Главная страница

БОӨЖ 2. Аябуын аппараты балалар мен ересектерде біршама ерекшеленеді. Аята келесі ірі буындарды блуге болады жамбассан буыны, тізе буыны, сираая басы буыны, ая башпайларыны буыны


Скачать 13.82 Kb.
НазваниеАябуын аппараты балалар мен ересектерде біршама ерекшеленеді. Аята келесі ірі буындарды блуге болады жамбассан буыны, тізе буыны, сираая басы буыны, ая башпайларыны буыны
Дата04.02.2022
Размер13.82 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаБОӨЖ 2.docx
ТипДокументы
#351522

Аяқ-буын аппараты балалар мен ересектерде біршама ерекшеленеді. Аяқта келесі ірі буындарды бөлуге болады: жамбас-сан буыны, тізе буыны, сирақ-аяқ басы буыны, аяқ башпайларының буыны. Адам қаңқасының сүйекаралық байланыстарын зерттейтін ірі тұлғалы ілімді артрология деп атайды. Сүйекаралық байламдар, буындар, шеміршіектік және сүйектік тіндер байланысы мен адам қаңқасын құрайтын сүйектер жиынтығы, құрылысы мен қызметі өте күрделі жүйені құрайды. Бұл жүйенің негізгі қызметі адам қаңқасының дара орналасқан сүйектерін бір-бірімен жақындастыру, байламдар мен буындар арқылы сүйектердің азды көпті қозғалысын қамтамасыз етеді.

Балалардағы қаңқалық өзгерістер Буындардың неғұрлым ұдайы дамуы 2 -3 жас арлығында баланың қозғалыс белсенділігінің артуына байланысты байқалады. 3 -8 жас аралығындағы балаларда барлық буындардағы керілісі көбейеді, буын капсyласының, байламдардың коллагенизация үрдісі жылдамдайды. 9 және 12 -14 жас аралығында буын сіңірлерінің қайта дамуы ақырындайды. Буын беткейлерінің, капсуланың және байламдардың қалыптасуы негізінен 13 -16 жас аралығында аяқталады.

Буынның негізгі элементтеріне: буын қапшығы; қосымша элементтері: буын байламдары, буын менискілері, май қатпарлары. Буын қапшығы: ортан жіліктің және тізе тобығының буын беті жиегі айналасында бекиді. Артқы бетінде синовиалді қатпарлар түзілген, арасында май тіндері орналасқан. Олар май қатпарларының қызметі: тізе буынының буын беттерін жақындастыру. Буын беттері ойыстау келіп буын басының буындық бетіне сәйкес келмегендіктен, тізе буынының буын беттері медиалді және латералді мениксілермен толықтырылған. Мениксілердің алдыңғы беті: менискіаралық көлденең байлам, ұштары айдаршық аралық көтеріңкі арқылы байланысқан.

жаңа туған нәрестенің буындық капсулалары қатты тартылған, байламдардың көпшілігі оларды құрайтын борпылдақ орналасқан талшықтардың жеткіліксіз дифференцировкасымен ерекшеленеді.


написать администратору сайта