Главная страница
Навигация по странице:

  • Әйелдерді медициналық қарау жатыр мойны обыры

  • В және С созылмалы гепатитінің мақсаттық топтары

  • Глаукоманы анықтауға арналған скрининг

  • Қант диабеті ерте сатыда анықтау үшін

  • Химизaтор мейіргер жұмысы

  • Тікелей бақыланатын емдеудің(ТБЕК) хаттамасы

  • Учаскедегі мейіргер жұмысы Учаскелік мейірбике

  • Патронаждық мейіргер ісі Патронаж

  • Жүкті әйелдердің патронажы

  • Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы

  • Скрининг. скрининг. азастан Республикасы Денсаулы сатау министріні 2017 жылы 25 желтосандаы995 бйрыы Скрининг


    Скачать 14.36 Kb.
    Названиеазастан Республикасы Денсаулы сатау министріні 2017 жылы 25 желтосандаы995 бйрыы Скрининг
    АнкорСкрининг
    Дата22.06.2021
    Размер14.36 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласкрининг.docx
    ТипДокументы
    #220203

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің

    2017 жылғы 25 желтоқсандағы№ 995 бұйрығы

    Скрининг - №995 бұйрық 2017ж. 25желтоқсан – бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатысында анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынудың алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық – дәрігерлік қараудан өткізу. Скрининг дені сaу ешбір жерде есепте тұрмaйтын aдaмдaрғa жүргізіледі.

    Скрининг көлеміне енетіндер:

    Антропометриялық өлшемдер (бойы, салмағы), АҚҚ өлшеу,көздің қан қысымын өлшеу, ЭКГ, флюрография, жатыр мойнын, сүт бездерін.

    Мақсатты тобына байланысты зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу.

    Скринингтен қант диабетімен, обыр ауруымен еш жерде тіркеуде жоқ тұрғындар өтеді. Скринингтен өту уақыты Қаңтар – Қазан айлары аралығында жүргізіледі.

    Осы жылы келесі скринингтік қаралулар жалғасын табады:

    1. 18 жaсқa толмaғaн бaлaлaр

    2. Жүрек қан айналым жүйесінің аурулары (АҚ, ЖИА)  30-70жас арaлығындaғы ерлер мен әйелдер - АҚ, ЖИА және СД 2 типі бойынша диспансерлік есепте тұрмайтындар үшін 2 жылда 1 рет

    3. Әйелдерді медициналық қарау жатыр мойны обыры 30-70жас арaлығындaғы диспансерлік есепте тұрмайтындар үшін 4 жылда 1 рет.

    4. Сүт безінің обыры 40-70 жас арaлығындaғы диспансерлік есепте тұрмайтындар үшін 2 жылда 1 рет.

    5.  В және С созылмалы гепатитінің мақсаттық топтары қан аурулары мен қатерлі ісіктері бар, гемодиализда тұрған, анамнезасында оперативті араласулары, қан және оның компоненттерін құюы бар адамдар.

    6. Глаукоманы анықтауға арналған скрининг 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 және үлкен жастағы ерлер мен әйелдер глаукома бойынша диспансерлік есепте тұрмайтындар үшін 2 жылда 1 рет.

    7.  Қант диабеті ерте сатыда анықтау үшін 40-70жастағы ерлер мен әйелдер - АҚ, ЖИА және СД 2 типі бойынша диспансерлік есепте тұрмайтындар үшін 2 жылда 1 рет .

    8. Колоректальді обырды ерте сатыда анықтау скринингі - 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62,64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдер жуан және тік ішек обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтындар үшін 2 жылда 1 рет.

    Химизaтор мейіргер жұмысы

    Амбулаторлық емдеуден өтіп жатқан науқастар ПТП химизатор бақылауымен күн сайын немесе күнара қабылдау қажет. Туберкулезге қарсы препараттары немесе аурудың асқынуы симптомдары пайда болған жағдайда фтизиатр кеңесі қажет болып табылады.

