Главная страница
Навигация по странице:

  • I. Кіріспе

  • II. Негізгі бөлім

  • III

  • IV. Пайдаланылған әдебиеттер

  • Абиотика. Абиотикалық, биотикалық және антропогенді факторлар. Популяция. азастан Республикасы ылым жне Білім министрлігі Семей аласы Шкрім атындаы мемлекеттік университеті


    Скачать 38.96 Kb.
    Названиеазастан Республикасы ылым жне Білім министрлігі Семей аласы Шкрім атындаы мемлекеттік университеті
    АнкорАбиотика
    Дата20.10.2022
    Размер38.96 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбиотикалық, биотикалық және антропогенді факторлар. Популяция.docx
    ТипДокументы
    #744649

    Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

    Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

    Бөж

    Тақырыбы: «Абиотикалық, биотикалық және антропогенді факторлар. Популяция.»

    Орындаған: Б-001 топ студенті

    Талапбекова Е.А

    Тексерген: Жармухаметова Р.О

    2021 жыл

    Жоспар:

    I. Кіріспе
    II. Негізгі бөлім

    1) Абиотикалық факторлар

    2) Биотикалық факторлар

    3) Антропогендік факторлар

    4) Популяция туралы түсінік

    III. Қорытынды

    IV. Пайдаланылған әдебиеттер
    I. Кіріспе
    Жарық. Күн сәулесінің спектрінде биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін, D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді.
    Көзге көрінетін сәулелер – фотосинтезге энергия беретін, жердегі тіршіліктің негізгі көзі. Инфрақызыл сәулелер – жылу энергиясының көзі.
    Өсімдіктерге күн сәулесі фотосинтез үшін энергия көзі болғаны үшін маңызды. Ортаның жарықтығына бейімделуіне байланысты өсімдіктер гелиофиттер (жарықсүйгіш), сциофиттер (көлеңке сүйгіш) және фокультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды) болып бөлінеді.

    Популяция (лат. populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын ағзалар тобы.

    Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруыбір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. 
    II. Негізгі бөлім
    Экологиялық факторлар абиотикалық, биотикалық және антропогенді болып бөлінеді.

    1)Абиотикалық факторлар. Жарық, температура, ылғалдылық, топырақтың тұздылығы, судың ащылығы, қысым, атмосфералық газдар сияқты өлі табиғаттың құрамды бөліктері.

    Жарық. Күн сәулесінің спектрінде  биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін, D витаминін түзілуіне әсері бар. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді.

    Көзге көрінетін  сәулелер – фотосинтезге энергия  беретін, жердегі тіршіліктің  негізгі көзі. Инфрақызыл сәулелер – жылу энергиясының көзі.

    Өсімдіктерге күн  сәулесі фотосинтез үшін энергия  көзі болғаны үшін маңызды.  Ортаның жарықтығына бейімделуіне  байланысты өсімдіктер гелиофиттер  (жарықсүйгіш), сциофиттер (көлеңке  сүйгіш) және фокультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды) болып бөлінеді.

    Жануралар күндіз  немесе түнде белсенді тіршілік  ететін болып бөлінеді. Олар үшін  жарық – тіршілік белсенділігінің  уақытын анықтайтын фактор.

    Жарықты талап етуіне  байланысты өсімдіетерді қысқа  күнді (төменгі белдеуде тіршілік ететін) және ұзақ күнді (қоңыржай, биік белдеулерде тіршілік ететіндер) деп екіге бөлінеді.

    Фотопериодизм –  өсімдіктер мен жануарлардың  жарықтың түсу ұзақтығына байланысты  әрекеттері. Ағзалардағы маусымдық  өзгерістер көбінесе жарықтың  түсу ұзақтығына байланысты реттеледі. Жарықтың түсу ұзақтығының өзгеруі температура өзгеруімен бірге жүреді. Бірақ жарық температура сияқты кездейсоқ өзгере бермейді. Фотопериодизм құстардың қоныс аударуы, жапырақтардың түсуі сияқты маусымдық өзгерістердің негізі. Қоңыржай белдеулерде тіршілік ететін жануарларға күзгі күннің қысқаруы көбею жағдайына әсер етіп, тоқтатады. Ал көктемгі күннің ұзаруы жануарлардың көбеюіне жағдай жасайды. Күндізгі жарықтың ұзақ уақыт түсуі үй құстарының көбірек жұмыртқа салуына да әсер етеді

