Главная страница

ипломная работа. дипломная работа Аяужан. азастан Республикасында ксіпкерлікті азіргі жадайы (Жамбыл облысы мысалында)


Скачать 34.27 Kb.
Названиеазастан Республикасында ксіпкерлікті азіргі жадайы (Жамбыл облысы мысалында)
Анкорипломная работа
Дата06.09.2022
Размер34.27 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файладипломная работа Аяужан.docx
ТипДокументы
#665162

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы (Жамбыл облысы мысалында)

Мазмұны

Кіріспе




I




1.1




1.2




II Жамбыл облысындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын талдау




2.1 Жамбыл облысындағы шағын кәсіпкерліктің негізгі қызмет көрсеткіштерін талдау




2.2 Жамбыл облысындағы шағын кәсіпкерліктің негізгі қызмет көрсеткіштерін талдау




2.3




III




3.1




Қорытынды




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі






Кіріспе
Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бүгінгі таңда қазіргі заманғы нарықтық экономиканы нығайтуға алып келетін мемлекеттік экономикалық саясаттың басымды саласы болып табылады.

Республика Президентінің 2021 жылдың 1 Қыркүйегіндегі Мемлекет басшысының ел халқына жолдауында Экономикамызға тікелей инвестиция тарту ісін жалғастырудың жаңа тәсілі ретінде Стратегиялық инвестициялық келісім ұғымы енгізілді. Квазимемлекеттік секторды оңтайландыру үшін нақты шараларды қолға алдық.. Жаңа, қуатты даму институты құрылды.«Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылданды. Орта мерзімді экономикалық саясатты айқындап, мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспарын және Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдады.Шағын және орта кәсіпорындардың экономикалық артықшылығы жалпыға мәлім: бұл нарық жағдайына тез үйрену, салықтардың көп жиналымдылығының, өндірістің тоқталуының ең төмен деңгейі болып табылады.

Шағын және орта кәсіпкерлікте ерекше орынды қызмет көрсету және сауда-саттық алады. Біздің елемізде де осындай жағдай орын алуда. Сондықтан да өкіметтің негізгі мақсаты, кәсіпкерліктің дамуына инновациялық бағыт беру, және осы арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімдеріне және қызмет көрсетулеріне бәсекелестік қабілет беру.Сонымен қатар, шағын және орта бизнес бәсекелестік ортаның құрылуына елеулі үлес қосады. Бұл біздің жоғары монополиялық экономикамызға аса маңызды. Шағын және орта бизнес өзінің табиғаты бойынша монополиялы емес, бұл оның құрамдас бөлшектерінің көптүрлілігінен және динамикасы жоғары болғандықтан, олар өте сирек монополизация ықпалына түседі. Екінші жағынан, тар мамандықта және соңғы техника – технологияны пайдалану кезінде, шағын және орта кәсіпкерлік монопольды ірі корпорациялардың бірден-бір күшті бәсекелесіне айналуы мүмкін. Жұмысбастылық мәселесін шешу бағытында, шағын және орта бизнестің қосқан үлесі аз емес. Кәсіпкерлік алуан түрлі және кешенді ұғым. Мысалы, кәсіпкерлік атқаратын жұмысына байланысты өндірістік, коммерциялық, кеңес беру, қаржылық және т.б. болып бөлінеді. Бұлар бірігіп немесе өз алдына әрекет етуі мүмкін.

Өндiрiстiк кәсiпкерлiк – кәсіпкерліктің жетекші түрі ретінде тауарлар мен өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын, қызметтер көрсетіліп, белгілі-бір құндылықтар жасалатн кәсіпкерлік түрі. Оған негiзiнен материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк қызметтiң түрi жатады. Бұл iскерлiктiң қоғамдық тұрғыдан алғанда ең қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi. Өндiрiстiк бизнес - бұл, негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару. Ең кең мағынада өндiрiстiк бизнес - бұл тұтынушыларға қажеттi, ақшаға сатуға келетiн келесi басқа тауарға айырбастау ниетi бар кез келген пайдалы өнiмдi шығару.

өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани игiлiктекрдi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен айналысатын iскер.

