өрт қауіпсіздігі. Өрт қауіпсіздігі. азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі лФараби атындыы аза лтты Университеті Факультеті География жне табиатты пайдалану Кафедрасы Юнеско
Скачать 117.8 Kb.
|
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Әл-Фараби атындығы Қазақ Ұлттық Университеті Факультеті «География және табиғатты пайдалану» Кафедрасы «Юнеско» СӨЖ Тақырыбы: ҒИМАРАТТАРДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Орындаған: Елубай Қайрат Қабылдаған: Абдибаттаева М.М Алматы, 2021 жыл САУДА ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨРТТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІ Қазіргі уақытта ірі сауда нысандарының құрылысы үлкен қалаларда ғана емес, еліміздің қарапайым шағын қалаларында көптеп кездеседі. Мыңдаған адамдардың ішінде ірі сауда орталықтарына бірінші рет келген кейбір адамдар эвакуациялау жолдарымен таныс. Бұл адамдар төтенше жағдайда қалай әрекет етеді? Төтенше жағдайда олардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болады? Сауда орталығы бір мезгілде көптеген адамдар болатын және бірнеше қабаттары бар кең жабық алаң болып табылады. Сондықтан стационарлық бөлшек сауда желісінің жұмысы міндетті түрде өрт қауіпсіздігі ережесіне сай болып, өртке қарсы қауіпсіздік мұқият ойластырылуы тиіс. Сауда орталығында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін эвакуациялауды ұйымдастыруға аса мән беріп, өрт сөндірудің автоматты жүйелері мен өрт сөндіру үшін пайдаланатын қол құралдарымен үздіксіз қамтамасыз етіліп, олар міндетті түрде объектіде болуы шарт. Көбінесе сауда ойын-сауық орталығында өрт қауіпсіздігі кәсіби автоматты жүйелердің көмегімен жүзеге асырылады. Жергілікті жерлердегі жауапты адамдар кем дегенде жарты жылда бір реттен сауда үй-жайларында оқу-жаттығу эвакуациясын өткізуі қажет, бұл үшін персонал елеулі өртке дайындалып, тез әрекет ету керек. Сауда алаңдарының меншік иелері мен жалға алушылары өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, өрт болған жағдайда олардың іс-қимыл жасау тәртібі бойынша өз жұмысшыларымен нұсқамалар жүргізуі қажет. Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары барлығына бірдей, бірақ объектінің инженерлік ұйымының әрлеу ерекшелігіне байланысты осы талаптарды қамтамасыз ету тәсілдері жиі ерекшеленеді.Сондықтан сауда орталығының иесіне мамандар осы нысанның ерекшеліктеріне сәйкес келетін өзінің бірегей өрт қауіпсіздігі жүйесін әзірлеуді ұсынады. Өрт – бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі. Өрттің шығу себептері: Өрт шығып оның күшею себептері мына жағдайлардан болады: жану зонасында жаңғыш затпен белгілі сандық және сапалық қатынаста болуы керек; жану ортасы мен тұтану көзі өзара түйісу керек; тұтандыру көзінің температурасы жану ортақ өздігінен жану температурасына дейін қыздыру керек; Жаңғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану; Жылыту жүйесін электр желісін электр қондырғыларын дұрыс пайдалану; Газ, бу, шаң газ баллоны, компрессорлардың жарылуы; Жаңғыш заттардың өздігінен тұтануы; Жанармай, бояу материалдары және басқа жаңғыш сұйық заттарды дұрыс сақтамау; құрал-жабдықтардың қатты қызуы. Өртті болдырмау шаралары Жану процесстері: Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығу және жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалық және химиялық процесс. Жану процессі пайда болып және даму үшін 3 фазадан тұрады: - жаңғыш; - тотықтырғыш; - тұтану көзі. Жаңғыш зат – оттегімен қосылатын заттарды айтады, кейбір кезде заттардың жануы оттегімен ғана емес басқа да фазамен қосу арқылы болады. Мысалы: хлор, бром, күкірт. Жаңғыш зат қатты, сұйық, газ түрінде кездеседі. Әдетте жану процессі заттың газ күйінде жүргізіледі. Қатты және сұйық заттар жану процессі кезінде физикалық және химиялық реакциялар арқылы жаңғыш затқа айналады. Жаңғыш зат ауада оттегі концентрациясын 12-14 пайыз жоғары болса ғана жанады. Жану процессі басталу үшін тұтану көзінің жылу энергиясы жаңғыш зат тұтану температурасына дейін қыздыра салатындай мөлшерде болуы керек. Тұтану көзіне жалын, ашық от, ұшқын, қызған дене, химиялық реакция жану сәуле энергиясы және найзағай жарқылдануында. Жанғыш процессінің түрлері: от, алау, жану, тұтану, өздігінен жану, өздігінен тұтану және жарылу. От алау деп – жаңғыш зат үстінде пайда болған газдың немесе будың тез жанып кетуін айтады. Заттың үстінде жиналған газ немесе бу жанатын ең төменгі температураны сол заттың аталу температурасы деп атаймыз. От алау температурасы жаңғыш заттардың өрт қәуіптілігі жөнінде негізгі көрсеткіш болып есептеледі. Осыған сәйкес барлық жанатын заттар өрт қәуіптілігі бойынша екі топқа бөлінеді. 