гисто глоссарий. азастан Республикасы Отстік азастан Денсаулы Сатау Медицина Академиясы А Министірлігі
Скачать 25.93 Kb.
|
Қазақстан Республикасы «Оңтүстік Қазақстан Денсаулық Сақтау Медицина Академиясы» АҚ Министірлігі Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы Глоссарий Тақырыбы: Жүректің өткізгіштік жүйесінің морфофункциональды ерекшеліктері Орындаған: Дарибай. Ә Тобы: ВЖМҚ Б -06-19 Қабылдаған: Едіге.А Шымкент-2020 Диастола – босаңсу (грек. diastola – кеңею), жүрекшенің немесе жүрек қарыншасының босаңсу кезеңі және оларға қанның тола бастаған кезі. Д.-дағы тәртіп – жүрек қарыншасы мен жүрекше бөлімдерінің жұптасып алма-кезек жұмыс істеуіне байланысты: екі жүрекше Д. күйінде болғанда, екі қарын-ша қысқарады (систола). Қарынша д.-ға өткенде жүрекше систола күйіне өтеді. Қолқа дыбысы – жүрек соғуына (жиырылуына) байланысты қанның қолқаға күшті қысымымен өтуінен пайда болатын дыбыс. Қ. д. кеуденің оң жағынан, ІІ-қабыртқа тұсынан жақсы естуге болады. Веналық лүпіл. В. л.-ін үлкен венаның жүрекке қосылар жерінен ғана сезуге болады. В. л. көбінесе мойын венасынан өлшеніп, оны флебограммада жазады. Перикард, pericardium- жүректі қаптап тұратын жұқа қапшық. Эндокард- қабаты жүрек қуыстарын іштен қаптап тұрады Эндотелий -серпімді талшықтарға бай, бірыңғай салалы бұлшық ет |