Зануление Охрана Труда. азастан Республикасы білім жне ылым министрлігі Коммерциялы емес А
Скачать 1.3 Mb.
|
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Коммерциялық емес АҚ Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс университеті Электр энергетика және электр техника институты «Электрмен жабдықтау және жаңғыртылатын энергия көздері» кафедрасы №5 зертханалық жұмыс Пәні:Еңбек қорғау Тақырыбы: 1000В - қа дейінгі үшфазалы желілердегі қорғаныш нөлденудің әсер ету тиімділігін бағалау Мамандығы: 5В071800 – «Электроэнергетика» Тобы: РЗиАЭЭСк-18-8 Орындаған: Нұрсеит А. Қабылдаған: Джамбаева А. ____________ __________ «______» _________ 2021ж. (бағасы) (қолы) Алматы, 2021 Зертханалық жұмыс. 1000В - қа дейінгі үшфазалы желілердегі қорғаныш нөлденудің әсер ету тиімділігін бағалау. Жұмыстың мақсаты: 1кВ – ке дейінгі кернеуі, бейтарап жерге тұйықталуы бар үшфазалық бес сымды желілердің нөлдену әрекетінің тиімділігін бағалау. 1 Жұмыстың мазмұны 1.1 РЕ - өткізгіштің қайта жерге тұйықталуынсыз желіге нөлдеу әрекетінің тиімділігін бағалаңыз. 1.2 РЕ – өткізгіштің қайта жерге тұйықталуы бар желіге нөлдеу әрекетінің тиімділігін бағалаңыз. 1.3 РЕ – өткізгіштің үзілген кезінде қайта жерге тұйықталуын пайдалану тиімділігін бағалаңыз. 2 Тәжірибе қондырғысының сипаттамасы Зертханалық тақташа (стенд) қоректену көзі бар үшфазалық электр желісі бар үлгіден, аса жоғары тогы бар қорғау құралынан, тұрақты және ауыспалы кедергілері бар 3 жерге тұйықталудан, тұтынушыдан, тақташаның әртүрлі нүктелерінде ток және кернеуі бар, уақыттық сандық өлшеуден тұрады. Тақташаның қоректенуі 220 В ауыспалы токтың бірфазалық желісімен жүзеге асады. Қосу «Желі» ажыратқышының көмегімен орындалады. Зертханалық тақташа қауіпсіз және төмен кернеуде орындалатын үшфазалық электр желілердің үлгісі болып табылады. Оның көзі ретінде үшфазалық кернеудің өзгерткіші (генератор) қолданылады. Тақташа құрамына жататын сандық өлшеу аспабы тиімді мәндерді өлшейді және ол өлшем коэффициентін ескере отырып дәл бөлінген. Олар әрқашан 220/380 вольт кернеуде нақты үлгіленетін желіде пайда болатын кернеу мен токты көрсетеді. Сондықтанөлшеуүшінтақташадағыөлшеуаспаптарынқолданыңдар. Тақташа жабдықтың ашық ток өткізгіш бөлігінде түрлі жерге тұйықталу және нөлдену нұсқауларын және бейтарап тәртіптерді үлгілеуге болатын маңдайшалармен жабдықталған. Қысқа тұйықталу пайда болған кезде қорғау істен шыққан уақыт секундтық үлесін арттырмаса тақташадағы қорғау істен шыққан уақыттың сұлбасында бар тоқ пен кернеуді өлшеуге мүмкіндік беретін арнайы «Апат тәртібі» құрылымында қарастырылған. Осы тәртіпке ауысу үшін «Апат тәртібі (режим)» батырмасын басыңыз. Тәртіптен шығу батырманы қайта басып жүзеге асырылады. Маңдайша мен қорғаныштың кез келген автоматты ажыратқышының, ажыратып-қосқышының орны ауысқан кезде «Апат тәртібі» автоматты түрде төмендейді. «Апаттәртібі» қорғауіскеасырылғаннанкейінғанажәнеавтоматтар, маңдайшаларжәнеажыратып-қосқыштардыңорныауысқанжағдайдағанамүмкінекендігіненазараударындар. Кернеуді өлшеу жеткізу жинағына кіретін өткізгіштердің көмегімен тақташаның кез келген бақылау нүктесіне вольтметрдің кіріс ұяшығының жалғануы арқылы іске асырылады. Біріктіргіш өткізгіштер мен маңдайшалар тақташаның төменгі бөлігінде орналасқан жылжымалы жәшікте сақталады. Сұлбаның нақты тізбегінде токты өлшеу үшін амперметрлер тақташаның беткі тақтасында бейнеленген. Амперметрлердің ішіндегі кез келген көрсеткішті анықтау үшін бір жалпы көрсеткіш қолданылады. 2.1 сурет – ӨТҚ 06 тақтасының беткі тақтасының сыртқы көрінісі Негізгі жағдай Бұл үлгіқалып (стандарт) (ГОСТ 12.1.038-82) әрекет ету уақытына тәуелді 1000В дейінгі өндірістік электрқондырғыларының апаттық тәртібі кезінде ток және жанасу кернеулерінің шекті рұқсатты мәндерін белгілейді (4.1 кестені қара). 1-кесте – Апаттық тәртіп кезіндегі токтар мен жанасу кернеуінің шекті рұқсат мәндері.
