Главная страница
Навигация по странице:

  • 9. Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің р алуан көзқарасын (сену, мақұлдау, күмндану) білдіретін сөздер қалай аталады

  • 10. Дұрыс жазылған сөзді тап. а) ефир ә) эскалатор б) икипаж 11. Түбір сөзді тап.

  • 14. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады

  • 17. Сын есімді көрсет. а) білгіш, айтқыш, байқағыш.ә) өнерлі, таза, әдемі.б) үлкендеу, ақыл, айна.18. Сан есімнің сұақтарын көрсет.

  • 23. Негізгі сын есім қайсы

  • 25. Реттік сан есімді тап.

  • Кіріс бақылау қазақ тілі. Қазақ тілі.кіріс бақылауdocx. аза тілі п


    Скачать 22.59 Kb.
    Названиеаза тілі п
    АнкорКіріс бақылау қазақ тіл
    Дата23.03.2023
    Размер22.59 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚазақ тілі.кіріс бақылауdocx.docx
    ТипДокументы
    #1011306

    «Қазақ тілі» пәні бойынша 4 сынып оқушыларына арналған кіріс бақылау
    Білім алушының аты-жөні___________________________

    Оқу мақсаттары:
    3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мəтін түрлерін (əңгімелеу, сипаттау, пайымдау) жəне оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

    3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəнестилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

    3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату жəне тыныс белгілерін дұрыс қою;

    3.4.1.1 э,ф,в,ц əріптері бар сөздерді сауатты жазу;

    3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.

    3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) жəне тұрлаусыз мүшелерінажырату.

    3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу.

    3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

    3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.

    3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылы-ғын анықтау;

    Тест
    1. Мәтін дегеніміз не?

    а) Бір-біріне қарама – қарсы сөздер

    ә) Екі не одан да көп өзара байланысқан сөйлем

    б) Бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегі

    2. Неліктен? Сұрағына жауап беретін мәтіннің қай түрі?

    А) пайымдау ә) сипаттау б) әңгімелеу

    3. Қандай? сұрағына жауап беретін мәтіннің қай түрі?

    А) пайымдау ә) сипаттау б) әңгімелеу

    4. Мәтіннің түрлері ...

    А) хабарлы, сұраулы, лепті

    ә) пайымдау, әңгімелеу, сипаттау

    б) зат есім, сын есім, сан есім

    5. Қай сөз 5 дыбыстан құралған?

    А) аю ә) иод б) қоян

    6. Сөйлегенде біреудің назарын өзіне аудару үшін айтылатын сөздерді қалай аталады?

    А) қыстырма сөздер ә) қаратпа сөздер б) хабарлы сөйлем

    7. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсет

    а) Әжем кесте тігуге үйретті. ә) Әже, кесте тігуге үйретші б) Ертегі оқыды.

    8. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөйлемді көрсет.

    а) Жанат, қолыңды жу. ә) Жанат қолыңды, жу. б) Жанат, қолыңды, жу.

    9. Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің р алуан көзқарасын (сену, мақұлдау, күмндану) білдіретін сөздер қалай аталады?

    А) қыстырма сөздер ә) қаратпа сөздер б) хабарлы сөйлем

    10. Дұрыс жазылған сөзді тап.

    а) ефир ә) эскалатор б) икипаж

    11. Түбір сөзді тап.

    а) әнші ә) кітап б) кәсіпкерден

    12. Туынды сөзді белгіле.

    а) көлшік ә) өрнек б) өнер

    13.Берілген сөздердің ішінен түбірлес сөздерді анықта:

    а) қорқақ, қорлық, қорған

    ә) сусын,қымыз, шұбат

    б) баспана,үй,пәтер

    14. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады?

    а) Тұрлаусыз мүшелері.

    ә) Тұрлаулы мүшелері.

    б) Анықтауыш мүшелері.

    15. Бастауыштың сұрақтарын тап?

    а) Кім? Не?

    ә) Кімге? Неге? Қайда?

    б) Не істеді? Не қылды? Қайтті?

    16. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені көрсет.

    а) Құстар тоғайға қонды. ә) Қонды. б) Тоғайға.

    17. Сын есімді көрсет.

    а) білгіш, айтқыш, байқағыш.

    ә) өнерлі, таза, әдемі.

    б) үлкендеу, ақыл, айна.

    18. Сан есімнің сұақтарын көрсет.

    а) Қанша? Қайда? Неше?

    ә) Қанша? Неше? Нешінші?

    б) Неше? Нешінші? Қанша? Қашан?

    19. Етістік дегеніміз не?

    а) заттың атын білдіретін сөздер

    ә) заттың түрін, түсін, дәмін білдіретін сөздер

    б) заттың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөздер

    20. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғаулы сөздерді қой.

    Менің .... сенің .... оның ....

    а) Дәптер, дәптерің, дәптері.

    ә) Дәптерім, дәптерің, дәптері.

    б) Дәптерім, дәптерің, дәптерлері.

    21. Жекеше түрдегі ІІ жақтағы тәуелді сөзді тап:

    а) ойыншығым ә) ойыншығы б) ойыншығың

    22. Туынды сын есім дегеніміз не?
    а) бұл түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім
    ә) бұл түбір сөзден болған сын есім
    б) Кім? Не? Деген сұрақтар қойылады

    23. Негізгі сын есім қайсы?

    а) жақсы ә) әдепті б) таудай

    24. Есептік сан есім деген не?

    а) заттың реттік саны
    ә) заттың топтау реті

    б) заттың нақты саны
    25. Реттік сан есімді тап.

    а) үшеу ә) екі б) үшінші



    написать администратору сайта