Баяндама. Баяндама Алимбетова. аза тілін оытудаы кедергілер,шешу жолдары
Скачать 172.32 Kb.
|
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР,ШЕШУ ЖОЛДАРЫ Алимбетова Айгуль Мойдиновна Молда Мұса атындағы №5жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аннатация:Оқыту мен оқуда мүмкін болатын кедергілерді және оларды жою жолдарын анықтау, кедергілерді жеңудің стратегияларын ұсыну.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы жаңа көзқарас пен түйіткілді мәселелерді айқындау. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Аннатация:Выявлять возможные препятствия в обучении и обучении и пути их устранения, предлагать стратегии преодоления препятствий.Выявить новые подходы и проблемные вопросы в преподавании казахского языка и литературы. Цель обучения казахскому языку-формирование личности, уважающей родной язык, понимающей общественную суть, умеющей правильно и правильно пользоваться нормами казахского литературного языка, свободно общаться и грамотно писать. Аnnotation :Identify possible barriers to learning and learning and ways to eliminate them, suggest strategies for overcoming obstacles.Identification of problematic issues and a new approach to teaching the Kazakh language and literature. The purpose of teaching the Kazakh language is to form a person who respects the native language, understands its social significance, and is able to observe and correctly use the norms of the Kazakh literary language, speak freely and write competently. «Егер тіл мен мәдениетің жоғалса, шекараны аша сал. Бәрібір неңді қорғайсың? Бұл енді сенің елің емес», -деген Нельсон Манделаның сөзінің қазақ халқы үшін бүгінгі жаһандану заманында маңызы өте зор болып тұр. Осыған орай осы тілдің сақталуы мен дамуына тікелей жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне артылып отырған жүк те орасан зор.21.12.2021 күні Нұрсұлтан қаласында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің алғашқы съезі де осыған дәлел. Білім және ғылым министрі қатысқан жиынның басты мақсаты – оқытудағы жаңа көзқарас пен түйіткілді мәселелерді айқындау болды.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту бағдарламасын жетілдіру керек деген қорытынды жасалды. Филологтарды даярлауда жаңашылдық керек. Министр ағылшын тіліндегі TKT (тикити) емтиханы секілді қазақ тілі пәнін оқыту методикасын бағалайтын тест құрастыруды ұсынды. Пән бағдарламасына байланысты грамматика сәл артта қалып қойғандығы айтылды. Сол жөнінде, яғни, балалардың оқу сауаттылығына грамматиканың керек екені айтылды. Иә, осы айтылғандардың бәрі көңілге қонады. Қазақ тілі пәні мұғалімін бүгінгі күні тәжірибеде « қандай қиындықтарға тап болып отырмын?» «себебі неде?» деген сұрақтар толғандырады. Қазақ тілін оқытуда мына мәселелердің, кедергілердің орын алғанын ортаға салып, талқылап шешу жолдарын табу керек . 1. «Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, онан соң басқаша оқытуы тиіс», -деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқан еді. Білім және ғылым минстрі А.Аймағамбетовта « Бала жастайынан өз ана тілінде тәрбие алу керек. Мектептердің бастауыш сыныптарында қазақ тіліне басымдылық берілгені дұрыс» деген Президентіміз Қ.Тоқаевтың ұсынысымен жұмыс жасайтындығын айтқан.Ал бүгін біз куә болып отырған жайт: түсінігі жаңа қалыптасқан қара көз бүлдіршін басқа тілде сөйлейді, басқа тілде ойлайды. 5-сыныпта тыңдалымда сөз парақын түсінбейді,айтылымда орысша қосып, ойын жүйелі жеткізе алмайды ,эссе жазу барысында орысша ойлап алып, «қазақша қалай болады?» деп сұрайды.Бұл балаларды орысша,ағылшынша үйретіп отырған кім? Бұл бір қарусыз майдан. Шешу жолы-осы майданда күресу.