қоғамдық. тіл ақпарат. азастан халытарыны Тілдері мерекесіне орай ткізілетін Тіл адамны адам белгісіні зоры,жмсайтын аруыны бірі
Скачать 15.38 Kb.
|
Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесіне орай өткізілетін «Тіл адамның адам белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі» атты апталықтың өтілу барысы туралы анықтама Байғазы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығының орта мектебінде 2019 жылдың 9-16 қыркүйек аралығында ҚР Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл адамның адам белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі» атты тілдер апталығы өтті. Мақсаты: оқушыларды елін, тілін сүюге, онда тұратын халықтарға,олардың салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Апталықтың іс-шаралары қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары ҚР тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін,салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуіне белсене ат салысты. Апталық барысында 5-11 сыныптар тіл туралы тақырыпта қабырға газеттерін шығарды. 9 қыркүйекте апталықтың ашылу салтаны болды. Жиында сөз алған қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Кулахметова Гаухар Улдақанқызы тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрестеп дамуына үлес қосу жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Шараны пән мұғалімдері дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.Ұстаздар қауымының басты міндеті –шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар өтті. 10 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімі Б.Берликожанова «Самға тілім шарықта» атты шығарма сайысын ұйымдастырса, тіл мерекесінің өтілуіне мектеп кітапханашысы да ат салысты. А.Берликожанова 3-сыныпен «Ана тілім ажарым -асыл мұрам» тәрбие сағатын өткізді. 11қыркүйек күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Г.Нүртаева мен Ж. Адылбекова 8-11 сыныптар арасында «Тіл талапкері»атты ағылшын тілінде инттелектуалдық ойынын ұйымдастырды. Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жақсы екенін көрсетті. 12 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Кулахметова 10-11 сыныптар арасында сыныптан тыс қазіргі кездегі мәселе «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» пікірсайыс өткізді. Аталған іс-шараға қатысқан оқушылар жақсы дайындалған. Пікірсайыс қатысушылары 2 топқа бөлініп бұл мәселеге екі жақты пікір айтты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылды.Пікірсайыс өте жоғары деңгейде өтті. 13 қыркүйек күні 11-сынып жетекшілері Ғ.Тілеміс « «Тілім бар да тірімін мен, мәңгімін» және Л.Жекижанова «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тәрбие сағаттарын өткізді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Абдығаппар 9-11 сыныптар арасында «Бәрі келді» зияткерлік ойын ұйымдастырды. 16 қыркүйек күні тілдер апталығының әдеби-танымдық қорытынды кеші өтті. 5Тіл апталығының қорытындысы шығарылып , оқушылар сыйлықтармен, мақтау қағаздармен марапатталды. Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесіне орай өткізілетін «Тіл -тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз» атты апталықтың өтілу барысы туралы анықтама Байғазы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығының орта мектебінде 2021 жылдың 13-20 қыркүйек аралығында ҚР Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл -тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз»атты тілдер апталығы өтті. Мақсаты: оқушыларды елін, тілін сүюге, онда тұратын халықтарға,олардың салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Апталықтың іс-шаралары қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде өткізілді. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары ҚР тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін,салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуіне белсене ат салысты. 13 қыркүйекте апталықтың ашылу салтанаты болды. Жиында сөз алған қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Кулахметова Гаухар Улдақанқызы тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрестеп дамуына үлес қосу жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Шараны пән мұғалімдері дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды.Ұстаздар қауымының басты міндеті –шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері және ағылшын пәнінің мұғалімі сыныптан тыс сабақтар өткізді. 14 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Кулахметова 8- сыныптар арасында сыныптан тыс «Өссе тілім менде бірге өсемін» атты сайыс өткізді. Аталған іс-шараға қатысқан оқушылар дайындықпен келген. Сайыс Пікірсайыс қатысушылары 2 топқа бөлініп бұл мәселеге екі жақты пікір айтты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылды.Пікірсайыс өте жоғары деңгейде өтті. 11қыркүйек күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Г.Нүртаева мен Ж. Адылбекова 8-11 сыныптар арасында «Тіл талапкері»атты ағылшын тілінде инттелектуалдық ойынын ұйымдастырды. Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жақсы екенін көрсетті. 13 қыркүйек күні 11-сынып жетекшілері Ғ.Тілеміс « «Тілім бар да тірімін мен, мәңгімін» және Л.Жекижанова «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тәрбие сағаттарын өткізді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Абдығаппар 9-11 сыныптар арасында «Бәрі келді» зияткерлік ойын ұйымдастырды. 16 қыркүйек күні тілдер апталығының әдеби-танымдық қорытынды кеші өтті. 5Тіл апталығының қорытындысы шығарылып , оқушылар сыйлықтармен, мақтау қағаздармен марапатталды. |