Коммерциялық кәсiпкерлiк - нарыққа өту кезеңімен, тауарлар мен қызмет көрсетулерді сату және сатып алу операцияларымен сипатталатын кәсіпкерлік түрі, пайда және табыс алуға бағытталған сауда-делдалдық, сауда-дайындық жұмыстарының жиынтығы. Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммерсант - сауда, тауар айырбастау, тауар - ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер, бизнесмен. Коммерциялық бизнес өндiрiстiк бизнеспен тiкелей байланысты. Өйткенi, өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi.

Жалпы алғанда, кәсіпкерліктің мемлекет экономикасының сенімді тірегіне айналуы үшін, көптеген мәселелерді, соның ішінде әлеуметтік мәселелерді шешу қажет. Сол кезде ғана шағын кәсіпкерлік Қазақстанның өркендеп дамуына және әлемдік экономикаға енуінің құралына айнала бастайды.

Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының «Экономика және бизнес» факультеті, «5В050600 – Экономика» мамандығының – студенттін тікелей тәжірбиелік қызметке бейімдеу, мемлекеттік және жергілікті басқаруды сәтті жүзеге асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру бойынша – жергілікті басқару органының құрылымдық бөліміне өндірістік тәжірбиеден өтуге жіберілді.

Тәжірбие өту обьектісі: «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» КММ.

Тәжірбие өту міндеттері:

- «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы, құрылымдық бөлімшелерінің қызметі, кадрлық есеп, мемлекеттік қызметкерлер есебі және кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасында қолданылатын ақпараттық жүйелермен танысу;

- Шағын кәсіпкерлік және орта кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселелерімен танысу;

- Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту мемлекеттік стратегиясының шараларын аймақтық деңгейде жүзеге асырумен танысу;

Бұл есепте Жамбыл облысының мысалында шағын және орта кәсіпкерлік саласының қазіргі жағдайына талдау жүргізілді және оны дамыту жолдары анықталды. Бұл есептің мақсаты – Жамбыл облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту жолдарын анықтау.

Есептің міндеті – қазіргі кездегі шағын және орта кәсіпкерлік саласының даму тенденцияларын анықтау және оның құрылымын жан-жақты талдау.

Жұмысты орындау барысында топтау, жіктеу, салыстыру сияқты зерттеу әдістері қолданылды.

2 Жамбыл облысындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын талдау
2.1 Жамбыл облысындағы шағын кәсіпкерліктің негізгі қызмет көрсеткіштерін талдау
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі - ұжымның еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысуы және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлін бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша. Жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды.

Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттырытын маңызды сұрақтар болып табылады.Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды.

Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет.

Шағын бизнес кей елдерде ІЖӨ-нің 50-60 пайызына дейінгі үлесін иеленетінін ескерсек, бізге де олардың тәжірибесін үйрену артық болмайтыны анық. Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» төртінші міндет ретінде «Шағын несие беруді көбейту» көрсетілгені Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдау­ға ерекше көңіл бөлініп отырға­нын аң­ғартады. Жеңілдетілген несие көлемі­нің ұлғайтылуы өзін өзі еңбекпен қамтығандардың, кәсіпкерлікпен айна­лысуға құлықтылардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететіні анық. Жалпы жеңілдетілген несие беру жеке кәсіпкерлікті өркендетуге ықпал ететін ең тиімді тетіктердің бірі саналады.Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді: қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүкіндік береді, өркениетті бәсекеге қабілетті нарықтық қатынастардың қалыптасуы, ассорти-менттің кеңеюі,тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы.

Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

  • тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

  • экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, ағындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

Жамбыл облысының жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) субъектілерінің саны


Көрсеткіш

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны, бірлік

Ауытқуы (+-)

Өзгеру қарқыны (%)

Аудан/қала атауы

2020 ж.

2021 ж.

Жамбыл облысы

69 338

69 877

539

101

Тараз қаласы

25 355

23 652

1703

93

Байзақ

6 554

6 624

70

101

Жамбыл

4 457

4 447

10

99

Жуалы

4 580

4 535

45

99

Қордай

7 075

7 200

125

101

Т.Рысқұлов

4 533

4 626

93

102

Меркі

4 804

4 808

4

100

Мойынқұм

2 049

2 014

35

98

Сарысу

2 684

2 718

34

101

Талас

2 114

2 151

37

101

Шу

7 359

7 102

257

96

Ескерту: Мәліметтер Жамбыл облысының статистикалық департаменті шағын кәсіпорындар қызметінің негізгі көрсеткіші 2020-2021 жж. алынған


1-кестеден көрініп тұрғандай, Жамбыл облысында жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері 2021 жылы 69 887 кәсіпорынды құраса, 2020 жылы 69 338 бірлікті құрады. Бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырғанда 539 бірлікке өсіп отыр, яғни 1% көбейді.

