Главная страница
Навигация по странице:

  • Ықтимал жауап

  • Қазақ тілі ІІ нұсқа 8 сынып

  • Бұрыннан білемін Жаңа ақпарат Менің ойлағаныма қайшы Білгім келеді

  • Тест. Нөлдік тест-1. аза тілі і нса


    Скачать 20.66 Kb.
    Названиеаза тілі і нса
    Дата20.09.2022
    Размер20.66 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаНөлдік тест-1.docx
    ТипДокументы
    #687495

    Қазақ тілі

    І нұсқа

    8 сынып

    Ұзақтығы - 40 минут

    Балл саны - 10
    Мәтінді оқыңыз. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

    «Ковент-Гарден» театры Британия астанасы Лондонның белгілі ауданының атымен аталады. 1732 жылы шымылдығын ашқан бұл театр «Корелевалық театр» деген атпен танылып, Лондонның ең үздік өнер ордасына айналды. Драмалық театр боп ашылған театрда қазір опера мен балет қойылады.

    Италияның Милан қаласында орналасқан «Ла Скала» театры 1778 жылы 3 тамызда Антонио Сальеридің «Танылған Еуропа» операсымен ашылды. Театр сахнасында әйгілі өнер майталмандары Пуччини, Беллини, Верди, Росини операларының тұсауы кесілді.

    Франция елінің астанасында есімі көпшілікке белгілі «Гранд Опера» театры бой көтерген. 1669 жылы XIV Людовиктің келісімімен сазгер Камбер мен ақын Перрен театр негізін қалады. Ғасырлар бойы театр өз атауы мен мекенжайын бірнеше мәрте өзгертті. 1875 жылы сәулетші Шарль Гарньенің жобасы мен қаланың IX округін де театр ғимараты тұрғызылды. Қазіргі таңда «Гранд Опера» театрының атауы «Гарнье Сарайы» болып өзгертілді. Бұл театр сахнасында қазақтың әйгілі әншісі Майра Мұхамедқызы ән салды. Әлемнің ең үздік театрларының бірі – Аустрия астанасы Вена қаласында орналасқан опера театры 1869 жылы мамыр айында Моцарттың «Дон Жуан» операсымен ашылды. Театр ғимараты ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде біраз қиратылды. 1955 жылы қалпына келтіріліп, Бетховеннің «Фиделио» операсымен ашылды. Жыл сайын театрда 60-тан астам жаңа операның тұсауы кесіліп, «Опера балы» ұйымдастырылады.
    1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.

    A. Әлемдегі биік ғимараттар

    B. Әйгілі қалалар

    C. Әлемнің әйгілі театрлары
    2. «Ковент-Гарден» театры 1732 жылы қандай атпен танылды?

    A. «Дон Жуан»

    B. «Гарнье Сарайы»

    C. «Корелевалық театр»
    3. Тырнақша дұрыс қойылған сөйлемді тап.

    A) Италияның Милан қаласында «Ла Скала» театры 1778 жылы 3 тамызда Антонио Сальеридің «Танылған Еуропа» операсымен ашылды.

    B) Италияның «Милан» қаласында «Ла Скала театры» 1778 жылы 3 тамызда Антонио Сальеридің «Танылған Еуропа» операсымен ашылды.

    C) Италияның «Милан» қаласында Ла Скала театры 1778 жылы 3 тамызда «Антонио Сальеридің Танылған Еуропа» операсымен ашылды.
    4. Мәтінге тақырып қойыңыз.

    A. Театр дегеніміз не?

    B. Зәулім ғимараттар

    C. Әлемнің әйгілі театрлары
    5. Берілген сөйлемнің ішінен шылау сөзді тап.

    1669 жылы XIV Людовиктің келісімімен сазгер Камбер мен ақын Перрен театр негізін қалады.

    А. сазгер

    В. мен

    С. келісімімен
    6. Мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін табыңыз.

    A. театр, қала, ғимарат

    B. сахна, қойылым, опера

    C. театр, ғимарат, жаңа опера
    7. Емле ережесі бойынша жазылған сөзді белгіле.

    A) ойсылқара

    B) Қамбарата

    C) Ер Тарғын
    8. Ғылыми стильдің ерекшелігін белгілеңдер.

    A) Ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделеді.

    B) Сөйлемдер сауатты құрастырылып, бастауыштық қатынаста болады.

    C) Образды сөздер көптеп кездеседі.
    9. Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндір.