     Температура. Ортаның  температурасы ағзаның температурасына  әсер етеді, яғни ағзадағы зат  алмасуды құрайтын барлық химиялық  реакциялардың жылдамдығына әсер  етеді. Негізінен ағзалар 0-(+50)0С  аралығында тіршілік ете алады.  Бұл цитоплазманың қасиеттеріне байланысты. Ең жоғарғы температура шегі 120-1400С (споралар, бактериялар тірі қалуы мүмкін) ең төменгі температура шегі болып – 190-(273)0С (споралар, тұқымдар, сперматозойдтар шыдай алады) болып табылады.

    Температураға байланысты  ағзаларды криофилдер (температурасы төмен жерлерді мекендейтін) және термофилдер (температурасы жоғары орталарды мекендейтін) деп бөлінеді.

    Ағзалар екі жылу  энергиясының көзін қолдана алады:  сыртқы күннің жылу энергиясын  немесе жердің ішкі жылуын  және ішкі – ағзада зат алмасу барысында бөлінетін жылу.

    Ағзаның жылу балансын  реттеуде басым қолданатын энергия  көзіне байланысты оларды пойкилотермді  және гомойтермді деп бөледі.

    Пойкилотермді ағзалар  – дене температурасы тұрақсыз, қоршаған ортаның температурасына  қарай өзгеріп отыратын ағзалар. Олар микроағзалар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, омыртқасыздар және кейбір омыртқалылар (балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар) жатады. әдетте олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасынан 1-20С - қа жоғары немесе бірдей болады.

    Гомойтермді ағзалар  – дене температурасын сыртқы  ортаның температурасынан тәуелсіз  тұрақты дәрежеде ұстап тұра  алатын ағзалар. Гомойтермді топқа  құстар мен сүтқоректілер және  адам жатады.

    Өсімдіктер төмен  температураға шыдамдылығына байланысты жылылық сүйетіндер және суыққа төзімділер деп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік, алмұрт жатса, суыққа төзімділерге мүк, қыналар, қарағай, шырша, самырсын т.б. жатады.
    Факторлардың  тірі ағзаларға бейімделу әсері аркылы компенсациялау

    Әрбір жеке организмнің өзіне тән температураға деген талабы және шегі болады. Кейбір организмдер температураға төзімділік көрсетеді. Мәселен, балықтар 520С-та, ал бактериялар 800С-та қалыпты тіршілік етеді. Кейбір көк жасыл балдырлар 440С-та өмір сүре береді. Температураның қалыпты мөлшерден кемуі кез келген ағзаның денесіндегі зат алмасуды тежеп, клеткадағы биохимиялық реакцияларды бұзып, одан әрі біртіндеп жасушалар кристалданып, жалпы тіршілігі тоқтайды.

    Күнге қарай өсімдіктер  жасушасындағы цитоплазма суын азайтып, қоюланып, оның органоидтары төмен температураға бейімделіп, төзімді күйге көшеді.

    Қыс кезінде өсімдіктер  спора, тұқым, түйнек, пиязшық,  тамыр, жемтамыр, түзу арқылы тыныштық  күйге көшіп, төмен температураларға  шыдайды. Ал ірі ағаштар жапырағын тастап, бойындағы шырынды заттар қоюланып, қысқа төзімді күйге ауысады.

    Пойкилотермді жануарлар  қолайсыз температура жағдайында  қысқы ұйқыға (анабиоз) кетеді. Анабиоз  кезінде организм денесіндегі  зат және энергия алмасу уақытша  тежеліп, баяу күйге көшіп, ең төменгі деңгейде болады. Ал ұйқыға кету кейбір организмдерде (аю) қоректің жетіспеуінен болады.

     Гомойтермді жануарлар  төмен температурадан әр түрлі  жолдармен қорғанып отырады. Жануарлар қысы  қатты аймақтардан жылы жаққа  қарай қоныс ауыстырады (жыл құстары, кейбір сүт қоректілер т.б.).