Аудандар деңгейінде қарасақ Тараз қаласы, Жамбыл ауданы, Жуалы аудандарында төмендетілу байқалса, керісінше Сарысу, Байзақ, Т. Рысқұлов аудандарында өсу қарқыны байқалып отыр. Шағын және орта кәсіпкерліктің санының төмендеуі әлемдік пандемиялық шектеулерге байланысты азайып отыр деп саналады.

Облыстық статистика департаментінің жедел мәліметтері бойынша, 2022 жылдың 1-ші қаңтарына облысымызда тіркеуге алынған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 87 108 бірлік, оның ішінде жұмыс атқарып отырғандары 71 298 бірлік немесе 81,8 пайызды құрап отыр.

Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған ШОК 2,8 пайызға артқан.

Жамбыл облысының шағын және орта кәсіпкерлікте (ШОК) жұмыспен қамтылғандардың саны 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2

Шағын және орта кәсіпкерлікте (ШОК) жұмыспен қамтылғандардың саны бойынша ақпарат


Көрсеткіштер атауы

Жұмыспен қамтылғандар саны, адам

Ауытқуы (+-)

Өзгеру қарқыны (%)

Аудан/қала атауы

2020 ж.

2021 ж.

Жамбыл облысы

127 522

122 902

4 620

96

Тараз қаласы

53 950

52 381

1 569

97

Байзақ

9 324

8 825

499

94

Жамбыл

7 510

6 298

1212

83

Жуалы

6 640

6 381

259

96

Қордай

12 513

12 365

148

98

Т.Рысқұлов

7 122

7 062

60

99

Меркі

8 198

8 424

226

102

Мойынқұм

3 438

3 244

194

94

Сарысу

3 572

3 655

83

102

Талас

3 747

3 459

288

92

Шу

11 508

10 808

700

93

Ескерту: Мәліметтер Жамбыл облысының статистикалық департаменті шағын кәсіпорындар қызметінің негізгі көрсеткіші 2020-2021 жж. алынған


2 кестені талдайтын болсақ, Жамбыл облысында шағын және орта кәсіпкерлікте (ШОК) жұмыспен қамтылғандардың саны 2021 жылы 122 902 адамды құраса, 2020 жылы 127 522 адамды құрады. Бұл көрсеткіш жалпылама айтқанда өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда төмендеп отыр.

Аудандар бөлінісінде облыстық көрсеткіштерді кейінге тартып тұрған Тараз қаласы 1569 адамға кеміп отыр, яғни 3% төмендеген. Тараз қаласы облыс орталығы болғандықтан барлық қызмет көрсету салаларына пандемияның әсері қатты байқалды.

Облыстық статистика департаментінің жедел мәліметтері бойынша, 2022 жылдың 1-ші қаңтарына Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны бүгінгі күнге 124,9 мың адамнан асып, жыл басымен салыстырғанда 2,2% төмендеген. Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымында жеке кәсіпкерлер 63,5%,шаруа қожалықтар – 26,5%, шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 10,0%, және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – небәрі 0,1%-ды құрайды.

Жамбыл облысының шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) өнім (тауарлар, қызмет көрсетулер) шығарылымы, кестеде көрсетілген.
Кесте 3

Шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) өнім (тауарлар, қызмет көрсетулер) шығарылымы


Көрсеткіштер атауы

Өнім (тауарлар, қызмет көрсетулер) шығарылымы, млн. теңге

Ауытқуы (+-)

Аудан/қала атауы

2020 ж.

2021 ж.

