Главная страница

апмапмвы. 21-2022год декада каз.яз. аза тілі мен дебиет апталыын ткізу орытындысы бойынша анытама 20212022 оу жылы 20212022 оу жылыны суір айыны 2103 аралыында Тілім арым мені матанышым


Скачать 15.68 Kb.
Названиеаза тілі мен дебиет апталыын ткізу орытындысы бойынша анытама 20212022 оу жылы 20212022 оу жылыны суір айыны 2103 аралыында Тілім арым мені матанышым
Анкорапмапмвы
Дата09.03.2023
Размер15.68 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла21-2022год декада каз.яз.docx
ТипДокументы
#975749

Қазақ тілі мен әдебиет апталығын өткізу қорытындысы бойынша анықтама

2021-2022 оқу жылы

2021-2022 оқу жылының сәуір айының 21-03 аралығында «Тілім – арым менің мақтанышым» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша әдістеме бірлестігінің мұғалімдері 6 ашық сабақ, 5 сыныптан тыс шара және 7 сыныптар арасында интеллектуалды ойын өткізді.

Тәуелсіздік күніне арналған жиын салтанатты түрде І кезеңде және ІІ кезеңде ашылып, жоспар жарияланды. «Тілім – арым менің мақтанышым» атты сынып газеттері шығарылып, мектеп қабырғасына ілінді. Ашық сабақ пен іс-шаралар жоспар бойынша жақсы деңгейде өткізіліп, мұғалімдер сауатты, мазмұнды сабақ көрсетті.

2 «Д» сыныбында Даужанова З.Ж. «Наурызда ән айтады» атты сабағын өткізді. Оқушылар сабақ бойы сұрақтарға жауап беріп, үлестірмелі тапсырмалармен, топтық жұмыстарда белсенділік танытып, қазақ тілінен жақсы білімдерін көрсетті. Сабаққа ӘБ жетекшісі Айшикова А.А., бастауыш буынның тәжірибелі ұстаздары Алмуханова Ш.Г. мен Избасова А.Г. қатысып, сабақтың өте жақсы деңгейде өткенін бағалады.

3 «Б» сыныбында Алмуханова Ш.Г. «Қошақаным сүйкімді», Избасова А.Г. «Бала ақын» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Шолпан Губайдуллиевна мен Алмагуль Габдрашевна тәжірибелі мұғалімдер, әр сабағына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сабақтары қызықты, мазмұнды өтті. Сабақ барысында оқыту әдіс-тәсілдері тиімді таңдап алынғаны байқалды. Сабаққа қатысқан мұғалімдер Каримова Э.Т. пен Айшикова А.А. сабақтың жақсы деңгейде өткенін айтты.

1 «Е» сыныбында Джапарова С.К. мен Сунгатова Г.Е. «Ертең мереке» атты сыныптан тыс шара өткізді. Шараға қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері: Айшикова А.А., Шайхиева Г.Н. қатысты. Әдістемелік тұрғыдан сабақ сауатты құрылған, мұғалім қосымша материалдар қолданып, оқушыларға қызықты тапсырмалар берді. Оқушылар ұлттық ойындарды қызыға ойнап, өз өнерлерін көрсетті.

«Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынды Жулкашова Ж.У., Шумбалова А.Ф. 9 «Б» сыныпта өткізді. Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысты. Қазақ тілін жақсы меңгергендерін көрсете білді.

7 «А» сыныпта мәнерлеп оқу сайысын Байгельдиева М.Е. өткізді. Сыныптан тыс шара ойын түрінде өтті. Сынып оқушылары үлкен жауапкершілікпен қатысып, өлеңдерді тамаша мәнерлеп, нақышына келтіріп жаттап айтты.

Мукашева Т.Ж. «Талаптыға нұр жауар» атты ашық сабақты 11 «А» сыныбында өткізді. Сабақ құрылымы, дайындығы жоғары деңгейде. Оқушылар пән бойынша өз білімдерін көрсетіп, қазақ тілін жақсы меңгергендіктерін дәлелдеді. Ұстаз сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақты шебер өткізді.

Жанкарина Г.У. 8 «А» сыныбына «Наурыз – түркі халықтарының дәстүрлі мейрамы» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар тақырыпты жақсы меңгергенін көрсете білді. Топтық және жеке жұмыстарда белсене араласып, білімдерін көрсете білді. Мұғалім жаңартылған білімге сай сабақ жақсы құрған. Тапсырмалар оқушылар деңгейіне сай.

Айшикова А.А., Шайхиева Г.Н. М.Мақатаевтың «Өнер кешін» және Каримова Э.Т., Дюсембаева Л.С. «Менің Қазақстаным» тақырыбында сыныптан тыс шараларды өткізді. Бұл ұстаздар әр сабақтарына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Әр балаға жауап беру мүмкіндігі берілді. Әр жауаптан кейін мұғалім оқушыларға жылы сөздер мен мақтау айтып, оларды демеп тұрды. Өте орынды әрекет! Оқушылардың сабаққа деген ынтасы арта түскені анық байқалды. Іс-шаралар өз мақсатына жетіп, оқушылар өте жақсы деңгейде белсене қатысты.

Ұсыныс:

1. Сабақтар жақсы әдістемелік деңгейде өткізіліп, мұғалімдер әріптестерінің жасаған ескертпелері мен ұсыныстарына назар аударсын.

2. Ашық іс-шараларға әдістемелік бірлестіктің барлық мүшелері қатыссын.

ӘБ жетекшісі: Айшикова А.А.


написать администратору сайта