    Тері жабындыларындағы  жүн және май қабаты қалыңдап, қысқа дайындала бастайды (аңдар,  құстар, итбалықтар және т.б.).

    Уақытша ұйқыға  немесе тыныштық күйге көшеді (суыр, борсық, аю, тышқандар т.б). мұндай  гомойтермділердің дене жылуы ұйқыға кеткен кезде ортаның температурасына тәуелді болғаны үшін олардың  гомойтермділер деп атайды.

    Су. Су ағзадағы  зат алмасуда және жалпы ағзаның  қызметтерін дұрыс атқаруын қамтамасыз  етеді. Жасушалардағы судың құрамы  шамамен 70%.

    Ылғал көбінесе климаттық, құрылықтың температуралық белдеулеріне, табиғат белдемелеріне байланысты болады. Кей бір жағдайда  ылғал  шектеулі  фактор рөлін атқарады. Ылғалдың жетіспеуі өсімдіктерді өнімді төмендетіп жібереді. Әсіресе шөл, шөлейтті белдеулерде ылғал жетпейді. Ал орман мен батпақты жерлерде керісінше әсер байқалады.  Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары төмендегідей жіктеледі.

    Гидрофиттер –  суды  мол қажет ететін, ылғалды  ортада өсетін өсімдіктер. Мысалы: қамыс, қоға, күріш, тұғиық т.б.

    Ксерофиттер –  шөл, шөлейт, дала сияқты ылғал  тапшы аймақтардың өсімдіктері.  Олар қатты ыстыққа және сусыздыққа  төзімді болады. Мысалы: сексеуіл, жүзген, жусан, қылша, теріскен, селеу,  күйреуік т.б.

    Мезофиттер – ылғалдылығы  орташа, жеткілікті аймақтарда өседі. Жапырақтары ашық әрі ірі болып келеді. Мысалы: қайың, алмұрт, шалғындардағы өсімдіктер.

    Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға әсері .Суккулентті – ксерофиттерден де ылғалы тапшы аймақтың өсімдіктері. Олардың жапырақтары немесе сабақтары ішінде су жинап, етжеңді болып келеді. Мысалы: кактус, алоэ т.б.

    Гидрофиттер – судың ішінде  өсетін өсімдіктер. Мысалы: элодея, балдырлар т.б.

    Су көптеген ағзалардың тіршілік  ететін ортасы болып табылады. Су ағзалары мекен ететін су  қабатына және тіршілік ету түріне байланысты келесі экологиялық топтарға бөлінген:

    Планктон – негізінен су ағынымен пассивті түрде орын ауыстыратын ағзалар. Планктонда фитопланктон (бір жасушалы балдырлар) мен зоопланктон (бір жасушалы қарапайымдылар) ажыратылады.

    Нектон – судың орта қабатында  белсенді түрде қозғалып тіршілік  ететін ағзалар. Оларға балықтар, басаяқты былқылдақ денелілер,  тасбақалар, киттәрізділер жатады.

    Бентос – судың түбін және  топырақта тіршілік ететін су  ағзалары. Оларды фитобентос (бекініп өсетін балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер) және зообентос (шаянтәрізділер, былқылдақ денелілер, теңіз жұлдыздары, т.б.) деп бөледі.

    Перифитон – су өсімдіктерінің  сабақтарына және жапырақтарына  жабысып тіршіліе ететіндер. 

    Ылғалдың жануарлар тіршілігінде маңызы зор. Жануарларға ылғал жетіспегенде, олар әр түрлі бейімделеді. Мысалы: түйе өркешінің майынан метаболиттік су алады, сарышұнақтар ұйқыға кетеді т.с.с. Ал  өсімдіктер жапырақтары транспирациясының азайтады, сексеуіл тамырларын тереңге жібереді т.с.с.

    Тірі ағзалардың бір-біріне (популяциядағы даралар арасындағы, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар) әсер етуі.

