Главная страница
Навигация по странице:

  • Тапсырма: 14 Орындаған

  • Жалпы дене дайындығы

  • Жалпы дайындық

  • Дене дайындығы

  • Қозғалыс

  • Дене жаттығуларының артықшылықтары

  • Айбазарова физкультура. азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі аза лтты ыздар Педагогикалы Университеті Тапсырма 14 Орындаан


    Скачать 484.72 Kb.
    Названиеазастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі аза лтты ыздар Педагогикалы Университеті Тапсырма 14 Орындаан
    Дата25.01.2022
    Размер484.72 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАйбазарова физкультура.docx
    ТипДокументы
    #341632

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

    Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті



    Тапсырма: 14

    Орындаған: Айбазарова К . Г

    Тексерген: Саурбаев С . С

    Алматы-2021

    Жалпы дене дайындығы

    Жалпы дене дайындығы – спортшы ағзасын шыңдауға және дамытуға бағытталған: барлық мүшелер мен жүйелердің қызметтік мүмкіндіктерін дамыту, қозғаушы бұлшықеттерді дамыту, дене қасиеттерін талап денгейіне көтеру. Бұл міндеттерді шешу үшін әртүрлі дене дамыту жаттығулары қолданылады. Жаттығушы ағзасында дене қасиеттері жеке дами алмайды. Олардың әрқайсының даму денгейі келесінің, ал келесі өз кезегінде одан кейінгінің даму денгейіне байланысты болады. Мысалы, жылдамдықты арттыру жүгерумен дамытылса, ондағы күш алу бұлшық еттің қызметіне тәуелді. Ал орнынан ұзындыққа секіруде ептілікті дамыту мақсатталса, бастапқы екпін алу әдісі күштілік қасиетіне тәуелді.

    Жалпы дене дайындығы баскетболшының тәсілдік шеберлігінің артуына ықпал етеді. Спортшыға қажетті қимыл-қозғалыс дағдыларының көпшілігі бұрынан бар қасиеттер негізінде қалыптасады. Сондықтан да спортшының қимыл-қозғалыс тәжірибесі қаншалықты бай болса, ол баскетбол тәсілін соншалықты меңгереді, тәсілдік шеберлігі де соншалықты жоғары болады. Қимыл-қозғалыс тәжірибесі тек дене дайындығы процесінде, баскетболшы әртүрлі дене жаттығуларының тәсілін меңгергенде ғана жинақталады. Жалпы дайындық бәрінен бұрын спортшының органдары мен ағза жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін арттыратын және оның денсаулығын нығайтатын жалпы дамыту сипатындағы жаттығулардың әсерінен қалыптасады.

    Дене дайындығы, спортшының жан-жақты және дене мүмкіншілігінің дамуы болып табылады. Осыған байланысты ол жалпы және арнайы деп бөлінеді. Жалпы спортшы өз денесін үйлесімді жетілдіруге ағзаның қозғайтын бұлшық еттерді дамытуға, организмнің барлық мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, функционалды және үйлесімді қозғалыстарды жақсартуға, күшті, жылдамдықты, шыдамдылықты, икемділікті және иілгіштікті өсіруге бағытталған. Осы міндөттерді шешу көп жағдайда дененің жан-жақты дамуы мен денсаулық деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Арнайы дене дайындығы спорттың маманданып жатқан түрінің талаптарына сәйкес спортшы ағзасы мүмкіндіктерінің, барлық дене мүшелері мен жүйелерін жоғары деңгейде дамытуға бағытталған. Жалпы денені дамытатын және арнайы дайындықта пайдаланылатын сан-салалы жаттығулар түрлі тәсілдермен орындалады. Оның негізгі түрлері: қайталау, аралас, аралық, бірқалыпты, екпінді, бақылау, "барынша", өте жоғары қарқындылық, жеделдету, ойындық, жарыстық. Осы тәсілдердің әрқайсысы спорттың әр түрінің ерекшеліктері мен түрліше дене қасиеттерін дамытуға сәйкес көлетін тәртіптері бар.



    Қозғалыс адам өмірі үшін аса қажет. Дене жаттығулары - организмдегі жасқа байланысты өзгерістердің алдын алатын және ұзақ өмір сүруге көмектесетін маңызды амалдардың бірі. Ежелгі гректер: «Егер сұлу болам десең - жүгір, денсаулығым мықты болсын десең - жүгір» дейтін.

