Главная страница
Навигация по странице:

  • Сайлау технологиялары

  • Бірінші кезеңі

  • Екінші кезең

  • Мажоритарлық жүйе.

  • Пропорционалдық жүйе.

  • Аралас жүйе

  • Сайлау технологиялары. азастанресей медициналы университеті меббм nseo kazakhrussian medical


    Скачать 38.34 Kb.
    Названиеазастанресей медициналы университеті меббм nseo kazakhrussian medical
    Дата03.05.2022
    Размер38.34 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСайлау технологиялары.docx
    ТипДокументы
    #508921


    «ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ

    NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL UNIVERSITY»





    БОӨЖ №5

    Глоссарий

    Сайлау технологиялары


    Орындаған:Қожабек Ұлбала

    Тобы:102Б

    Курс:1 курс

    Мамандығы:Стоматология

    Қабылдаған: Омарғазы Ерғали

    Ерғазыұлы


    Алматы 2022


    Сайлау технологиялары

    1. Сайлау технологиялары -бұқараның электоралдық мінез-құлқына ықпал ету және оларды нақты үміткерге дауыс беруге ояту мақсатында ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Сайлау технологияларының негізгі ерекшелігі - сайлаушылардың мінез- құлқын реттеуші әлеуметтік-психологиялық тетіктерді қосуға бағытталуы. Сайлау технологиялары кәсіпкерлер қолында күшті қаруға айналады. Сайлау технологияларының қатарында бірінші қадам - сайлау алдындағы жағдайды талдау. Сайлау кампаниясын ұйымдастырушылар сайлау стратегиясы мен тактикасын анықтау үшін өздеріне қажетті мәліметтерді жинайды. Яғни, сайлау кампаниясын ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

    2. Бірінші кезеңі - сайлау алдындағы округтегі жағдайды жан-жақты талдау. Бұл міндетке сайлау алдынан 3-6 ай бұрын кіріседі. Осы жиналған ақпараттар талданып, соның незінде сайлау кампаниясының стратегиясын дайындауға қажетті нақты ұсыныстар дайындалады.

    3. Екінші кезең - басталған сайлау кампаниясын ақпараттық-сараптамалық қолдаумен қамтамасыз ету. Бұл жерде сайлау кампаниясын ұйымдастырушылар мен сайлаушылар арасындағы тұрақты кері байланысты қалыптастыру маңызды. Тиімді кері байланыс басқару субъектісіне өзінің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік береді. Сайлау кампаниясын ұйымдастырушылар үшін қажетті ақпарат әр түрлі жолдар мен құралдар арқылы алынуы мүмкін: округтың экономикалық дамуы туралы статистикалық мәліметтері, тұрғындардың демографиялық құрамы туралы, өмір сүру деңгейі, соңғы сайлау қорытындысы туралы мәліметтерді зерттеу; тұрғындар арасында әр түрлі сауалнамалар жүргізу арқылы; фокус топтармен жұмыс жасау, яғни ұрандарды, жарнамалық роликтерді талдау, бұл өз кезегінде адамдардың сайлау кампаниясын ұйымдастырушылардың әрекеттеріне реакциясын білуге мүмкіндік береді; бақылаудың көмегімен бәсекелестер әрекеттерін талдау, сонымен бірге контент-анализ жасау.

    4. Абсентизм – бейсаясаттық түрі, азаматтардың саяси енжарлылығы, өкімет өкілдік органдарға сайлаушылардың сайлауға қатысудан ауытқуынан көрінеді. Азаматтық ұсынбау актілеріне қарағанда, абсентизм ұйымшыл мінезді алып жүрмейді, мынау көбінесе апаттық, тез арада болатын үрдіс.

    5. Мажоритарлық жүйе. Сайлауларды ұйымдастырудың бұл түрінде сайлаушылар дауыстарының басым көпшілігін жинаған кандидат сайланды деп саналады. Әдетте, ол үшін кандидатқа дауыс беру құқығына ие азаматтардың жартысынан астамының дауыс беруі талап етіледі (50% + қосымша бір дауыс). Кандидаттардың бірде-бірі қажетті дауыс санын ала алмаған жағдайда, дауыс беру тізіміне алғашқы турда көп дауыс алған екі кандидат енгізіледі. Бұл жағдайда екінші турда көп дауыс алған кандидат жеңіске жетті деп мойындалады. Мажоритарлық жүйенің осындай нұсқасы абсолюттік көпшілік жүйесі деп аталады.

    Сайлауларда әрбір кандидаттан жеке түрде көп дауыс жинаған адам жеңіске жеткен жағдайда мажоритарлық жүйенің мұндай түрі салыстырмалы көпшілік жүйесі деп аталады. Сайлаулардың осы түрінде қалған екі кандидат тиісінше сайлаушылардың 33% және 29% дауыстарын иеленсе, 38% дауыс жинаған үміткер мандатты ала алады.

    1. Пропорционалдық жүйе. Пропорционалдық жүйе барысында дауыс беру партиялық тізім бойынша жүргізіледі. Яғни, сайлаушылар бюллетеньде өз дауыстарын бергісі келген партияны белгілейді. Пропорционалдық жүйе барысында бюллетеньге енгізілген әрбір партия үшін берілген дауыс нәтижелері есептеледі. Егер бір партия — 35%, екіншісі — 22%, ал үшіншісі -15% дауыс алған болса, осы партиялар парламентте де соншама орынға ие болады. Санаудың мұндай жүйесі мажоритарлық жүйеде депутаттық мандатқа қол жеткізуі неғайбыл шағын партиялар үшін өте пайдалы.

    2. Аралас жүйе деп парламенттің бір бөлігін мажориталық жүйемен, бір бөлігін партиялық тізіммен (тепе-теңдік жүйемен) жүзеге асыруды айтады.

    3. Сайлау комиссиясы — сайлауларды ұйымдастыру мен өткізу үшін құрылған орган. Аталған комиссия барлық кандидаттарға қатынаста бірдей және объективті ұстанымда болуы тиіс және онда кандидаттардың жақтастары, туысқандары мен жора-жолдастары болмауы керек. Тек комиссия төрағасы ғана сайлау нәтижелерін жариялай алады.








    написать администратору сайта