Мамандықтар әлеміне саяхат. Аюды тапсырмасы Дрігер деген кім
Скачать 0.78 Mb.
|
2022-2023 оқу жылының желтоқсан айында бейінді оқытудың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 5-сыныпта өткізілген «Мамандықтар әлеміне саяхат» интеллектуалды ойынының қорытындысы. №181 орта мектепте 2022 жылы желтоқсанның 15-і күні бейінді оқыту жұмыстарының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 5 "Б" сынып жетекшісі А. Жұмашеваның ұйымдастыруымен "Мамандықтар әлеміне саяхат" тақырыбында интеллектуалды, ойын-сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар өздері қалаған мамандықтары жайлы түсініктер берді. Мамандыққа сәйкес жұмбақтар айтылып, түрлі ойындар жүргізілді. «Бауырсақ» ертегісінің желісінде аңдардан қорғану үшін мамандықтар бойынша сұрақтарға жауап берді. Аюдың тапсырмасы: Дәрігер деген кім? Қоянның тапсырмасы: Ұстаз деген кім? Қасқырдың тапсырмасы: Полиция қызметкері туралы айт. Ойын арқылы оқушылар барлық мамандықтарды өз білгендерінше айтып берді. «Дұрыс па, бұрыс па» ойыны ойнатылды. Мақал-мәтелдерді жалғастырды. «Құрылысшыға көмектес» ойыны ойнатылды. Сабаққа мектеп басшылары С.Бакирова, Ш.Әлібековалар қатысып, оқушыларға ризашылықтарын білдірді. Өткізілген іс-шара әлеуметтік желіде таратылды. Анықтаманы дайындаған: Директордың орынбасары Г.Нурумбетова |