Электрлік токпен жеңілуден қорғау бойынша шара адам арқылы өтетін ток пен жанасу кернеуінің төмендеуін, сонымен қатар пайда болу уақытын қамтамасыз етуі қажет. Қорғанышты нөлдеу жерге және электрқондырғыны желіден жылдам ажыратуға байланысты тұрқы кернеуін төмендету есебінен электр тогының соғуынан қорғаудың техникалық тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл қорғау тәсілі Ресейде көбірек таралған. Нөлдеу– бұл электрқауіпсіздік мақсатында орындалған өндіргіш (генератор) пен өзгерткіштің (трансформатор) саңырау жерге тұйықталған бейтарап нүктесі бар электрқондырғыларының ашық өткізілетін бөлшектерінің ниетті электрлік қосылысы. Саңырау жерге тұйықталған бейтарап нүктесі бар электрэнергияны тұтынушының ашық өтетін бөлшектерін жалғау үшін нөлдік қорғанышөткізгіші қолданылады. Нөлдікқорғаныш өткізгішініңфункциясын TN – S жүйесіндегі РЕ - өткізгіші немесе TN – C жүйесіндегі PEN - өткізгіші орындайды. Нөлдікқорғанышөткізгіштінөлдік жұмыстықөткізгіштенайыра білу қажет. Нөлдік жұмыстық өткізгіш (TN – S жүйесіндегі N - өткізгіш) – 1 кВ дейінгі кернеуде электрқондырғылардағы өткізгіш, үшфазалы ток желілеріндегі өткізгіштің немесе өндіргіштің саңырау жерге тұйықталған бейтарап нүктесімен жалғанған, бірақ ол электрқабылдағыштарды қоректендіруге арналған. Бірлескен (TN – S жүйесіндегі РЕN - өткізгіш ) нөлдік қорғаныш және нөлдік жұмыстық өткізгіш – нөлдік қорғаныш және нөлдік жұмыстық өткізгіштердің функциясын біріктіретін, 1 кВ – қа дейінгі кернеудегі электрқондырғыларындағы өткізгіш. Нөлдеу аймағын қолдану: бейтарап жерге тұйықталуы бар (TN – S жүйесі; әдетте бұл 220/127, 380/220, 660/3 80 В желілері), ауыспалы токтың үшфазалы желілеріндегі 1кВ- қа дейінгі кернеудегі электрқондырғылары; жерге тұйықталған нәтижесі бар ауыспалы токтың үшфазалы желілерінде 1 кВ дейінгі кернеуіндегі электрқондырғылары. көздердің орташа нүктесімен жерге тұйықталған ауыспалы тоқтың желілеріндегі 1 кВ дейінгі кернеуіндегі электрқондырғылар. Нөлдеу әрекетінің қағидасы (принцип). Электртұтынушының нөлденген тұрқысына желілердің фазалық сымдарының тұйықталуы кезінде (4.1 суретті қара), ток тізбегінің бір фазалы қысқа тұйықталуы (яғни, фазалық және нөлдік қорғаныш өткізгіштерінің арасындағы тұйықталу) пайда болады. Бірфазалы қысқа тұйықталу тогы, нәтижесінде бүлінген электрқондырғы қоректенетін желіден ажыратылатын максималды токпен қорғаудың істен шығуын тудыруы тиіс. Оның үстіне максималды токпен қорғау істен шыққанға дейін нөлдік қорғау өткізгішінің қайта жерге тұйықталуының қорғау әрекеті және қысқа тұйықталу тогының ағылуы кезінде желіде кернеуді қайта таратумен байланысты жерге қатысты бүлінген тұрқының кернеуі төмендейді. 1- электрқондырғының тұрқы (корпус) (электрқозғалтқыш, өзгерткіш (трансформатор) және т.б.); 2 – токтан қорғау аспабы КЗ (сақтандырғыш); Rо – ток көзінің орауышының бейтарап жерге тұйықталу кедергісі; Rқайта жерге тұйықталу – нөлдік қорғаныш өткізгішінің қайта жерге тұйықталуының кедергісі; Iкз – К3 тогы; IН – нөлдік қорғаныш өткізгіші арқылы ағып өтетін КЗ тогының бөлшегі; IЗ – электрқондырғы тұрқысының(корпус) – жер (электрқозғалтқыш, өзгерткіш және т.б.) арқылы ағып өтетін К3 тогының бөлшегі. Стенде жасалған жұмыс бойынша келесі кестеге мәндерді енгіземіз. 2-Кесте 1-корпус бойынша 0 Ом кезінде
2-корпус бойынша 0 Ом кезінде
3-Кесте 1-корпус бойынша 0,1 Ом кезінде
2-корпус бойынша 0,1 Ом кезінде
4-Кесте 1-корпус бойынша 0,5 Ом кезінде
2-корпус бойынша 0,5 Ом кезінде
5-Кесте
Қорытынды 5 зертханалық жұмыста 1000В - қа дейінгі үшфазалы желілердегі қорғаныш нөлденудің әсер ету тиімділігін зерттедік. 1кВ – ке дейінгі кернеуі, бейтарап жерге тұйықталуы бар үшфазалық бес сымды желілердің нөлдену әрекетінің тиімділігін қарастырдық. Нөлдеу– бұл электрқауіпсіздік мақсатында орындалған өндіргіш (генератор) пен өзгерткіштің (трансформатор) саңырау жерге тұйықталған бейтарап нүктесі бар электрқондырғыларының ашық өткізілетін бөлшектерінің ниетті электрлік қосылысы. 0, 0,1, 0,5 Ом кезінде кедергіні көбейткен сайын,токтың мәні төмендейтінін байқадық.Ал екінші тапсырма бойынша кедергіні көбейтсек,ток мәні төмендейді,ал кернеудің мәні жоғарылайды. |