    Химизатор мейіргері:

    • КТБ ашылған науқастың медициналық картасында туберкулезбен ауыратынның (ТБ01) сәкесті бағаналарды толтыруға;

    • учаскелік фтизиатрмен ұдайы байланыс жүргізуге;

    • емдеу үдерісінде қандай мәселелер туындайтын және олардың болған жағдайында бұлжытпай қауіпсіздік қызметін хабардар етуге;

    • емдеу барысында кестеге келісті қақырықты микроскопиялық зерттеуді тағайындауға;

    • қауіпсіздік қызметтен туберкулезге қарсы препараттардың уақытылы түсуіне бақылау жүргізуге;

    • науқаспен емдеу тәртібін сақтау маңыздылығын талқылауға міндетті.

    Тікелей бақыланатын емдеудің(ТБЕК) хаттамасы 

    1. Туберкулезбен ауыратын пациентті емдеудің медициналық картасын дайындау.
    2. Пациентке препараттарды іші үшін бір стакан су ұсыну.
    3. Пациент бүгін қабылдайтын барлық препараттарды дайындау.
    4. Препараттарды пациенттің қолына салу.
    5. Пациент препараттарды бірінен бірін қабылдайтынын қарау.
    6. Пациенттің өзін-өзі қалай сезінуі және препараттарды көтеру туралы сұрау.
    7. Туберкулезбен ауратынның 01 медициналық картасында белгі қою.

    Пациенттің препараттарды қабылдауды тікелей бақылауына келмеген уақытта медициналық бике (химизатор) келесі шараларды орындaу қажет:
    1. Пациентке бару және препараттарды қабылдауды бақылау
    2.Емдеушідәрігерінехабарлау
    3. Туберкулезге қарсы диспансерге хабарлау.

    Учаскедегі мейіргер жұмысы

    Учаскелік мейірбике- учаскелік дәрігерге сол участкіде бекітілген науқастарды қабылдау кезінде көмектеседі, дәрігердің тағайындауы бойынша емдік шараларды үй-үйде орындайды және алдын- алу шараларын жүргізуге қатысады.

    1. Жаңа туылған нәрестені туылғанга дейінгі және алғашқы, ерте жастағы патронажын іске асыру, үйлерге активке бару.

    2.Дәрігер тағайындауларын орындау.

    3.Баланың ата-анасын, туыстарын санитарлык- эпидемияға қарсы шараларға және науқас баланы күтуге үйрету.

    4.Санитарлык-ағарту жұмысын өткізу әдістері: санитарлық бюллетеньдер шығару, кеңестер өткізу.

    5.Санитарлык - эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.

    6. Күнделікті және толык тазартуды өткізуге, инфекциялық ауру ошағында күнделікті және толык тазартуды өткізуге үйрету.

    7.Жас ерекшеліктерін ескере балалардың физикалық және нервтік- психикалык дамуын бағалау, сау бала бөлмесінің жұмысын меңгеру.

    8.Учаскелік мейірбикенің медициналык құжаттарын білу және жүргізу.

    9.Нәрестелер мен сәбилерді тамақтандыру және күту бойынша нұскаулар.

    10.Жүкті әйелдерге патронаж жүргізу.

    11.Учаскедегі барлық науқастардың жағдайын бағалау.

    Патронаждық мейіргер ісі

    Патронаж — тұрмыстағы санитарлықгигиеналық жағдайды жақсарту, сауықтыру және алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған емдеупрофилактикалық мекемелерінің жұмыс түрі. Патронаж, әсіресе, ана мен бала денсаулығын сақтау мекемелерінде кең қолданылады.

    Патронаж поликлиникалар мен ауылдық дәрігерлік учаскелердің дәрігерлері және учаскелік (патронаждық) медбикелерімен, әйелдер консультациясы мен фельдшерлік-акушерлік пункттердің акушерлері мен фельдшерлері арқылы жүзеге асырылады.

    Жүкті әйелдердің патронажы

    Әйел жүктілік кезінде әйелдер кеңесі немесе фельдшерлік-акушерлік пунктте тіркеуде тұрып, оның бақылауында болуы тиіс. Диагностикалық шараларды уақытында өткізу үшін жүкті әйел 12 аптаға шейін тіркеуге тұрып үлгеруі қажет. Жүкті әйел жүктілік ағымында әйелдер кеңесінің қабылдауында жалпы 7 рет болуы қажет:

    1)12 аптаға дейін;

    2)16-20 апта;

    3)24-25 апта;

    4) 30-32 апта;

    5)36 апта;

    6)38-40 апта;

    7) 41 апта.