    Шымылдығын ашқан, майталмандар.............................................................................................................................................................................................................................................................
    10. Мәтін бойынша 2 сұрақ құра.


    Жауаптары


    1

    С

    2

    С

    3

    А

    4

    С

    5

    В

    6

    С

    7

    С

    8

    А

    9

    Ықтимал жауап:Шымылдығын ашқан – жаңадан ашылған. Майталмандар – мықты, ірі тұлғалар.

    10

    Ықтимал жауап:

    1. Қазақстан театр саласының дамуы жөнінде нешінші орында?

    2. Ең алғашқы театр қай қалада бой көтерді?


    Қазақ тілі

    ІІ нұсқа

    8 сынып

    Ұзақтығы - 40 минут

    Балл саны - 10
    Мәтінді оқыңыз. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

    Түркілердің жазуы туралы ең алғашқы мәліметтерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түркі жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда, түркілер IV ғасырдың екінші жартысында өз жазуларын кең ауқымда қолданған.

    Түркілер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда, өз жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліметтер бар. Мысалға алғанда, Византия императорына түркі елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз естелігінде көрсеткен.

    Орта ғасырды алғанда түркілердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамда 35 әріп бар. Ал көне түркі жазуы руна немесе сына жазуы деп аталған.

    Көне түркі жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағынан көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгілісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түркілердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан да көне түркі жазуының ескерткіштері табылған. Түркінің жазба ескерткіштерінің көп кездесетін жері – Сібір өлкесіндегі Енисей өзенінің бойы. Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан шығатын қорытынды, VII-IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық мемлекеттерде көне руналық түркі жазуы қолданылу аясы біршама зор болған.

    Қазіргі ғылымда жиі естілетін «руна», «рунология» сөздерінің қандай мағына беретінін көбісі біле бермейді. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенді білдірмейді. Оны «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды. «Руна» сөзі – латынның «арканум» (мысал, «Таро арқаны») немесе грекше «мистерион» (мистерия) сөздерінің аналогі. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді.
    1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.

    A. Көне тайпа

    B. Ежелгі түркілер

    C. Түркі руна жазбалары
    2. Қай сөйлемде тырнақша дұрыс қойылған?

    A. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенді білдірмейді. Оны «құпия» және «белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды.

    B. Руна әріп және «белгі» дегенді білдірмейді. Оны «құпия» және белгісіз сөздерімен ұштастыруға болды.

    C. «Руна» «әріп» және «белгі» дегенді білдірмейді. Оны «құпия және белгісіз» сөздерімен ұштастыруға болды.
    3. Түркілер қай ғасырда өз жазуларын еркін қолдана бастаған?

    A) V ғ.

    B) IX ғ.

    C) IV ғ.
    4. Мәтінге тақырып қойыңыз.

    A. Ежелгі түркілер

    B. Ежелгі тайпалар

    C. Түркі руна жазбалары
    5. Берілген сөйлемнің ішінен жалғаулық шылауды тап.

    Орта ғасырды алғанда түркілердің төл жазуы және алфавиті болған

    А. орта

    В. және

    С. төл
    6. Мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін табыңыз.

    A. түркі, елші, алфавит

    B. тас, жазу, таңба

    C. атақты билеуші, тас, әріп
    7. Сөздердің байланысу тәсілдерінің неше түрі бар?

    А) 4

    В) 3

    С) 2
    8. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөздерді тап.

    А) біршама, алфавиттік

    В) руна, тас

    С) түркі, өзен
    9. Берілген кестені пайдаланып, мәтін бойынша қорытынды ойыңды жаз.


    Бұрыннан білемін

    Жаңа ақпарат

    Менің ойлағаныма қайшы

    Білгім келеді












    10. Мәтін бойынша 2 сұрақ құра.

    Жауаптары


    1

    С

    2

    А

    3

    С

    4

    С

    5

    В

    6

    С

    7

    А

    8

    А

    9

    Ықтимал жауап:1.Түркілердің жазуы туралы кездесетін деректерді.2. Әр рудың алфавиттік құрамында 35 әріптің болуы. 3. Руна сөзінің мағынасын көптеген адамдар біледі. 4. Көптеген ежелгі тайпалардың жазу тарихын білгім келеді.

    10

    Ықтимал жауап:

    1. «Руна» сөзі қазіргі ғылымда қаншалықты қолданысқа ие?

    2. Көне жазба ескерткіштері туралы әлі де ашылмаған құпиялары болуы мүмкін бе?



    написать администратору сайта