    3) Биотикалық факторлар: селбесу (симбиоз және протокооперация), мутуализм, комменсализм, түріше және түраралық бәсекелестік, паразиттік, жыртқышты, аменсализм, нейтрализм.

    Биотикалық факторлар ағзалар  арқылы ғана емес, табиғи орта  арқылы да тікелей немесе жанама  әсер ете алады.

    Өсімдіктердің бір-бірімен  және тіршілік орта жағдайымен  әрекеті. Популяциядағы өсімдіктердің  өздігінен азаюына әкелетін, бір  түрге жататынөсімдіетердің арасындағы  бәсекелестік; арамшөп өсімдіктері  мен мәдени өсімдіктер арасындағы  жарық, ылғалға т.с.с. бәсекелестік пайда болады. өсімдіктер атмосфераның газдық құрамын сақтайды, өйткені оттегі-фотосинтез нәтижесі.

    Жануарлар мен өсімдіктердің  бір-біріне әсері. Шөпқоректі  жануарлар өсімдікпен қоректене  отырып, олардың өсуін тежейді.  Бал арасы жабайы аралар өсімдіктерді тозандандырады және шырынмен қоректенеді. Кейбір өсімдіктер өзінің жемісін және тұқымын жануарлар арқылы таратады (жаңғақты тиіндер т.с.с.), жәндік қоректі өсімдіктерді жәндікпен қоректенеді (шыбынжұт, шылқылдақ).

    Жануарлардың бір-бірімен  және тіршілік ортасымен қатынасы. Бір немесе бірнеше  түрге жататын ағзалар тіршілік ресурстары үшін өзара бәсекелестікке түсуі мүмкін. Кейбір жағдайда қоректік факторларға ғана емес, басқа да (мінез-құлық, мекен ететін ортасы үшін т.б.) ресурстардың жетуспеуіне байланысты бәсекелестік тууы мүмкін.

    Саңырауқұлақтар,  бактериялар, вирустардың өсімдіктермен,  жануарлармен және тіршілік ортасымен  әрекеті. Симбиотикалық бактериялар  өсімдіктермен және қоректік  элементтермен қамтамасыз етеді.  Ауру тұғызатын микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар организімінде паразиттік өмір сүретіндер оны өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Топырақ бактериясы мен саңырауқұлақтар топырақты құнарландырып, экожүйедегі заттар айналымын қамтамысыз етеді.

    4) Антропогендік факторлар 

    Адамның ағзаларға тікелей әсер ететін немесе ағзалардың тіршілік ортасын өзгеруіне әкеліп соғатын әрекеттері.

    Оң әсері. Қоршаған  ортаны жаңарту: ағаштар, гүлдер, шөптер өсіру; өсімдіктердің жаңа  сорттарын, жануарлардың тиімді  қолтұқымдарын шығару; табиғи территорияларды (қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар) сақтау.

    Кері әсері. Орман-тоғай  ағаштарын аяусыз кесу,  батпақты  жерлерді қарқынды кептіру, өндіріс  құрылыстарын салу, табиғи ортаға  өнеркәсіптік және тұрмыстық  қалдықтарды тастау, табиғи ресурстарды  үздіксіз алу (мұнай, көмір, газ т.с.с.); жануарларды жаппай қыру, аңшылық, өсімдіктерді басу, дәрілік өсімдіктерді, саңырау құлақтарды жаппай жинау т.с.с.
    4) Популяция(латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын организмдер тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі организмдердің өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке, бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады.    
    Топтық  бірігу ретіндегі популяция өзіне  ғана тән қасиеттермен қатар әрбір  жеке дарақтардың өзіне тән қасиеттерге  де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз - бұл популяциялардың негізгі  сипаты. Оған мыналар жатады:    

    1) жалпы есебі (сан) - болінген аумақтағы  дарақтардьщ жалпы саны;    

    2) тығыздық - популяция мекендеген  кеңістіктің ауданына немесе  көлеміне келетін дарақтардың  орташа саны;     

    3) өсімталдық - кебею нәтижесінде уақыт  бірлігінде пайда болған жаңа  дарақтар саны;     

    4) өлім-жітім - белгілі уақыттың  бір бөлігінде дарақтар популяциясында  өлгендердің мөлшерін көрсететін  көрсеткіш;     

    5) популяция өсімі - туу мен өлім-жітім  арасындағы айырма; өсімнің пайдалы  да, пайдасыз да болуы мүмкін;     

    6) өсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі  орташа өсім;     

    7) жыныстық     

    8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы  бойынша бөліп тарату.     

