Аналитикалық эссе. Капарова Алмагуль. ҚТӘ-13. "аза тілі мен аза мдениетіні лтты мдени кодын сатаудаы рлі" (леуметтіксаяси білім модулі) Мдениеттану
Скачать 20.38 Kb.
|
Павлодар педагогикалық университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі Тақырып: "Қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің ұлттық мәдени кодын сақтаудағы рөлі" (әлеуметтік-саяси білім модулі) «Мәдениеттану» пәні бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ ЭССЕ Орындаған: Капарова Алмагуль Студент, топ: ҚТӘ-13, 1-курс Білім бағдарламасы: Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерін даярлау Тексерген: Курмангазина Гульнара Жанабердиновна Павлодар 2020 ж. "Қазақ тілі мен қазақ мәдениетінің ұлттық мәдени кодын сақтаудағы рөлі" Жоспар 1. Кіріспе. Елбасымыздың негізге алған бағдарламасы 2. Негізгі бөлім. 1) Ұлттық код қайда? 2) Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қатері 3) Оң нәтижелі және шешілуі керек мәселелер 3. Қорытынды: Кемел келешегіміздің ұтымды шешімі! Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көктемнің сәуір айында «Егемен Қазақстан» республикалық газетіне жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланған кезде, алғаш ойыма келген нәрсе: Елбасымыздың осы көтерген мәселесінің ауқымы кең әрі ірі екендігі. Оның әр сөйлемінде, әр сөзінде сұрыпталған сөзді, жан толғанысынан, ойынан шыққан тұжырымды аңғаруға болады. Осы бағдарламада ең алдымен, еліміздің біртұтас ұлт болуын мақсат етіп, соған барар жолдағы ұлттық рухани болмысымыздың мәні қалай болуы керек, нені негізге алып, келесі ұрпаққа табыстар мұрамыздың сипаты қандай болуы керек, бүгінгі жастардың идеялары қандай, қандай мұратқа жетпекші, батысқа еліктеу еліміздің болашақ межесіне үлгі бола алама деген сынды сан қилы сұрақтардың, мәселелердің шешімі және оның бағдары кеңінен қозғалып, тиянақталған. Елбасымыз ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды дейді. Неліктен? Өйткені, «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу». Сонымен, ұлттық код қайда? Ұлттық код – ең алдымен тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған. Бірақ, елімізде әлі де болса, орысша сөйлейтіндер өте көп. Жоқ, бұл орысша мүлдем сөйлемеу керекпіз дегенім емес. Абай атамыз: «Қанша тіл білсең, сонша адамсың» демекші, көп тіл білген әрине жақсы. Бірақ менің ойымша, ең алдымен шенеуніктер, саясаттың басы-қасында отырғандар, таза қазақ тілінде сөйлеуі керек. Бұл еліміздің ең алдымен, саясатын арттырып, көпке үлгі болар еді. Ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың кемелдене дамуын Елбасымыз үлкен мәселе етіп көтеріп, екі қырын атап көрсетеді: ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. «Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қатерінің» де бар екенін ескертеді. Ол қандай қатер? десеңіз. Қатер мынада: өзгенің ұлттық даму үлгісі жұрттың бәріне ортақ әмбебап үлгі бола алмайды. Елбасымыздың көрсетуінше, «іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда». Мен мұны дер кезінде айтылған пікір дер едім. Елбасымыз бұл қатерді неге ескертіп отыр? Демек, өзге ұлттың даму үлгісінің бәрін көшіріп ала беру, өз еліміздің ерекшелігін, халқымыздың ділін, мінезін, рухани және материалдық құндылықтарымызды ескермеу бізде жоқ емес. Осы қатер туралы қазіргі басшылар да көп ойланса, нұр үстіне нұр болар еді. Осы тұрғыда, қазіргі уақытта халық көңілінен шықпай, ерекше алаңдатып отырған мәселенің бірі – бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін енгізу, жоғарғы сыныптарда жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту дер едім. Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде мектепте және жоғары оқу орындарында жаппай оқыту қазақ тілінің ғылым тілі бола алмайтындығының басты кепілі болмақ. Қатер ме? Әрине, қатер. Білім жүйесінде шетелдің бәрі жақсы екен деп, түгел сол жүйені көшіріп әкеле салғанда, жоғары деңгейде дамып кетеміз деу күпірлік қана емес, оның ар жағында ұзаққа шаба алмайтын шабандық та жатады. Елбасымыз ескертіп отырғандай, қазақ білім жүйесінің өзінің дербес даму үлгісі жасалуы қажет. Ол ұлттық сананы, ұлттық рухты асқақтатып, жастардың бойындағы ұлттық сананың кемелденуіне жетелеуі тиіс. Н. Ә. Назарбаевтың «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деуінің мәнісін терең түсіну абзал. Бірінші сыныптан балаларға үш тілді оқытуды немесе жаратылыстану пәндерін тек ағылшын тілінде оқытуды қолдамау үштілділік идеясына қарсылық емес. Ағылшын тілін оқудың, үйренудің бүгінгі таңда еліміздегі жастар үшін мотивациясы да жоғары, мүмкіндігі де мол. Болам деген баласына ата-анасы кез келген тілді ақылы түрде оқыта алады. Бұл біздің ұлттық кодымызда жаңғырған, қажеттілікке айналған, кодталған мінез. Ал оқығысы келгендерге арнап, тегін әрі өз қалауынша оқып үйрену үшін, ағылшын курстарын ашып қою арқылы да көп мәселені шешуге болар еді. Елбасымыз таяу жылдардағы басты міндеттердің бірі және негізгісі ретінде қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын біртіндеп бастау керектігін нақтылайды. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап айтыла бастаған бұл мәселенің қазір шешілетін сәті келгендей. Әлеуметтік желілердегі кешелі-бүгінді жазылып жатқан пікірлер легін саралау да, көпшіліктің бұл реформаны қолдайтынын аңғартады. Тәуелсіз Еліміз әлемдік өркениетте өзіндік орнын белгілеп, алдыңғы қатарға шығу үшін ұйымдасуда. «Тарихтың темір қақпанына түспеу үшін» эволюциялық даму бағытымен, өркендей дамуды басты бағдар ретінде белгілеп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауды қалайды. Қазір бірінші сыныпқа барған балалардың 90 пайыздайы қазақ сыныптарында отыр, жоғары оқу орындарындағы аудиторияларда қазақ топтары 85-90 пайызды құрайды. Демек, латын әліпбиіне көшудің ең басты алғышарттары орындалды деуге толық негіз бар. Ендігі басты мәселе қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау. Біздің пайымдауымызша, мұндай стандарт бізде бар. Ол Ахмет Байтұрсынұлы жасаған әліпбидің негізін сақтайтын латынша таңбалық нұсқалары. Келесі кезекте, «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз» - деген Елбасымыздың сөзі. Шынында да, білімнің көзі – оқулықта демекші, соңғы екі жылда мектеп те, жоғарғы оқу орындар да жаңа кітаптармен қамтылды. Қорытындылай келе, айтқым келетіні, ұлттың ең басты қуаты – оның ішкі бірлігі. Абай айтқандай, «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», өзара жанашырлық, ұлтқа қызмет ету, тұрақтылықты, қауіпсіздігін ойлауды талап етеді. Және де бұл арада Елбасымыздың ұтымды ойы өте жақсы нәтижесін беріп жатқанын ескеру керек. Еліміздің ұлттық кодын сақтау, тілін меңгеріп, салты мен дәстүрін жаңғырту – кемел келешегіміздің биік шыңы болмақ! Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. https://stud.kz/referat/show/87152 2. https://egemen.kz/article/160837-rukhani-kod-%E2%80%93-ulttynh-ishki-dgan-duniesi 3. Қазақ әдебиеті. Баспа: Алматы «Мектеп» 2009. 9-сынып |