Главная страница

Практика есебі. Қасым Мәдина практика есебі 2 курс. азастан республикасы білім жне ылым министрлігі аза лтты ыздар педагогикалы университеті


Скачать 135.37 Kb.
Названиеазастан республикасы білім жне ылым министрлігі аза лтты ыздар педагогикалы университеті
АнкорПрактика есеб
Дата31.05.2022
Размер135.37 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚасым Мәдина практика есебі 2 курс.docx
ТипДокументы
#560982

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА КҮНДЕЛІГІ

(2курс (4жылдық) студент практиканттарыүшін)

Аты-жөні: Қасым Мәдина Үсенқызы

Факультет: Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар және өнер институты

Мамандығы/тобы: 6В01404-Кәсіптік оқыту

Алматы-2022

КІРІСПЕ

Бүгінгі заман - бiлiм заманы . бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы , ғылым мен білім заманы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдiң тығырыққа тірелерi анық.Біз мұғалім мамандығының беделi мен абыройын қайтаруға міндеттіміз » .

Әлемдік білім кеңiстiгiне еркiн енудi тың , мазмұнды , жаңа мектеппен қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр . Бiлiм беруді жаңарту - үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі .

Жас өскелен урпақтың тағдыры олардың бойына ізгілік нұрын себуші ұстаздардың қолында , демек , мұғалім - балаларға бiлiм ғана емес , оларды емiр бойы үйрететiн бiздiң тәуелсіз мемлекетiмiздiң болашағын қалап жатқан маман . Сондықтан ұстаз мамандығын журек қалауымен тандаған , болашақ ұстаз студенттерді тәрбиелеу қоғамның алға қойған мақсаттарының бірі болып табылмақ .

Жоғары педагогикалық мақсаты - бiлiмдi жас мамандарға жоғары сапалы білім берумен қатар практикалык іс - тәжірибелерін ұштастырып , оларды бәсекеге қабілетті , ұлттық болмысымызды әлемге танытатын өскелең ұрпаққа терең білім бере алатын маман даярлау .

Студент педагогикалык кәсіптік практикадан өту барысында сөйлеу мәдениетiне , қоғамдық орындағы мінез - құлық әдебіне , кәсіби қарым - қатынас әдiстерiне , педагогикалық iзденiске ұмтылады , оку әдістемелік құралдар мен бағдарламалар туралы өзіндік ой - пiкiрi қалыптасады .

Болашақ маманды дайындау жүйесінде педагогикалық ( өндірістік ) практиканың алатын орны ерекше .

Кәсіби практика - жоғары оку орнының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола тұрып , мұғалімді дайындаудың теориялык және практикалық бiрлiгiн қамтамасыз етеді .

Студент - практиканттардың педагогикалық , өндірістік практикасы түрлі оқу тәрбие ұйымдарында өткізіледі.

«Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектебі » мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 24.01.22-14.05.2022ж аралығында өткен « 6В01404 - Кәсiптiк окыту » мамандығының 2 - курс студенті Қасым Мәдинаның педагогикалык iс- тәжiрибесiнiң

ЕСЕБІ

Педагогикалык практиканы 24.01.22-14.05.2022ж аралығында Алматы қаласы. «Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өткіздім . Мен бұл мектепте 6- ші сыныптарға « Көркем еңбек » пәні мұғалімі ретінде жұмыс жүргіздім .

Ең бірінші университет қабыргасында әдіскерлер тағайындалып, олармен жиналып, мектепте кандай жұмыстар аткарылуы керек екенін айтып түсіндірді. Педагогикалық практиканың бірінші күні мектепке барып, мектеп басшылығы мен ұжыммен, сондай - ақ өнер пәнінің мұғалімі Зиягуль Толымбековамен кездестiм. Болашақ педагог ретінде мектептiң iшкi тәртiбiмен, оку - тәрбие мекемесінің материалдық - техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердiң мiндеттерi, құқықтарымен таныстым, сонымен қатар . окушылардың міндеттері және кұкыктарымен толык танысып шыктым. Өткен такырыптарға байланысты көрнекiлiк кұралдар , мұғалiмдiк жумыстын ен нәтижелі формаларын және де әдістерін ұтынып практика жүзiнде тиімді пайдалануға тырыстым .

Педагогикалық практика кезiнде маған 6 сыныптарға «Көркем еңбек» пәнінен жетекшiмен бiрге сабак жүргізу міндеттелдi. Сынып оқушылары сабақ барысында ұйымшыл әрі белсенді болды. Оқушылардың басым бөлiгiнiң мiнезi ете ашық болгандықтан тез тіл табысып кеттік.Сабақтан тыс мейрамдарға арнап сурет салып мектеп көрмесіне қойдық. Сабак болмаган күндерi өндiрiстiк тәжірибемдi арттыру максатында басқа сыныптардың сабағына қатысып, оларға талдау жасап, мектептiң оқыту әдістерімен таныстым. Сабаққа барлық оқушылар жақсы атсалысты. Сабақта қолданылған көрнекіліктер: видеоролик,суреттер,рефераттар,презентациялар т.б. Сыныппен жұмыстан бөлек, жетекшiммен бiрлесiп сабақ жоспарларын, ашық сабақ жопарларын жасап үйрендім. Қорытындылай келе, бұл мектептегі білім беру екі тілді білім беру бағытында жүзеге асады, ал шет тiлi ретiнде ағылшын тілі үйретіледі. Үштілді білім берудін мақсаты - көптiлдi тұлғаны, яғни уш тілде сөйлей алатын, әртүрлі салаларда тиiмдi қарым - қатынас орната алатын, өз ұлтының мәдениетiн бағалай алатын және басқа ұлттардың мәдениетiн түсiнiп, кұрметпен қарайтын Қазакстан азаматын калыптастыру.

