барабан каша. азастан республикасы шетелдік ксіпорны
Скачать 43.04 Kb.
|
Бекітемін: ШК « Компания Маолин» ЖШС директоры Сүлейменова Ұ.А «____» «____» 2019ж ______________________ "Әр түрлі технологиялар" бөлімшесінің кептіру қондырғыларының (барабан) операторына қойылған талаптар Кептіру қондырғыларының операторы лауазымына білімі мен оқуына қойылатын мынадай талаптарды қанағаттандыратын тұлға тағайындалады: Бұл жұмысшы директорының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Кептіру қондырғыларының операторы өз жұмысында директордың, өзінің тікелей басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін, "ішкі еңбек тәртібінің ережелерін", осы "лауазымдық нұсқаулықты", техникалық, технологиялық құжаттаманы және жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды басшылыққа алады. Кәсіптік оқыту-жұмысшылардың, қызметшілердің кәсіптері бойынша кәсіптік даярлау бағдарламалары, жұмысшыларды, қызметшілерді қайта даярлау бағдарламалары, жұмысшылардың, қызметшілердің біліктілігін арттыру бағдарламалары;практикалық жұмыс тәжірибиесі бар жұмысшы Біліктілігі 2-деңгейдегі "кептіру қондырғыларының операторы" лауазымында кемінде бір жыл жұмыс істеген жұмысшы Компанияда бірнеше жыл жұмыс атқарған , біліктілігі мен ынтасы бар , денсаулығы мықты ,жауапкершілігі бар жұмыс ішінде (дайын өнім цехынан, сыртқы әр –түрлі жұмыс атқарушы) ауыстырылған жұмысшы Кептіру қондырғыларының операторы лауазымына қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқытудан өткен адам тағайындалады. Кептіру қондырғыларының(барабан) операторы білуі тиіс: Дайын өнімнің сапасын анықтаудың органолептикалық әдістері; Жұмыс орындарын, өнімнің сапасын, материалдарды және дайын өнімді сақтауды ұйымдастыру мәселелерін реттейтін нормативтік және әдістемелік құжаттар; Дайын өнімнің сапасын анықтаудың тәсілдері Өңделетін шикізаттың сапалық белгілері, қасиеттері мен ассортименті; Жарақтың, құралдың, өлшеу құралдарының техникалық жай-күйіне және оларды салыстырып тексеруді жүргізу мерзімдеріне қойылатын талаптар; Пайдаланылатын шикізат пен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар; Есеп жүргізу және есеп беру құжаттамасын ресімдеу ережесі; Еңбекті қорғау, өрт, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптары, орындалатын жұмыстар шегіндегі санитарлық-гигиеналық нормалар; Штаттан тыс жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі (энергиямен жабдықтаудың бұзылуы, сумен қамтамасыз ету, өрт , оқыс оқиға ,төтенше жағдай ); Кептіру және қосалқы жабдықтардың құрылысы, жұмыс істеу принципі, қызмет көрсету ережесі; Жабдықтарға арналған санитарлық нормалар және дезинфекциялау тәсілдері; Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге дайындау және жөндеуден қабылдау ережесі; Өндірістік журналдарды жүргізу ережесі; Қызмет көрсететін қондырғының (учаскенің) технологиялық схемасы; Өнімді кептірудің аяқталуын, өнімнің дайындығын және оның сапасын анықтау тәсілдері; Пайдаланылатын шикізаттың және дайын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері, оларға қойылатын талаптар; Технологиялық параметрлердің берілген технологиялық режимнен ауытқуының алдын алу және туындаған ауытқуларды жою ережесі; Кептіру процесін жүргізу технологиясы Берілетін өнім қабатының қалыңдығын және кептіру процесінің ұзақтығын реттеу тәсілдері; Кептіру процесінің технологиялық режимі және параметрлерін реттеу ережесі; Жұмыс орындары мен учаскелерінің жай-күйін, жарақтың, құрал-сайманның, өлшеу құралдарының техникалық жай-күйін және оларды салыстырып тексеруді жүргізу мерзімдерінің сақталуын бақылау; Техникалық құжаттама талаптарына сәйкес кептіруге түсетін өнімнің сапасын бақылау; Сынамалар(образец) алу және күрделі емес талдау жүргізу; Өндірістік журналда жабдыққа техникалық қызмет көрсету,көрсетілген қызмет ,жөндеу жұмыстары туралы жазбалар жүргізу; Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес Қызмет көрсетілетін жабдықтарды таза ұстау; Кептіру