эссе. Тарих эссе. аза лтты аграрлы университеті оммерциялы емес акционерлік емес нымы су, жер жне орман кафедрасы
Скачать 23.12 Kb.
|
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ЕМЕС ҰНЫМЫ СУ, ЖЕР ЖӘНЕ ОРМАН КАФЕДРАСЫ. СӨЖ Тақырыбы: Қазақ КСР-ның Егемендік туралы Декларациясы. Орындаған: Изтелеуов Адильхан Тобы: ВР21-16 Кабылдаған: Ержанова Меруерт Алматы – 2021 ж Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» 1990 жылы 25 қазан күні 18 сағат 55 минутта қабылдады. «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда» Қазақстан аумағынын біртұтастығы мен оған жат көзкарас, қарсы әрекеттер болмайтындығы бекітілді. Декларацияда аса маңызды мәселе — республиканың өз бюджетін қалыптастыратындығы айқындалды. Казақстанның мемлекеттік егемендігі туралы. Мемлекеттік егемендік туралы декларация 1990 жылы қазанда қоғамдағы жағдай барынша шиеленістірді. Халық депуттары арасынан парламент жұмысын жандандыруға баламалы қозғаушы күш болу мақсатында «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобы құрылды. Марат Оспанов бастаған «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобына Б. Қадырбеков, Е. Ертісбаев. Ю. Сытых, М. Оспанов, П. Своик және облыс орталықтарындағы жұмысшылар комитеттерінің өкілдері мүше болды. 1991 жылы олардың саны 54 депутатқа жетті. Олар «Азат», «Единство» қозғалыстарымен және басқа да ресми, ресми емес топтармен байланыс орнатты. Бұл күрделі кезеңде — «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобы барынша белсенді қызмет атқарды. Олардың билік құрылымын партиядан тазарту туралы ұсыныстары Жоғарғы Кеңестің партиялық-шаруашылық активінде наразылық тудырды. Сондай-ақ, «Демократиялық Қазақстан» депутаттық тобы мүшелері ұсынған «Егемендік туралы декларацияның» баламалы жобасы республикалық және одақтық баспасөз беттерінде ерекше дүмпу тудырды. Жоба авторлары 1990 жылдары барлық одақтас республикаларда қабылданған ұлттық мемлекеттілік және құқықтық мемлекет туралы тұжырымдамалар қарама-қайшы болды дегенді алға тартты. «Демократиялық Қазақстанның» жетекшілері полиэтникалық қоғамда ұлттық мемлекеттілік тұжырымын жүзеге асыру жағымсыз салдарға әкеледі деп санады. Ұлттық республиканың орнына азаматтық қоғам құрылуы тиіс деген ұстанымда болды. Қазақ зиялылары «егемендік алдымен тілге берілсін» деген ұсыныс тастады. Филология ғылымдарының докторлары Бабаш Әбілқасымов, Сапарғали Омарбеков «Социалистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 3 қазандағы санында Қазақ КСР-інің мемлекеттік Егемендігі туралы Декларациясының жобасы тіл туралы заңға қайшы келіп тұрғанын айтып, дабыл көтерді. Тіл туралы заңда орыс тілі — Қазақстан жерінде ұлтаралық қарым-қатынас тілі деп жарияланған болатын. Декларация жобасын жасаушылардың оны ресми тіл деп өзгертіп жібергені сынға алынды. Ғалымдар орыс тілін Қазақ КСР-інде ресми тіл деп жариялау — қазақ тілінің мемлекеттік статусын жоққа шығарумен пара-пар екенін, өзі көктеп, өркен жайған туған топырағында қазақ тілінің ресми тіл болуға да әбден құқығы бар екенін дәлелдеді. Декларация жобасы қызу талқыланды. Декларацияның негізгі жобасы және оған балама негізде ұсынған «Демократиялык Қазақстан» тобының жобасы, депутаттардан, жалпы жұртшылықтан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөнінде арнайы комиссия құрылып, депутат Салық Зимановтың басшылығымен бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 1990 жылы 15 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екінші сессиясында «Егемендік туралы Декларацияның» жобасы жөнінде талас пікірлер болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Е. Асанбаев тарапынан «Демократиялык Қазақстан» жобасы өте кеш ұсынылды. Жоғарғы Кеңеске мәлім етілмей, баспасөзге жарияланды. Сондай-ақ, оның құрамындағы 30 депутат сессияға дейін белгісіз болып келді деген пікірлер айтылды. Декларацияның негізгі жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін құрылған комиссия мүшесі депутат Сұлтан Сартаев «Демократиялық Қазақстан» тобындағы депутаттардың «ұлттык республика дегенді жойып, азаматтық қоғам құрайық» деген пікіріне қарсылық білдірді. Депутат С. Сартаев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып: «Ұлттық мемлекет азаматтық қоғамға, яғни құқықтық мемлекетке қайшы келмейді. Мәселен. Англия — кұқықтық мемлекет. Алайда ол ағылшындардың ұлттық мемлекеті. Сондай-ақ, Франция, Испания, Жапония тағы да басқа көптеген ұлттық негіздегі құқықтық мемлекеттерді мысалға келтіруге болады. Біз де осы мемлекеттердің үлгісінде өзіміздің егеменді, ұлттық республикамызды дамытамыз, гүлдендіреміз. Декларациядағы қазақ деген сөзден қорқатын ештеңе де жоқ. Қазақ ұлты, сонау ерте дәуірден тілі, ділі калыптасқан, кіндік қаны тамған өз атамекені бар халык қой. Енді келіп оны мүлде сызып тастау мүмкін емес», — деген түсінік берді. Келешекте республика өмірінде аса маңызды рөл атқаратын бұл құжат жобасы қызу талқыланды. Парламент мүшелері Декларацияның әрбір сөйлеміне. сөзіне жете мән беріп, айтылған ұсыныстарды сол бойда дауысқа салып отырды. "органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстары, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорандығы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принцепін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.Декларация — еліміз Конституциясының негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі. Бұл құжатта Қазақстан «халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, халықаралық ұйымдардын қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет деп жарияланды. Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалык және ғылыми-техникалық әлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше құқығын баянды етті. Егер егемендік қағидаттарына қайшы келетін болса, Қазақстан аумағында КСРО заңдарын тоқтату құқығын белгіледі. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігін жариялау — Қазақстан үшін өз дамуының жолын дербес анықтау мүмкіндігін ашқан тұңғыш акті болды. Декларацияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады"деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. |