жоба. Жоба. азастан Республикасы Білім жне ылым Министрлігі . Жбанов атындаы Атбе ірлік Университеті
Скачать 1.01 Mb.
|
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Университеті Факультет: Техникалық факультет Кафедра: Мұнай-газ кафедрасы Бизнес-жоспар Тақырыбы: Онлайн мектеп ашу Орындаған: Орынбасаров А.А. Тексерген: Байшукурова Ж.Ж. Ақтөбе 2021 2019 жылы желтоқсан айынан басталған COVID-19 вирусы көптеген бизнеске кері әсерін тигізгенімен, кейбір істердің бастамасы болды. Пандемия бізге онлайн оқу оқуды, жұмыс жасауды үйретті. Демек, цифровизация дамыды. Менің қорғайын деп жатқан бизнес жоспарымның атауы – онлайн мектеп ашу. Онлайн мектеп ашу үшін маған не керек: 1. Instagram, Facebook, Whatsapp, Tik Tik аккаунттары; 2. SMM маман; 3. Таргетолог; 4. Администратор; Енді, мен барлығын жүйелі түсіндіріп кетейін. Менің ашайын деген онлайн мектебімнің атауы «Oqy education» болады. Oqy сөзі – білімге шақыратын, сонымен қатар Құранда бірінші түсірілген аят та, «оқы» деп басталады. Еducation – ағылшын тілінен аударғанда білім деген сөзді білдіреді. Онлайн мектептің атауы қойылғандықтан маған енді логотип керек. Демек, бұл логотип барлық әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, Whatsapp, Tik Tik аккаунттарында) басты бетінде және посттардың үстінде тұрады. Мысалы: Осы секілді посттарды көп қылып салып аламын. Содан кейін кез-келген бизнестің жүруіне ықпал болатын – жарнама. Жарнама бұрынғыдай көшеде қағаз іліп, промоутерлерге жүгінетін кез кетті. Қазір барлық жарнама интернет жүйесі(әлеуметтік желілер) арқылы жүреді. Мен білікті таргетолог жалдап, Facebook арқылы Инстаграмға апта сайын 3$-ға таргет жасататын боламын. Таргет арқылы келген адамдар Whatsapp-қа жазады. Whatsapp-тан администратор барлығын түсіндіріп жазады. Администратордың міндеті: 1. Таргет арқылы келген оқушыларға түсіндірме жұмысын жүргізеді 1.1 Оқу ақысы 10 000 тг болған бірақ жеңілдікпен 7990 теңге болып жатыр деп айтады. 1.2 Оқу ұзақтығы аптасына 3 рет 80 минуттан (барлық сабақ кешкі уақытқа қойылады) 2. Оқу ақысын жинайды. 3. Оқушылардың ата-анасымен байланыс жасайды. 4. Оқушылардың сабаққа қатысымын, оқу үлгерімін тексереді. 5. Аптасына 1 рет кураторлық сағат жүргізеді. Әрі қарай қазіргі оқушылар Тик токта көп отыратындықтан СММ маман аламын. СММ маман тек Тик Токқа ғана емес Инстаграмға күніне 3 пост 15 сториз салып отыруы керек. Менің онлайн мектебімде екі түрлі бағыт болады. 1. Ұзартылған күн тәртібі (продленка) – 7990 тг 2. ҰБТ-ға дайындық (подготовка к ЕНТ)-19 990 тг Тарих – аптасына 1 рет Математикалық сауаттылық – аптасына бір рет Оқу сауаттылығы – аптасына бір рет Таңдау пәндері – аптасына 3 рет Табыс Ұбт Егер физика+математикаға 20 бала жиналса – 399 800 тг Биология+химия 20 бала жиналса – 399 800 тг Биология+география 10 бала жиналса – 199 900 тг Геграфия+математика 10 бала жиналса – 199 900 тг Ағылшын+ДЖТ 5 бала жиналса- 99 950 тг Қалған пәндерден бала көп болмайтындықтан табыстан шығыны көп болады. Және де көпшілік онлайн школада да бары осы пәндер. Продленка Продленкаға көбінесе ағылшын, математика, физика пәндерінен ғана келеді. Осы үш пін ашу жеткілікті. Және де телефонды жақсы меңгерген 8-10 кл оқушылары үшін. Үш пәннен де 15 баладан жиналса – 359 550 тг Барлық табыс: 1 658 900 тг Шығын Айына: Администратор-20 000 тг СММ маман – 40 000-80 000 тг Таргетолог+таргет – 20 000 тг Мұғалімдер – аптасына 3 сабақ береді әр сабаққа 2100 теңгеден айына 25 200тг. ҰБТ-ға сабақ беретін мұғалімдер үшін Физика-25 200 тг Математика- 50 400 тг Биология – 50 400 тг Химия – 25 200 тг География – 25 200 тг География - 25 200 тг Ағылшын - 25 200 тг Продленкаға сабақ беретін мұғалімдер үшін: Физика – 25 200 тг Математика – 25 200 тг Ағылшын – 25 200 тг Маған түсетін табыс: 1 638 900 – 382 400=1 256 500 |