|
УАҚЫТТЫҢ ҚАДІРІ. Уақыттың қадірі. 5.12.22. азастан Республикасы Оу аарту министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігі
№16 ЖОББМ
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Сабақтың тақырыбы: Уақыттың қадірі
Бөлім:
| 5-бөлім: Бос уақыт және хобби
| Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты( болған жағдайда)
| Куралова Сауле Жасаровна
| Күні:
| 5.12.2022 ж
| Сынып:5 «А»
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Уақыттың қадірі
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты
| 5.2.2.1 лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;
5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазу.
| Сабақтың мақсаты:
| Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тани алады.
Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазады..
| Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
5 мн.
| Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу,кезекші мәлімдемесі.
Сағат тіліндегі түстер арқылы топқа бөлу.
Топ «Қызыл түстер» тобы . Топ «Жасыл түстер» тобы. Топ «Көк түстер» тобы .
1.Уақыт туралы өлең тыңдату арқылы психологиялық ахуал туғызамын.
Сәби болдық бәрімізде нәресте ,
Сол күндердің тәттілігі әлі есте. Сәби болып қалар ма едік мәңгілік,
Бірақ,уақыт өтіп барады емес пе?
«Ассосация» құру .
Бос уақытта немен айналысасың?
Оқу мақсаттары мен тақырыбын хабарлау.
| Оқушылар амандасып, жағымды орта қалыптастырады.
Оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша үш топқа бірігеді.
1-топ:
2-топ
3-топ
|
Дескриптор:
-тақырыпты анықтайды
| Суреттер
Түстер
Оқулық
ҚБ «Шапалақ»
| Сабақтың ортасы
35минут.
| Ойтүрткі.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Уақытты бағалай білеміз бе ?
2.Өзіңізге уақытыңыз жеткілікті ме?
3.Уақытты бос өткізу дегенді басқа қандай сөздермен беруге болады ?
1-тапсырма
Аудио мәтінді тыңдай отырып,тірек сөздерді түртіп алу Уақыт - алтыннан да қымбат.Мәтіндегі көтерілген мәселені анықта. Анықталған мәселеге ойын білдір. Мәселені 6 сөйлеммен түсіндір.
2- тапсырма
Мәтіннен түбір сөздерді теріп
алып,жұрнақтар арқылы туынды сөздер жасаңдар.
сөздер жасаңдар.
3- тапсырма
Сөйлемді байланыстыра
отырып,жинақы мәтін жазыңдар.
4 -тапырма
«Уақытты бағалай білеміз бе?»
сұрағына
1.Пікір.Өзіндік пікірлеріңді бір
сөйлеммен жазыңдар.
2.Дәлел .Өз пікірлеріңді
бір сөйлеммен дәлелдеңдер.
3.Мысал.Пікірлеріңді өмірмен
байланыстырып, мысал
келтіріңдер.
4.Қорытынды.Тақырып
бойынша қорытындыла
|
|
|
|
| Сұрақтарға жауап береді
Аудио мәтінді тыңдай отырып,тірек сөздерді түртіп алу «Уақыт - алтыннан да қымбат»
Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды. Анықталған мәселеге ойын білдіреді. Мәселені 6 сөйлеммен түсіндіреді.
Мәтіннен түбір сөздерді теріп алып,жұрнақтар арқылы туынды сөздер жасайды.
Сөйлемді байланыстыра
отырып, жинақы мәтін жазады.
| Дескриптор:
-Сұрақтарға толық жауап береді.
Жалпы- 2 балл
Дескриптор:
-Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.
-Анықталған мәселеге ойын білдіреді.
-Мәселені 6 сөйлеммен түсіндіреді.
Жалпы-2 балл
Дескриптор:
-Мәтіннен түбір сөздерді тереді.
-Жұрнақтар арқылы туынды сөздер жасайды.
Жалпы- 2балл
Дескриптор:
-Мәтін жазады.
Жалпы- 2 балл
Дескриптор:
- Өз ойларын жазады
Жалпы-2балл
| Оқулық, жұмыс дәптері
ҚБ «Парталас көршіңе бір сөзді таңда»
«Бағдаршам» «Сен жарайсың!»
«Авторға хат» әдісі
Толық емес жауап – сары түс.
Дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап – қызыл түс
Кеңінен ашылған жауап – жасыл түс.
«Басбармақ»
| Сабақтың соңы
5 мин.
Үй тапсырмасы:
Бағалау:
|
« Бес саусақ»
Шынашақ (кіші бөбек)– ойлау процессі; мен бүгін қандай ақпарат не тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – мақсатқа жету; мен бүгін не істедім және не нәрсеге қол жеткіздім?
Ортан терек – көңіл-күй жағдайы; менің бүгінгі көңіл-күйім қандай және ол жұмыс барысына қалай әсер етті? Неліктен?
Сұқ саусақ (балаң үйрек)– көмек, қызмет көрсету; мен бүгін кімге көмек көрсеттім? Ол қандай нәтиже берді?
Бас бармақ – өзін-өзі бағалай, белсенділік таныту; Мен өзімді қалай сезіндім? Неліктен? Ертеңгі күнге қандай жоспарым бар
Ойдан түбір сөздер жазып,сол сөздерден жұрнақ арқылы туынды сөздер жасап, кестеге түсіреді.Осы сөздерден сөйлемдер құрастырады
1-10 баллдық жүйе бойынша бағалайды
| Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
| Бес аусақ
| |
|
|