Главная страница
Навигация по странице:

  • СОӨЖ тапсырмасы

  • Кәсіпкерлік идея және өз ісіңмен айналысудың себептері» кыскаша баяндама жасаңыз. Кәсіпкерлік идея

  • Кәсіпкерлік идеяның екі ерекшелігі бар

  • Кәсіпкерлік идеяларды қалыптастыру көздері деп санайды

  • Рашитқызы А.СОӨЖ. азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі Е. А. Бкетов атындаы араанды университеті Химия факультеті Органикалы химия жне полимерлер кафедрасы


    Скачать 19.3 Kb.
    Названиеазастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі Е. А. Бкетов атындаы араанды университеті Химия факультеті Органикалы химия жне полимерлер кафедрасы
    Дата31.03.2021
    Размер19.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаРашитқызы А.СОӨЖ.docx
    ТипДокументы
    #189818

    Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

    Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

    Химия факультеті
    Органикалық химия және полимерлер кафедрасы

    Қолданбалы бизнес

    СОӨЖ тапсырмасы


    Орындаған: Рашитқызы А.

    Группа: ТФП-318

    Қабылдаған: Кожабатчина Г.М.

    Қарағанды, 2021 жыл

    1. Сіз бастаушы кәсіпкерсіз. Өз аймағыңызда қандай көмек қызмет түрлерін, кімнен ала аласыз? Бастаушы кәсіпкерлеп қандай қиындықтарға тап болады?

    Кәсіпкерлік істе, менің ойымша, көптеген бағыттарда өте ерекше қабілетке ие болу керек. Ең алдымен, кәсіпкерлік сезім болуы керек, ақша табуға күшті ниет. Компанияны бақылау және дана шешімдер қабылдау керек.
    Егер мен кәсіп бастап, кәсіпкер болатын болсам, мен ол кезде өзімнің алып жатқан білімім мен мамандығымды пайдалана отырып, халыққа қол жетімді бағамен онлайн дәріхана мен дәрі жасау өндірісін ашуды қолға алар едім. Барлығымызға мәлім 2020 жылдан бастап барлық әлем үшін күрделі, қиын жыл болғаны анық. Ол кездегі ең басты проблеманың бірі ол дәрі-дәрмектің жеткіліксіздігі. Дәріханаға түскен сәттен бастап дәрілердің халыққа түгелдей жетпеуі болып отырды. Сонымен қатар, қазіргі кезде дәріханалар желісі көп болғанымен белгілі бір дәріні іздеп табуың қиындыққа соғуы мүмкін. Тапқанмен кейбір дәріханалар ол дәріге алдын ала тапсырыс беру арқылы ғана алуды талап етеді.Ал мен егер онлайн дәріхана мен дәрі жасау өндірісін қолға алып, оны дамытатын болсам, халық үйінде отырып бір ғана телефонның көмегі мен қандай дәріні, қанша теңгеге алуға болатынын және фармацевтің онлайн кеңісін ала алатындай етіп жасаушы едім. Сонымен қоса бұл онлайн дәріхананы тек үлкен қалада ғана емес, ауыл-аудандарда да, жасаушы едім. Өйткені көп дәрілер аудандарға жете бермиді, және барлық ауыл-аудандар қаланың маңында орналаспағаннан кейін олардың дәрі алуына және дер кезінде табуы қиындыққа соқпас үшін осы онлайн дәріхананы ауыл аудандардың жағдайына сай ашар едім.

    Сонымен, «Тәуекел» деп кәсіп ашамын дейтін жандардың ең басты қажеттілігі – қаржы болып табылады. Өкінішке орай, қажетті қаражаттың болмауынан салы суға кетіп, кәсіп ашу ойынан айнып шыға келетіндер қарасы көп. Сонымен елімізде бизнесті бастау үшін арналған бағдарламалар, кредиттердің түрлері өте көп, соның бірі - DAMU - кәсіпкерлерді дамыту қоры. Аталған қор еліміздің барлық облыстарында сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында оқыту жүргізеді. Қор арқылы өз ісіңізді бастауға несие алуға болады. Несие алу үшін ең алдымен жоғарыда айта кеткен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барып оқудан өтіп, тиісті сертификат алуыңыз керек. Одан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН-ға) барып ДК немес ЖШС ашуыңыз, маркетологқа барып бизнес-жоспарды жасату керек. Келесі қадам 15-20% бастапқы жарна жинау. Осының барлығын істеген соң DAMU-ға барып кепілді несие ала аласыз. Қордың несиелендіру бойынша негізгі 3 бағыты бар. Соның бірі - Ісін жаңа бастағандарға арналған бағдарлама. Атауы айтып тұрғандай бизнес бастағысы кеп жүрген жандарға. Жоба қатысушылары алдымен оқытудан өтеді, артынша несиелендіру жүргізіледі. Алынған несиені субсидиялау, қарапайым тілмен айтқанда кредиттің пайыздық мөлшерлемесін азайту мүмкіндігі ие боласыз. «Даму Оптима» - кепілдік (гарантия), яғни сіздің кепілдікке беретін сомаңыз жетпи тұрса, қор сіз үшін кепілдік бола алады. Аталған бағдарлама бойынша несие мөлшері 30 миллион теңгеге дейін. Жалпы қарыз сомасының 85%-на дейін. Бұл бағдарлама арқылы келесі – BankRBK, BankCentarCredit, EurasianBank, TengriBank, AlfaBank, ForteBank, VTB, Сбербанк, NURBANK, АТФБанк, CapitalBank, KassaNOVAbank жұмыс істеп жатқан банктер болып табылады.