жабдығының ақауларын анықтау, ақауды шеттету Санитарлық-гигиеналық талаптарға, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес кептіргіш және қосалқы жабдықтардың жұмыс жағдайын тексеруді жүзеге асыру; Бағдарламаға сәйкес кептірудің температуралық-ылғалдық режимін сақтау; Жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес кептіру қондырғыларын тиеуді және түсіруді жүзеге асыру; Дайын өнімдерді келесі өңдеу сатысына, өлшеу арқылы (салмағын белгілі қағазға жазу) дайын өнім шығару цехына немесе қоймаға беруді жүргізу; ШК «Компания Маолин» ЖШС –ның Каскелең қағаз өндіру зауытындағы Кептіргіш қондырғы (барабан) 4 үлкен үдеріс операторының жұмыс ережесі. Жалпы жұмысшылар ережесіне(№1ереже) бағына отырып, Компания тарапынан енгізілген жаңа бұйрықтар мен ережелерге бағыну Жұмыс барысында қатаң түрде сақталатын қағида: - Жұмыс ережесін қатаң сақтау - Қауіпсіздік техникасын сақтау (журналға қол қою) - Өнім сапасы мен көлемі Кептіргіш құрылғы (бұдан әрі барабан) операторының жұмыс барысында -Құрылғыларды іске қосу -Құрылғыларды іске қосу ережелері -Жалпы құрылғыны қолдану туралы -Қағаз бетінде ойықтар(тесіктер) пайда болған жағдайда -Торшықтарғы лас суды бір жайлы ету -Құрғатқышпен құрғату тәсілдері -Сұрыптың бұзылуы (каша) -Құрылғыны сөндіру ережесі бойынша жұмыс атқарады Құрылғыларды қосу алдындағы дайындық жұмыстары: 1. Барабан плотондардың таза, таза еместігіне көз жеткізу , тазалық күйіне жеткізу,дымқылданып болғаннан кейін ғана өндіріс жұмысын бастау 2. Құрылғыны қосу алдында пышақ жүзінің өткірлігін тексеру , ескірген жағдайда ауыстыру (жаңа ереже бойынша әр қағаз (рулон,основа) шыққаннан кейін ауыстыру, немесе 3 сағат сайын ауыстыру ) жағдайға байланысты 3. Құрылғыны қосу алдында бу, ауа, қысым күштерін өлшейтін сағаттың жұмысын тексеру . Сағат көрсеткіші 3 кг кем болмауы тиіс. Ал қысыммен ауа көрсеткіші 4 кг кем болмауы керек. 4. Қысым насосын , ауа қысымының қалай жұмыс істеп тұрғанын тексеру 5. Қысым насосы Жоғарғы айырып қосқышының қақпағының қалай істеп тұрғанын тексеріп қарап шығу 6. Түтікті (трубочканы) қойып ,қағаз орамының жұмысын бастау Құрылғыны іске қосу ережелері: 1. Құрылғыны қосу алдында платондардың түзу,түзу еместігін бақылау 2. Полотналардың айналу жылдамдығы 20 метр көлемінде айналғаннан кейін ,стартердің кнопкасын қосу керек. 3. Ауа қысым күшінің сағат көлемі 1,5-1,8 кг көлемінде болуы тиіс,одан кейін жоғарыға көтеру кнопкасын басу .Ерекше көңіл бөлетін мәселе –полотнолардың бүріліп қалуын болдырмау. Құрылғы іске қосылғаннан кейін , реттегішітң күшімен полотналардың жоғары төменгі мөлшерін қадағалау. 4. Жоғарғы қысымды сумен құрылғының бөлшектерін жуып тазалау, (торлар, полотналар) 5. Ақырындап кептіргіш құрылғыдан 90 градус ыстық көлеміндегі бу жіберу, 5 мин өткеннен кейін будың қысым күшінің көрсеткішін 2 кг қойу,10 мин өткен соң қолды тигізіп көріп күймейтіндей болса ,сол уақыттан бастап құрылғының жұмысын жылдамдата бастау 90-100 м дейін және өндірісті бастауға болады, 6. 1.2.3.4 барабан жылдамдығын 100-130 ға дейін арттыру 7. Насосты іске қосу , желдеткішті іске қосу, жылытқышты және соңында диспергаторды іске қосу . 8. Әр шығарған основаға( қағаз) сол барабан операторы толықтау жауапты, шыққан қағаз салмағын белгілі қағазға нақты салмағын жазу, егерде сапаға сай кеолмеген қағаз жасап шығарған болса ,сол шығын құнын толықтай оператор өз мойнына алады. Құрылғыны қолдану ; 1. Қырғыш- қағаз өндірісінде соңғы қолданылатын құрылғылардың бірі болып саналады,және өте маңызды. Қырғышты ауыстырғанда немесе тазалағанда аса мұқият болу 2. Ауыстырудан өткен қырғышты дұрыс орнына түскен түспегендігіне көз жеткізу ,жоғарғы төменгі бөліктерін жан –жақтылы қарап шығу 3. Қырғыш пен Цилиндр бетінің қысым күші 2 кг аспауы тиіс , қағаз қалыпты шыға бастағаннан кейін қысым күшін 1,8-2 кг аралығында болуы керек, газды қырғыш қысым күші 2,5 кг аспауы тиіс. Жоғарыдағы жағдайлар сақталған жағдайда қағаз тегіс әрі жылтыр күйде болады. 