Ол балалар тілді мультфильм , орыс тілді, ағылшын тілді қызықты контенттер арқылы үйреніп отыр. Тілді үйренуде мультфильмдер таптырмас құрал екені белгілі. Қазақ тіліндегі балаларға арналған мультфильдер жоқ емес. Бірақ олар тіл үйрету мақсатында емес. Кейбір мультфильмдердің тілі бала жасына сай емес. Қазақ тілді мультфильмдер көбіне 4-5 жастағы балаларға арналған. Ал балалар туа сала мультфильм көреді десек, асыра айтқанымыз емес. Сол себепті өте ерте жастағы балаларға арналған орыс, ағылшын тілді туындыларды көріп отырған бала 2-3 жаста сол тілде ойлап, сол тілде сөйлейді. Сол себепті мемлекет осы мәселені тікелей бақылауына алып, қазақ тілді контенттерді одан ары дамытып, қарусыз майданда жол табу керекпіз. 2. Съезде пән бағдарламасына байланысты грамматика сәл артта қалып қойғандығы айтылды. Сол жөнінде, яғни, балалардың оқу сауаттылығына грамматиканың керек екені айтылды. Оның салдары оқушылардың жазулары түсініксіз, қатесі өте көп жазылым тапсырмалары. Осы өзекті мәселенің себебін табу мақсатында бүгінгі жаңартылған білім беру бағдаламасындағы қазақ тілін оқытудың мақсат , міндеттерін қарау керек . Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. «Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері: –қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану; –тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу; –аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру; –мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру. Сауаттылық мақсатта да , міндетте де тұр. Бірақ өкінішке орай мұғалімдер арасында қазіргі кезде сауаттылыққа мән берілмейді деген түсінік қалыптасқан. Ол себепсіз де емес. Сауаттылық жазылым тапсырмасында тексеріледі. Тоқсандық бағаның қорытындысына 50 пайыз әсер ететін ТЖБ тапсырмаларының спецификасын зерделесек. Тыңдалым\Айтылым- 10 балл; Оқылым -10 балл: Жазылым- 10 балл. 5-сыныптың қазақ тілі пәні бойынша жазылым тапсырмасы бойынша бағалау 9-10 балл. Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды ауызекі-публицистикалық стильге сәйкес орынды қолданады. Жанрлық ерекшеліктерді (риторикалық сұрақ, назарды аударатын слоган немесе лозунгтың болуы, байланысу деректері т.б.), жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды. Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ. Байқағанымыздай, жазылым 33,3 пайызды құрайды, ал сол жазылымның сауаттылыққа бөлінген үлесі нақтыланбаған. Осыдан барып кейде барлығы 30 балдың 1 баллы ғана сауаттылыққа тиесілі болуы мүмкін. Иә, ТЖБ құрастыру мұғалім құзіретінде болғанымен,негізі басшылыққа алатын бағалау шкаласы осы. 11-сыныпта да тура солай. 11-сынып қазақ тілі ҚГБ ТЖБ 9-10 балл Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған. Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған. Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған. Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді. Сауаттылықтың деңгейі жоғары. Енді 9-сыныпта қорытынды аттесттатау кезіндегі эссе бағалау нормасын салыстырсақ.
Байқағанымыздай 5-сыныптан бері талабымыз басқа, 9-сыныпта сауаттылыққа барлық баллдың 50 пайызын алып отырмыз. Бір жағынан сұраныс сәйкес емес , әрі оқушылар алдында әділетсіздікке жол берілді деп тұжырымдауға болады. 11-сынып аяқтағанда эссені бағалау 50\50 .Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру үшін ,жазылымға ерекше көңіл бөліп, ТЖБ да үлесі басымырақ болу керек сияқты. Иә , тыңдалым, айтылым,оқылым дағдыларының қаншалықты маңызды екені түсінікті. Алайда бұл дағдылар басқа пәндерде де жүзеге асады. Ал нақты жазылым дағдысын , сауатты жазу қазақ тілінің еншісінде болғандықтан, жазылымға ерекше мән беріліп, қазақ тілінің бағдарламасында басымдық берілу керек. Тыңдалым, айтылым, оқылымның үлес салмағы азайтылып, жазылымға қосса ,өз нәтижесін береді деп нық айтуға болады. 3. Жазылымға үлес бөлгенмен , мәселе түгелдей шешілмейді. «Оқушының дұрыс жазуы мен сөйлеуі үшін, ойын тиянақты және сауатты жеткізудегі грамматиканың орны ерекше. Бұл тұста біз тағы да Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне жүгінеміз»-деп Білім минстрі А.