    Сөз соңында айтарым, қай істе болмасын кәсіп ашып, кәсіпкер боламын десеңіз кәсіби біліміңізді арттырып, білікті мамандармен кеңесіп, серіктес болып, тәуекел ете біліңіз. Иә, ақша бар жерде құлау бар, бірақ қайта тұруда бар. Ең бастысы өз салаңызды дұрыс таба біліңіз.

    1. Кәсіпкерлік идея және өз ісіңмен айналысудың себептері» кыскаша баяндама жасаңыз.

    Кәсіпкерлік идея белгілі бір нысанға (техникалық, экономикалық, қаржылық, Әлеуметтік және т.б.) жазылған кәсіпкердің (өндірушінің) мүддесі болып табылады. Мұндай қызығушылық кәсіпкердің мүмкіндіктерін нарық қажеттіліктерімен біріктірген кезде анықталады, яғни кәсіпкер нарықтағы жағдайды зерделей отырып, әдетте, нарықты жақсы емес түрде жұмыс істеуге мәжбүр ететін көптеген олқылықтарды көреді. Сонда кәсіпкер өз мүмкіндіктерін біле отырып, осы олқылықтардың ең болмағанда біреуін жоюға қабілетті бірдеңені ұсынуға (жүзеге асыруға) тырысады. Бұл" бірдеңе" кәсіпкерлік идея б/т.

    Кәсіпкерлік идеяның екі ерекшелігі бар:

    - онын қатысынсыз кәсіпкерлік қызмет мүлдем мүмкін емес;

    - жұмыс істейтін кез келген кәсіпкер өз қызметінде кәсіпкерлік идеяларды жинақтау, іріктеу және салыстырмалы талдау процесін болдырмай алмайды.

    Жаңа идеяның қалыптасуы жаңа (пайда болған немесе бұрын ескерілмеген) фактілерге негізделген жаңа комбинацияны, логикалық ой-пікірлер жүйесін құру болып табылады.

    Кәсіпкерлік идеяларды қалыптастыру көздері деп санайды:

    1) тауар нарығы. Тауар нарығын идеялар көзі ретінде пайдаланудың мәні нарықта бар тапшылық пен осындай тапшылықты ықтимал жою бойынша өз күш-жігерінің пайдалылығын анықтауға әкеледі. Әдетте бұл көзге тәжірибесі аз жас кәсіпкерлер келеді. Тәжірибелі кәсіпкер де тауар нарығын талдайды, бірақ әдетте басқа мақсаттарға ие;

    2) қоғамдық өндіріс жүйесіндегі географиялық немесе құрылымдық "алшақтықтар". Идеялар көзі ретінде географиялық немесе құрылымдық "алшақтықтарды" қоғамдық өндіріс жүйесінде пайдаланған кезде кәсіпкер талдайды:- тауарды, оның жекелеген компоненттерін немесе тіпті тұтас тауар тобын өндіру процесі;- тауарды өндірушіден тұтынушыға жылжытудың көзі мен "бағыты" ;- тауарды тұтынушыға ұсыну нысаны. Бұл талдаудың мақсаты:" өндіріс процесінде — құрылымдық (бұл өндірілмейді, шығарылмайды) немесе қою процесінде — географиялық (бұл біздің елде өндіріледі, ал шетелден әкелінеді, неге?).

    3) ғылым мен техниканың жетістіктері. Ғылым мен техниканың жетістіктері идеялар көзі ретінде осы салада жақсы хабардарлықты және Елеулі зияткерлік еңбекті талап етеді. Бір жағынан, мұндай тәсіл ғылымның, техника мен технологияның жетістіктерін, екінші жағынан — жаңа тауарларды өндіру мүмкіндіктерін біріктірудің нақты нысандарын іздеуге бағытталған.Жаңа тауарлар өндірісін жоспарлау өндіріске ғылым, техника және технология жетістіктерін енгізу негізінде жүзеге асырылады. Бұл қызметпен кәсіби мамандар айналысуы керек. Тауар ғана емес, өндіріс технологиясы, өндірістік процесс назар аудару объектісі болуы мүмкін;


    написать администратору сайта