Главная страница
Навигация по странице:

  • Тәрбие сағатының мақсаты

  • 2-жүргізуші — Армысыздар, аяулы ұстаздар мен арманы асқақ студент жастар!Бүгінгі «Мамандығым мақтанышым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!1 — жүргізуші

  • 2 – жүргізуші

  • 2-жүргізуіші: Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. 1-жүргізуші

  • 1-жүргізуші

  • 2-жүргізуші Сонымен балдар тәртіп сақтай келе, кім бірінші қол көтереді сол студент шығып жауап береді1-2-жүргізуші

  • Мамандығым мақтанышым. азастан республикасы білім жне ылым министрлігі тркістан облысыны адами леуетті дамыту басармасы


    Скачать 341.49 Kb.
    Названиеазастан республикасы білім жне ылым министрлігі тркістан облысыны адами леуетті дамыту басармасы
    Дата16.02.2023
    Размер341.49 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМамандығым мақтанышым.docx
    ТипДокументы
    #940819




    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

    «ҚАПЛАНБЕК ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

    МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ







    «Бекітемін»

    Директорды тәрбие ісі бойынша орынбасары:

    ___________А. Есқараева




    АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ДАЯРЛАМАСЫ

    Тақырыбы: «Мамандығым - мақтанышым!»
    Дайындаған оқытушылар: Абдукайров Н; Ақбердиева А.


    «Зооветеринариялық жалпы пәндер » кафедрасында қаралып мақұлданған

    № ___ хаттама 2022 ж.
    Кафедра меңгерушісі: ______________ Абдукайров Н.

    Сарыағаш-2022


    Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерге ата кәсіп, төрт түлік мал, олардың қасиеттері, жасына қарай аталуы туралы мағлұмат бере отырып үйрету, таныту.

    Төрт түлік туралы өлең-жыр, мақал-мәтелдер арқылы танымын, ойын, тілін дамыту.

    Еңбекқорлыққа, әдет-ғұрыпты, малды қастерлеуге тәрбиелеу.


    1-жүргізуші:

    Сәлем-сөздің анасы, дейді халқым,

    Сәлемінен сезерсің сөздің парқын.

    Ассалаума-ғалейкум, ардақты елім,

    Кісі алдында бас ию ата салтым.

    Ән мен күйді арқалап, өнерді алып,

    « 1 курс Ветеринариялық техик бакалавр А(11)» тобының өнерпаздарын,

    Қол ұрып қарсы алайық

    2-жүргізуші

    — Армысыздар, аяулы ұстаздар мен арманы асқақ студент жастар!
    Бүгінгі «Мамандығым мақтанышым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

    1 — жүргізуші: Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Еңбастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді екен,

    2 – жүргізуші: ия дұрыс айтасың Мұхамедәлі, жалпы әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 – ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін ветеринария мамандығын таңдадық. Сен өзің айтшы осы Ветеринария мамандығын не үшін таңдағаныңды ?

    1 — жүргізуші: Ветеринария – ең маңызды мамандықтардың бірі деп білемін, Жүсіпбек Аймауытов айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Менің жаныма, табиғатыма жақын болғандықтан, бастысы өзім ерекше қызыққандықтан осы мамандықтың нағыз шебері болғым келеді

    2 – жүргізуші: Жарайсың, Мұхамедәли! Мақсатың айқын екен, дегеніңе жет!

    1-жүргізуші:

    Рахмет Лайло!

    Ертеде ата-бабамыз амандасқанда «Мал-жан аман ба?» деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен қазақ өміріндегі малдың орны ерекше екенін ұғуға болады. Малдың еті, сүті, сонымен қатар жүні, қылы, терісі адам баласына пайдалы, кисе-киімі, жесе-тағамы болған. Осы төрт түлік малдың әрқайсысын қазақ халқы барынша өнім үшін пайдаланады.