Жамбыл облысы

744 481

92 644

651 837

Тараз қаласы

297 105

48 655

248 450

Байзақ

47 404

4 699

42 705

Жамбыл

81 686

4 053

77 633

Жуалы

36 440

4 669

31 771

Қордай

71 908

7 713

64 195

Т. Рысқұлов

48 303

3 827

44 476

Меркі

30 031

4 593

25 438

Мойынқұм

38 857

7 667

31 190

Сарысу

10 610

2 176

8 434

Талас

15 125

1 192

13 933

Шу

67 012

3 401

63 611

Ескерту: Мәліметтер Жамбыл облысының статистикалық департаменті шағын кәсіпорындар қызметінің негізгі көрсеткіші 2020-2021 жж. алынған


3-кестеден көріп отырғанымыздай 2021 жылғы шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) өндірілген өнім 651 млн. теңгеге кеміп отыр, тиісінше Тараз қаласы 248 млн теңгеге, Жамбыл ауданы 42,7 млн. теңгеге, Шу ауданы 63,6 млн. теңгеге, Қордай ауданы 64 млн. теңгеге және Байзақ ауданы 42,7 млн. теңгеге кеміп отыр.

Облыстық статистика департаментінің жедел мәліметтері бойынша 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 535.3 млрд. теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 114,5 % құрады.

Сондай-ақ жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 2021 жылдың 3 тоқсан қорытындысымен 21,4% құрап отыр.

2.2 Жамбыл облысының шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар
Жамбыл облысы бойынша 2021 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға барлығы 7,4 млрд.теңге қарастырылды, ол 2020 жылмен салыстарғанда сомасы 6,7 есе жоғары (2020 жыл-1,1 млрд. тг.).

Оның ішінде:

- «Пайыздық ставкаларды субсидиялау» - 5 200,2 млн.теңге.

- «Банк несиелері бойынша кепілдік беру» - 2 192,6 млн.теңге;

Жалпы бүгінгі күнге бөлінген қаржының 100% игерілді:

«Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша 2021 жылдын 12 айдың қортындысы бойынша несие сомасы 28,7 млрд.теңгені құрайтын 1329 жоба қаржыландырылды.

Бағдарламаның бірінші скоринг – айналымдағы қаражатты толықтыруға кепілсіз 5 млн.теңгеге дейін, несие соммасы 4 478 млн. теңгеге 917 жоба, өз ісін кеңейтуге кепілсіз несие 20 млн.-ға дейн, несие соммасы 971,8 млн.теңгеге 61 жоба іске асуда және екінші бағыты бойынша несие сомасы 23 363,8 млн.теңгені құрайтын 404 жоба қаржыландырылды.

Бүгінгі күнге қалыптасқан көрсеткіш 2020 жылдың қорытындысы 278 жобадан 4,8 есе артты.

«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 2021 жылдын 12 айдың қортындысы бойынша жалпы кепілдік сомасы 8451,2 млн.теңгені құрайтын 1154 жоба кепілдендірілді.

Бағдарламаның бірінші скоринг – кепілдік соммасы 3 559,3 млн. теңгеге 862 жоба іске асуда және екінші бағыты бойынша кепілдік сомасы 4 457,3 млн.теңгені құрайтын 206 жоба қаржыландырылды.

Бүгінгі күнге қалыптасқан көрсеткіштер 2020 жылдың қорытындысы 300 жобадан 3,8 есе артты.

«Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 2020 жылы Аймақтық Ұйлестіру кеңесімен 15 жоба мақұлданып, 2021 жылы Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуға ұсынған 8 жобаға 2376,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Жергілікті бюджеттен 5 жобаға 213,4 млн. теңге қаражат бөлінді.

2021 жылы Аймақтық Ұйлестіру кеңесімен 5 жоба мақұлданды.2020 жылы 448,6 млн. теңгеге 9 жоба қаржыландырылды. «Гранттық қаржыландыру» тетігі бойынша 2021 жылы сомасы 21,0 млн.теңгені құрайтын 5 кәсіпкердің жобалары қаржыландырылды. (2020 жылы ақпан айында жалпы сомасы 171,0 млн. теңгеге 45 жоба қаржыландырылды).

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат.

2021 жылы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты бойынша 4 508,4 млң. теңге несие қаражаты бойынша 1021адамға несие беру жоспарланған.

Оның ішінде: («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалына – 3 408 434,0 мың. теңге және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалына – 1 100 000,0 мың. теңге) бөлінді.