3. Пышақ кескіштерін қатты металдармен тазалап сүртуге болмайды, майлап жұмсақ матамен сүрту керек. 4. Пышақтың өткірлігін үнемі қадағалау, ауыстырылған жағдайда журналға жазу Полотно: 1.Полотноны дұрыс әрі тегіс орналастыру, сол жағдайда ғана полотно арқылы сапалы өнім шығады.Әрдайым оның дұрыс тұрғанын қадағалау 2. Полотноның кергіштері оның түзулігін қамтамасыз етіп отырады.Алдынғы кергіші тартып ал артқы кергіш автоматты түрде полотноны босатады 3. Егер полотноларда ауытқу байқалса ,сол кезден бастап ол қағаз өндіруге жарамайды (құрғақ полотно жарамдылығы 1 жылдан кем емес, дымқыл полотно 800 тонна дан кем емес өндіріс шығару) Полотноны келесі тәсілдер бойынша ретке келтіру: Мыжылған полотноны су шашып жазу. Керілген Полотноның қысым күшін арттырмау бір қалыпты 1,5-2 кг шамасында, осы кезде суды өшіріп бу жіберу ,содан кейін қысым күшін 3 кг дейін арттыру. Құрылғы жұмыс жылдамдық күшін 15 шамасында, одан әрі 45-60 жылдамдық шамасында ұстау, осылайша қысымды жоғарылатып керекті деңгейге дейін жылдамдықты арттырып ,жұмысты жалғастыру Қағаз бетінде ойықтар пайда болған жағдайда: 1. Қағаз бетінде ойықтар ойықтар пайда болуының 3 түрлі себебі болады - Торшықтардың үстінде зақымдаушы заттар болуы мүмкін,бұл жағдайда торшықтарды тазалап жуу керек -Диспергатор жұмысын қарап, тексерістен өткізу . Диспергатор жұмыс істемеген жағдайдада бұл жағдай орын алуы мүмкін -Полотно таза болмаған жағдайда, полотноны тазалап жуу керек Үлкен орам (основа) қағаздары орау /түсіру ережесі 1. Қажетті втулканы қағаз орау мақсатында , айналдырып ораушы құрылғыға салу 2. Оралу процессі жүріп жатқан қағаздың сапасын, бос/қатты болмауын , толқындардың пайда болмауын қадағалау 3. Әр шығарылған қағазға күрделі емес талдау жасау 4. Дайын болған орама қағазды таразыға дейін жеткізу, өлшеу және нақты салмақтан 3 кг салмағын шегерту (втулканың салмағы 3 кг) 5. Сұрыпына қарай қағаздарды ретімен орналастыру/ реттеп қою( қағазға салмағын, уақытын, шығарылған күнін , барабан №, қай оператор шығарғаны туралы ақпарат жазу) Торшықтарда лас суды бір жайлы ету 1. Құрылғыны қосу алдында насос айырып қосқышын толығымен өшіру қажет, құрылғы іске қосылып өндіріс басталар кезінде , ақырындап қоса бастау 2. Қазандықта өнім қажеттілігінің материалдары біткеннен кейін , қазандыққа қайта толтыру кезінде ,лас сулар араласып кеткен жағдайда ластану орын алуы мүмкін. Сол себепті таза/лас сулардың уақытылы тысқа шығуын нормаға сәйкестендіре отырып жұмыс істеу Құрғатқышпен құрғату тәсілдері: Қағаз шығу барысында қағаздың кепкен немесе кеппегеніне назар аулару қажет. Себебі бұл қағаздың сапасына тікелей байланысты Сұрыптың (каша) бұзылуы: 1. Қағаз оралып жатқан кезде, алдыңғы немесе артқы орамның дұрыс орнына келуін қадағалау 2. Әр жұмысшы қағазды ұстап көру арқылы ,оның сапасының қандай екенін сезінуі керек 3. Кептіру кезінде құрылғыларды дұрыс істету ережесі. Қағаз кептіруден өту барысыныда , қатты қысым күшіндегі суды ашып жіберу жіберу, және де жоғарғы ыстық бу жіберуші айырып қосқышын қосу , жаз айында жарты, қыс айларында бір айналдыру (айырып қосқышты) Ыстық желден өткізудің екінші кезеңінде ыстық будан өтумен бірге қысымды су күшінен тағы да бір рет өтуі тиіс ,жоғарғы булағыш қағаз бетіне дұрыс тиюі керек, ал төменгі бөліктегі айырып қосқышты бір шеңбердің төоттен бір бөлігіндей ғана қосу. Құрылғыны сөндіру ережесі: 1.Ең алдымен жоғарғы насос пен диспергаторды сөндіру ,материалдар қазандығын толығымен тазарту, содан соң бу, ыстық желдеткіш,ораушы құрылғысын сөндіріп, төменгі су бұрқауын өшіріп , трубаларды айырып , жұмысты тоқтатып ,полотноларды айналдырып қайта орнына әкелу егер құрылғы көп уақыт жұмыс істемеген жағдайда ,полотноларды көп уақыт айналдырып , мыжылған жерін жазу керек 2.Торшықтардың бәрін жуып тазалап , құрылғылардың бәрінің таза екендігіне көз жеткізу 3. Ерекше ескерту, құрылғы 24 сағаттан артық тоқтатылатын болса, торлар міндетті түрде тазалануы керек. |