    Ісім оңсын десеңіз,
    Сол істің маманы болыңыз.
    Даңқым шықсын десеңіз,

    Көпшіліктің адамы болыңыз, - деп өмірден өз орнын тауып, 93 жылдық тарихы бар Қапланбек жоғары аграрлық техникалық колледжімізде 30 жылдан бері студенттерге сапалы білім беріп келе жатқан ұстазымыз Орумбаев Бақберген ағайға және осы колледжде білім алып, жас болса да өз ісінің нағыз маманы болған Құралов Нұрғали ағайымыз бен Назиева Гүлжан апайымызға сөз береміз.

    2 –жүргізуші

    Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
    Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
    Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

    Күндей боп күлімдеген жарықсыздар

    1-жүргізуші:

    Құлақтан кіріп, бойды алар
    Жақсы ән мен тәтті күй.
    Көңілге түрлі ой салар,
    Әнді сүйсең, менше сүй дей келе алдарыңызда өнер көрсететін Умарали Серік «Жалғыз жапырақ » әнімен

    1-жүргізуші:

    Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау, жасау оңай емес.

    2-жүргізуіші:

    Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.  

    1-жүргізуші: Алдарыңызда «Ветериария» мамандығы жайлы өз ойларын айтатын студенттерді шақырамыз

    1-жүргізуші: Сахнаға «Қара жорға» биімен Умарали Серік, Кабирова Лайлоны шақырамыз

    1-жүргізуші:Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі.

    2-жүргізуші: Төрт түлігім –ырысымның бірлігі,

    Халқымыздың шаруашылық тірлігі дей келе кезекті мақал мәтел жарысына берсек.

    Төрт түлік жайлы мақал мәтелдер

    1. Ақсақ малдың ақырына бақ.

    2. Бұралқы мал мінуге жақсы,
      бұралқы сөз күлуге жақсы.

    3. Бақпасаң мал кетеді,
      Қарамасаң әйел кетеді.

    4. Белгілі малшың жоқ болса,
      Беліңді бу да малға бар.

    5. Бір түлікке бай болғанша,
      Әр түлікке сай бол.

    6. Бір ауылдың малын бақпасаң,
      Мың ауылдың малын бағарсың.

    7. Бұта түбі үй болар,
      Малы көп кісі би болар.

    8. Ердің малы - елдің малы.

    9. Жайылымы болмаса мал азады,
      Қайырымы болмаса жан азады.

    10. Жоғалып табылған мал олжа,
      Ауырып жазылған жан олжа.

    11. Жайлау жайлай білмеген,
      Малды айдай білмейді.

    12. Жақсы мал жалғыз жоғалмайды.

    13. Елдің көркі - мал, өзен көркі - тал.

    14. Жоқтамағанның малы түгел.

    15. Көп малдан айрылғанда,
      Бір малды қасқыр жейді.

    16. Қайтқан малдың қайыры жоқ.

    17. Қайтқан малға қасқыр өш.

    18. Малды тапқанға бақтыр,
      Отанды алғанға жақтыр.

    19. Мал ашуы - жан ашуы.

    20. Мал бітпес, деп ерден түңілме,
      Шөп бітпес деп жерден түңілме.

    21. Мал жисаң қоңысын тап,
      Ас жисаң ыдысын тап.

    22. Малды баға біл, бабын таба біл.

    23. Малдың жайын баққан білер,
      Отынның жайын жаққан білер.

    24. Мал арыстанның аузында, түрікпеннің төрінде.

    25. Мал аяған аттан құр,
      Төл аяған ақтан құр.

    26. Мал жаным садағасы,
      Жан арымның садағасы.

    27. Мал баққанға бітеді.

    28. Малы бардың назы бар.

    29. Мал бітпеген малдан үміткер,
      Жаны шықпаған жаннан үміткер.
      1-жүргізуші:

    Бойыңа бар сұлулық жиылғандай,

    Биші қыз, ғажап еді биің қандай.