Аймағамбетов атап өткендей, сауаттылыққа жетудің негізгі құралы-қазақ тілінің грамматикасы. Бүгінде қазақ тіліндегі ӘТН мақсаттар болғанымен, жүйесіз, еш жерде сұралмайды. Бір ғана мысал: 7-сынып қазақ тілінде 7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану деген мақсат бар. Осы мақсаттың бірі сызықшаның қойылуы. Сызықшаның қойылуы: бастауыш пен баяндауышқа қойылатын сызықша; сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш мүше; оңашаланған айқындауыш; құрмалас сөйлем; төл сөз т.б . Ал осы мүмкін бе? Бір ғана бастауыштан кейін қойылатын сызықшаны меңгерту үшін, 9 сөз табын білу керек, сөйлем мүшелерін оларды талдай білу керек. Ойымыз дәлелді болу үшін төменде жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша ӘТН мақсаттар берілген. Ал осы мақсат берілген кезде, біз тек сөз таптары мен төл сөзді өткенбіз. Жазылым мақсатты бойынша терең идеяларды жеткізу кезінде грамматикалық және лексикалық нормаларды өте жақсы түсініп,өте сауатты, бір ғана ұсақ қате болып көркем, таза жаза алу үшін, ӘТН мақсаттар жүйелі беріліп және оларға сұраныс болу керек. 4. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Ал осы бүгінгі қазақ тілінің қоғамдық мәні неде? Қоғамда, тіпті мектеп бітіргенде, жоғарғы оқу орнына түскенде де қазақ тіліне деген сұраныс қандай? Жоғарыда айтылған мәселелерге қатысты төмендегідей қорытынды: 1. Ерте жастағы балаларға арналған қазақ тілді қызықты контенттерді дамыту, таралуын мемлекет тарапынан бақылауға алу, қолдау. 2. Тыңдалым, айтылым, оқылым стратегиялары басқа да барлық пәндерде жүзеге асады. Ал жазылым, әсіресе сауатты жазылым басқа еш пәнде жүзеге аспайтындықтан,оқу бағдарламасында жазылымға ерекше назар аударып, үлес салмағын 20\60 жасау керек. Себебі 9-сынып бітіргенде де, 11-сынып бітіргенде де эссе талаптары сауаттылыққа негізделген. 3. Сауаттылықтың негізі–грамматика. Сол себепті тыңдалым, айтылым, оқылым мақсаттарын азайтып,оның орнына қазақ тілінің грамматикасын ретімен жүйелеп, 5-сынып лексика, фонетика; 6-сынып сөзжасам, морфология; 7-сынып сөз таптарының түрленуі; 8-сынып сөйлем мүшелері, жай сөйлем синтаксисі; 9-сынып құрмалас сөйлем синтаксисі берген дұрыс болады. 4. Оқушыларда қазақ тілін меңгеруге деген құлшынысы болу үшін оқытылып жатқан материал мен сұраныстағы алшақтықты жою. Сабақ беру барысындағы бағалау нормасымен, қорытынды аттестаттау, мектеп бітіру емтихандарының бағалау нормасын сәйкестендіру. 5. Грамматикаға да сұраныс болу үшін ҰБТ–да сұрақтар болу керек. Грамматика еш жерде сұралмағандықтан, бүгінде жаппай сауатсыздық орын алып отырғанын жасыра алмаймыз. Егер оқушылардың іс-әрекетінде мотив болмаса, ол белгісіз үрдіске айналуы мүмкін. Бүгінде қазақ тіліне деген сұраныстың төмен болуы ,оны үйренуге мотивтың болмауына, осылай қазақ тілін қазақ сыныптарында оқытудың өзі белгісіз үрдіске айналып жатқан тәрізді. Оқушыға тиісті мотивтерді білу, оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Демек қажеттілік пен қызығу осы түрткіге негіз болады. Балалар қазақ тілінің қажеттілігін сезінуі қажет, ал қажеттілік олардың оқуға деген қызығуын арттырады. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Оқу бағдарламасы Қ Р Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 2. 5-сынып «Қазақ тілі» Оқулық, Авторы: Дәулеткелді Ж., Қосымова «Атамұра» 2017ж. 3.6-сынып «Қазақ тілі» Оқулық, Авторы: Әрінова Б., Раева Г.,«Атамұра» 2018ж. 4.6-сынып «Қазақ әдебиеті» Оқулық, Авторы: Ақтанова А.,Жүндібаева А. «Атамұра»2018ж. 5.7-сынып «Қазақ тілі» Оқулық, Авторы: Қосымова Г., Рахметова Р,«Атамұра» 2017ж. 6.8-сынып «Қазақ тілі» Оқулық, Авторы:Т.Ермекова.,Ш.Ерхожина «АрманПВ»2018ж. 7.8-сынып «Қазақ әдебиеті» Оқулық, Авторы: Р.Зайкенова.,С.Тұрсынғалиева «Арман ПВ»2018ж. 8. 9-сынып «Қазақ тілі» Оқулық, Авторы: Т.Ермекова, Бертілеуова «АрманПВ» 2017ж. 9.9-сынып «Қазақ әдебиеті» Оқулық, Авторы: Ақтанова А.,Жүндібаева А. «Атамұра»2018ж. 10.10-сынып «Қазақ тілі» Оқулық, Авторы: Т.Ермекова., Г.Тоқтыбаева ., «АрманПВ» |