Жалпы бүгінгі күнге 1113 үміткерге 4 508,4 млн. теңге несие берілді немесе бөлінген қаржының 100% игерілді.

2021 жылы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының Тараз, Жаңатас және Қаратау қалалары бойынша 616,1 млн.теңге көлемінде қаражаты бойынша 60 адамға несие беру жоспарланған.

Оның ішінде, республикалық бюджеттен – 416,1 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 200,0 млн.теңге қарастырылған. Өткен жылға қаржы көлемі 48 пайызға артып отыр.

Қәзіргі таңда, 616,1 млн. теңгеге 64 жоба қаржыландырылды (Тараз қ. - 41 жобаға 425,7 млн. теңге; Жаңатас қ. - 10 жобаға 95,9 млн. теңге; Қаратау қ. – 13 жобаға 94,0 млн.теңге). Жалпы бүгінгі күнге бөлінген қаржының 100% игерілді.

Республикалық бюджет есебінен 416,1 млн. теңгеге 49 жоба қаржыландырылды (Тараз қ. - 26 жобаға 276,8 млн. теңге; Жаңатас қ. - 10 жобаға 94,3 млн. теңге; Қаратау қ. – 9 жобаға 45,0 млн.теңге).

Жергілікті бюджет есебінен 200,0 млн. теңгеге 19 жоба қаржыландырылды (Тараз қ. - 14 жобаға 145,3 млн. теңге; Жаңатас қ. - 1 жобаға 5,7 млн. теңге; Қаратау қ. – 4 жобаға 49,0 млн.теңге).

2021 жылы Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы аясында 1 884,0 млн. теңге қаражат қарастырылып, 227 адамға несие беру жоспарланған.

Жалпы бүгінгі күнге 1884,0 млн. теңгеге 588 үміткерлер пулы жасақталып, 864,8 млн. теңгені құрайтын 159 жоба қаржыландырылды (Жамбыл ауданы – 5 жоба 22,5 млн. теңге, Меркі ауданы – 17 жоба 81,6 млн. теңге, Талас ауданы – 5 жоба 33,3 млн. теңге, Каратау қаласы – 4 жоба 34,6 млн. теңге, Байзақ ауданы – 31 жоба 176,7 млн.теңге, Сарысу ауданы – 4 жоба 14,4 млн. теңге, Жаңатас қаласы – 4 жоба 45,1 млн. теңге, Шу ауданы – 9 жоба 45,7 млн.теңге, Т.Рысқұлов ауданы – 24 жоба 105,0 млн.теңге, Жуалы ауданы – 17 жоба 74,9 млн.теңге, Мойынқұм ауданы – 4 жоба 15,4 млн.теңге, Қордай – 22 жоба 93,5 млн.тенге, Тараз қаласы – 13 жоба 122,1 млн.теңге;).

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы нәтижелі түрде іске асырылуда. Бағдарлама аясында жалпы сомасы 93,1млрд. теңгені құрайтын 239 жобақарастырылуда, оның ішінде жалпы сомасы 69,6млрд.теңгені құрайтын 184 жоба мақұлданды, оның ішінде 59,2 млрд.теңгеге 181 жоба қаржыландырылды. 2021 жылы 5,9млрд. теңгеге 28жоба қаржыландырылды (ЕДБ арқылы 5 807,8 млн.теңгеге 20 жоба, АНК арқылы 88,2 млн.теңгеге 8 жоба).

Бағдарлама шеңберінде 3166 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде, салық төлемдерінің өсімі 9,1 млрд.теңгені құрап, өндірістің ұлғаюы 92,9 млрд.теңгеге өсуі жоспарлануда.

Анықтама үшін: 88,3 млрд. теңгенің жобалары екінші деңгейлі банктер арқылы, 4,3 млрд. теңгенің жобалары «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жүзеге асырылған.

Жұмыс жүргізіліп жатқан 239 жоба бойынша келесідей салалар бөлінісі төмендегідей:

  • Агроөнеркәсіп кешеніндегі өндіріс саласы – 147жоба, сомасы 9,1 млрд.теңге;

  • Агроөнеркәсіп кешенінде қайта өңдеу саласы – 23 жоба, сомасы 3,5 млрд.теңге;

  • Көктемгі дала жұмыстары – 35 жоба, сомасы 1,2 млрд.теңге;

  • Қайта өңдеу өнеркәсібі – 18 жоба, сомасы 74,8 млрд.теңге;

  • Қызмет көрсету – 18 жоба, сомасы 4,4 млрд. теңге.