    «Популяция» ұғымы латьшша populus - халық деген  мағынаны білдіреді.Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен (1857 — 1927) енгізді. Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар популяцияны микроэволюциялық процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр аралық әсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны зерттеудегі микроэволюциялық, генетикалық, экологиялық бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы — популяциялық биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу, зиянды түрлердің санын тежеу, экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде (интродукция) популяцияны зер ттеудің маңызы зор.    

    Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары  бір-бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы. «Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - полуляциялық биологияға бірігеді. Популяциялық, экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.    

    Демоэкология (грекше «demos» - халық) — популяцияның ортамен және популяцияның ішкі үдерістерімен  тура және кері байланыстарын зерттейтін экология бөлімі    

    Бір популяцияға жататын организмдер  бір-біріне қоршаған ортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда түраралык, қарым-қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік (бір-біріне пайдалы) байланыстар қатты байқалады. Популяциядағы өзіндік қарым қатынастары - бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы және ата-аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар.    

    Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті - олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуантүрлілігіне, құрылымдық-функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады.Бір жағынан популяция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: организм-популяция-биоценоз-биогеоценоз-биосфера функционалдық-экологиялық қатарына кіретін биоценотикалық қарым-қатынастың элементарлық бірлігі болып табылады.Екінші жағынан популяция әртүрлі деңгейдегі таксондардың филогенетикалық байланысын: организм-популяция-түр-туыс-тұқымдас-отряд-класс-патшалық көрсететін генетикалық-эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық процестің элементарлық бірлігі.    

    Қазіргі жалпы экология ғылымы организмдерді  тіршілік деңгейлеріне сәйкес жеке салаларға  бөліп зерттеуге ерекше мән береді. Мысалы, жеке дараларды — аутэкология, популяцияларды — демэкология, табиғи бірлестіктерді — синэкология, ал биосфераны — ғаламдық экология ғылымдары зерттейді. Экология ғылымының бұл салалары мен негізгі бағыттары бір-бірімен  өзара тығыз байланысты. Мұның  бәрі де жалпы экология ғылымына берілетін  анықтамалардың мәнін аша түсуде әрі өз зерттеулері арқылы оның дамуына  зор үлестерін қосуда.    

    Экология  –тірі ағзалардың өзішілік және оларды  қоршаған  органикалық емес табиғатпен. органикалық жүйелермен байланысы, олардың құрылысы мен жүйелердің  қалыптасуы туралы ғылым.    
    Экология  ғылым ретінде жер бетіндегі  тірі ағзалардың әртүрлілігі мен  олардың өмір сүру жағдайларының  ерекшеліктері туралы көптеген деректер жинақталған соң ғана, өткен жүзжылдықтың  ортасында ғана қалыптасқан ғылымдар қатарында. «Экология» деген терминді алғаш рет белгілі неміс  зоологі  Э.Геккель (1866 жылы) енгізді.    

    Популяциялық  экологияның негізін салушы Элтон (1927) болды.Ал 1935 жылы ағылшын ғалымы А.Тенсли экожүйе ұғымын ұсынса, 1942 жылы В.Н.Сухачев биогеоценоз туралы пікірлердің негізін қалады.    
    Популяция даралары оқшаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда барлық қасиеттері мен белгілері бойынша  өзара өте ұқсас болып келеді.Топтық ерекшеліктер – популяцияның ең негізгі  сипаттамасы.    

    Оларға  мыналар жатады:          

    1.Саны – белгілі бір территориядағы  даралар саны.           

    2.Популяция тығыздығы – сол  популяцияның алып жатқан кеңістігінің  немесе аудан көлемінің бірлігінің  орташа даралар санына қатынасы.           

    3.Туу –көбею нәтижесіндегі бір  уақыттағы жаңа даралар саны.            