    XIX ғасырдың орта шенінде Жерде өндірілетін және қолданылатын бүкіл қуаттың 96 пайызы адамның және үй жануарларының бұлшық ет күші болатын. Бүгінгі күні қуаттың 1 пайызы ғана бұлшық ет күшінен өндіріледі. Өмірдің барлық саласын дерлік автоматтандыру адамды қозғалыс белсенділігінен айырып, одан зор жүйке-психологиялық күшті талап етіп отыр. Біздің ғасырымызда ақыл-ой еңбегі дене еңбегін мүлде ысырып тастады деуге болады. Алайда ой еңбегі де адамнан физикалық дайындықты талап етеді.

    Гиподинамия, яғни дене белсенділігінің шектелуі қозғалыссыз өмір салтынан туындайды. Бұның себептері белгілі: балаларда мектеп бағдарламасы кеңейтіліп, ойын мен спорттық жаттығуларға бөлінетін уақыт азайса, ересектерде – өндірістің автоматтандырылуы, көлікпен жүру, компьютер мен теледидар алдында тапжылмастан бірнеше сағат отыру және т.б.

    Барынша аз қозғалып, жайлы өмір сүрсем дейтін адамдар өздерін артық қимылдан қорғай отырып, денсаулығымызды сақтаймыз деп ойлайды. Шындығына келгенде, бәрі керісінше. Тыныш өмір селқостық пен әлсіздікке, жалқаулыққа алып келеді, ал қозғалыссыз өмір кәрілікті жақындата түседі.
    Енжарлық нәтижесінде адам организмі – орталық жүйке жүйесі, қан айналымы, тірек-қозғалыс аппараты, ішкі секреция бездері - өзгерістерге ұшырайды. Белсенді қызмет етіп тұрған жасушалар майлы және дәнекер тіндермен алмастырылады. Бұл жүрек бұлшық етінің әлсіреуіне алып келеді, жоғары қан қысымына және атеросклерозға бейімділік пайда болады. Енжар, қимылсыз өмір салтын ұстанатын адамдардың қанындағы эритроциттер мөлшері кемиді, сүйектері сынғыш келеді, бұлшық ет тіні семеді, май тіні көбейеді, оттегін тиімді қорыту қабілеті жоғалады, иммундық жүйе жаншылады. Дене белсенділігін төмендету, әсіресе, балалар мен 40 жастан асқан адамдар үшін қауіпті.

    Балаларда гиподинамия организмнің қалыптасуын кешеуілдетеді, олардың жұқпалы ауруларға қарсы тұру күші кемиді, дене сымбаты, көру және есту қабілеті бұзылады. Жастарда жемісті қызметке қабілетсіздік дамиды. Ал қырықтан асқан кісілер ерте қартайып, бел қуаты кемиді, есте сақтау қабілеті нашарлайды.

    Дене жаттығуларының артықшылықтары:

    1. Сымбатты түзейді;

    2. Жүрек пен өкпе жұмысын жақсартады;

    3. Дене күші артады;

    4. Дене төзімділігі артады;

    5. Буындардың иілгіштігі, буындардың, байламдардың ең жоғары амплитудада қозғалысты қамтамасыз ету қабілеті артады;

    6. Бұлшық ет тонусы артады, бұл дегеніңіз дене жаттығуын жасайтын адам денесін тік, дұрыс ұстайды деген сөз;

    7. Иммундық жүйе нығайып, қан айналымы жақсарады, қандағы холестерин мөлшері азаяды;

    8. Іш қату, жамбас қуысындағы көтеуге алып келетін қан айналымының бұзылыстары жойылады;

    9. Жағымды көңіл-күй пайда болады;

    10. Негізгі алмасу үдерістері жақсарады, демек, қышқылдану үдерістері күшейіп, жасушааралық кеңістікте қалдықтар аз шөгетін болады.

    Дене жаттығулары пайдалы болуы үшін денеге түсетін күш адамның жасына, салмағына, бойына лайық болуы; жаттығу кезінде жүрек соғысы минутына 120-130 рет соғуы; шамадан артық шаршамау; дене қимылы адамға тек қуаныш, рахат сезімін сыйлауы керек және дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысу шарт.


    написать администратору сайта