Ірі жобалар бойынша мәлімет:

  • «Казфосфат» ЖШС-гі (тыңайтқыштар мен құрамында азоты бар қоспаларды өндіру) – 40,0 млрд.теңге қаржаландырылды;

  • «Talas Investment Company» ЖШС-гі (тыңайтқыштар мен құрамында азоты бар қоспаларды өндіру) – 18,7 млрд.теңге қаралуда;

  • «Алель Агро» ЖШС-гі (құс шаруашылығы) – 4,3 млрд.теңге қаржыландырылды;

  • «KazStoneBox» ЖШС-гі (гофр картонын, қағаз бен картоннан жасалған ыдыстарды өндіру) – 1,6 млрд.теңге қаржыландырылды;

  • «Super-pharm» ЖШС-гі (фармация) – 1,4 млн.теңге қаржыландырылды.

  • «Alina Group» ЖШС-гі (Гипс сылағын өндіру) – 6,9 млрд. теңге мақұлданды.

  • «Kaz-Ir Agro» ЖШС-гі (Тазартылмаған майлар мен тоң майлар өндіру) – 750 млн. теңге қаржаландырылды;

  • «Alina Group» ЖШС-гі (Құрылыс гипсінің өзге де бұйымдарын өндіру) – 2,2 млрд. теңге қаржаландырылды;

  • «Мейірім Тараз» ЖШС-гі (Денсаулық сақтау саласындағы қызмет) – 3,3 млрд. теңге мақұлданды;

Аталған орталық облыстағы кәсіпкерлікті дамыту, құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі мақсаттар мен міндеттерді іске асырудағы бірлескен қызметке бағытталған, қатысушылар:

  1. Жамбыл облысының әкімдігі атынан;

  • Ауыл шаруашылығы басқармасы

  • Кәсіпкерлік және индустриалды–инновациялық дамыту басқармасы

  • Жер қатынастары басқармасы

  1. Екінші деңгейлі банкте

  • Халық банк

  • Евразиялық банк

  • Нурбанк

  • Форте банк

  • Жусан банк

3. «Тараз» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғам

4. «Kazakhinvest» АҚ

5.«Даму» қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғам

6. «Атамекен »өңірлік кәсіпкерлер палатасы

7. МҚҰ «Атамекен Тараз»

8. МҚҰ « Тараз »

9. Жамбыл облысы прокуратурасы

10. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»

2020 жылғы 21 желтоқсанда жоғарыда аталған қатысушылар арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, инвест орталықтың жұмысын «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру. Көрсетілетін қызметтердің сапасын уақытлы қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті әрбір қатысушы өзіне алады.

Жобаны іске асыру үшін жауапкершілік: инвестициялық орталықтың режимі мен тәртібін сақтау, қатысушылардың өзара және көрсетілетін қызметті алушылармен өзара іс-қимылын үйлестіру, даулар мен келіспеушіліктерді шешуді ««Тараз «ӘКК» АҚ инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директорына жүктеледі.

Есепті 2020 жылға фронт офис базасында шағын және орта бизнес субъектілеріне 657 қызмет көрсетілген, оның ішінде 454 консультациялық қызмет, бизнес жобаларды сүйемелдеу бойынша 203 қызмет (оның ішінде бизнес жоспарды әзірлеу - 158, рұқсат беру құжаттамасы-17), бизнес субъектісі жобалар бойынша қаржылық қорытынды алды.

2021 жыл басынан «Бизнеске арналған үкімет» инвестиция орталығы кәсіпкерлік субъектілеріне барлығы 3593 қызмет көрсетілген, оның ішінде 3370 консультациялық қызмет түрі, бизнес жобаларды сүйемелдеу бойынша 384 қызмет (оның ішінде бизнес жоспарды әзірлеу – 197; «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясындақұжаттарды жинау – 152; рұқсат беру құжаттамасы-35)

Сонымен қатар, «Тараз» «ӘКК» - АҚ-ы, Атамекен ҰКП, Екінші деңгейлі банктері арқылы 1048 қызмет көрсетілді.


написать администратору сайта