коучинг. білім сапасын арттыру коучинг. аза тілі мен дебиеті сабаында білім сапасын арттыру жолдары Коучинг 20212022 оу жылы Таырыбы
Скачать 108.57 Kb.
|
«№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім сапасын арттыру жолдары Коучинг 2021-2022 оқу жылы Тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім сапасын арттыру жолдары Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім сапасын арттыру жолдарына жүргізілетін жұмыстарды көрсету, мұғалімдермен өзіндік іс-тәжірибемен бөлісу, тапсырмалардың түрлерімен таныстыру. Көрнекіліктер: интерактивті тақта, презентация, плакат, маркерлер, желім. Кіріспе сөз: Біз қабылдаймыз 10% оқығанымыздан 20% естігенімізден 30% көргенімізден 50% көріп, естігенімізден 70% басқалармен бірге талқылағанымыздан 80% өзіміз сезінгенімізден 95% басқа біреуге үйреткенімізден Уильям Глассер Қабылдау түрлері: мәтін, видео, дыбыс, анимация, графика. Интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі: сабақтың қарқынды өтуі, әр балаға жеке білім беру, шектеусіз ресурстар, берілетін материалдың тиімділігі, қызығушылықтың артуы. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері: Office қосымшаларында өзгерту Болып жатқанды жазып, сақтау Қолмен жазылған мәтінді танып білу Көру материалдарын көрсетуді басқару Сабақтың кез –келген кезеңіне оралу Суреттер кітапханасын жасау. Топқа бөлу. Қима қағаздар арқылы жаздық және қыстық олимпиада да кездесетін спорт түрлері арқылы екі топқа бөлінеді. 1-тапсырма. Гугл форма арқылы мұғалімдерден сауалнама. Бұл сауалнамада мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы мен қашықтықтан оқыту кезіндегі қиындықтар мен жетістіктері жайында сұрақтар болады. 2-тапсырма. «Хикая картасы» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс. Екі топқа екі түрлі мәтін беріледі. Топ мүшелері мәтінді оқып шығып, оқиғалар желісін ретімен ақ қағазға жазып шығады. 3-тапсырма. Wordwall интерактивті тапсырма құру сервисімен оқушыларға қызықты тапсырма құрастыру жолдары көрсетіледі. https://wordwall.net/resource/27963710 сілтемесі беріліп, алдын-ала дайындалған оқу тапсырмаларымен мұғалімдер танысып, орындап көреді. 4-тапсырма. Постер қорғау. Мұғалімдер «Білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында өз ойларын плакат бетіне түсіріп, постер қорғап шығады. 5-тапсырма. Кері байланыс. Padlet электронды қосымша арқылы кері байланыс жасау. https://padlet.com/didar_984/Bookmarks мұғалімдер осы сілтеме арқылы өткізілген коучингке өз тілектерін, пікірлерін жазады. Қорытынды. Коучингке қатысқан мұғалімдерге көрсеткен белсенділіктері үшін алғыс білдіріледі. |