«Көркем еңбек» пәні жалпы қазақ және әлем халықтарының тоқыма, зергерлік ,кесте тігу ,киім дизайны, т.б өнерлерін бір арнаға тоғыстырып, оқушыларды еңбекке үйретеді. Пәнді оқыту сурет салу,үлгілеу,бейнелеу, сомдау және т.б сияқты жеке және топтық іс-әрекет түрлері арқылы жүзеге асырылады.Бұл пән сабақтан тыс уақытта көркемдік –эстетикалық бағыттағы үйірмелермен (көрмелер,музейлер,би,театр,клубтар және т.б.)тығыз бірлікте оқытылуы қажет екенін білдім.

ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ



БЕКІТІЛГЕН СЫНЫПТАРДАҒЫ САБАҚ КЕСТЕСІ

Сабақтар


Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1.




















2.




















3.




















4.




















5.










Көркем еңбек







6.


















7.













Көркем еңбек





КҮНДЕЛІК

24.01-31.03.2022ж аралығында еліміздегі бірқатар жағдайларға байланысты сабақтар онлайн форматта болды. Яғни Google Meet,WhatsApp платформаларында сабақтар өтілді.Тек 04.04.2022ж бастап мектеп оффлайн фраматқа ауысты.

07.04.2022ж Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы. Электросызбалардың шартты белгілерімен таныстыру».Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер:презентация,видео,сұрақ-жауап.Оқушылар өте белсенді болды соның арқасында сабақ қызықты өтті.

08.04.2022ж Сабақтың тақырыбы «Жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы. Электр тізбегі».Бүгінгі сабақ өте қызықты өтті себебі, оқушылар белсенді қатысып отырды.Сабақ түрлі әдіс-тәсілдермен өтілді.Mысалы: презентация,видео,ойын,сұрақ-жауап,жазбаша,ауызша.

14.04.2022ж Сабақтың тақырыбы «Тағам әзірлеуге арналған құрал-жабдықтар,аспаптар мен ыдыс-аяқтар.Электр қуатының ток көздері туралы жалпы мәліметтер»Бүгінгі сабақ екі тақырыптан тұрады яғни бірінші тақырып қыздарға ал екінші тақырып ұлдарға қатысты.Соған қарай бүгін қыздар мен ұлдар өз тақырыптарына байланысты өз білгендерімен бөлісті.Бұл бір жағынан барлық оқушылардың сабаққа қатысуына өз көмегін тигізді.Үйге берілген тапсырма тақырып соңындағы кестені толтырып келу.

15.04.2022ж Сабақтың тақырыбы «Тағам дайындауға арналған құрал жабдықтардың мүмкіндіңтерін зерттеу.Электр қуатының ток көздері туралы жалпы мәліметтер» Бүгін сабақта тақырыпты түсіндіріп кейін оқушылар еркін тақырыпта сурет салды.

21.04.2022ж Сабақтың тақырыбы «Десерт әзірлеу технологиясы. Электр тізбегі» Бүгінгі сабақта әр оқушы өз үйлерінде қандай және қалай бутербродтар мен сусындар жасайтындарын айтып өзге оқушылармен бөлісті.

22.04.2022ж Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Десерт әзірлеу технологиясы.Электрлі қол еңбегі құралдары қолданылатын тұрмыстағы жөндеу жұмыстары»Бүгін оқушылар екі топқа бөлініп салаттар жасады.Яғни бір топ жемістерден ал екінші топ көкеністерден салат жасады.Оқушыларға қатты ұнады,сабақ қте көңілді өтті.

28.04.2022ж Сабақтың тақырыбы «Десерт әзірлеу.Электрлік қол еңбегі құралдары қолданылған тұрмыстағы жөндеу жұмыстары»Бүгінгі сабақ қайталау сабағы болғандықтан оқушылар еркін тақырыпта сурет салды.

29.04.2022ж Сабақтың тақырыбы «Гигиена ережелері.Бөлмені ылғалды және құрғақ тазалау жұмысы. Бөлме тазалығы.Электрлі қол еңбегі құралдары қолданылатын тұрмыстағы жөндеу жұмыстары .» Бүгінгі сабақты презентация арқылы түсіндіріп және тақырыпқа байланысты оқушыларға түрлі сұрақтар қойылып сабақты қызықты өткіздік.Сондай ақ оқушылар топтарға бөлініп қызықты ойындар ойнатылды.

05.05.2022ж Бүгінгі тақырып «Киім(аяқ киім) күтімі мен оларды сақтау. Электрлі құралдармен тұрмыстағы жөндеу жұмыстары.»Бүгінгі сабақ қайталау сабағы болғандықтан оқушылар топтарға бөлініп бір біріне сұрақтfр қойып және түрлі ойындар ойнады.

06.05.2022ж Сабақтың тақырыбы «Киімдерді күтү.Электрлі құрал жабдықтар»Оқушыларға презентация мен видео арқылы сабақ түсіндірілді.Сонымен қатар оқушылар Қазақстандағы өсімдік шаруашылығы мен танысып және өз білгендерімен бөлісті.

12.05.2022ж Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Киімдерді күтү.Электрлі құрал жабдықтар»Бүгін оқушылар Қазақстандағы бірнеше өсімдіктердің суретін салды.


написать администратору сайта