    4.Өлім – белгілі бір уақыт  мөлшеріндегі популяция ішіндегі  өлген даралар саны.           

    5.Популяцияның өсуі -  туу мен  өлім арасындағы айырмашылық.          

    6.Өсу темпі – бір уақыттағы  орташа өсу.           

     Әр түр, белгілі бір территорияны (ареал) ала отырып,популяция жүйесін  құрады.         

    Түр →  түрасты (нәсіл)   →  географиялық популяция   →  экологиялық популяция   →  жергілікті, локальды немесе  элементарлы популяция. Популяцияның  белгілі бір нақты құрылысы  болады:  жыныстық, жастық, кеңістіктік  және этологиялық.     

    Атақты  орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.         

     Популяцияның жыныстық құрылымы          

     Жыныстық құрылым – популяциядағы   особтардың жыныстық ара салмағы.  Жыныстық арасалмағы  түрлердің  генетикалық заңдары мен қоршаған  орта ықпалына байланысты  құрылады. Жыныстық құрылым бейімдеушілік  сипатта.    

    Популяцияның  жастық құрылымы           

    Популяциядағы жастық топтардың   қосындысы (жоғарғы,орташа,кіші). Өсімдіктің  тіршілік ауысуында  ауысым  мен жас жағдайын бөлуге болады.Түрлердің   жас ерекшеліктеріне байланысты  бөлінуі оның жастық спекуторы болады.Жас жануарларда  әртүрлі генерация және ұрпақтар болады.     

    Генерация – бір жылдағы және бір мезгілдегі туған  «бауырлар» мен «сіңлілер»  қосындысы.Ұрпақтар – бір жылдағы  барлық генерацияның барлық қосындысы.     

     Популяцияның кеңістік  құрылымы         

     Особьтардың  белгілі бір территорияда  немесе акваторияда сандық және  популяцияның  құрамының сапалық   таралуы  оның кеңістіктік  құрылымы деп аталады.         

     Популяцияның кеңістіктік құрылымы  тұрғындардың «әлеуметтік ұйымымен»   сипатталады.          

    1. Жалғыз немесе отбасылық.         

    2.Топтық.          

     Жалғыздық немесе отбасылықта  сол жер бөліктерін  бір дараның  немесе отбасының қолданады. Жалғыз  тіршілік ету  сипаты су  түбіндегі тұрғылықты су жануарларына  тән. Отбасының  иемделген территориясы  қорғалады - ол экскременттерімен,  зәрімен, дене бездерінен бөлінетін  өткір иісті сұйықтықтарымен,  дыбыстарымен немесе айғайларымен  «белгіленеді» (жыртқыш сүтқоректілер,  тышқантекті кеміргіштер, құстар  т.б.).         

     Кеңістікті топтық қолдану. Олар  мына төмендегі негізгі формалар:           

    1.Жартылай колониялар.

    2.Колониялар.

    3.Отарлар.Үйірлер.            

     Жартылай колониялар (кіші егеуқұйрықтар,  гагалар және  көптеген басқалар).Бұндай  отбасында өз баспаналары болады (ұялар,індер). Жартылай колонияларда  өздерінің  шекаралары болады. Келген жаумен күресуге  бірлесе  шығады (сигналдық жүйе арқылы, беймаза  қышқыруларен және т.б.).           

     Колониялар – бұл тек  территориядағы  азық – түліктерді ғана емес, сонымен бірге  мекен етуші  баспаналарын да бірге қолданады  (қоғамдық жәндіктер: аралар, құмырсқалар,  ұшқыш мысықтар), ұя салушы шағалалар мен бакландар.Отарлар (үйірлер) – шегірткелер, балықтар.Құстардың миграциясы кезінді және көшу кезінде үйір құрады, ал  тұяқтылар – отар құрады. Отарлар мен үйірлер қоректену ресурстары пайдалану барысында үнемі араласып жүреді.Олардың көлемі әртүрлі болады. Тұяқты жануарлардың отарлары көктем кезінде  ұрпақ өрбіту үшін қажетті  ұсақты топтарға – парцелдарға бөлінеді. Тышқантектес кемірушілерде мұндай  топтар үлкен отбасы, ал жарқанаттарда – кландар (20 – 30 осбьқа дейін), ал арыстандарда – прайдтар (5 – 10) деп аталады.     

