Главная страница

медиатор эссе. медиатор. аза халы шін бітімгершілік билік айтуды е озы негесі


Скачать 15.62 Kb.
Названиеаза халы шін бітімгершілік билік айтуды е озы негесі
Анкормедиатор эссе
Дата28.09.2022
Размер15.62 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файламедиатор.docx
ТипДокументы
#701855


     Елімізде 2011 жылдың 28 қаңтарында қолданысқа енген ҚР «Медиация туралы» Заңы атауы ерекше болғанымен қазақ халқы үшін жат дүние емес. Дала билігінің дара тұлғалары – Төле би, Қазыбек би, Əйтеке билер бастаған дана билер ел арасындағы кез келген дау-дамайды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтауға аса назар аударған.

 

Қазақ халқы үшін бітімгершілік – билік айтудың ең озық өнегесі. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді елімізде жаңа серпінмен қолға алынуы құптарлық жайт. Қай заманда да қазақ сөзге тоқтаған, қара қылды қақ жарып айтқан билердің сөзін аяқасты етіп кетпей ымыраға келіп, бейбіт тірлігін жалғастырған ел. Бір кездергі жер мен жесір дауы, барымта мен қарымта дауы ел ішіндегі от ауызды, орақ тілді шешендер мен данагөй ақсақалдардың араласуымен әділ шешімін тауып отырған. Ол қазақ даласындағы демократияның жарқын көрінісі ретінде танылды. Ауыл мен ауыл, ру мен рудың, жеке адамдардың арасындағы қатынастан туындаған даулардың түйінді шешімдерін, бірлік мен ынтымақтың, қарапайым ұлылықтың қаймағын бұзбай, алымды, дуалы ауызды, сөздің ұтымын айта білетін, отты, орақ тілді би бабалар, көсем де шешен ақсақалдар мен аталар әділ, тура кесім айтып отырғанын білеміз . Осы заңның төңірегінде билердің данагөй, дуалы ауызды, сөздердің ұтымын айта білетін, отты, орақ тілді би бабаларымыз, көсем де шешен ақсақалдар мен аталарымыз, әділ, тура кесім айтып шешіп үлкен елдік пен ірілікпен, бітімгершіліке келтіріп шешу бағытындағы дәстүрлі тәжірибе болғаны баршамызға белгілі.

Сол ұлы дәстүр бүгінде заңнамаға еніп, өмірімізге қайта келуде.

Медиация – қоғамды бірлестірудің басты күші ретінде келісімге келу, даулар мен келіспеушіліктерді өзара тиімді шешімге келтіру, азаматтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша соттан тыс реттеу, шешу, соттардан тыс тәртіппен жүргізу институттар жүйесін және оның оң тәсілдері мен тетіктерін одан жоғары дамытуды қолға алған дұрыс.

Қазақ билері тәжірибесін терең тану барысында «Медиация» заңының қазақ тарихында бұрын соңды болғанындығына және қазіргі заманда жүзеге асырудың маңызды құралына айналғанын тілге тиек еткіміз келеді. Медиация — даулы мәселені оңтайлы шешудің балам тәсілі. Медиация сөзі латын тілінен аударғанда делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді.Медиация тәсілі- сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы . Медиаторға судьяның өкілеттігі, шешім қабылдау, оны орындату құқы берілмеген, керісінше ол тараптардың өзара тиімді бітім арқылы келісімге келулеріне ықпал жасайды. Дауласушы тараптар арасындағы кекшілдік, бір беттілік, қыңыр, тәкаппар мінездер басымырақ болып, нәтижелі келісімге кедергі болған жағдайда, кикілжіңнің әрі қарай өршімеуі үшін білімді, беделді, бейтарап медиатордың көмегі өте қажет.

Қазақ халқының «Даудың биік шыңы — бітім» деген керемет қазыналы, мағынасы терең аталы сөздері бар емес пе? Негізін айтқанда, медиация Заңы қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата- бабалар жолымен дәріптелген, дәстүрлі әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, тиімділігі мен болашағы мол екеніне кәміл сенім білдіреді.


написать администратору сайта