и возможности развития : Междунар.науч.конф.(26-27 мая 2010 г.,Самара):сб.ст. / Самар.гос.техн.ун-т ; под общ.ред.: В. М. Нестеренко, В. И. Ионесова. – Самара : Век # 21, 2011. – 337 с. : Гундарин, М. В. Книга руководителя отдела PR [Текст] : практ.рекомендации / М. В. Гундарин. – 2-е изд.,доп. – М.;СПб.;Н.Новгород : Питер, 2009. – 330 с. Солганик, Г. Я. Толковый словарь. Язык газеты, радио, телевидения [Текст] : ок. 6000 слов и выражений / Г. Я. Солганик. – М. : АСТ:АСТРЕЛЬ, 2002. – 752 с. Стернин, И. А. Практическая риторика [Текст] : учеб.пособие / И. А. Стернин. – 5-е изд.,стер. – М. : Academia, 2008. – 269 с. Шляхова, С. С. Русский PR-текст: 100%-ное достижение результата [Текст] / С. С. Шляхова. – Ростов н/Д : Феникс, 2009. – 414 с. Доброва, В. В. Психологические особенности субъектов диалогического дискурса [Текст] : моногр. / В. В. Доброва ; Самар.гос.техн.ун-т. – Самара : [б. и.], 2010. – 93 с. |