1. Тез тұтанғыш сұйық 2. Жаңғыш сұйықтар от алау температурасы - жану дегеніміз – тұтандыру көзінің әсерінен туатын жану процессі. - тұтану дегеніміз жалын пайда болған жану процессі. - өздігінен жану деп – жаңғыш заттың сыртқы тұтандыру көзсіз пайда болған жану процессін айтады. - өздігінен тұтану жалын пайда болатын өзінен өзі жану процессі. Жарылу – жылу және газ заттарын шығарып қирату процессін туғызатын өте тез жану процессін айтады. Жарылғыш заттар газ, бу, шаң түрінде болады. Бұл заттар ауада олардың тек белгілі концентрациясы болғанда ғана жарылады. Жаңғыш сұйық заттардың өрт қауіптілігін анықтайтын факторлардың бірі температуралық шегі болып есептеледі. - төменгі температураның тұтану шегі деп – сұйық заттың қаныққан буынның қоспасы болып табылады. Өрт сөндіру жүйесі — сорғы станциясындағы өртті дер кезінде байқау және оны сумен немесе баска да әдістермен (газ, көбік, кұм, киіз және т.б.) сөндіруге арналған кұрылғылар кешені. Егер сауда орталығының көлемі 2000 м3-дан артық болмаса, онда кіші және орта сорғы станциялары сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс нормалары мен қағидалары бойынша карастырылмайды. Сонымен қатар өрт сөндіретін су өтімі 10 л/сек-тан төмен болса, үлкен сорғы станцияларында суға толтырылған резервуарлар немесе өртке қарсы тұрақты су құбыр желілері қарастырылады. Сауда орталығының көлемі 50 мың текше метрге дейін, ал қоршауы I және II дәрежедегі отқа төзімді және өндіріс категориясының өрт қауіптілігі Г, Д және Е-ден жоғары болмаған жағдайда өртке қарсы сумен жабдыктау жүйесіндегі су өтімі 10 л/сек-ке дейін жетеді. (Г — жабық тарату құрылғысы, май толтырылған аппаратура, сыйымдылығы 60 кг-нан аспайды; Д — май машиналары залы; Е — аккумулятор және қышқыл сақталынатын бөлме). Егер I және II дәрежеде отка төзімділік кез келген көлемде, өндіріс категориясы Г және Д, I—IV дәрежеде отка төзімділік көлемі 5000 текше метрден төмен болса, онда сорғы станциясы ғимараттарында ішкі өртке қарсы су құбыры желісі құрылыс карталары мен қағидалары бойынша карастырылмайды. Сорғы станция ғимараты, коршау категориясы А, Б, В, (кабельді бөлме және жабық тарату құрылғысы толтырылған аппаратура, май көлемі 60 кг-ға дейін), ғимарат көлемі 0,5—5000 м3 және су өтімі 5 л/сек.; ғимарат көлемі 5000—50000 м3 болса, онда әрқайсысының су өтімі 2,5 л/сек. келетін екі ағынша карастырылады. Өртті сөндіру құралдары мен жолдары Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 % ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т.б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді. Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екі көмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді. Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды. Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықшылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай-ақ жанып жатқан сұйық заттарды (май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген. Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 – 60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан тұратын болады. Ол шиттер өрттi сөндiруге керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды су құбырына станоктарды су құйғыш орнатылады. Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су құйғыштармен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру су құбырларының гидранттары жолдың бойында және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5м қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады. Өрт сөндiру гидранттары ғимараттардың баспалдақ ауласында да орналасуы мүмкiн. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын перспективтi бағыттардың бiрi автоматты өрт сөндiргiш қондырғылары. Ондай қондырғыларға спринклерлiк және дренгерлiк қондырғылары жатады. Дренчерлiк өрт сөндiргiш қондырғысы өртте сумен автоматы және қашықтықты жүйеде сөндiредi. Эвакуацияны есептеу. Сауда орталықтарынан адамдарды эвакуациялау кезінде адамдар шыға берістерге қарай ұмтылады. Бұл шыға берістердегі адамдардың тобының тығыздығының тез өсуіне әкеледі. Топтардың тығыздығының өсуі адамдардың қажет жағдайда жеке бөлмелер мен ғимараттардан толығымен шығып үлгеруіне кететін уақыты – эвакуациялау кезіндегі қажетті негізгі көрсеткіш болып табылады. Мәжбүрлі эвакуациялаудың қауіпсіздік нәтижесі эвакуация уақытының, адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторларының шекті жағдайға жету уақытынан аз болуында: Шекті қолайсыз температура (600С), оттегінің концентрациясы төмендеуі, ауада жанудың зиянды қалдықтарының шектен аса жинақталуы, түтіннің әсерінен көрудің нашарлауы. Көрсетілген шарттардың пайда болу уақытын нақты жағдайларға байланысты және оны есептеу арқылы да анықтауға болады. Эвакуацияның уақытын азайтуға конструкциялық-жобалық және ұйымдастырушылық шешімдермен қол жеткізеді. Сауда орталықтарынан адамдарды эвакуациялау кезіндегі негізгі көрсеткіштер: тығыздық, адамдар тобының қозғалу жылдамдығы, жолдардың өткізу мүмкіндігі және қозғалыс қарқыны. Сонымен қатар эвакуациялау жолдары ұзындығымен және енімен сипатталады. Эвакуациялық аймақтың шекті ұзындығы, м Ln = νT, мұндағы: ν – эвакуациялау кезіндегі адамдардың қозғалу жылдамдығы, м/мин: 16 - көлденең жазықтықта, 8 – баспалдақпен жоғары қарай, 10 – баспалдақпен төмен қарай; Т – эвакуация уақыты, мин: 6 – өрт қауіпсіздігі І және ІІ дәрежелі ғимараттардан, 4 - өрт қауіпсіздігі ІІІ және ІV дәрежелі ғимараттардан, 3 - өрт қауіпсіздігі V дәрежелі ғимараттардан. Балаларға арналған мекемелерде эвакуациялау уақытын 20%-ға азайтады. Бір қабатты өртке төзімділігі І және ІІ дәрежелі, өндірістік өрт дәрежесі А ғимарат үшін эвакуациялау жолының ұзындығы 50 м көп емес және Б, В категориялары үшін 100 м көп емес. Көп қабатты өндірістік ғимараттарда бұл қашықтық 40 және 75 м сәйкес келеді. Адамдардың орналасу тығыздығы, м2/м2, эвакуациялық бөліктің ауданында: Д = ΣNifі/S мұндағы: Ni – і бөлігі ауданындағы адамдар саны, адам; fі – адамның көлденең проекциясының ауданы, м2; S – эвакуациялау бөлігінің ауданы, м2. Есептеу жүргізу үшін адамның көлденең проекциясының ауданын fі оның жасы, киімінің және тасымалдайтын жүк түріне байланысты төмендегідей қатынаста алады: f, м2
Д < 0,05 м2/м2 болған кезде адам бағыты бойыша да, қалаған жылдамдығымен де еркін қозғала алады. Ал 0,05<Д<0,15 м2/м2 аралығында болғанда адамдар өзінің бағытын еркін өзгерте алмайды, ал Д≥0,15 м2/м2 болғанда адамдардың қозғалу тығыздығы артады. Сондықтан есептеу жүргізген кезде Д≤0,9 м2/м2 болуын қамтамасыз ету керек. Жолдардың өткізу қабілеті, м2/мин (немесе адам/мин), – бұл жол қиылысынан уақыт бірлігінде өткен адамдар саны: Q = ДνВ мұндағы: В – эвакуация аймағының ені,м. Адамдар тобының қозғалуының интенсивтілігі, м/мин Q = Дν Д≤0,9 м2/ м2 тең болған кезде адамдар тобының қозғалуының интенсивтілігі келесі көрсеткіштерге сай болуы керек: 13,5 – көлденең жазықтыққа; 8,5 – ені 1,6м болатын есік ойықтарына; 7,2 – баспалдақпен төмен қарай; 9,9 – баспалдақпен жоғары қарай көтерілгенде. Эвакуациялау аймағының енінің мәнін есептеу, м Вр = N/(Lпδ), мұндағы: δ – аймақтың ұзындығы бойынша адамдар тобының тығыздығы, адам/м2: ересек адамдарға 8≤10...12, балаларға 8≤20...25. 8 деген мәнді мына формула бойынша табуға болады: δ = N/S. Эвакуациялау аймағының енін В 30.1 таблицасынан Вр есептік мәнін ескере отырып қабылдайды. Эвакуация жолдарының саны nЭ = 0.6N/(100B). Алынған мәнді nЭ≥2 шартын ескере отырып дөңгелектейді Кіре берістің, есіктердің, марштардың және баспалдақ алаңшасының ені, м
Ескерту: жалғыз жұмыс орнына апаратын жолдар мен галереядағы баспалдақтардың, қабаттардың, алаңшалардың енін 0,7м-ге дейін қысқартуға; жертөле мен шатырға апаратын марштар мен баспалдақ алаңшасының енін, сонымен қатар 50-ден артық адамды эвакуациялауға арналған баспалдақтардың енін 0,9м-ге дейін қысқартуға болады. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1. Қазақстан Республикасының. «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңы. 2. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 15.05.2007 ж. Қ.Т.Жантасов, М.Қ.Жантасов, Е.Н.Кочеров, А.С.Наукенова «Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» Алматы, 2012 ж. 3. Ш.Т.Бейсебаев, М.Б.Базаршин «Еңбек қорғау» курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған Оқу құралы, Шәкәрім атындағы МУ. Семей, 2014 ж. 4. А. Н. Баратов. Справочник. Пожарная безопасность. Взрывобезо-пасность. Москва, 2001 г. 5. Ж.К.Аманжолов. Охрана труда и ТБ. Астана, 2007 ж. |