     Популяция динамикасы           

     Егер кез келген популяцияға  сыртқы орта факторлары  шектеулік  жасамаса, теориялық  сандық жағынан  шексіз өсуге бейім. Бұндай  гипотетикалық жағдайда, популяцияның  өсу жылдамдығы  сол түрдің  биотикалық мүмкіншілік көлеміне  байланысты. Р.Чепмен бойынша (1928),бұл  бір жұптың  теориялық  жағынан  алғандағы максимум ұрпақ беру  көрсеткіші. Уақыт бірлігі ретінде  мысалға, бір жыл немесе бүкіл  өмір сүру кезеңі алынуы мүмкін.Әр  түрлі  түрлерде бұл шама  әртұрлі.Табиғатта популяцияның  биотикалық мүмкіндігі толығымен  жүзеге асырылмайды. 

    III. Қорытынды
     Сонымен, Қыстық  бақшада – өсімдіктер, жануарлар  мен  құстарқұтардың бір неше  түрімен таныстық.  Қазақстанда кездеспейтін түрлерімен де таныстық. Олардың экологиялық ортаға бейімділігін, қажеттілігін аңғара келе, олардың қызыл кітапқа ене бара жатқанын да білді. «Қыстық бақшаның» ең алғаш  1993 жылы 16 қыңтарда қала металлуртерінің арқасында ашылғандығы қала тұрғындарының қуантқаны күмәнсіз. Өсімдіктер, жануарлар мен  құстарқұтардың экологияға және оларды қоршаған ортаға бейімділігін сақтау қажеттігін түсіндік...!

     Орта факторлары  және олардың ағзаға әсері. 

    Ағза - француздың – organisme, латынша -  organiso – құрамын, сыртқы құрылым беремін деген сөздеріндегі мағынаны береді.

    Кең  көлемде алатын болсақ, тірі ағза- дегеніміз,бір-бірімен байланыста  болатын және бір-біріне бағыныңқы  болатын элементтерден тұратын  және олардың өзара байланыстары мен құрылысы  біртұтас құрылымды беретін биологиялық жүйе болып саналады.

    Ағза деген ұғымға тек жеке  даралар (индивидтер) ғана емес, колониямен  өмір сүретін (колониялы ағзалар),отбасы (жануарлардағы), популяция, биоценоз  және тағы басқаларда кіреді.

    Қысқаша  алғанда, ағза-дара, индивидиум, «тірі  дене». Тіршілік  ортасы –ол, табиғаттың тірі  ағзаны қоршап тұрған және  онымен тікелей  өзара байланыстағы  бөлігі.Тірі ағзалар өте күрделі  және ауыспалы өмірде тіршілік  етеді, олар сол ортаның  әсеріне байланысты үнемі өзгереді,тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады.Ағзалардың ортаға бейімделушілігі – адаптация деп аталады. Ортаның  ағзаға әсер етуші жекеленген  бөліктері мен құрылымы – экологиялық  факторлар деп аталады.Экологиялық факторлар табиғаты жағынан және ағзаға әсер ету әрекеттері жағынан әртүрлі болады.Абиотикалық  факторлар- табиғаттың  өлі элементтері:  температура, жарық, радиоактивті  сәулену, қысым, ауаның ылғалдылығы,  судың құрамындағы тұздар, жел,  ағымдар, жергілікті жер релефтары және т.б. Биотикалық  факторлар – бұл тірі  денелердің  бір – біріне  тигізетін әсерлері. Антропикалық  факторлар – адамның  табиғат  компоненттеріне  әсер еткен  іс-әрекеті (оңды немесе теріс  әсерлер).

    IV. Пайдаланылған әдебиеттер
    1. https://www.referat911.ru/Ekologiya/jekologiyaly-faktorlar-abiotikaly-biotikaly-zhne/164651-2223658-place2.html

    2. https://student.zoomru.ru/eko/populyaciya/208444.1691319.s1.html


    написать администратору сайта