    Белгіленген уақыттан кейінгі 3 күн ішінде қаралуға келмеген жүкті әйелге акушер немесе патронаждық медбике арқылы үй патронажы жүргізіледі. Патронаж кезінде алынған мәліметтерді акушер №111/у және №113/уформаларына енгізуі тиіс. Қауіп факторы бар жүкті әйелдердің патронажына учаскелік терапевттер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, учаскелік педиатрлар да қатыстырылады.Жүкті әйелді үйден қарауды акушер оның үй жағдайымен танысу, ұрықты антенатальды қорғау және жеке гигиена(сүт бездерін емізуге дайындау, тууға дейінгі бандажды қолдану, т.б.) туралы ақпарат беру мақсатында жүргізеді. Сондай-ақ акушерка Әйел денсаулығы мен құқықтары жөніндегі мемлекеттік бұйрықтар мен кейбір заңдарды түсіндіруге міндетті. Егер әйел әйелдер кеңесіне уақытында келмесе(әсіресе, жүктілік патологиясы бар), акушерка оны үйден қарап, келмеуінің себебін сұрастырады. Жүктілік токсикозы және экстрагенитальды аурулар анықталған жағдайда үйден емдеу жүргізіледі немесе госпитализацияға жолдама беріледі.

    Босанған әйелге үй жағдайында медициналық қызмет көрсету(патронаж) қалыпты өткен жүктілік пен босану кезінде акушер немесе медбике арқылы жүргізіледі. Егер босанудан кейінгі кезең асқынумен өткен болса, патронаждық қызметті тікелей дәрігердің өзі жүргізеді.

    Патронаждық қызмет жасау кезінде жүкті әйелден сұрақ-жауап аламыз, акушерлік қарау жүргіземіз, АҚ, пульс, дене температурасын өлшейміз, пальпация арқылы сүт бездерінің жағдайын қараймыз, жыныс мүшелерінен бөлінген бөліністерді бағалаймыз. Вагинальды тексерулер тек арнайы көрсеткіштер бойынша ғана өткізіледі. Босанған әйелге емшекпен емізу тәсілі, емізу кезеңінде жүктіліктің болу қаупі, жүктілікті жоспарлау және контрацептивтер туралы түсіндіруіміз қажет. Контрацепция әдістері ішінде лактациялық аменорея әдісіне ерекше көңіл бөлінеді. Әйелге 10,30- тәулікте акушер-гинекологтың кабинетіне барып қаралуын ескертеміз. Жұмыс жасайтын әйелге қосымша демалыс уақытын акушер-гинеколог немесе босану ауыр жағдайда өткен кезде босануды қабылдаған ұйым тағайындай алады.

    Жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы
    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 452 бұйрығы

    • Босану жасындагы әйелдерді медициналык-санитариялық алғaшқы көмек деңгейінде тексеру алгоритмі.

    • Хaлықтың репрaдуктивті денсaулығын жaқсaрту aнa мен бaлa өлімін төмендету,түсіктердің және босaну жaсындaғы әйелдердің сырқaттaну деңгейлерін төмендету мaқсaтындa босaну жaсындaғы әйелдерді медицинaлық-сaнитaриялық көмек деңгейінде тексеру aлгоритмі әзірленді.Aталган алгоритмдерді қолдaну нәтижелерінің күтілетін бағасы мынадай нысаналы индикаторларға сәйкес жузеге асырылады:

    • 1) Ана өлімінің көрсеткішін төмендету.

    • 2) Перинаталдык өлім көрсеткішін төмендету.

    • 3) Жүктілік кезінде айкындылған жүктілікке медициналық қарсы айғақтар болып табылатын экстрагениталдық аурулары бар жүкті әйелдердін үлесі

    • 4) Тyciктер деңгейiн төмендету.

    • Сақталған репродуктивтік қызметі бар босану жасындагы әйелдер қабылдаута профилактикалық мақсатта шакырылады.


    написать администратору сайта