    Аққудай өрнек салған көл бетіне,
    Мың бұралған биші қызымыз Кабирова Лайло «үнді биімен» қарсы алыңыздар

    1 –жүргізуші:

    Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс. Осы тұста құрметті көрермендер, залда отырған студенттерімізбен қызықты сұрақ-жауап жүргізсек

    2-жүргізуші

    Сонымен балдар тәртіп сақтай келе, кім бірінші қол көтереді сол студент шығып жауап береді

    1-2-жүргізуші

    1. Қай жануардың баласы туылғанда 1,5 метр биіктіктен құлап түседі?(жираф)

    2. Бірінші дүнежүзілік соғыз кезінде медальға және капрал деген әскери атаққа ие болған жауар? ( Оңтүстік Африкалық бір маймыл)

    3. Жер бетінде адамдардан 48 миллион жыл бұрын пайда болған кеміргіштер. ( Егеуқұйрықтар)

    4. Бір көзін ашып ұйықтайтын жануар (Дельфиндер)

    5. 25 000-нан аса тісі бар жануар. (Ұлу)

    6. Түйеқұстың жұмыртқасын суда пісіруге қанша уақыт кетеді. (40 минут)

    7. Жүре алмайтын құс. (Колибри)

    8. Мүлдем ұйықтамайтын жануар. (құмырсқалар)

    9. Ақ аюлардың басқа аюлардан негізгі ерекшелігі (барлығы солақай)

    10. Тышқандардың сүйектерінің саны шамамен (230)



    2-жүргізуші: Сахнаның төріне төрт түліктің пірі туралы айтатын студенттері мізді шақырайық

    Нұрқанат: Ойсыл қара келенің бурасы екен,

    Буралығын білдірген шудасы екен.

    Қамбар ата үйірдің айғыры екен

    Құлындатып көбеткен байлығы екен.

    Зеңгі баба табынның бұқасы екен

    Ет пен майға өн бойы тұтас екен

    Шопан ата отардың қошқары екен

    Егіздетіп жылда төл қосқан екен

    Шекшек ата ешкінің айдары екен

    Егіз-сегіз туған соң пайдалы екен

    Дастан :Шопан ата-бала сөйлейді:

    Малды берсең қойды бер,

    Ұлды берсең,бойлы бер.

    Жұртқа ақыл салғандай,

    Ақылы артық ойлы бер.

    Ерсұлтан: Қамбар ата-бала сөйлейді:

    Шаруаның бір пірі-қамбар ата,

    Тілегенде өзін бер ақтан бата,

    Үйір-үйір жылқыны шұрқыратып,

    Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата.

    Санжар: Ойсыл қара –бала сөйлейді:

    Шаруаның бір пірі –ойсыл қара,

    Түйені өсір жарқылдап болсын пана.

    Ит,құс,пәле,індеттен аман сақтап,

    Топ-топ қылып боталап аруана.

    Асылмұрат: Зеңгі баба-бала сөйлейді:

    Шаруаның бір пірі-зеңгі баба,

    Сиыр берсең сүтті бер,өңкей мама.

    Кең өріске шұбыртып,өзің бағып.

    Кешке жақын қораға әкеп қама.

    Еркебұлан: Шекшек ата-бала сөйлейді:

    Қойды көсем бастайтын,

    Өткелден үркіп саспайтын,

    Қарағай мүйіз серкелі

    Шүйде жалды желкелі

    Сексек ата баласы,

    Ешкі бассын үйіңді
    1-жүргізуші: Ендігі кезекті «Досым» әнімен Умарали Серікті сахна ортасына шақырамыз
    2-жүргізуші: Ауыл шаруашылығын дамыту үшін үкімет тарапынан мал дәрігерлік мамандыққа қолдау көрсетіліп жатыр. Себебі, мал ауырса ауыл шаруашылығына шаш-етектен шығынға батып қана қоймайды, адамға да жұғып, халық өміріне қауіп төндіреді. Қорыта айтқанда «Медицина адамды емдесе-мал дәрігері адамзатты емдейді».
    1-Жүргізуші: осымен «Мамандығым-мақтанышым» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Келіп назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

    1-Жүргізуші, 2-Жүргізуші: Хош, сау болыңыздар



    написать администратору сайта